Кесте - Бұйымның сипаттамасы
№ | Қабырғалық кірпіш | Беттік кірпіш | |
Саз түрі | |||
Массаны дайындау әдісі | |||
Қалыптау әдісі | |||
Өлшемдері, мм | |||
Бұйымның құрылымы | |||
Сусіңіргіштігі ,% | |||
Қысу кезіндегі беріктігі, МПа | |||
Аязға төзімділігі, цикл. | |||
Орташа тығыздығы, г/см3 | |||
Ерекшеленетін сапасы |
3. Қабырғалық толықденелі кірпіштің өндіріс схемасын құрыңдар.
4. Беттік кірпіш өндірісі үшін схемадағы өзгерісті атаңыз.
5. Құрылыс материалдарының физика-механикалық қасиеттерін өрнектейтін
шамаларды жазыңдар: а) нағыз және орташа тығыздығы; б) тығыздық, кеуектілік; в) салмақ және көлем бойынша су сіңіргіштігі; г) күш; д) механикалық кернеу және беріктік; е) жылуөткізгіштік коэффициенті; ж) меншікті жылусыйымдылығы; з) газөткізгіштік коэффициенті; и) динамикалық қатайту (упрочнения) коэффициенті; к) слой половинного ослабления; л) конструктивті сапа коэффициенті; м) салмақ және көлем бойынша сырылуы (истираемость); н) дыбысты жұту коэффициенті.
6. Құрғақ кірпіштіңқысу кезіндегі беріктігіRқұр =200кГ/см2- (20МПа) сумен қаныққаннан соң Rқұр =120кГ/см2. Суға қаныққан кірпіштің көлемдік сусіңіргіштігі 20 % құраған, ал ашық кеуектілігі 28 %. Алынған кірпіштің аязға төзімділігі мен оны фундамент қабырғасы үшін қолдануға болар болматындығын анықтаңдар.
7.Сынақ кезінде келесі нәтижелер алынған болса: қысу кезіндегі беріктік шегі 180кГ/см2; жеке үлгілердің қысу кезіндегі минималды (кіші) беріктік шегі 130кг/см2; майысу кезіндегі беріктік шегі 30кГ/см2 ; жеке үлгінің минималды майысу беріктік шегі – 23кГ/см2 ; сыртқы көрінісі бойынша ақаулары бар кірпіштің МемСт бойынша жіберілетін талабынан асатыны – 8 %, кірпіштің маркасын анықтаңдар.
8. Егер пресс поршенінің ауданы 40см2, кірпішті қиратудан алдын манометрдің көрсеткіші 10ати , кірпіштің ені – 122мм, қалыңдығы -66мм, біліктер ара қашықтығы 20см болса, кірпіштің майысу беріктік шегін анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары:
- Керамикалық қабырға материалдарының түрлері.
- Керамикалық кірпіш өндірісіндегі массаны дайындау әдістері.
- Қалыптау әдістері.
- Кірпіштің маркасы деген не?.
- Сусіңіргіштігі мен аязға төзімділігі бойынша кірпішке қойылатын талаптар.
- Кірпіш өндірісіне арналған шикізатқа қойылатын талаптар.
- Кірпіштің сыртқы түріне қойылатын талаптар.
- Беттік кірпішке қойылатын талаптар.
- Глазурь деген не?
- Ангоб деген не?
- Керамикалық қабырға материалдарының қолдану аясы.
Практикалық сабақ №13.Қасбеттік керамикалық плиткалардың қасиеттерін талдау және оның мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бағалау
Сабақтың мақсаты: әр түрлі қасбетттік керамикалық плиткалардың технологиялық ерекшеліктерін білу және сапасын бағалау.
Ғимараттың қасбетін қаптауға арналған керамикалық плиткаларды кірпішті ғимараттың сыртқы жағын, лоджия, эркер, фриз, терезе мен есік жақтауларын айналдыра қаптауға және ғимараттың арихитектуралық элементтерін безендіру үшін, жерасты жаяу жүргіншілердің переходтары мен транспорт жүретін қозғалыс жерлерінде кеңінен қолданылады. Плиткалар қоршаған атмосфера әсерлеріне, аязға төзімділік пен түске төзімділікке қарсы төзімді.
Негізінен плиткаларды ұнтақ тәрізді массадан пресстеу әдісі арқылы және керамикалық суспензиядан құю әдісімен өлшемі 21х21мм, 46х21мм, 292х192мм, қалыңдығы 3-тен (құйылған) 4-9мм –ге дейін (пресстелген) төртбұрышты және тік бұрышты етіп өндіреді.
Түсті әйнекеленген плиткалар сәулетшілерге ғимараттарды әрлеуде жоғары көркемдік дейгейде және құрылыс кешендердің түсті және сәулеттік шешімдердің үлкен әр түрлілігін шешуді қамтамасыз етеді, бұл типтік толық құралмалы құрылыста маңызды. Құрылыста қасбетті қаптау үшін ақшаңқай және боялған (жеңіл балқитын) саздарды, жүдеткіш материалдар - шамот, кварцты құм мен плавни- шыны сынықтары, перлит, нефелинді концентрат және басқалар қолданылады. Саз төмен температурада пісуі тиіс, күйдіргеннен кейін біркелкі түсте болуы қажет (әйнекеленбейтінді өндірісінде- ашық тонда болғаны дұрыс) және кептіру мен күйдірудегі тұрақты шөгуді қамтамасыз ету үшін құрамы бойынша біртекті болуы керек.
Жұмыс жасау жағдайына байланысты плиткалардың сусіңіргіштігі 8-10%, ал қатаң шарттар үшін 5% артық болмауы, аязға төзімділігі сәйкесінше 35 және 50 цикл болуы тиіс.
Тапсырма: