Абат қысымын ұстау жүйесін сипаттап түсіндір?

Мұнай кенішіне әсер ету мақсаты қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштікті жоғарылату үшін әр түрлі болуы мүмкін, және оларды қолданғанда кенорынды толығымен сарқылуға әкеліп соқтырады. Көбіне әсер етудің барлық жолдары мына кеі мақсатта жұмыс жасайды: олар, қабат қысымын ұстау және мұнай бергіштік коэффицентін максималды шекке дейін жоғалту.

әсер ету жолдарын қолдану масштабтары мұнай кенішінде өте үлкен. Қабаттан мұнайды өндірудің 85% -жуығы әсер ету жолдарымен іске асады. Қабат қысымын ұстаудағы аса орын алатыны- қабатқа су айдау болып табылады.

Қабатқа әсер ету жолдарының келесі түрлері бар

1.Қабат қысымын қабатқа су айдау арқылы ұстау. Олардың қатарына кіретіндер: контур сыртымен су айдау; контур бойымен су айдау; контур ішімен су айдау.

Контур ішімен су айдау келесілерге бөлінеді:
- кенішті түзу немесе дөңгелек қатардағы ұңғыларға су айдау арқылы бөлу - блокты су айдау;
- шоғырлы су айдау;
- таңдап су айдау;
- аудандап су айдау.
2.Қабат қысымын газ айдау арқылы ұстау

Ауа айдау
Құрғақ газ айдау
Майлы газ айдау
Жақын және критикалық параметрлердегі газды айдау

3.Жылу арқылы әсер ету

Қабатқа ыссы су айдау
Ыссы бу айдау
Қабатқа қозғалмалы жану фронтын айдау Қабаттың түп зоналарын жылумен өңдеу

Бұдан да басқа әсер етудің арнайы жолдары бар. Олардың қатарына: қабатқа әр түрлі қосылыстар айдау, карбонды сулар, көмірқышқыл газы, мицелярлы қосылыс, газогенераторлы газдар т.с.с.

Айтылып отырылған әсер ету жолдарының көбінің негізгі мақсаттары – қабат қысымын ұстау емес, ал оның мұнай бергіштік коэффицентін жоғарылату.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қабатқа қосылысты айдау көлемі 5-15% болу керек.

Қабатқа газ айдау үшін қабат қысымынан жоағары қысымды ұстайтын қуатты компессорлар қажет, олар энергияны көп алатындықтан, қаржы көп жұмаслатын болғандықтан және су айдаумен салыстырғанда тиімсіз.

Қабат қысымын су айдау арқылы ұстау технологиясы

Контур сыртынан су айдау. Бұл жағдайда қабатқа әсер ету айдау ұңғылары арқылы іске асады, олар мұнайлылық контурдың сыртымен орналастырылады. Айдау ұңғылары сызығы шамамен мұнайлық контурынан 300-500м қашықтықта орналасады. Олар қабатқа біртекті әсер ету үшін және сулану тілдерін, өндіру ұңғыларына судың өтіп кетуінен сақтанып, алдын алудан орналастырылады.

Контур сыртымен су айдау тиімді:

- айдау ұңғыларын араластыру ауданы мен мұнай қабатының жақсы гидродинамикалық қатынасы кезінде;

- салыстырмалы түрде мұнайлы кенішінің аз көлемділігі, олардың кеніш ауданы мен мұнайлық контур периметрі қатынасы 1,5-1,75км болғанда;

- Қабаттың біртекті болуы, ондағы коллектор құрамының қалыңдығы бойынша да жақсы болуы;

- Осы жағдайларда контур сыртымен су айдау кезінде мұнай қорын толығымен қабаттың ортаңғы бөлігіне, өндіру ұңғылар қатары деп аталатын немесе бір ұңғыға ығыстырып отыру оңайға соғады.

Контур сыртымен су айдаудың кемшіліктері де бар. Олардың қатарына келесілерді мысал қылуға болады:

- айдау ұңғыларының алыс болғандығынан кенішке жай қарқынмен әсер етіледі;

- мұнайды өндіруге айтарлықтай көп энергия жұмсалады, себебі айдау сулары қабат зонасында мұнайлы контурмен айдау ұңғылары арасындағы фильтрациялық кедергіге төтеп беруі керек;

- суды көп мөлшерде жұмсау, соның салдарынан айдау сызығына қабаттың басқа аудандарына шығып кету қауіпті;

Контур бойымен су айдау

Кенішке тез арада әсер ету үшін айдау ұңғыларын мұнайлылық контурына жақын жерге немесе ішкі және сыртқы мұнайлылық контуры арасында орналастыруға болады.

Контур бойынша су айдау келесіде қолданылады:
- қабаттың ішкі ауданымен гидродинамикалық қатынастың нашарлауында; Бірақ тілдердің пайда болу және басқа өндіру ұңғыларына судың қосылып

кету ықтималдығы жоғарылай түседі. Осыған байланысты мұнайдың жоғарылауы да қарқындай түседі.

Энегетикалық жағынан көзқарастан контур бойымен су айдау экономиялы тиімді, бірақ ішкі ауданда гидроөткізгіштік жақсы болуынан көлемі де өте көп.

Контур ішінен су айдау

Контур ішінен су айдау арқылы қабатқа әсер ету оның мұнайлылық контурдың ішінде бір арнайы жүйе бойынша айдау ұңғыларын орналастыру арқылы іске асады. Бұл кенішке әсеретудің аса тез жолы болып табылады, ол мұнай қорын игеруді және мұнай өнімін шығаруды тездетіп, оны уақытында қысқартады.

Наши рекомендации