Иондық сәуле шығаруды нормалау және оларды бақылау приборлары.
Билет ответтери.
1. Еңбекті қорғау заңдарын бұзған құзырлы тұлғалардың жауапкершілігі.
2. Иондық сәуле шығаруды нормалау және оларды бақылау приборлары.
3. Ғимараттардың құрылыс конструкцияларының өртке төзімділігі.
4. Қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйрету және өндірістегі нұсқамашы.
5. Иондағыш сәулелерден қорғану шаралары.
6. Құрылыста өрттің алдын алу.
7. Құрылыс нормалары мен ережелері.
8. Апаттар мен жарақаттанудың себептері.
9. Жарылу қаупі бар құрылыс ғимараттарын қорғау.
10. Өндіріс жарығына қойылатын негізгі талаптар.
11. Бақытсыздық жағдайларды тергеу мен тескеру.
12. Құрылыста электр қауіпсіздігі.
Еңбекті қорғау заңдарын бұзған құзырлы тұлғалардың жауапкершілігі.
Еңбекті қорғау – бұл заң шығырушы акты жүйсі және әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырылған шаралар, қаупсіздікті, денсаулықты қорғауы және адамның жұмыс барысында қабілеттігің қамтамасыз етуы.
Қалыпты жұмыс режимі және қауіпсіздік техникасының талап бұзған кезде жұмысшылардың денсаулығы нашарлап кетеді.
Еңбекті қорғау мақсаты – минимум болуы ықтимал іске асыру жұмыскерлердін аурлары және олардың жарақаттар, толық жабдықталғанмен қамтамасыз ету және максималдық еңбек өнімділігімен жұмыс істеу. Айқын өндірістін жағдайлары қауіптілікпен және зияндылықпен бейнеленеді.
Еңбекті қорғау заңдарын бұзған құзырлы тұлғалардың жауапкершілігі.
Қауіпсіздік және таза жұмыс жағдайлардың талаптары әкімшілікке және жұмыскерлерге міндетті. Осы ҚР-ның заңдарың бұзған кезде айыпты әкімшілік, тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапты деп бөледі. Әкімшілік жауабы – қылмыстан ҚР-ның заң бойынша штраф салу. Әкімшілік жазаны тексеру және қадағалау мемлекеттік мекемелерге жүктеледі.
Еңбекті қорғау заңдарын бұзған, еңбекті қорғауға арналған келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттардың міндеттерін орындамаған немесе оған қайшы келетін іс-әрекеттерге барған құзырлы тұлғалар жауапқа тартылады. Олар мынадай жауапкершілікке тартылады: қоғамдық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік, қылмыстық.
· Тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда ол еңбек және өндіріс тәртібін
қатаң түрде орындауы тиіс. Жазалау шаралары: ескерту, сөгіс, жалақысы төмен қызметке ауыстыру, қызметінен алып тастау, белгілі бап бойынша жұмыстан шығару.
· Әкімшілік жазаға еңбекті қорғау заңдарын бұзған құзырлы тұлғалар тартылады.
Олар мемлекеттік бақылау органдарының еңбек инспекторларының алдында жауап береді. Кінәлі тұлға бақылау органдары бекіткен айыппұлды төлейді.
· Мүліктік жауапкершілікке құзырлы тұлға еңбек заңдарын бұзып, осының
салдарынан кәсіпорын қайғылы оқидан зардап шеккен немесе кәсіптік дертке шалдыққан адамға оның шағымдануы бойынша толықтай немесе жартылай өтемақы төлейтін болса, ол мүліктік жауапкершілікке тартылады, яғни мүліктік шығындарды өтейді.
· Қылмыстық жауапкершілікке тартылу Қазақстан Республикасының қылмыстық
істер кодексіне сәйкес анықталады. Осыған сәйкес ол айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жұмыскерлерге еңбекті жарамдылықты жоғалған кезде әлде өлген кезде кәсіпорын ҚР-ның заң бойынша біржолғы жәрдем төлейді. Өндірістен зиян шеккендерге әлде жұмыскер өлген кезде материалдық жауабын кәсіпорын атқарады.
Иондық сәуле шығаруды нормалау және оларды бақылау приборлары.
Еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
Еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
Альфа сәулесі (α) – кейбір заттардың ядроларының радиактивтік ыдырауы кезінде пайда болатын гелий ядроларының ағыны болады. Бұл сәуленің ішке кіру қабылеті өте аз, ал ондау қабылеті өте үлкен болады.
Бета сәулесі (β) – ядролардың радиоактивтік ыдырау кезінде пайда болатын электрондардың немесе позитрондардың ағыны. Бета бөлшектердің α – бөлшектерге қарағанда заттардың ішіне кіру қабылеті көбірек, ал иондау қабылеті азырақ болады. Бұл бөлшектің жүру жолы ауада 160 см дейін, биологиялық талшықта – 2,5 см, қорғасында – 0,04 см болады. Бір β – бөлшек ауада бір см жолында 50 пар иондар туғызады.
Нейтрон сәулесі (n)– ядролардың заряды жоқ нейтралды бөлшектерінің (нейтрондардың) ағыны. Бұл сәуленің өте үлкен ішкі кіру қабылеті болғандықтан ол заттардың терең қабаттарына дейін өте алады, иондау қабылеті де жоғары.
Гамма сәулесі (γ) – жоғары жиілікті электромагниттік толқындар болады, оның өте үлкен ішке кіру және өте аз иондау қабілеттері бар. Бұл сәуле адам денесінен, басқа заттардан емін-еркін өте алады. Гамма сәулесі бір см жүретін жолында 1-2 пар ион туғызады.
Ренген сәулесі (p) – гамма сәулесі сияқты өте үлкен ішке кіру және өте аз иондау қабілеті бар электромагниттік толқындар болады.