Парлардың ауыспалы егістегі алатын орны және парлардың түрлері.

Билет

Парлардың ауыспалы егістегі алатын орны және парлардың түрлері.

Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім алу үшін өндірісте қолдану туралы жаз.

Эссе:Топырақта негізгі және беткі қабатын өңдеу және оның тәсілдері құралдары

Парлардың ауыспалы егістегі алатын орны және парлардың түрлері.

Ауылшаруашылық дақылдары топыраққа әр түрлі әсер етеді. Олардың кейбіреулері ылғалды көп пайдаланғандықтан топырақты құрғатып жібереді, ал қайсыбіреулері керісінше топырақта ылғалды өзінен кейін әжептәуір қалдырады. Сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдары коректік заттарды да әр түрлі мөлшерде пайдаланады. Атап айтқанда, кейбір дақылдар (бұршақ тұқымдастар) топырақта азотты өздерінің өсіп-дамуына тиімді пайдаланады, калийді жақсы пайдаланатынөсімдіктерде бар. Сайып келгенде, өсімдік түрлері топырақтың коректік заттар режіміне әсер етеді.

Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі, яғни олардың пісіп-жетілуі де әр түрлі. Олардың ішінде тез пісіп, танапты ерте босататындары, ал керісінше мүлдем кеш пісетіндері (қант қызылшасы, тағы басқалары) бар. Топырақты дер кезінде сапалы өңдеу, сөйтіп келер себілетін дақылға қолайлы жағдай жасау танаптың ауылшаруашылық дақылдарынан босауына тікелей байланысты.

Алғы дақылдардың осы ерекшеліктерін білу, ауыспалы егістегі дақылдардың орналасу тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді.

Алғы егіс деп өткен жылы осы танапта өсірілген ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Алғы егістер дақылдардың өніміне, мөлшеріне және сапасына күшті әсер етеді. Осыған байланысты алғы егістер өте жақсы (парлар), жақсы (күздік дақылдар, көпжылдық шөптер, отамалы және бұршақ тұқымдас көпжылдық, біржылдық дақылдар), қанағаттанарлық (дәнді масақты дақылдар) және қанағаттанарлықсыз деп төрт топқа бөлінеді.

Өте жақсы алға егістерге парлардың барлық түрлері жатады. Олар таза (ерте және қара), ықтырмалы, екпелі (жаппай және отамалы) және жасыл парларға бөлінеді.

Таза пар өсімдік өсіруден бос, ылғал жинау, арамшөптерді, зиянкес жәндіктер мен ауруларды жою үшін жаз бойы өңделетін танап.

Ықтырмалы пар дегеніміз ылғалды мол жинау мақсатымен қыста қар тоқтату үшін биік өсетін өсімдіктерде (қыша, күнбағыс) ықтырма себілген пар танабы. Ол таза пардың бір түрі болып есептеледі.

Таза пар қара және ерте таза пар болып екіге бөлінеді. Парға қалдырған танапты жаз-күз айларынан өңдей бастасақ, ондай пар қара пар деп аталады. Қара пар республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс облысының тәлімі егіншілігінде қолданылады. Қара парға күздік дәнді масақты дақылдар себіледі.

Парға қалдырылған танап ерте көктемнен бастап күзге дейін өңделсе оны ерте таза пар деп атайды. Ерте таза пар солтүстік облыстарда жиі қолданылады. Оған жаздық дәнді масақты дақылдар, көбінесе жаздық бидай егіледі. Танапта жаз бойы ешқандай өсімдік болмағандықтан, топырақтағы ылғалдың көбі күзге дейін сақталады. Парға егілген дәнді масақты дақылдардың өнімі 1,5-2 еседей артық болады. Пардан кейін танапқа 2-3 жыл қатарынан дәнді масақты дақылдарды себуге болады.

Республиканың күзі ұзақ және жылы суармалы аймақтарында таза пардың орнына екпелі парлар қолданылады. Екпелі пардегеніміз вегетациялық кезеңнің біршама уақытында бірінші жартысында мәдени өсімдіктер өсетін, ал қалған уақытта өңделетін пар танабы. Екпелі парға жылдам пісіп, ерте жиналатын дақылдар себіледі. Танап себілген дақылдардан босағаннан күзгі дақылдарды немесе көктемде келесі дақылдарды сепкенше таза пар сияқты өңделеді.

Екпелі пар оған себілетін дақылдардың технологиясына байланысты екі түрге бөлінеді. Егер онда жай қатарлы әдіспен егілетін дақылдар себілсе оны жаппай екпелі пар дейді, ал отамалы дақылдар себілсе оны отамалы екпелі пар деп атайды. Ол екпелі пардың бір түрі.

Жасыл пар дегеніміз жасыл тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңірілу үшін бұршақ тұқымдас дақылдар себілетін пар танабы. Жасыл пар құмдақ, құмдауыт топырақтардағы органикалық заттардың қорын көбейтіп, олардың құнарлылығын жоғарылату үшін қолданылады. Республикада жасыл парға себілетін дақылдар ретінде үлкен масса құрайтын маш, шабдар, бөрібұршақ және басқада бұршақ тұқымдасына жататын дақылдар себіледі.

Наши рекомендации