Арамшөптермен күрес
Ауыспалы егістер: бір көкөніс өсімдіктерін бір жерде өсіре берсе, олардың түсімі азаяды, мұның себебі, топырақта оңай қоректік заттардың қоры таусылады. Оның үстіне, тамыр жайылатын қабатта сол дақылға ілеспелі тамырлар мен микрофлоралардың тіршілігіне зиянды нәрселер жинақталады (топырақтың қажу құбылысы). Сондықтан ауыспалы егісті – бір жерде өсірілетін дақылдарды кезектестіріп ауыстырып отыруды жүргізу қажет. Ауыспалы егісті қошқылдану топырақты арамшөптерден тазартады, ауру тудыратындар мен зиянкестерден сауықтырады, құнарлылығын арттырады. Негізгі тамырлары әр түрлі тереңдікте орналасатын, топырақтағы қоректі элементтерді әр түрлі дәрежеде сіңіре алатын дақылдардың кезектесуі топырақтың айдау қабатындағы және айдау қабатының астындағы, сондай-ақ жоғарғы қабаттағы қоректі заттарды аса толық және біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді: сол қорларды қайта қалпына келтіруге жағдай туғызады. Мәселен, жұртқа мәлім, пияз бен қиярдың тамырлары көбінесе айдау қабатында орналасқан, сондықтан олардың сіңіру қабілеті біршама онша жоғары емес, ал кеш пісетін орамжапырақтың, сәбіздің, қызылшаның, бақша дақылдарының тамыр жүйелері көбісі айдау қабатынан тереңге кетеді. Өсімдіктің осы екі тобын кезекпен өсіру арқылы айдау қабатынан қоректік элементтердің өніммен бірге кетуін азайтады және тамырлары тереңге орналасатын дақылдарды өсіргеннен кейін азайып қалған осы қорларды айдау қабатының астында қайтадан қалпына келтіруге жағдай туғызады.
Дақылдардың жаңа органикалық тыңайтқыштарды қабылдау қабілеті мен оның келесі жылы тигізер әсері әр түрлі. Ете көкөністерді өсірген кезде күзді күні төгілген жас қи жаздың басына таман бұзылып үлгірмейді, сондықтан ол өнімге әсер ете де алмайды деуге болады. Ал асқабақ тұқымдас өсімдіктер (қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсар), сондай-ақ кеш пісетін орамжапырақ жас қи төгіп өсірсе, өнімді көбірек береді. Сәбіз қидың әсерімен қи төгілген жылы және келесі маусымда да өнімді бірдей көп береді. Ал пияз жас қимен тыңайтылса, ұзақ піседі және оның сақталуы да нашарлайды.
Жер бетінде үлкен болып өсетін өсімдіктерді (орамжапырақ, картоп) жер бетінде кішкентай болып өсетін өсімдіктерге (пияз, сәбіз, тапмыржемістілер) қарағанда арамшөптер көбірек басады – топырақты түптеп, қаттырақ көлеңкелеу арқылы арамшөптерді жояды. Сондықтан әлгі дақылдарды кезектестіріп өсіру топырақты арамшөптерден тазартады.
Жерге ерте егілетін көкөніс өсімдіктерін (тамыржемістілер, пияз, көшетсіз орамжапырақ) егістікті ерте босататын алғы дақылдардан (ертерек пісетін картоп пен орамжапырақ, бұршақ, қияр, пияз) кейін егу керек. Кеш пісетін орамжапырақты, алқа тұқымдас және асқабақ тұқымдас өсімдіктерді кеш егеді, кеш себеді. Оларды өнімі кеш жиналатын (тамыржемістілер, кеш пісетін орамжапырақ) дақылдардан кейін орналастыру керек. Бұлай ету, тұқымды еккенге дейін жерді дайындауға мүмкіндік береді [40,41].
Ауыспалы егістегі көкөністерден алғы дақылдар. Мол өнім алу үшін әр түрлі дақылдардың алғы (өткен жылы осы телімде өсірілген) дақылдарға, органикалық және минералдық тыңайтқыштарға, арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге деген қатысын ескеру қажет. Алғы дақылды дұрыс таңдап алу – көкөніс дақылдарынан мол өнім алудың бірден бір кепілі.
Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіріп отыру тәртібі тыңайтқыштар енгізу жүйесімен тығыз байланысты болу керек. Органикалық тыңайтқыштарды (қи, қорда) бақша дақылдарының, қиярдың, орамжапырақтың, қызанақтың, картоптың және топырақта органикалық заттардың мол болуын әсіресе қажет ететін көк дақылдардың астына төгеді. Тамыржемістілер мен пияз әдетте қи төгілгеннен кейін екінші немесе үшінші жылы ғана егіледі, өйткені жас қи тыңайтқышы тамыржемістілердің санасына әсер етеді (жарылады, тұрпайыланады) және пияздың пісу мерзімі ұзарады.
Органикалық тыңайтқыштарды 2-3 жыл аралатып, оларды минералдық тыңайтқыштармен кезектестіріп енгізген жөн.
Қазақстанның әр түрлі облыстары үшін мынадай көкөніс ауыспалы егістігін ұсынуға болады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығыс үшін: қияр – 1, кеш пісетін орамжапырақ – 2, қызанақ – 3, пияз не картоп – 4, ерте пісетін қызанақ – 5; ерте пісетін картоп – 1, қияр – 2, қызанақ – 3, кеш пісетін орамжапырақ – 4, қызанақ – 5, пияз немесе тамыржемістілер – 6.
Солтүстік облыстар үшін: қи тыңайтқыштарында өсірілген орамжапырақ – 1, қызанақ не картоп – 2, сәбіз – 3, пияз – 4, қи тыңайтқышымен өсірілген қияр – 5.
Әрбір көкөніс дақылдарының топырақ бетіндегі және топырақ қабатындағы толық тағамдық мүшелерінің қалыптасуына қоректену алаңының көлемі айрықша әсер етеді және ауа кеңістігінің қажетті аумағын, күн көзінің жарығын ескеріп, қоректену алаңының көлемін дұрыс таңдап орналастырғанда, жоғары сапалы өнім береді.
Бір алаңнан мол өнім алу үшін жиілетіп егу және қайталап егу қолданылады.
Жиілетіп егу – бір алаңда екі немесе бірнеше дақыл өсіріледі. Мәселен, сәбіз+шалғам, салат немесе кеш пісетін орамжапырақ+шалғам, аскөк, салат. Кейде өздігінен жиіленуді қолданады. Мәселен, пияз бен сәбізді суыртпақтап үшқатарша әдісімен 7,5+7,5+5,5 см схемасы бойынша егеді де шоғырланып пісу фазасында орта қатарды егіс жинайды. Жиілетіп егуді тікелей немесе негізгі дақылдың қатарларында немесе негізгі дақылдың қатар аралығынан 1-2 қатарда жүргізеді.
Биологиялық пайдалы жиілеткіштерді – қолайлы микроклимат жасау үшін жылыны қажет ететін күнбағыс, жүгері өсімдіктерінен ықтырма егуді қолданады. Жүгері бұршақтұқымдас дақылдармен қосылғанда қосымша азот қорегін алады және соны мен қатар бұршақ пен оралып өскен баданаға тіреу бола алады. Ықтырмада ауаның салыстырмалы ылғалдығы 12-20% жоғары болады, ал температура 4-5 ˚С төмен болады. Көбіне саяжай телімдерінде тар алаңнан дәрілік, көкөніс, жеміс-жидек, және жеміс дақылдарынан мол өнім алу мақсатын көздеп, дақылдардың бір-біріне пайдалы әсер етуін қолданады.
Аллелопатия - өсімдіктердің қоршаған ортаға әр түрлі органикалық заттар болу нәтижесінде олардың бір-біріне әсері. Фитонцидтерді, эфир заттардың бөлетін дақылдарда – пиязда, сарымсақта, ақжелекте, қышада, қызанақта аллелопатиялық әсер болады. Бұл дақылдарды басқа көкөніс, жидек дақылдарымен қатар өсіргенде оларды ауруға шалдығудан, зиянкестердің зақымдануынан қорғайды, соның арқасында олардың түсімі де артады. Мәселен, бүлдіргеннің жанына сарымсақ өсірілсе, онда оны зиянкестер зақымдай алмайды, демек, бүлдіргеннің өнімі де артады, сондай-ақ сарымсақтан да қосымша өнім алынады.
Қайтадан егу - бір вегетациялық кезеңде бір алаңда көкөніс өсімдіктерінің 2 не бірнеше түрлерін өсіру. Мұны әсіресе вегетациялық кезең ұзаққа созылатын оңтүстік аудандарда кеңінен қолданады. Мәселен, бірінші дақыл – шалғам, салат, аскөк көгі, пияз көгі; екінші дақыл – орамжапырақ, қызанақ, қияр, бақша дақылдары, тамыржемістілер. Осыларды керісінше де үйлестіруге болады.
Ықтырмалы егіс - көкөніс өсіргенде микроклиматты жақсарту үшін егіледі. Қазақстанның оңтүстігінде кеш пісетін орамжапырақ отырғызғанда жүгеріден 2-3 қатарлы ықтырма қолданады. Жүгері күндізгі ыстықты жұмсартады, мұның өзі орамжапырақтың жақсы өсуіне ықпал етеді. Жүгеріні орамжапырақты отырғызбастан 15-20 тәуілік бұрын егеді. Жүгерінің қатарлары шығыстан батысқа қарай орналасады, қашықтығы 8-10 м болады.
Солтүстік-шығыс аудандарда және Орталық Қазақстанда биік сабақты өсімдіктердің (жүгері, күнбағыс) ықтырмалары жылысүйгіш көкөністерді (қызанақ, қияр, бақша дақылдары) суық желдер мен аңызақтан қорғау үшін қолданады.
Көкөніс шаруашылығында топырақты өңдеу сапасы мен қайсібір әдістерді жүргізу шараларына деген талаптың өзіндік ерекшеліктері болады. Көптеген көкөніс өсімдіктерінің тұқымдары ұсақ және тез өне алмайды, демек, топырақтың үстіңгі қабатын мұқият өңдеу және өніп-өсе бастаған кезде оны ылғалмен қамтамасыз ету қажет. Тамыржемісті, түйнекжемісті және көгентамырлы өсімдіктер жерде азықтық мүше түзейді, ал оның формасы, сондай-ақ сапасы топырақтың қопсытылуына, өңделуінің тереңдігіне байланысты. Қала берді жүйекшелер, жалдар мен суару бороздаларды да қолданады, олар тамырлардың тіршілік ету жағдайын жақсартады.
Тың жерлердің түрлері
Шым жері көптеген жер орналастырудың құрамына кіреді. Физикалық ерекшеліктер бойынша шым жері тығыз, ауыр барлық қоректік заттар бар, бірақ қоректік заттардың мазмұны бойынша ол шіріктен кедей. Бұл жер ең сау, себебі бақшалы және сәндік – гүлді өсімдіктерді өсіруде қолданған жоқ, сондықтан ауру бактериялары және саңырауқұлақтары жоқ.
Шым жерін дайындауды жаздың ортасында бастайды, өйткені қалың шөп пайда болады. Шым жерін үлкен емес қыртыстарға кеседі, оның ұзындығы мен ені 20 см, қалыңдығы 10 см, содаң соң шөп шөпке қатар етіп салады. Жерді қоректік заттармен байыту үшін шымды қиймен, минералды тыңайтқыштармен, әкпен (1м- 5 кг) қабаттайды. Жаз бойы қатарды бірнеше рет сумен немесе сұйық қиймен суарады. Күзде қайтадан қазады.Жақсылап ылғңалдату үшін қатардың үстіне науашық құрды.
Жапырақшалы жер – ағаш жапырақтарының шіру нәтижесінде пайда болады. Бұл жеңіл, жұмсақ, қоректі жер, ал негізінен тез жәнек жеңіл шіритін қарашіріктен тұрады.Ол ауыр шыр жері үшін жақсы борпылдақ болады. Оны өсімдіктер қийлы қарашгірікті шыдай алмайтын кезде ғана қолданады. Жапырақшалы жерді алу үшін әрбір жапырақты қолдануға болады, бірақ емен және тал ағаштарының жапырақтарынан басқасы, өйткені олардың құрамында емендік заттар бар. Күзде жапырақтарды шөп қалдықтарымен бірге жинайды және кішкентай үймелерге немесе біліктерге құрайды. Көктемде және жазда үймелерді 2 - 3 рет қайта раластырады және қысқыға орында қалдырады. Ыстық жазда жапырақтарды суару қажет. Келесі көктемде және жазда екі рет қайтадан араластырады. Жердің қоректік заттармен байыту үшін сұйық қиймен суару міндетті. Екінші жаздың аяғында жер дайын болуы тиіс.
