Здік бақылауға арналған тест сұрақтары
1. Нәрлендіру (қоректендіру) көздерінің шықпаларындағы кернеу қандай аспаппен өлшенеді?
А) амперметрмен;
В) анемометрмен;
С) омметрмен;
D) вольтметрмен;
Е) барлық жауабы дұрыс.
2. Нәрлендіру (қоректендіру) көздерінің шықпаларындағы ток күші қандай аспаппен өлшенеді?
А) вольтметрмен;
В) манометрмен;
С) амперметрмен;
D) вольтметрмен және амперметрмен;
Е) анемометрмен.
3. Реостат не үшін керек?
А) доғаны тұтандыру үшін;
В) пісіру тогын реттеу үшін;
С) пісіру сымын беріп тұру үшін;
D) пісіру сымының берілу жылдамдығын реттеу үшін;
Е) пісір аппаратын іске қосу үшін.
4. Пісіру трансформаторының қай орамасынан пісіру тогы алынады?
А) бірінші реттік орамадан;
В) бірінші және екінші реттік орамадан;
С) екінші реттік орамадан;
D) үшінші реттік орамадан;
Е) қосымша дроссельден.
5. Осциллятор не үшін пайдаланылады?
А) пісіру тогын беру үшін;
В) ток күшін реттеу үшін;
С) кернеу мәнін реттеу үшін;
D) доғаны тұтандырып жағу үшін;
Е) пісіру қуатын реттеу үшін.
6. Нәрлендіру көздерінің ауысып отыратын қандай режімдерін білесіз?
А) бос жүріс, жүктемелі жағдай және тез жүріс;
В) бос жүріс бос емес жүріс, қаты жүріс, баяу жүріс;
С) қатты және баяу жүріс;
D) бос жүріс, қасқа тұйықталу, ұзын тұйықталу;
Е) бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу.
7. Ток тегіне байланысты нәрлендіргіш көздерінің бөлінуі:
А) тұрақты және тұрақсыз токты;
В) айнымалы және бірқалыпты токты;
С) айнымалы және тұрақты токты;
D) айнымалы, түзусызықты және құбылмалы;
Е) құбылмалы және түрлендірілмелі.
8. Сыртқы сипаттамасына сәйкес пісіру генераторлары қандай топтарға жіктеледі?
А) сыртқы сипаттамасы құламалы, тік, көлбеу;
В) сыртқы сипаттамасы құламалы, қатаң және әмбебап;
С) сыртқы сипаттамасы өспелі және бір қалыпты;
D) сыртқы сипаттамасы тұрақты және айнымалы;
Е) сыртқы сипаттамасы синусоидалы, параболалы және гиперболалы.
9. Құламалы сыртқы сипаттаманың қандай түрлері болады?
А) күрт құламалы, өспелі;
В) күрт құламалы, көлбеу құламалы;
С) көлбеу құламалы, баяу құламалы;
D) күрт құламалы, шұғыл құламалы;
Е) барлық жауабы дұрыс.
10. Бос жүріс режімінде ток мәні қалай болады?
А) ток мәні максималды;
В) ток мәні кернеу мәніне тең;
С) нөлге тең;
D) шексіздікке тең;
Е) сыртқы желідегі ток мәніне тең.
11. Доғаны айнымалы токпен нәрлендіру көздерінің бос жүріс кернеуі қалай анықталады?
А) ;
В) ;
С) ;
D) ;
Е)
U1 – бірінші реттік орамадағы кернеу; w1 w2 – бірінші және екінші реттік орамалар саны.
12. Трансформатордағы қысқа тұйықталу тогы неге тең?
А) ;
В) ;
С) ;
D) ;
Е)
U1 – бірінші реттік орамадағы кернеу; Хр – тізбектегі реактивті кедергі.
13. Доғаны электродты түйістірмей тұтандырып жағу үшін қандай жабдық қолданылады?
А) импульсті трансформатор;
В) дроссель;
С) импульсті генератор немесе осциллятор;
D) реостат;
Е) шунт.
14. Трансформатордағы магнитті шунт не үшін керек?
А) бос жүріс кернеуінің мәнін реттеу үшін;
В) пісіру тогын реттеу үшін;
С) орамаларға ток беріп тұру үшін;
D) қысқа тұйықталу тогын болдырмау үшін;
Е) дроссельді жалғастыру үшін.
15. Қоректендіру көздерінің қандай режімдері болады?
А) бос жүріс, жүктемелі жағдай және тез жүріс;
В) бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу.
