Сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын талаптар
Оғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Жалпы ережелер
1. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және сататын қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы Санитариялық қағидалар:
1) құрылыс салуға жер учаскесін таңдау;
2) жобалау, салу, қайта жаңарту, қайта жабдықтау;
3) сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, жарықтандыру және желдетуді ұйымдастыру;
4) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау;
5) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу;
6) өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
7) персоналға тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқыту кезінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіруде одан әрі қайта өңдеуге арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын шикізат және ауыз су;
2) аспаздық өнімдер – тікелей тамаққа пайдалануға арналған және термиялық өңдеуден өткен тамақ өнімдері;
3) ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
4) витаминді-минералды қоспа (премикс) – технологиялық ерекшеліктерді (сусымалылығын сақтауға) жасауға арналған ингредиенттер (витаминдер, минералдар, металдар, амин қышқылдары, май қышқылдары, балластты бейтарап заттар) мен басқа да заттардың кешені;
5) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
6) дайындаудың жоғарғы дәрежесі – тұтынуға дайын тағамдар, азық-түліктер және жартылай фабрикаттар;
7) дайындау орны – шикізат дайындалатын және жартылай фабрикат өндірілетін үй-жай;
8) жалған жұмыртқалар – техникалық жарамсыз болып табылатын инкубатордан алынған ұрықтанбаған жұмыртқалар;
9) жануардан алынған азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін дайындауға арналған және өнеркәсіптік немесе жылумен өңдеуге ұшырамаған өнімдер: жануарлардың барлық түрінің тұтас еті, оларды бастапқы қайта өңдеу өнімдері (қан мен субөнімдерді қоса алғанда), судың биологиялық ресурстары және уылдырық, шикі сүт, шикі қаймақ, ара шаруашылығы өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері; өнеркәсіптік емес жағдайда дайындалатын, ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге арналған жануардан алынған өнімдер;
10) жартылай фабрикаттар – жылумен өңделуге алдын ала дайындалған шикі тамақ өнімдері;
11) жеке медициналық кітапша – міндетті медициналық тексеріп-қарау нәтижелері енгізілетін, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін жеке құжат;
12) жұмсақ балмұздақ – фризерде дайындалған және тез мұздататын камерада ұсталмаған, сүттен жасалған өнім;
13) жұмыртқаның жарылуы (соғылуы) – ішіндегісінің ағып, қабығы және қабық қауызы тұтастығының бұзылуы;
14) жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектісі – дайындығы жоғары дәрежедегі жартылай фабрикаттардан әзірленетін тағамдардың, өнімдердің, оңай дайындалатын сусындардың шағын ассортиментін өткізетін және тұтынушыларға қызмет көрсетуге ең аз уақыт шығындайтын қоғамдық тамақтану объектісі;
15) қаптама (ыдыс) – тамақ өнімдерін зақымдалудан, бүлінуден және шығындалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар кешені;
16) қаптамалау (өлшеп-орау, сұйық өнімдерді құю) күні – тамақ өнімдерінің қаптамаға (ыдысқа) салынған күні;
17) қауіпті тамақ өнімдерін жою – тұтынуға және/немесе оны тағамдық мақсаттарға және адам мен жануарлардың пайдалануына жол бермейтін одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне әсер етуі;
18) қауіпті тамақ өнімдері – қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және/немесе тамақ өнімдеріне қойылатын гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тамақ өнімдері, сондай-ақ жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен және сақтау режимдері бұзылған немесе санитариялық-эпидемиологиялық және/немесе ветеринариялық-санитариялық тұрғыда азық-түлік (тамақ) шикізаты қауіпсіз болмаған жағдайда өндірілген, пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
19) кертілген – қабығы жарылған;
20) қоғамдық тамақтану – қызметі тамақ өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты сауда қызметі;
21) қоғамдық тамақтану объектісі (бұдан әрі – тамақтану объектісі) – тамақ өнімдерін шығару, қайта өңдеу, өткізу және тұтынуды ұйымдастыру бойынша объект;
22) меланж – жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының мұздатылған қоспасы;
23) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен байланыста болатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