Шымтезекті жер – қоңыр – қызғылт түсті жұмсақ, борпылдақ. Ол босанған шымтезектен пайда болады. Егер шымтезекті жер жоғарыланған орнынан 15 см қабатты ескі батпақтан немесе жайылмадан алынған болса, онда оны алдаңғы желдетусіз қолдануға болады. Егер жер төменгі батпақтардан алынған болса, онда оны жақсы желдету керек. Ол үшін оны жаз бойы бор немесе әк қосып 3 - 4 рет қайта қазып араластыру керек(1м – 1кг).
Мал азығын дайындау
Мал азығын дайындау тәсілдері. Қазақстандағы егіншілік пен жемшөп өндірісінің кейбір теориялық мәселелері туралы. Жемшөп өңдеу технологиясы мен оны пайдалану туралы. Мал азықтарын дайындау тәсілдерімен және олардың экономикалық тиімділігімен таныстыру; жем-шөп дайындайтын машина және оның құралдары. Мүйізді ірі қара мал үшін дайындалатын жем-шөп. Жем өндіру технологиясы. Тек дені сау мал ғана өзі өсіп-өніп, жоғары сапалы төл және өнім бере алады. Сондықтан бағып отырған малының денсаулығын сақтап, оның өніп-өсуіне барлық жағдай жасау мал қожасының, фермердің басты міндеті.
Малды қоршаған орта жан-жақты таза, мал өміріне-қолайлы болуы керек. Ең басты қоршаған орта - ауа. Атмосфералық ауада бірнеше табиғи газдардың қосындысы бар екені мәлім. Мысалы, қалыпты ауада 78,09 % азот, 20,9^ % оттегі, 003% көмір қышқылы, тағы аргон, неон, гелий, сутегі, азон сияқты газдар болады. Ал мал қораларында солардың өзінің өмір сүруінің нәтижесіңде әртүрлі жағымсыз газдар пайда болады. Олар мал денсаулығына кері әсер етеді
Көмір қышқыл газы (СО2)түссіз, иіссіз, ауадан ауырлау Мал қорасының ішінде оның мөлшері ауада 0,06 %-дан аспауы керек. Егер оның мөлшері одан көбейіп 0,5 %-ға дейін барса, малдың денсаулығына қатты әсер етіп, демалуы жиілеп, тәбеті жоғалып, былқ-сылқ болып қалады, олардың өнімділігі төмендейді.
Аммиак (NН3)- түссіз улы газ, оның тұншықтыратын иісі бар. Көзге, мұрынға қатты тиіп, демалыс органдарына қатты әсер етеді. Егер оның ауадағы көлемі көбейіп кетсе, мал өліп қалуы да мүмкін. Қорада оның үлесі 0,02%-дан аспауы керек. Аммиактың қорада шығатын көзі мадцың нәжісі. Сондықтан қорада канализация мен вентиляция өте жақсы істеп тұруы керек.
