Барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Түсінік хат

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Диалогтік жəне рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тəсілдемелері оқытуды білім, идеялар жəне іс-əрекет тəсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Нақты пəннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кəсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық жəне əлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік

береді. Осы пəннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тəрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

«Музыка» пəні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген

құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері жəне музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет үдерісінде шығармашылық өз ойын білдіру жəне коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық жəне адамзаттық мəдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым- қатынасты тəрбиелеуге, музыкалық жəне шығармашылық дағдыларды дамытуға

бағытталған.

Пəнді оқытудың мақсаты– білім алушылардың музыкалық негізгі білімі мен біліктіліктерін, музыкалық қызметтегі шығармашылық өз ойын білдіру жəне коммуникациялық əдіс-тəсілдерін меңгеру, ұлттық жəне адамзаттық мəдениеттің көркемдік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктемелерді қалыптастыру, музыкалық жəне шығармашылық дағдыларды дамыту.

Пəнді оқытудың міндеттері:

- музыкалық сауаттылық бойынша негізгі білімдерін қалыптастыру;

- стиль, жанр, музыканың көркемдік құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;

- музыкалық негізгі терминдер мен түсініктемелерді игеру;

- музыкалық іс-əрекет үдерісінде білімдер мен дағдыларды дамыту, оның ішінде музыканы басқа өнер түрлерімен кіріктіру арқылы;

- музыкалық орындаушылық дағдалырды, сонымен қатар АҚТ қолдану арқылы қалыптастыру;

- дəстүрлі қазақ музыкасы жəне фольклорының, əлем ұлттарының музыкалық

шығармашылығының, классикалық жəне қазіргі композиторлар шығармаларының үздік үлгілерін білу;

- музыкалық қызмет үдерісінде білім алушылардың шығармашылық қабылдауын қалыптастыру;

- музыкалық іс-əрекеттер үдерісінде зерттеушілік, шығармашылық жəне сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;

- білім алушылардың өмір тəжірибесі негізінде когнитивтік жəне эмоционалдық іс- əрекеттер саласын, көркемдік-эстетикалық сезімдерді, ассоциациялық жəне бейнелеп ойлауды қалыптастыру, музыкалық іс-əрекеттер арқылы қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіру.

Бастауыш мектептегі «Музыка» пəнінің мазмұны:

-қазақ музыка фольклорын, дəстүрлі, классикалық жəне қазіргі музыка үлгілерін;

-музыкалық сауатының негізін;

-орындау жəне тəжірибеде музицирование жасау үшін музыкалық материалды(композиторлар, халық жəне классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанр жəне стильдер бойынша мағлұматтар);

-музыка шығару мен импровизацияға арналған музыкалық-шығармашылық

тапсырмаларды, сонымен қатар АҚТ қолдану арқылы;

-өнердің басқа түрлері жəне өзге пəндермен пəнаралық байланыс орнатуды қамтиды.

Сыныпта Музыка пәні бойынша барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағаттан өткізіледі.

Музыка 3-сынып

Барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағаттан

Тақырыптар Сағат саны Мерзімі
Халқымыздың мақтанышы – әнші-композиторлар (9 сағат)
Бабалар мұрасы
Ақан сері
Ақанның әні – «Балқадиша»
Ән жүйрігі – Біржан сал
Сал Біржанның «Теміртасы»
Ыбырай Сандыбайұлы
Жаяу Мұса – «Ақ сиса»
Абай салған сырлы әндер
Сал-серілер керуені
  Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі (7 сағат)  
Халық аспаптар оркестрі
Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестрдегі дирижёрдің міндеті
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы
«Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі
Көне аспаптардың жаңғыруы
   
Бүгінгі заман музыкасы (10 сағат)
 
Жаңа заманның жаңаша әуені
Үрмелі аспаптар оркестрі
Джаз оркестрі
Эстрадалық-симфониялық музыка
Театр – өнер ордасы
Қуыршақ театры
Кино және музыка
Эстрада өнері
Би музыкасы
Ойнайық та, ойлайық
   
Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы (8 сағат)
 
Ахмет Жұбанов
Мұқан Төлебаев
Бақытжан Байқадамов
Кеңес Дүйсекеев
Ғазиза Жұбанова
Нағым Меңдіғалиев
Латиф Хамиди
Евгений Брусиловский

Наши рекомендации