24) өнеркәсіптік емес жағдайда дайындалатын тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және/немесе жеке қосымша шаруашылықтарында алған немесе бау-бақша, жануарларды өсіру шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге ғана арналған жануардан және өсімдіктен алынған өнімдер;
25) өнімділігі шағын қоғамдық тамақтану объектісі (бұдан әрі – өнділігі шағын объект) – отырғызатын орын саны 50 дейін және дайындалатын тағам ассортименті шектеулі объект. Бұл объектілерде тағам дайындау бойынша негізгі өндірістік үдеріс учаскелік бөлу қағидаты бойынша бір үй-жайда шоғырланған;
26) өндірушінің техникалық құжаттары – оларға сәйкес тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жүзеге асырылатын өндіруші бекіткен құжаттар (ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, спецификациялар), онда сәйкетендіру белгілерінің көрсетілуімен тамақ өнімдерінің атаулары, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі көрсеткіштері, таңбасына және қаптамасына қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге асыру шарттары, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің сәйкес түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс үдерістерінің тізімі мен сипаттамасы көрсетіледі;
27) өндірістік бақылау – өндіруші тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату, өзіне зертханалық зерттеулер мен сынауларды жүргізуді қоса алатын, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету үдерісінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар;
28) дайындаушы (өндіруші) – халыққа өткізу үшін тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) жеке немесе заңды тұлға;
29) өнім беруші – тамақ өнімдерін өткізетін жеке немесе заңды тұлға;
30) рұқсат етілетін шекті шоғырлану (бұдан әрі – РШШ) – бүкіл еңбек өтілі ішіндегі күнделікті жұмыс кезінде ауру немесе денсаулық жағдайында ауытқушылық тудырмауға тиіс зиянды өндірістік факторлар деңгейі;
31) сақтау шарттары – сақтаудың алдын ала белгіленген арнайы тәртібі (қоршаған ауаның ылғалдылығы, белгілі бір жарық режимі, қоршаған ауаның температурасы);
32) салқын тағамдар (жеңіл тамақ) – екінші рет жылумен өңдеуге ұшырамайтын, тамақтану алдында салқындатылған күйде, үлестіру кезінде плюс (бұдан әрі – +) 10 – +14 Цельсий градус (бұдан әрі – 0С) жоғары емес температурада берілетін, +6 – +80С жоғары емес температурада тоңазыту шкафтарында немесе камераларда сақталатын тағам (салқын жеңіл тамақ, салқын қайнатпалар, қуырылған, ішіне фарш салынған, сорпа құйылып ұйытылған және басқа тағамдар), тағамдарды дайындау кезінде екінші рет жылумен өңдеуге ұшырамайтын, дайын болғанға дейін жеткізілген өнім пайдаланылады;
33) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
34) санитариялық жарамсыздық – технологиялық операциялар, тасымалдау және жинау барысында бұзылу салдарынан туындаған, тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкелген өнімнің органолептикалық және тұтынушылық қасиеттері өзгеруі;
35) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинауға, жабдықтар мен мүкәммалды жууға, қажет болған жағдайда, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналып бөлінген уақыт (айына кемінде бір рет);
36) тағамдық қоспалар – тамақ өнімдеріне оларды дайындау және өндіру үдерісінде олардың бойында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру және/немесе олардың сапасын сақтап қалу мақсатында арнайы енгізілетін табиғи және жасанды заттар мен олардың қосылыстары;
37) тағамдық ингредиент – тамақ өнімдерін өндіруде қолданылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгертілген күйде болатын, рецептіге сәйкес тамақ өнімдерінің құрамдас бөлігі болып табылатын табиғаттан немесе жасанды жолмен алынған химиялық зат немесе жануар немесе өсімдік немесе микроб немесе минерал текті өнім, оның ішінде тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер;
38) тағамдық құндылық – құрамымен және дәмінің артықшылығымен анықталатын, организмді нәрлі заттармен қанағаттандыру дәрежесі;
39) тамақ өнімдері – адам тұтынатын шикізат, тамақ өнімдері, арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері, ауыз су, тағамдық қоспалар және тағамға биологиялық белсенді қоспалар, адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарлар жейтін жемшөп пен жемдік қоспалар;
