Кәсіпорынның көліктік құралдары
Басылым өнімдерін жасау үшін өндірістік процесс операция аралық және цех аралық бұйымдар қозғалысына байланысты.
Негізгі жүк ағыны, қағаздар, картондардың, түптеу материалының, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің қозғалысымен байланысты.
Осы жүктердің ағымына байланысты көліктік операциялар басу, кітапшалау-түптеу цехтарында, қоймаларда және экспедицияда жүреді.
Кәсіпорындардың және өндірістік цехтардың планировкасы кәсіпорынның көліктік жүйесін шешумен тығыз байланысты.
Көліктік жүйесі тиімді және оңтайлы шешілген кәсіпорын мен өндірістік цехтардың планировкасын жоғары бағалау болып табылады.
Жүк ағымы жолдарын қысқарту және көліктік операциялар санын азайту, планировкасы жобалайтын жабдық сипатымен сәйкестірумен жеткізіледі.
Үлкен кәсіпорындарда ротациялық машиналарды екі қабатта орналастырған жөн. Төменгі қабатта /қағаздар қоймасында / қағаз беретін бөлігін орналастыру керек, ал келесі қабатта машинаның басу бөлігін орналастыру керек.
Құрылыс алаңын жоспарлау және болашақ ғимарат орнын айқындау барысында болашақ жүк тасымалдау жұмыстарын анағұрлым қысқартуға болады. Ол үшін ғимараттық жүк берілу жағы теміржол вагонының платформасы немесе жүк машинасының деңгейінде болуы керек. Осындай жағдайда ғана автотиегіштер қағаз рулондарын бірден вагоннан не автомашинадан көтеріп алып, қойманың кез-келген жеріне орналастыра алады.
Полиграфия кәсіпорындарында табақты қағаздар, шикізаттар және дайын өнімдер арнайы сөрелерге, астаулармен контейнерлерге тиеледі. Оларды тасымалдау үшін көтермелі платформамен жабдықталған электрокарлар, электротиегіштер қолданылады. Рулонды қағаздар тельфермен монорельс жолдарымен не кран − балкаларымен тасымалдануы мүмкін.
Кітап-журнал ротациялық машиналарына формалар, офсеттік пластиналар арнайы қол арбаларымен жеткізіледі, ал ойыңқы басу машиналарының формалары монорельс бойымен кран – балканың көмегімен тасымалданады не болмаса машинаның құрамына кіретін арнайы форма тасымалдау арбасын пайдаланады.
Кітапшалау – түптеу цехтарында шикізаттарды тасымалдау үшін ленталы, жеңіл аспалы конвейерлер, шағын кареткалар /престелген дайын өніммен/ пайдаланады.
Төменнен жоғары тік тасымалдау үшін жүк лифтілерімен құрғату қондырғыларымен жабдықталған элеваторлар да пайдаланылады.
Қазіргі кезеңдегі жаңа тасымалдау жабдықтарын тиімді пайдалану үшін:
- Еркін тасымалдау жолдарының жұмыс орындарына дейін бос болуын жоспарлау керек;
- Көтермелі платформалармен жабдықталған электрокарлар тиеулі жүгімен жүк лифтілеріне еркін сыйуы керек. Лифтінің ауданы 2,0х2,5 м., жүк көтеруі 2 тн. кем болмауы керек;
- Цех бөлмелерінің биіктігі қажет болған жағдайда өндірістік процестерге, техникалық эстетикаға онша әсер етпейтін аспалы тасымалдау жабдықтарын орнату мүмкіндігі болуы керек.
Өндірістік ішкі транспортты жобалауға тапсырыс ретінде жүк тасымалдау бағыттары, жүктің көлемі, сыйысты, орамалану не тиелу тәсілі, контейнерлер түрі, тасымалдау жүйесінің ағымды желідегі қозғалу жылдамдығы және, т.б. деректер көрсетілген технологиялық жоспар беріледі.
Сыртқы транспорт кәсіпорынды қағазбен, материалдармен жанар-жағар маймен қамтамасыз етеді, дайын өнімді жөнелтеді. Тәулігіне көп мөлшерде қағаз пайдаланатын ірі кәсіпорындарда құрылыс алаңын таңдағанда қажет болған жағдайда теміржол торабын пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, жүктерді автокөлікпен жеткізуге болатынын да естен шығармау керек.
Жүк алмасуы шағын өндірістерде сыртқы жүк тасымалы негізінен автокөлікпен атқарылады.
Жүк тасымалдау ағымын механикаландыру барысында сыртқы және ішкі транспорттарында жүкті тиеу және түсіру жұмыстарына баса назар аудару керек. Қандай жағдайда болса да теміржол вагондарымен, автокөлікпен жүк түсіру не оларға жүк тиеу үшін көтермелі платформалары бар электркарларды электртиегіштерді пайдалану мүмкіндігін кеңінен қарастыру керек.
Көп қабатты ғимараттарда әкелінетін не жөнелтілетін жүктерді тасымалдау үшін жүк лифтілерін пайдалануға болады. Ол лифтілерді аула жағына қарай орналастырып, алдында платформа деңгейінде түсірілген жүк қойылатын алаңқай болуы қажет.
Жалпы, жобаланатын өндірістің қысқаша сипаттамасын былай беру керек:
- Өндірістің шығаратын баспа өнімінің бағдарламасы, атаулары мен қысқаша сипаттамалары;
- Өндіріс құрамы: өндірістік қосалқы, өндірістік көмекші цехтардың тізімі;
- Өндіріс цехтарындағы технологиялық процестердің сипаттамасы;
- Қабылданған техникалық шешімдердің және жаңа технологиялық процестердің сипаттамасы және дәлелденуі;
- Қабылданған шешімді қазіргі кезеңдегі отандық және шетелдік техника жетістіктерімен техникалық прогрестің даму бағытын ескере отырып салыстыру;
- Өндірістік сыбайластық (кооперативтік) байланыстары;
- Өндіріске қажетті жұмысшылар штаты, қажетті алаңы, электр қуаты көрсетілген жалпы тізім;
- Өндіріске қажетті негізгі материалдар мен шикізат мөлшері;
- Жобаланған ғимараттың сипаттамасы және онда өндірістің орналасуы;
- Жүк тасымалдау тәсілінің сипаттамасы;
- Жобаның арнайы бөліктерін және тарауларын жобалауға берілетін тапсырмалар;
Бұл элементтер өндірістік СТП 164-08-98 стандартына сай орындалуы керек.