Детальдар тозуына әсер ететін факторлар

Машиналарды пайдалану барысында детальдардың зақымдануы мен бұзылуына себепкер болатын процестерді зиянды процестер деп атайды. Бұл процестерге жататындар: үйкеліс салдарынан детальдардың жұмыстық беттерінің тозуы, әртүрлі күштердің әсерінен детальдар бұзылуы (илемділік деформация, металл қажуы, сынықтар, жылулық және электрлік бұзылулар), химиялық белсенді ортаның әсерінен электрхимиялық коррозияның пайда болуы, қатынас детальдардың қызметтік қасиеттерін жоюы (магнитсіздену, серпімділікті жоғалту) және т.б.

Зиянды процестерді толығымен жою мүмкін емес. Ал оларды техникалық күту мен ағымдық жөндеу арқылы баяулатуға болады, бұл машинаның жұмыс істеу жағдайында болуын қамтамасыз етеді.

Тозу жылдамдығы көптеген факторларға байланысты, олардың негізгілері төмендегідей:

– жүктеменің түсу сипаты (жүктеменің әсер ету периодтылығы, соққылар, дірілдер және т.б.) мен детальдардың өзара әсері – үйкеліс түрі, сырғанау жылдамдығы мен беттік температура, меншікті қысым, детальдар жанасуындағы саңылаулар;

– детальдардың жанасу беттерінің параметрлері – материал құрылымы мен қаттылығы, беттің кедір-бұдырлығы.

– аралық орта – майлау, беттік қабыршақтар, абразивтер (абразив қаттылығы, бөлшектердің өлшемдері мен формалары):

– пайдалану жағдайлары – қозғалтқышқа арналған отын, қызмет ету персоналының біліктілігі, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің уақтылы өткізілуі мен сапасы;

– машина және оның бөлшектерінің конструкциясы – детальдардың геометриялық формалары мен өлшемдерінің әсер етуші күштер мен жұмыс сипатына сәйкестігі, техникалық күту мен жөндеуге қатысты алғандағы конструкцияның технологиялылығы.

– қоршаған орта – орта температурасы және оның белсенділігі.

Детальдардың тозуы олардың геометриялық өлшемдері мен формаларының өзгеруінде болады.

Тозудың нәтижесінде цилиндрлік бөлшектер диаметрі бойынша сопақ, ұзындығы бойынша конустық болып қалады. Басқа жағдайларда бөлшектердің беттік қаттылығы азаяды, мысалы, көміртектелген немесе шыңдалған тозу кезінде, керісінше, бекітудің нәтижесінде қаттылық нығая түседі, сонымен бірге үстіңгі бет қабатының осалдығы да ұлғая түседі.

Қатты дене бетінен материалдың бөліну мен тозу процесі және дене формасы мен мөлшерінің үнемі өзгеріп тұруы, үйкеліс кезінде қалдық деформациясының жиналуы тозу деп аталады. Тозудың мәні көлемнің, массаның, ұзындықтың т.б. бірліктерінде көрінеді.

Бөлшек беттерінің тозу процесі өте күрделі, ол көлікті пайдалану жағдайында кездесетін әр түрлі факторлардың көп түрлеріне байланысты болады. Бұл факторларға бөлшек беттерінің қаттылығы мен сапасы, үйкеліс бетіндегі салыстырмалы қысым, бөлшек материалдарының құрылымы, бір беттен екінші бетке жылжу жылдамдығы, үйкеліс процесіндегі жанасатын бөлшек беттерінің өзара арасындағы саңылаулардың сырт пішіні мен мөлшерін жатқызуға болады.

Үйкеліс түрлері салыстырмалы қозғалыстың бар-жоқтығы бойынша тыныштық үйкелісі және қозғалыс үйкелісі, салыстырмалы қозғалыстың сипаттамасы бойынша сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі, майлаушы материалдардың бар-жоқтығы бойынша майлаушы материалдарсыз үйкеліс және майлаушы материалдармен үйкеліс деп бөлінеді.

Тыныштық үйкелісі – салыстырмалы қозғалысқа қарай өткелге дейінгі жылжу кезіндегі екі дененің үйкелісі, ал қозғалыс үйкелісі – салыстырмалы қозғалыстағы екі дененің үйкелісі.

Сырғанау үйкелісі – қатысты нүктедегі бағыты мен шамасы бойынша әртүрлі денелердің жылдамдығы кезіндегі қозғалыс үйкелісі.

Домалау үйкелісі – қатысты нүктедегі олардың жылдамдығы бағыты мен шамасы бойынша бірдей екі дененің қозғалыс үйкелісімен сипатталады.