40) тағамдық өнімдер – бұл адамның тағамға тұтынуына (оның ішінде балалар тамағына, диеталық емдік тамақтануға, диеталық профилактикалық тамақтануға, спортшылардың тамақтануына арналған мамандандырылған өнімдер, сергітетін сусындар, өсімдік, жануар және микробты текті гендік-инженерлік-түрлендірілген (трансгенді) организмдерден алынған шикізаттардан өндірілетін тамақ өнімдері, органикалық өнімдер) арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, ыдыстарға құйылған ауыз суы және минералды ауыз суы, алкогольді (оның ішінде сыра) және алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, сағыздар, ұйытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштер, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаттары мен тамақ ингредиенттері;
41) тамақ өнімдерінің партиясы – қауіпсіздігін куәландыратын бір ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және/немесе қаптамаланған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;
42) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) – технологиялық үдерістің өзін және онымен байланысты тамақ өнімдерін өлшеп-орау, қаптамалау, таңбалау, сондай-ақ өндірісішілік сақтау және тасымалдау үдерістерін қамтитын тамақ өнімдерін дайындау процестері (сатылары);
43) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – адамның өмірі мен денсаулығына зиян тигізумен және қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығы мен оның салдарының ауырлық дәрежесінің үйлесімін ескерумен тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық үдерістерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
44) тамақ өнімдерінің қадағалануы – тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерін қадағалау (шығуын, бағытын және жеткізілген орнын);
45) тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіші — адам денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін химиялық, радиобелсенді, уытты заттардың және олардың қосындылары құрамының, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің жол берілетін деңгейі;
46) таңбалау – тұтынушыға ақпарат беретін және тамақ өнімдеріне, тұтыну ыдысына (қаптамасына) түсірілген мәтін, тауар белгілері, шартты белгі мен суреттер, құжаттар, жаднамалар (қосымша бет), затбелгілер, контрзатбелгілер, кольереткалар, жазба белгілер, жапсырмалар (стикерлер);
47) тауар көршілестігі – шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететін бөтен иістің енуін болдырмайтын жағдайлар;
48) тез бұзылатын тамақ өнімдері – қатаң регламенттелген мерзімде тасымалдаудың, сақтаудың және өткізудің арнайы жағдайларын талап ететін тамақ өнімдері;
49) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптардың жиынтығы;
50) тиеу орны – азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;
51) толық дайындау орны – үй-жай, онда жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімдерін дайындауды жүзеге асырылады;
52) ұйымдасқан ұжымдар – тәулік бойы немесе күндіз 4 сағат және одан артық уақыт болатын, тұрмыс, тамақтану, оқу, тәрбие, медициналық қызмет көрсету, еңбек етудің бірдей жағдайларымен біріктірілген олардың ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан ұйымдардың контингенті (денсаулық сақтау объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету объектілері: үй-интернаттар, оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған оқу орындары, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары, өнеркәсіп, құрылыс объектілерінің тамақтану объектілері);
53) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласындағы заңнама – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды, оның ішінде адамдардың мекен ету ортасы факторларының, өнімнің (тауардың), жұмыстың және көрсетілетін қызметтің адам үшін қауіпсіздігі және/немесе зиянсыздығы критерийлерін белгілейтін және азаматтардың денсаулығын сақтау және қолайлы қоршаған ортаға деген құқықтарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі ретінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдар мен оларға сәйкес қабылданатын өзге нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер.
4. Осы Санитариялық қағидаларда осы бөлімде арнайы анықтама берілмеген терминдер Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.
Тамақтану объектілерін салу үшін жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға қойылатын талаптар
5. Тамақтану объектiлерiн салуға жер учаскесiн таңдау, жобалау реконструкциялау және қайта жабдықтау санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі.