Күкірт-сутегі(Н2 S) - түссіз, шіріген жұмыртқаның иісін береді. Ол негізінен жануарлардың қорытылмаған белоктарынан құралып шығады. Бұл да улы газ. Егер мал қорасының ауасында күкірт сутегі 0,015 % асып кетсе,мал уланады. Малдың ыстық пен суыққа да қалыпты күйде төзе бермейтіні белгілі. Ыстықта мал өзінің ыстығын сыртқа шығару үшін біраз энергия жұмсайды, терлейді. Ауаның температурасының ыстығы да, суығы да малға қолайлы емес. Суықта жылыну үшін де біраз күш жұмсайды. Сондықтан малға қолайлы болу үшін қораға жазда салқындық жасайтын, ал қыста жылылық жасайтын жағдай керек. Сиыр, жылқы, түйе малдары үшін қораның ауасы қыс айларында 8-12° С, ал төл үйлерінде 14-18° С, қой мен ешкі қораларында 3-8° С, қозы бөлмелерінде 12-15° С болуын қамтамасыз ету керек. Қораның ішіндегі ауа ылғалдығы 60-70 % мөлшерінде болуы тиіс. Қораның іші жарық болуы шарт. Мал үшін судың орны бөлек. Сусыз малдың тіршілігі нашарлайды. Мал денесінің 60-70 %-ы судан тұрады. Жемшөпке бір айға дейін шыдай алатын мал сусыз 4-8 күннен артық тіршілік ете алмайды. Сол мал ішетін су таза, ешқандай жат, улы заттары жоқ, мөлдір, жеткілікті болуы керек. Жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етудің өзі малды көп қауіпті жағдайлардан сақтайды. Мал басын аман сақтап, сапалы өнім өндіру үшін оларды қазіргі зоогигиеналық және малдөрігерлік-санитарлық талаптарға сай қора-жайлармен қамтамасыз ету керек. Мал фермалары тек қана мал өсірілетін орын емес, ол жерде сонымен бірге адамзат үшін тамаққа пайдаланылатын өнімдер мен өнеркәсіпке қажетті шикізаттар өндіріледі. Сондықтан мал қорасында, біріншіден, малдың қалыпты тіршілігіне барлық жағдай жасалуы тиіс, екіншіден, ол жерде жұмыс істейтін адамға да жоғары өнімді еңбек етуіне мүмкіндік болуы керек, үшіншіден, өндірілетін мал өнімдері малдәрігерлік-санитарлық талаптарға сай болуы шарт, төртіншіден, сыртқы қоршаған ортадан ешқандай инфекцияның басқа да қауіп-қатердің енуіне жол бермейтін болуы керек. Мал қорасы
Қораны мал түріне, жасына, шаруашылық бағыты мен пайдалану мақсатына байланысты салады. Қораның іші жылы, желдетуге және маддың жатып тұруына ыңғайлы болғаны жөн. Қора салардан бұрын желдің жиі тұратын бағытын анықтап, тұрғын үйдің ық жағанан, биіктеу, жер асты суы жақын емес жерден таңдаған дұрыс. Фермада салынатын тұрғын үй, қора, мал азығының орны, барлығында өрт сөндіруші орындармен келісіп, техникалық қауіпсіздікті толық сақтай отырып орналастыру керек.
Мал қорасының есігі күн түсетін жағында болғаны дүрыс. Күндіз, шуақты, жылы күндері малды сыртта ұстау үшін қоршаған ашық аула, оның ішін азықтық және су астауларымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету керек.
Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнының басьм бөлігін азыққа жұмсалған қаржы шығыны құрайды. Малды дұрыс азықтандырмау алынатын өнімнің өзіндік құнын көбейтіп, кірісті азайтады. Азық түрлерін, олардан жұғымды азық мөлшерін жасау мал шаруашылығымен айналысатын адам-дардан біліктілікті қажет етеді.
Малға берілетін азық су мен құрғақ заттардан: көмірсу, май, протеин, минералды зат, дөруменнен тұрады. Құрғақ заттың қоректік құндылығы әр түрлі азық құрамында әрқалай.
Көмірсу. Малға күш-қуат береді. Бұлшық ет жұмысына, дене температурасының бір қалыпты болуына, өнім беруге (мысалы, сүт) аса қажет. Құрамында көміртегі, сутегі, оттегі бар.
Көмірсутегінің қарапайым түрі -қант. Онда глюкоза бар. Табиғатта глюкоза күн сөулесі, су, ауадағы көмірқышқылынан пайда болады. Өсімдік глюкозадан күрделі көмірсу, крахмал, целлюлоза жасап, бойына қор ретінде жинайды. Жас өсімдік целлюлозаны жасушаларын бекітіп, түзуге жұмсайды. Өсіп жеітлу барысында, жасушаларын қатайтатын затты (лигнин) бойына сіңіріп, қатая бастайды. Пісіп кеткен шөптің жасұнығы тым көп болғандықтан, жұғымдылығы кемиді Өйткені жасұнықтың көп бөлігі қорытылмайды.
Сиыр мен қойдың қарны жасұнықты қорытуға жақсы бейімделген. Ал шошқаның ас қорыту мүшесі оны қорыт-пайды. Бірақ ас қорыту жүйесі бір қалыпты жұмыс істеуі үшін, азықта аздаған жасұнық болуы шарт.