Үйкелісті азайту үшін, сонымен қатар, детальдардың үйкеліс беттерінің тозуын кеміту үшін майлау процесін қолданады. Детальдар арасындағы майлау қабықшасы үйкеліс сипатын өзгертеді.

Майлаудың бар-жоғына және майлау қабықшасының қалыңдығы мен сапасына байланысты сырғанау үйкелісі төмендегіше бөлінеді: сұйықтық, жартылай сұйықтық, шектік және құрғақ.

Сұйықтық үйкеліс дегеніміз - үйкелу беттері майлау қабатымен түгелімен бөлініп тұратын және үйкеліс заңдылықтары майлау материалдарының қасиеттерімен анықталатын үйкеліс. Сұйықтық үйкелістің заңдылықтары қабаттың қалыңдығы 0,5 мм-ден төмен болғанда жұмыс істейді.

Сырғанау мойынтіректері үшін майлау қабатының қалыңдығы мына формуламен анықталады:

Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru ; (1.6)

мұндағы, Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru - майдың абсолюттік тұтқырлығы, Па*с; d - білік диаметрі, мм; р - біліктегі жүктеме, Па; s - саңылау (білік пен мойынтірек диаметрлерінің айырмасы), мм; с - мойынтіректің келтірілген ұзындығы, с=(d+l)/l, мұндағы l - мойынтірек ұзындығы.

Формуладан байқайтынымыз: жүктеме мен саңылау ұлғайған кезде детальдардың тозуына байланысты тұтқырлы май қолданылады. Майлау қабатының қалыңдығы біліктің айналу жылдамдығына байланысты болады.

Сұйықтық үйкеліс білік мойны бетінің кедір-бұдырлық биіктігі майлау қабатының қалыңдығына тең немесе одан үлкен болған жағдайда бұзыла бастайды.

Бұл кезде біліктің тегіс еместігінің мойынтірек бетіне жанасу процесі жүреді де, жартылай сұйықтық үйкеліс пайда болады.

Машинаны қосқанда немесе тоқтатқанда, біліктің айналу жылдамдығы бірден өзгереді де, жартылай сұйықтық үйкелісті байқауға болады. Сондықтан да машинаны жиі-жиі қосқанда немесе тоқтатқанда тозу өсе түседі.

Шектік (шекаралық) үйкеліс - майлау қабатының қалыңдығы 0,1 мкм-ден аспайтын және беттер микроскоптық қабықшалар арқылы бөлініп тұратын үйкеліс. Шекаралық үйкеліс шектеулі бұрыштық жылдамдығы, үлкен жүктемелері мен таза өңделген беттері бар детальдарда болады. Мысалы, сырғанау мойынтіректеріндегі жай айналатын біліктер мен жабық тісті берілістерде шекаралық үйкелістер көп кездеседі.

Құрғақ үйкеліс - жанасу беттерінде майдың жоқ болуы кезіндегі үйкеліс. Бұл үйкеліс кезінде детальдар қарқынды түрде тоза бастайды. Бұған мысалдар: жетектегі жұлдызшалар, тежеу қалыптары мен барабандары, фрикционды муфталар, шынжыртабан буындары.

Тербелу үйкелісі сырғанау үйкелісімен салыстырғанда күрделі процесс болып табылады, себебі мұнда кезектесіп тербелетін тіректі беттердің деформациясы орын алады.

23.002-84 МЕСТ бойынша машиналарда тозудың үш тобы белгіленген: механикалық, коррозиялы-механикалық және электр тогының әсері кезіндегі (1.1-сурет).

Механикалық тозу механикалық әсерлердің нәтижесінде, ал коррозиялы-механикалық тозу материалдың қоршаған ортамен химиялық және электрлік өзара әсерінен тұратын механикалық әсердің нәтижесінде жүреді.

Детальдардың тозу түрлері
Коррозиялы-механикалық
Механикалық
Электр тогының әсері кезінде

1.1-сурет. Детальдардың тозу түрлері

Материалдың абразивтік тозуы оған бос немесе бекітіліп тұрған жағдайдағы қатты детальдардың сырғанайтын немесе кесетін әрекеті нәтижесінде өтеді. Абразивтік тозуға, мысалы, тепловоздың экипаж бөлімінің бөлшектері, электр машиналарының қылшақтары мен жинағыштары, дизельдің жанармай аппаратуралары және т.б. жатады.

Гидроабразивті және газабразивті тозу сұйықтықта өлшенген және тозған денеге қатысты ауыстырылған қатты денелер әсерінің нәтижесінде пайда болады.

Гидроабразивті тозуға көбінесе компрессордың, дизельдің бөлшектері ұшырайды (жылжымалы бірлік бөлшектері сырғыма мойынтіректерімен, цилиндрлі-піспекті жиналмалы бірліктер, жанармай аппаратуралары және т.б.).