6. Мына жағдайларда жер учаскелерінде тамақтану объектілерінің құрылысын жобалауға жол берілмейді:
1) бұрын олар мал қорымдары, уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған, органикалық және химиялық қалдықтармен ластанған жағдайда;
2) радиациялық қауіпсіздік нормативтері жоғары болған жағдайда;
3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналастырылған жағдайда;
4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда және су басуы ықтимал аймақтарда;
5) сумен жабдықтау көздері бірінші санитариялық қорғау аймағында орналасқан жағдайда;
6) қауіпті аймақтарда көмір және басқа шахталардың жыныстарының үйінділері болғанда.
7. Тамақтану объектісін орналастыру кезінде халықтың санитариялық-гигиеналық өмір сүру жағдайларының нашарлауына жол берілмейді.
8. Тамақтану объектілерін жеке тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарда, сондай-ақ тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттардың бірінші, жертөле және цокольды қабаттарында орналастыруға жол беріледі.
9. Жалпыға бірдей қолжетімді тамақтану объектілерін тұрғын үй, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттардың ішіне салуға немесе жапсарлас салуға тамақтану объектісінің және ол ішіне салынып жатқан ғимараттың барлық функционалдық сипаттамаларын сақтау арқылы қажетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда жол беріледі.
Тамақтану объектілерін:
1) тұрғын үйлерде – ішіне салынған немесе ішінен-жапсарлай салынған үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттардың нақты түрлеріне (құрылыстар) нормативтік талаптарды ескере отырып, ғимараттар бойынша жобалауға;
2) жер асты өтпе жолдарында, сондай-ақ, коммуникацияның инженерлік жүйелеріне қосылған жағдайда.
10. Аспаздық өнімдерді сатуға арналған үй-жайларды (аспаздық дүкендері) мейрамханалар мен асханалар құрамында да, өзге мақсаттағы ғимараттар құрамында да көздеуге жол беріледі.
11. Тамақтану объектілерінде тәулігіне кемінде 300 килограмм (бұдан әрі – кг) кремді кондитерлік өнімдерді өндіретін, кемінде 500 кг ұннан жасалған кремсіз кондитерлік өнімдерді өндіретін өнімділігі шағ н кондитерлік цехтарды орналастыруға жол беріледі.
12. Тұрғын ғимараттарда орналасқан тамақтану объектілерінде шикізат пен тауарларды тиеу терезелері жоқ тұрғын ғимараттың бүйір жағынан және/немесе жер асты туннелдерінен және/немесе магистральдар жағынан арнайы жүк тиеу үй-жайлары болған жағдайда орындалады.
13. Тұрғын үй ауласынан шикізат пен тауарларды тиеуге жол берілмейді. Өнімділігі шағын объектілерге жұмысы басталғанға дейін көше беттегі кіре берістен тиеуге жол беріледі.
14. Жер асты қазба жұмыстарында жұмыс істейтіндердің тамақ ануын ұйымдастыруға арналған жер асты тамақтану объектілері ауасы аз шаңданатын, таза ауа келіп тұратын жерде орналастырылады.
15. Құрылыс алаңдарында, маусымдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдарға арналған тамақтану объектілері дайындау кәсіпорындарынан немесе асханалардан жартылай фабрикаттарды алу қарастырылған толық дайындау орны ретінде жабдықталады. Жартылай фабрикаттарды жеткізетін кәсіпорындар болмаған жағдайда, шикізатты пайдалануға жол беріледі.
16. Құрылыс объектілерінде, маусымдық жұмыс объектілерінде дайын тамақты тарату пунктін ұйымдастыруға жол беріледі, оның тамақ анатын залының жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету негізінде жүргізіледі.
17. Құрылыс алаңдарында және маусымдық жұмыста жұмыс істейтіндерге арналған тамақтану объектілері, жұмыс ерекшелігіне байланысты, стационарлық және жылжымалы етіп ұйымдастырылады. Стационарлық тамақтану объектілері ғимараттарда немесе уақытша салынған үй-жайда (жиналмалы типтегі үйлер, жеңіл ағаш үйлер, ал жазғы уақытта қалқа, тент астында) орналастырылады. Стационарлық уақытша тамақтану объектілері тек қана қызмет көрсетілетін объектінің құрылысы, маусымдық жұмыс аяқталғанға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
18. Жылжымалы тамақтану объектілері арнайы жабдықталған вагон-асханаларда ұйымдастырылады. Жылжымалы тамақтану объектілерінің бірнеше құрылыс жұмысшыларына ағымдық кесте бойынша қызмет көрсетуіне жол беріледі.