Малға, негізінен, өсімдік тектес азық беріледі. Сондықтан мал шаруашылығын қоректік заттармен қамтамасыз ету егін шаруашылығына тікелей байланысты.
Майлар. Көмірсуларға қарағанда, майдың қуаты екі есе көп. Бойдағы артық қуат мал денесінде май қорына айналады. Бұл май керек кезінде жұмсалады.
Кейбір азықтар (мысалы, қуырылған жүгері дәні) малдың денесінде жұмсақ май жиналуына әсер етеді. Құрамында жұмсақ май бар еттерді сақтау өте қиын. Сондықтан малды бордақылағаңда, мұндай азықтарды күнделікті беретін жемшөп құрамынан шығарып, оны қатты май беретін азық-пен (арпа) ауыстыру керек.
Күнделікті берілетін азықтың құрамында майдың шамадан тыс мол болуы малдың асқазан жұмысын бұзуы мүмкін. Сондықтан майдың қуаты молдығына қарамастан, малға, көп ретте, көмірсулы азықтар береді.
Ақуыздар (белоктар). Малдан ет алу үшін, ақуыз керек. Ол -ішкі ағзалардың, жүннің, терінің негізгі тірек көзі. Денедегі жараның жазылуына көмектеседі. Суттің түзілуіне де қажет. Май, көмірсу сияқты ақуыз көміртегі, сутегі жөне оттегіден тұрады. Бұлардан басқа оның құрамында азот, кейде күкірт, фосфор және темір кездеседі.
Ақуыздың бірнеше түрі болғанымен, олардың барлығы қарапайым аминқьшіқылдарының жиынтығынан тұрады. Мал үшін маңызды қызмет атқаратын 20-дан астам аминқышқылы бар. Көпшілігі малдың денесінде аминқышқылының бір түрінің екіншісіне айналуы нәтижесінде немесе азықтағы азоттан пайда болады. Азық қүрамында "ауыстыруға болмайтын" аминқышқылдары қаншалықты көп болса, ол соншалықты жоғары, биологиялық қүнды жемшөп деп есептеледі (мысалы, балық ұны). Аминқышқылдарының құрамын білмей-ақ өнеркәсіптік ақуыз қоспасын беріп, малдың биологиялық қажетін қатағаттандыруға болады.
Малды ақуызбен қамтамасыз етумен қатар, оның барынша жұғымды болуына да көңіл аудару керек. Көп мөлшерде қабылданған ақуыз қанға азоттың көп баруына және қуаттың мол бөлінуіне әсер етеді, ал бұл бүйрек пен бауырдың жұмысын қиындатады.
Минералдық заттар. Мал азығының құрамына ақуыз бен көмірсудан басқа минералдық, заттар кіреді. Олар ағзалардың бірқалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі.
Минералдық заттар мал денесіңде төмендегідей қызмет атқарады. Кальций мен фосфор — сүйек пен тістің өсіп, қалыптасуына, ағзадағы жұмсақ ұлпалардың жетілуі мен малдың өсіп-өнуіне; магний — жүйке жүйесінің қызметі мен сүйектердің қалыптасуына; темір —қанның пайда болуына; натрий мен калий—денедегі сұйықтардыңқышқылды сілтілігін реттеуге және ас қорытуға жәрдемдеседі. Мине-ралдық заттар мал салмағының, 3%-ін құрайды. Ол оның
салмағының 80%-і сүйектен (негізінен, кальций мен фос-фор) тұрады. Сондықтан жас малды минералдық заттармен толық қамтамасыз ету оның сүйегінің тез өсіп-қалыптасуына ықпал етеді. Минералдық заттарды сатып алумен қатар, оны шаруашылықтың өзінде сүйек ұны, тартылған бор және ас тұзының керекті арақатынасынан жасауға болады. Бұлардан басқа малға аздаған йод, марганец, кобальт, мыс, мырыш беріледі.
Дәрумендер(витаминдер). Бұлар — малдың өсуі мен ден-саулығы жақсы болуы үшін керек заттардың (аздаған мөлшер-де) түрлері.
