СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері

Реферат – студенттің қалауы бойынша дайындалады. Реферат бір топ студенттермен дайындалу мүмкін, олардың әр қайсысы бір бөлімнен мәселені зерттеп дайындайды. Реферат сұрақтардың мәнін ашуы, максималды ақпараттық және қорытындысы болуы керек.

Мылқау карталар –тақырып бойынша негізгі аппараттар мен қондырғыларды сипаттауы тиіс.

Бағалау критерилері:Минималды балл: 1

Максималды балл: 4

1. Рефератты дайындау және қорғау Өте жақсы   Өз бетінше 10-нан кем емес машинкаға басылған мәтінді, 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданып, рефератты ұқыпты орындаған және белгіленген уақытысында тапсырған.Рефераттың тақырыбына тиісті схемалар, кестелер, суреттер келтірілген. Рефератты қорғауда мәтінді оқымай, әңгімеледі. Қойылған барлық сұрақтарға сеніммен және қатесіз жауап берді.
жақсы   Өз бетінше 10-нан кем емес машинкаға басылған мәтінді, 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданып, рефератты ұқыпты орындаған және белгіленген уақытысында тапсырған.Рефераттың тақырыбына тиісті схемалар, кестелер, суреттер келтірілген. Рефератты қорғауда мәтінді оқымай, әңгімеледі. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде принципиалды емес қателіктер жіберді.
Қанағаттанарлық   Өз бетінше 10-нан кем емес машинкаға басылған мәтінді, 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданып, рефератты ұқыпты орындаған және белгіленген уақытысында тапсырған.Рефераттың тақырыбына тиісті схемалар, кестелер, суреттер келтірілген. Рефератты қорғауда мәтінді оқиды. Қойылған барлық сұрақтарға сенімсіз жауап берді және принципиалды қателіктер жіберді.
Қанағаттанарлықсыз   Өз бетінше 10-нан кем емес машинкаға басылған мәтінді, 5-тен кем емес әдебиеттерді қолданып, рефератты ұқыпсыз орындаған және белгіленген уақытысында тапсырмаған.. Рефератты қорғауда мәтінді оқиды. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде өрескел қателіктер жіберді және материалмен хабардар емес.
2. Мылқау карталарды құрастыру Өте жақсы   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап береді.
    жақсы   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент берілген сұрақтарға жауап бергенде принципиалды емес қателіктер жібереді..
Қанағаттанарлық   Мылқау карталар толық көлемде орындалған, анық, аппараттың негізгі құрылымдары дұрыс көрсетілген. Белгіленген уақытта өткізілген. Студент қорғау кезінде берілген сұрақтарға сенімсіз жауап береді. Принципиалды қателіктер жібереді.
Қанағаттанарлықсыз   Мылқау карталар толық емес көлемде, ұқыпсыз дайындалған және уақтысында тапсырылмаған. Студент қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде дөрекі қателіктер жіберді және материалдф игермеген.
   

Тапсыру мерзімдері:3 апта

Дебиет

Негізгі

1. МФ Х, ХІ басылымдары.

2. ҚР МФ –1- басылым. - Астана – 2008 ж.

3. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

4. И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 ж.

5. Технология лекарственных форм. под ред. Ивановой Л.А. том. 2. М. Медицина – 1991

6. Руководство лекарственных форм. под ред. А.И:Тенцовой. том. 1. М. Медицина – 1986 ж.-272 бет

Осымша

1.В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

Бақылау:

Бақылау сұрақтары:

1. Шаншуға арналған ерітінділерді ампулаларда босатудың ерекшелігі.

2. Ампулаларды және тараларды дайындауда қандай материалдар қолданылады?

3. Ампулалар өндірісінде қолданылатын орамдаушы заттардың түрлері?

4. Ампулаларға жазу түсіретін Симхович машинасы. Жұмыс істеу принциптері қандай?

5. Этикеткалаушы машиналарда ампулаларды маркировкалау қалай жүргізіледі?

6. Ампулаларды маркировкалау және орамдау процестерін автоматтандыру проблемаларын шешудің қандай мүмкін болатын жолдары бар?

Кредит 5

Тақырыбы 5: Ампулалардағы, флакондардағы, шприц-тюбиктердегі шаншуға арналған ерітінділерді стерилдеу тәсілдері. Стерилдеу тәртібін бақылау. Герметикалығын тексеру.

Мақсаты:Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдерін меңгеру. Ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өздігінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.

Тапсырма:тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттермен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек:

- стерилдеу туралы түсінік;

- стерилдеу әдістері;

- шаншуға арналған ерітінділердің стерильділігінің сапасын бақылау әдістері;

- шаншуға арналған ерітінділердің герметикалығының сапасын бақылау әдістері;

Орындау түрі: реферат дайындау және қорғау, глоссарийлер жазу.

Наши рекомендации