19. Тамақтану объектілерінің ғимараттарында тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ қызметі қоғамдық тамақтанумен байланысты емес үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.
20. Тамақтану объектілерінің аумағы абаттандырылады, таза ұсталады. Аумақта арнайы бөлінген жерде, үш жағынан да тұтас қабырғамен қоршалған, су өткізбейтін жабыны бар, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған қақпағы бар бөлек контейнерлерді орнатуға арналған алаң қарастырылады. Қоқыстар мен тамақ қалдықтары контейнерлердің толу шамасына қарай шығарылады, соңынан контейнерлер өңделеді және дезинфекцияланады. Кіретін жолдар мен жаяу жүргінші жолдары атмосфералық жауын-шашын сулары суағарларға ағатындай етіп қатты жабыннан жасалады.
21. Тамақтану объектісінің аумағын жинау күнделікті жүргізіледі, жылы кезде су себіледі, ал қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.
Сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын талаптар
22. Тамақтану объектiсінің ғимараты орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен және су бұрумен жабдықталады.
23. Елдi мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда, ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті су көзінен алынатын суды пайдалануға жол беріледі.
24. Су құбыры жоқ елдi мекендердегi тамақтану объектiлерiн сумен қамтамасыз ету үшiн сумен жабдықтау көзi санитариялық эпидемиологиялық қорытынды негiзiнде таңдап алынады. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін суды пайдалануға жол беріледі, ол таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда, арнайы автокөлікпен жеткізіледі.
25. Ауылдық және ішінара кәрізделген жерлерде сарқынды суды жинау үшін су өтпейтін қазылған шұңқырлар жабдықталады, олар оның үштен екі көлемі толуына қарай тазартылады.
26. Ауыз суды тасымалдауға және сақтауға арналған сыйымдылықтар тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
27. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады.
28. Ыстық және суық су барлық жуу ванналарына және раковиналарға, сондай-ақ қажеттi технологиялық жабдыққа араластырғышты орнату арқ лы жүргiзiледi.
29. Су жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдалануға жол берiлмейдi.
30. Тамақтану объектiлерi өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды су үшін алаң ішіндегі кәрiз желісіне өз бетінше ағатын су бұзудың бөлек жүйелерімен жабдықталады.
31. Өндірістік ағынды ағызу деңгейі шаруашылық–фекальды ағындарды шығару деңгейінен жоғары етіп жабдықталады.
32. Төгу траптары, жуу ванналары, раковиналары, санитариялық аспаптары бар үй-жайлар тамақтану объектісіне жалғасатын алаң ішіндегі кәріз деңгейінен төмен орнатылмайды.
33. Кәріз желілерінің бітеліп қалуының алдын алу мақсатында ғимарат сыртында, сыртқы кәріздік желіге түскенге дейін өндірістік ағындар шығатын жолдарда:
1) залының сыйымдылығы 500 және одан көп орыннан тұратын жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін;
2) залының сыйымдылығы 200 және одан көп орыннан тұратын шикізатпен жұмыс істейтін тамақтану объектілері үшін май және езінді ұстағыштар орнатылады.
Тамақтану объектілерінің бір ауысымда 2 тоннаға дейін өнім өндіретін көкөніс цехтары үшін құм ұстағыштар орнатылады.
34. Тамақтану объектілері кәрiзделмеген елдi мекендерде орналастырған жағдайда өндiрiстiк және тұрмыстық сарқынды суға арналған жергiлiктi бөлек кәрiз құрылғысы көзделедi. Сарқынды су жер астында ы су өтпейтін, қақпақпен жабдықталған сыйымдылыққа (шұңқырға) ағ зылады.
35. Ауладағы дәретхана мен су өтпейтін сыйымдылықты объектінің шаруашылық аймағына орналастырады.