Эррозиялы тозу газ бен сұйық ағынның механикалық әсерінен болады. Гидроэрозиялық тозу сұйық (газ) ағынының әсері кезіндегі эрозиялық тозу болып саналады.

Кавитациялық тозу– жергілікті қысым мен температураны көтеретін, газдың көбіршіктері үстіңгі бетке жақындағанда жарылатын сұйықтыққа қатысты қатты дененің қозғалысы кезіндегі гидроабразивті тозу. Кавитациялық тозуға баббиттен жасалған антифрикционды қабатты дизельдер иінді біліктерінің мойынтірек қосымшалары, цилиндрлі төлкелердің суытылған беттері, су сорғысының корпусы және т.б. ұшырайды.

Қажып тозу үстіңгі бет материалдарының кіші көлемдерін қайта деформациялау кезінде пайда болады. Ол сырғыма үйкелісі кезінде және тербелу үйкелісі кезінде бақыланады. Қажып тозу – домалау мойынтіректері мен тісті берілістерде, сырғыма мойынтіректерде, көбінесе дизельдердің иіндібілік мойынтіректерінде бақылауға алынады.

Айқасып қалу кезінде тозу – материалдардың тереңнен жұлынып қалуда оны бір үйкеліс бетінен басқаға ауыстыру мен ілініскен бетте пайда болған тегіс еместіктің ықпалынан қармау нәтижесінде болып өтеді. Тозудың бұл түрі дизельдердің цилиндрлі-піспекті жиналмалы бірліктердің бөлшектері және жиналмалы бірлік бөлшектерінің домалау мойынтіректермен өзара арасында бақыланады.

Тотығулық тозу – оттегінің немесе басқа да тотыққан ортаның материалға әсері кезінде болатын химиялық реакция. Тотығулық тозуға, мысалы, тепловоздың экипаж бөлімдерінің бөлшектері мен кузов бөліктері т.б.ұшырайды.
Фреттинг кезіндегі тозу – орын ауыстыруда жай тербелістерде болатын жанасқан денелердің механикалық тозуы.

Фреттинг-тоттану кезіндегі тозу – үйкеліс пен тоттану ортасын бір уақытта болдыратын, орын ауыстыруда жай тербелістерде болатын жанасқан денелердің механикалық тозуы.

Электрлі-эрозиялық тозу – электр тогының жүру кезінде болатын разряд әсерлерінің нәтижесінде үстіңгі беттерінің эрозиялық тозуы. Тозудың бұл түріне электр машиналары мен аппараттарының түйісіп бірігулері, түйіспе-бөлшектерінің жұмыс қалпындағы үстіңгі беттері ұшырайды.

Тозуды сипаттау үшін төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады: сызықтық тозу, тозу жылдамдығы, тозу қарқындылығы, тозуға төзімділік, салыстырмалы тозуға төзімділік.

Сызықтық тозу Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru үйкелу бетіне перпендикуляр бағытта тозу нәтижесінде пайда болған деталь (үлгі) размерінің өзгерісі.

Тозу жылдамдығы Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru тозудың Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru тозу уақытына Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru қатынасы. Тозу жылдамдығына қарап детальдің ұзақмерзімділігіне баға беруге болады.

Тозу қарқындылығы Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru тозудың Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru тозу пайда болған жол үйкелісіне Детальдар тозуына әсер ететін факторлар - student2.ru немесе орындалған жұмыс көлеміне қатынасы.

Тозуға төзімділік - үйкелістің белгілі бір жағдайларында материалдың тозуға кедергі жасау қасиеті. Тозуға төзімділік жылдамдыққа немесе тозу қарқындылығына кері шамамен бағаланады.

Салыстырмалы тозуға төзімділік - бірдей жағдайда тозу кезінде берілген материал мен үлгі есебінде алынған материалдың тозу төзімділіктерінің қатынасы.

Тозу процесінің негізгі факторларына жататындар:

- бірікпенің конструктивтік сипаттамалары, яғни үйкеліс түрі (сырғанау, тербелу немесе күрделі үйкеліс), есептік жүктемелер, салыстырмалы жылжу жылдамдығы, қозғалыс сипаты (бірқалыпты немесе бірқалыпсыз), есептік саңылаулар, бірігу беттерінің өңдеу сапасы, материалдардың тозуға төзімділігі;

-бірікпенің пайдалану сипаттамалары, яғни есептік жүктемелердің іс жүзіндегі жүктемеге сәйкестігі, қоршаған орта ерекшеліктері (жоғары ылғалдылық, шаң басушылық, қоршаған ортаның жоғары немесе өте төмен температурасы), майлау сапасы.

Наши рекомендации