С) қатты және баяу жүріс;
D) бос жүріс, қасқа тұйықталу, ұзын тұйықталу;
Е) бос жүріс, бос емес жүріс, қаты жүріс, баяу жүріс;
16. Нәрлендіру көздерінің қандай түрі далалы (электр желісі жоқ) жерлерде қолданылады?
А) пісіру трансформаторлары;
В) пісіру түзеткіштері;
С) пісіру агрегаты;
D) пісру түрлендіргіштері;
Е) барлық жауаптары дұрыс.
17. Кейбір генератордың сыртқы сипаттамасы неліктен әмбебап деп аталады?
А) кез –келген токпен пісіре алатын болғандықтан;
В) құламалы және қатаң сипаттама алуға мүмкіндік бере алатындақтан;
С) шұғыл құламалы және күрт құламалы сипаттама алуға мүмкіндік беретіндіктен;
D) пісіру тогын реттеу шегінің кең болу себепті;
Е) кез-келген жерде пайдалануға болатындықтан.
18. Бір мезгілді қамтитын орындар санына қарай нәрлендіргіштер
А) дара және көп орынды (постылы) болып келеді;
В) екі және үш орынды болып келеді;
С)тек дара орынды болады;
D) тек көп орынды болып келеді;
Е) екі және одан да көп орында болып келеді.
19. Шунттардың түрлері
А) екі орамды;
В) бір орамды;
С)айнымалы және тұрақты;
D) жылжымалы және басқарымды;
Е) қозғалысты және қозғалыссыз.
20. Индуктивті кедергіні (ХТ) өзгерту арқылы
А) генераторды іске қосуға болады;
В) трансформаторды жұмыс режіміне келтіруге болады;
С)пісіру тогының шамасын тұрақтандыруға болады;
D) түзеткіш блок жұмысын реттеуге болады;
Е) пісіру агрегатындағы бос жүріс кернеуін өзгертуге болады.
21. Үш фазалы көпірлі түзеткіш сұлбасы
А) деформацияны өлшеу үшін қолданылады;
В) генераторларды жалғастыру үшін қолданылады;
С) түзеткіш вентильдерді жалғастыру үшін қолданылады;
D) ешқандай жерде қолданылмайды;
Е) пісіру тогын реттеу үшін қолданылады.
22. Алты фазалы теңдестіруші реакторлы сұлба
А) пісіру тогын реттеу үшін қолданылады;
В) деформация мен кернеу шамасын өлшеу үшін қолданылады;
С) үш фазалы көпірлі сұлбаны жұмыс істету үшін қолданылады;
D) түзеткіш вентильдерді жалғастыру үшін қолданылады;
Е) ешқандай жерде қолданылмайды.
23. Пісіру генераторында пісіру тогының шамасы
А) щеткалар арқылы реттеледі;
В) реостат арқылы реттеледі;
С) магнитөткізгіштер арқылы реттеледі;
D) магниттендіргіш орама арқылы реттеледі;
Е) магнит ағыны арқылы ретеледі.
24. Пісіру машинасының қосылуұзақтығы (ҚҰ) қалай анықталады?
А) ;
В) ;
С) ;
D) ;
Е) .
tц – цикл мерзімі; tж – жұмыс мерзімі; tү – үзіліс мерзімі.
25. Цикл ұзақтығы tц қалай анықталады?
А) ;
В) ;
С) ;
D) ;
Е) .
tж – жұмыс мерзімі; tү – үзіліс мерзімі.
26. Трансформатор орамасының бойымен ток өткенде оның айналасында
А) бос жүріс кернеуі пайда болады;
В) пісіру тогы пайда болады;
С) ұшқындар пайда болады;
D) қысқа тұйықталу тогы пайда болады;
Е) магнит өрісі пайда болады.
27. Төмендеткіш трансформатордың қай орамасының орам саны көп болады?
А) бірінші реттік орамасының;
В) үшініш реттік орамасының;
С) екінші реттік орамасының;
D) екеуінікі бірдей;
Е) әр жағдайда әрқалай бола береді.
28. Ротор қандай нәрлендіргіштің бөлшегі?
А) генератордың;
В) трансформатордың;
С) түзеткіштің;
D) жартылай автоматтың;
Е) автоматтың.
29. Трансформатордағы қысқа тұйықталу тогы қандай формуламен анықталады?
А) ;
В) ;
С) ;
D) ;
Е) .
U1 – бірінші реттік орамадағы кернеу; Хр – тізбектегі реактивті кедергі.
30. Пайдалы әсер коэффициентін қуат арқылы (П.Ә.К) қалай табуға болады?
A) ;
B) ;
C) ;
D) ;
E) .
Nд – доға қуаты; Nж – электр желісінен алынатын қуат.