36. Өндiрiстiк жабдық және жуу ванналары кәрiз желiсiне қабылдаушы ойыңқы бетінен кемiнде 20 миллиметр (бұдан әрi – мм) ауалық ажыраумен қосылады. Iшкi кәрiздiң су ағынын жинайтын барлық қабылдаған штардың гидравликалық қақпақпен (сифондармен) жабдықталады. Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
37. Санитариялық тораптарды, душ бөлмелерін және ылғалды үдерістер жүргізілетін үй-жайларды тамақтану объектілерінің қойма, технологиялық үй-жайларының және салқындату камераларының үстіне орналастыруға жол берілмейді.
38. Су құбыры мен су бұруды тоңазыту камераларының қоршау конструкцияларына, сондай-ақ осындай камералар мен тамбурлар арқылы салуға жол берілмейді.
39. Ішкі кәріз желілерін төбе астынан, қабырғаларда, сондай-ақ су жүргізетін транзиттік магистралдарды тамақтанатын залдарда, өндірістік үй-жайларда және тамақ өнімдерінің қойма үй-жайларында орнатуға жол берілмейді. Өндірістік және қойма үй-жайларында кәріздің тік құбыры тамақтану объектілерінің тек тұрмыстық үй-жайлары арқылы ғана қайта ашылмайтындай етіп сыланған қораптардың ішімен жүргізіледі.
40. Қоғамдық тамақтану объектілері үй-жайларының аражабынан өтетін санитариялық тораптардың және душ бөлмелерінің едендері, су бұру мен су құбырының тік құбырды салу орындары су өткізбейтін материалдардан жасалады.
41. Өндірістік цехтар, жуу бөлмелері, дефростерлер, тамақ қалды тарын сақтау камералары траптармен жабдықталады: 100 м2 алаңға бір трап (бірақ үй-жайға кемінде біреу).
42. Тамақтану объектілері араластырғыштармен, қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен және (немесе) электр-сүлгілермен жарақталған, ыстық және суық су жүргізілген раковиналармен жабдықталады: персонал үшін - өндірістік үй-жайларда, келушілердің қолын жуу үшін – санитариялық тораптарда.
Отырғызатын 20-дан асатын орын саны бар объектілерде персонал мен келушілерге арналған дәретханаларды біріктіруге жол берілмейді.
43. Жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілерін (жазғы алаңдар, кәуәпханалар, самса, пирожный сату орындары, сауда шатырлары, сауда автоматтары, жазғы уақытта демалыс аймақтарында жәрмеңкелер мен мереке күндері жаппай демалу уақытында жылжымалы сауда үстелдері) қоғ мдық дәретханалармен немесе биодәретханалармен жабдықталған орындарға рналастырады.
44. Маусымдық тамақтану объектілерінде уақытша су құбыры мен су бұру өткізіледі.
45. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды сору-шығару желдеткішімен жабдықтайды.
46. Тамақтану объектілерінің сору-шығару желдеткішін тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттың желдету жүйесімен біріктіруге жол берілмейді.
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың ішіне салынған тамақтану объектілерінің сору-шығару желдеткішін жабдықтау кезінде шуылды төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.
47. Отырғызатын орын саны 50 және оданда аз тамақтану объектісінде ішке соруды ұйымдастырмай-ақ шығару желдеткішінің құрылғысына жол беріледі.
48. Сору желдеткішінің жүйесі үй-жайлардың мына тобы үшін бөлек орнатылады:
1) келушілерге арналған;
2) өндірістік;
3) тамақ қалдықтарының камералары;
4) ыдыс жуатын машиналардан жергілікті сору жүйелері;
5) дәретханалар мен киім ауыстыру орны бар душ бөлмелері.
Ыстық цехтардың және жалпы алмасу желдеткішінің, ыстық, салқын тамақ, толық дайындау цехтарының, жуу және басқа да өндірістік үй-жайлардың жергілікті шығару жүйелерін, сондай-ақ санитариялық тораптардың, темекі шегетін және душ бөлмелерінің шығару желдеткішіні жүйесін бір шығару жүйесіне біріктіруге жол беріледі.