А дәрумені.Жас шөптің сары бояуында көп болады. Сондықтан оны жеген малда бұл дөруменнің аздығынан болатын ауру белгісі сезілмейді. Ол жетіспесе, мал нашар өседі Көзінің көруі нашарлап, кейде соқыр болып қалады. Дене бітімінің қалыптасуы бұзылады. Аяғын шалып басады, кейде сал болып қалуы мүмкін.
А дәрумені майда еритін дәрумен тобына жатады. Ол бауырда жиналады. Негізгі көздері — балық майы мен сары май.
В дәрумені.Тұтас дәрумендер тобынан тұрады. Ауыл шаруашылық малдары бұл дәрумендер тобын өте сирек қажетсінеді. Ірі қара мен қойдың асқазан жүйесінде пайда болады. Ал шошқа өз қажетін жемдегі дәрумендермен қам-тамасыз етеді. В2 дәруменімен немесе рибофлавинмен азық-тандырса, жақсы нөтиже береді.
С дәрумені.Барлық малдың бойында бар. Сондықтан оның жетіспейтін белгілері сирек кездеседі.
Д дәрумені.Сүйектің дұрыс қалыптасып, өсуіне керек. Оның жетіспеуінен сүйек жіңішкеріп, қисаяды. Жас мал мешел ауруына шалдығады. Күннің көзінде көп болатын малдардың денесінде бұл дәрумен өздігінен пайда болады. Оны қыстыгүні қорада көп ұсталатын малдарға азыққа қосып берген дұрыс. Бұл дәрумен балық майында көп.
Е дәрумені.Көк шөпте және дәннің тұқымында кездеседі. Оның жетіспеуінен мал кәп зардап шекпейді Қыстыгүні бұл дәруменге жарымаған сиыр көктемде бұзаулағанда, төлінде осы дәруменнің жетіспейтіндігі байқалады. Е дәрумені жетіспесе, мал жылдам арықтайды. Азығына балық майы көп қосылса, Е дәруменінің жетіспеуі азаяды немесе мүлде жойылады.
Су. Мал денесіндегі сұйықтардың басым бөлігін су құрайды. Денедегі зат алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды шығаруда (мысалы, сұйық дәрет) маңызды қызмет атқарады.
Жаңа дакылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Оның химиялық құрамдары әдеттегі өсіріп жүрген мал азықтық дақылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витаминдер құрамы т. б.) көрсеткіштері олардан артық болады.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның көк балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуыңда. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытынатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген, немесе одан жоғары.
Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 15 ц дейін протеин жиналады.
Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлем мал азығына жетіспейтін белок проблемасын шешудің жолы болмақ. Және де түйіндеп айтатын бір мәселе, белок құрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай, ал оның ішінде өте аз кездесетін түрлерінің болуы.
Жаңа мал азықтық өсімдіктердің көк балаусасында басқа да қоректік заттар, гүл элементтері, витаминдер және микроэлементтер көптеп кездеседі. Вейрих таранында, майтамырда, аю балдырғанында, қатыранда және кейбір баска да өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттар: глюкозидтер, фломониод қосындылары, фитоэстрогендер, кумариндер, эфир майлары, гармондар, биогендік өсіру тездеткіштері кездеседі және оларды мал азықтандырғанда емдік профилактика ретінде пайдалануға болатыны аныкталды.
Жаңа мал азықтық дақылдардан дайындалған сүрлемді мал жақсы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері, күн түйнегі, мақсары ұқсас марал шөбі. Бұлардың құрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мөлшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, күлқайыр, майтамыр сиякты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сүрлемге салуға болады. Өйткені бұлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсімдіктерді жас кезінде басқа жақсы сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Қорыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жаңа өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі басқа бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.
Жаңа мал азықгық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Көпшілік өсімдіктерді қиыр солтүстікте де және ыстық оңтүстік климатында да өсіруге болады. Қүрғақшылық аймақтарда өсіруге перспектавалыңқөсімдіктер — катыран, сида, таспашөп, біржылдық түйе жоңышқа, күнтүйнегі, забайкал тараны және т.б.
Аю балдырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сияқты өсімдіктер өздерінің мезофилділер тобына жатуына қарамай, алғашқы өсу қаркынының, жақсы жүруінің нәтижесінде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.