ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап».

Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?

Мақсаты: -Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;

ережелерді есте сақтауға үйрету.Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;.Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін, өзін - өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту.

Көрнекілік:бағдаршам, жол белгілері, тыйым салынатын ескерту белгілері,

Өтілу барысы:

-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.

Арманға , алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз,

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Сабағымыз басталсын сәлемменен.

Мұғалім:Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі тәрбие сағатымызға ұстаздар, тәрбиешілер, және полиция қызметкері келіп отыр. Бүгінгі біздің «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатын бастамастан бұрын мынандай сөзжұмбақты шешіп алайық.

Жоқ өзіңде бас та, ауыз, құлақ та.

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар

Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымызда ойнайтын ойынның атты бағдаршам.

Өтілу барысы:

Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашша сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып – деп сыныбызды үш топқа бөлейік.

Топ: Қызыл. 2 – топ: Сары. 3 – топ: Жасыл.

І Таныстыру.

Топ: Қызыл, 2 – топ: Сары., 3 – топ: Жасыл.

Қызыл тобы:Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары тобы: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл тобы:Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба.

Мұғалім: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Шақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Сұрақ – жауап шешеу басталады.

ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап».

Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортвсына келгенде оң жаққа қараймыз)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл)

3. Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда)

Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім? (кез – келген көлікке мінетін адамдар)

2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық? (ақжолақ)

3. Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда)

Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім? (көлік айдайтын адам)

2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер? (аялдама).

3. Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам)

Жолда жүру ережесі:

1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.

4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.

5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.

6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын кқт.

7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.

8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

Жаяу адамдардың міндеттері:

1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

2. Жолдан бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.

3. Жарқылдап маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпелі тоса тұруы тиіс.

4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Мұғалім:Ал енді біздің қонағымыз полиция қызметкеріне сөз берейік.

1- оқушы:Адамдар жол ережесін бұзған кезде қандай шара қолданасыз?

2- оқушы:Қазіргі уақытта адамдар жол белгілері жоқ жерлерден өткен кезде айыппұл талап етесіздер ме?

3- оқушы:Жұмысыңыз өзіңізге ұнайма?

Мұғалім:Енді біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылайық.

1. Оқушылар бүгін біз қандай тақырып өттік. Не білдік?

2. Оның маңызы қандай екен.

3. Жолдан қалай өту керек екен.

4. Жолда, көшеде ойнауға бола ма?

5. Жолдан өту үшін қай жаққа қараған жөн?

6. Бағдаршамның қандай пайдасы бар.

7. Қандай ескерту белгілерін білесіңдер?

Жарайсыңдар! Балалар. «Бағдаршам» ойыны.

Бағдаршам қызыл көрсеткенде қозғалмай тұрады . Сары көзі жанғанда қол шапалақтайды. Жасыл көзі жанғанда орнынан тұрып жүреді де, сәлден кейін әндерін бастайды.

Өткізілген күні:03.02.16.
Сабақтың тақырыбы: «Менің бақытты отбасым»

Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз отбасысы туралы бойынша әңгімелеп беру, отбасы мүшелері туралы тақпақтар, мақал-мәтелдерді жатқа айтып қана қоймай, олардың мағынасын түсіндіре білу.Өз отбасысының мүшелеріне деген махаббат және құрметке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отбасылық газеттер, суреттер, отбасы мүшелерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

- Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады.Шаңырақ – отбасының белгісі.Әр адам, үлкен-кіші болсын, өз үйін жақсы көреді, себебі үйде оның отбасысы тұрады.Отбасының болуы – үлкен бақыт.Барлығымыз бірге айтайық.

Шаттық шеңбері:

Отбасы – ол бақыт;

Отбасы - ол ата-ана;

Отбасы - туыстарымыз;

Отбасы - ол шаңырақ.

Балалар қане, үйдегі отбасы мүшелерін атайықшы: (ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі және мен ).

Сұрақ-жауап: (диалогты сұрақтар қою)

- Сенің отбасында неше адам бар?

- Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

- Отбасындағы өзіңе жақын досың кім?

- Сенің ағаң бар ма?

Арай: Менің үйімде төрт адам бар.Әкем, шешем, інім және мен.

Мен барлығын жақсы көремін, оларды сыйлаймын, айтқан тілін аламын.

Ал, балалар отбасы туралы кім қандай тақпақтар біледі?

Папамызға еркелеп,

Мамамызды тыңдаймыз.

Әжем айту ертек көп,

Ағамызды сыйлаймыз.

Анам менің түнімен,

Ұйықтамайды қыбырлап.

Баласы үшін аналар,

Тыңбайды бір уайымдап.

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Ал, балалар отбасы мүшелері туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

1.Әке – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

2.Ағасы бардың жағасы бар.

3.Ата-анаң бар болсын,

Тақырыбы: Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Сабақ мақсаты:а) Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен ДК-дің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCII кодымен таныстыру.Б) Ақпаратты ASCII коды арқылы кодттау мен аналогты процесті дискретті түрде және керісінше айналдыра алу дағдыларын қалыптастыру.В) Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеп, пәнге деген қызығушылықтарын артыру.

Сабақ көрнекілігі:ASCII коды кестесі.

Сабақ түрі:Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Практикалық жұмыстар арқылы түсіндірмелі баяндау.

Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы:Өткен сабақта берілген тапсырманы тексеріп жібереміз.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

Сендер ақпарат алатын негізгі көздерді атаңдар.

Адам ақпаратты қайда сақтайды?

Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіріңдер.

Ақпарат жеткізушіден қабылдаушыға қалай беріледі?

Адам қабылдайтын ақпарат нешеге бөлінеді.?

Бейнелі ақпарат – қандай ақпарат?

Таңбалы ақпаратқа қандай ақпарат жатады?

Табиғи қатынас тілге не жатады?

Жасанды қатынас тілге не жатады?

Жаңа сабақ: Ақпаратты кодтау. ASCII коды.

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.

Мектепте 962 оқушы бар дегенді әртүрлі: араб, рим цифрларын қолданып, сөзбен т.с.с. жазуға болады. Мұнда ақпарат өзгермейді, тек оның жазылуы өзгереді.

Ақпаратты ұсыну, сақату, қабылдау және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың кодтау түріне байланысты.

Ақпаратты кодталуы оның кері кодталу (декодталу) процесіне байланысты. Себебі кодтауға қолданған символдар неғұрлым аз болса, кері кодтау соғұрлым жеңіл болады.

Ақпаратты кодтауға Морзе әліппесін қолданып ақпарат ұысну мысал бола алады. Бұл ХІХ ғасырда телеграф көмегімен ақпарат жібергенде қолданды. Мұнда әріптер сызықшалар мен нүктелер арқылы кодталады.

Наши рекомендации