49. Тамақтану объектілерінің тамақтанатын залдарында және өндірістік үй-жайларында айтарлықтай жылу бөлінген жағдайда ауа баптау жүйелерін орнатады. Қалған қызметтік үй-жайларды сору-шығару желдеткішінің жүйесімен жарақтандырады.
50. Желдету және ауа баптау жү елерінің өндірісін осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауа алмасудың санитариялы нормаларын ескере отырып белгілейді.
51. Желдету және ауа баптау жүйелерін орнату кезінде ластанған аймақ ауасының таза аймаққа түсуіне жол берілмейді, сүзгіштерге жәнетазалауды немесе ауыстыруды талап ететін басқа да бөліктерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Механикалық сору желдеткіші жүйелерінде сырттан берілетін ауаны тазалау және оны қысқы уақытта жылыту көзделеді. Сору желдеткішіне арналған ауаны алу, ауасы ең аз ластанған аймақта, жерден кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.
52. Жеке үй-жайларда жазғы кезеңде механикалық желдеткіш ретінде жергілікті сору қондырғылары және/немесе ауа баптағыштар қолданылады.
53. Технологиялық жабдықтардың желдету каналдары, ауа өткізгіштер шаңнан, ыстан уақтылы тазартылып отырады.
54. Салқын тағамдарды, жеңіл тамақтар дайындайтын үй-жайларда желдетудің сору жүйесін шаңға қарсы және бактерицидті сүзгішпен жабдықтайды. Желдету жүйелерінің саңылаулары ұяшықтары ұсақ тормен жабылады. Осы үй-жайларда инсоляциядан қорғайтын ауа баптағыштар мен құрылғылар орнатылады. Үй-жайлардағы рұқсат етілетін температура +180 С аспауы керек.
55. Тұрмыстық үй-жайларда көбінесе табиғи іске қосылатын шығару желдеткішінің автономды жүйелері орнатылады.
56. Ылғал, жылу және газ бөлу көздері болып табылатын жабдықтар мен жуу ванналарын шығару шатырлары бар, оқшауланған шығару жүйелерімен жабдықталады, олардың қабылдау тесіктерінің көлемі зиянды заттар көздерінің көлемінен үлкен болуы тиіс.
57. Жергілікті сору жүйесінен шыққан шығарынды ғимараттың ең жоғары бөлігінің жабынынан кем дегенде 2 м биіктікте жүргізіледі, мұндай жағдайда оның шығыңқы жеріне дейінгі аралық кем дегенде 10 м болуы тиіс.
58. Шаң бөлу көздері (ұн, қант және басқа да сусымалы азық-түліктер) аспирациялық қондырғылармен жабдықталады.
59. Жүк тиеу экспедицияның үй-жайлары, вестибюльдер жылу беретін перделермен жабдықталады.
60. Сыйымдылығы кемінде 50 отырғызу орнына арналған тамақтану объектілерінің ғимараттарында қос есік орнатуға жол беріледі.
61. Ауа өткізгіштер, торлар, желдету камералары және басқа да құрылғылар таза ұсталады, оларда механикалық бұзылу, тоттану ізі, герметикалығының бұзылуы болмауы тиіс.
62. Пештердің жанында, сондай-ақ қамырды ақырғы ашыту шкафтарының жанында жұмыс орындарында шығатын ыстық будан және газдан қорғау үшін тыныс алу аймағы деңгейінде ауа душы ұйымдастырылады. Ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
63. Жұмыс орындарындағы жылумен сәулеленумен, ұнды, қант ұнтаған және басқа да сусымалы өнімдерді елеумен байланысты барлық жұмыстар қосулы сору-шығару немесе жергілікті шығару желдетуді қосу кезінде жүргізіледі.
64. Осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асуына жол берілмейді.
65. Тамақтану объектiлері орталықтандырылған жылыту жүйесімен жабдықталады, орталықтандырылған жылыту жүйесі болмаған жағдайда жергілікті жылыту жүйесін қолдануға жол беріледі. Өзге мақсаттағы ғимараттардың ішіне салынған, ішіне салынған-жапсарластырылған тамақтану объектілерінің жылыту жүйелері бөлек болады. Жинау, шолып қарау және жөндеу үшін жылытудың барлық түрлері жағдайында жылыту аспаптарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
66. Тұрғын үй ғимараттарында, тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған (ішіне салынған-жапсарластырылған) тамақтану объектілерінде пісіру, жылыту пештерін (плиталар) және қатты отынмен жанатын мангал құрылғыларына жол берілмейді.
67. Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тамақтану объектісі үй-жайларының микроклиматы мен ауа ортасының рұқсат етілетін жағдайыларын қамтамасыз етеді.
68. Тамақтану объектілерінде табиғи және/немесе жасанды жарық көзделеді.
69. Адамдар тұрақты келетін өндірістік үй-жайларда табиғи жарық андыру қарастырылады. Жұмыс күні ішінде жұмысшылар 50%-дан аса уақыт болатын үй-жайларға табиғи жарықтандырусыз немесе жеткіліксіз табиғи жарықтандырусыз жол беріледі.
70. Табиғи жарықтандырусыз немесе биологиялық әсері бойынша жеткіліксіз табиғи жарықтандырусыз (табиғи жарықтандыру коэффициенті кемінде 0,5 пайыз (бұдан әрі – %) өндірістік үй-жайлар(жұмыскерлер тұрақты келетін), оларды орналастыруға арнайы негіздемесі болған жағдайда өндіріс технологиясына сәйкес жол беріледі
1) жасанды жарықтандырумен;
2) эритемді сәулеленуге арналған құрылғымен;
3) жұмыс орындарынан 100 м кем емес аралықта жұмыскерлердің қысқа мерзімдік демалуына арналған табиғи жарықтандыруы бар үй-жайлармен;
4) тұрақты жұмыс істейтін ықтиярсыз желдеткішпен жабдықталады.
71. Жарықтандыру көздері жарық беретін қорғаныш арматурамен жарақтандырылады. Өндірістік үй-жайларды және қоймаларды жарықтандыру үшін ылғал-шаңнан қорғауды орындайтын шам қолданылады.
72. Шамды плиталардың, технологиялық жабдықтың, өндірістік үстелдердің үстіне орналастыруға жол берілмейді. Жұмыс орындарында шағылысуды болдырмайтын қосымша жарықтандыру көздерін орнатады.
73. Жарықтандыру аспаптары, арматура, терезе мен ойықтардың шыныланған беті таза ұсталады және ластану шамасына қарай тазартылып отырады.
74. Салқын тағамдарды, кремді дайындаумен, торттар мен пирожныйларды өңдеумен байланысты тамақтану объектісінің үй-жайларын орналастыру солтүстік-батыс бағдармен жүргізіледі.
75. Ашылатын барлық ойықтар жылдың жылы кезеңінде жәндіктер кірмес үшін алмалы-салмалы қорғаныш қорғаныш томен жабдықталады.
76. Үй-жайларды жарықтандыру деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес рұқсат етілетін деңгейге сай қамтамасыз етіледі.
77. Өндірістік үй-жайларды жобалау, реконструкциялау, қайта бейіндеу, жөндеу және пайдалану кезінде шуылдан қорғау бойынша Іс-шаралар жүргізіледі: үй-жайлар дыбыс өткізбейтін құрылыс материалдарымен әрленеді, электр қозғалтқыштарды амортизаторларға дыбыс сіңіретін жұтқыш қаптаманы қолдану арқылы орнатады, жабдықтарды діріл сіңіретін іргетастарға орнатады, жабдықтарға уақтылы алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізеді, музыка құралдардың дауыс қуаттылығын шектейді; аражабыннан 40-50 сантиметр (бұдан әрі – см) арақашықтықта аспалы төбе жапқыш құрылғыларды орнатады, жабдықты өндіруші кәсіпорынның паспортында көрсетілген режимде пайдаланады.
78. Даяшылардың, бармендердің, буфетшілердің тамақтану залдарындағы жұмыс орындарын эстрадан, акустикалық жүйелерден алшақ шуы аз орындарда орналастыру ұсынылады.
79. Үй-жайлардағы жарықтандыру, шуыл мен діріл деңгейлері «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Санитариялық қағидалармен белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.