Жұмысты жүргізу реті
Зертханалық ыдыстарды өңдеу. Микробиологиялық жұмыстарды қолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада келтірілген) өңдейді.Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30 – 40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан ашылған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып,содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса,оны 10 % тұз қышқылы ерітіндісінде 10 – 15 минуттай тағы да қайнатып,артынан сумен шаяды. Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттың әйнектерде микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан соң оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да,артынан жақсылап жуады.Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтаймыз (қосалқы анықтамада келтірілген).
Жуылған ыдыстарды сүртпейді,бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100 – 105оС температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шаң – тозаң түспейтін,тығыз жабылатын ыдыстарды немесе шкафтарда сақтайды.
Химиялық залалсыздандыру. Бұл химиялық заттардың микроорганизмдерге тигізетін жойқын әсеріне негізделген. Оны вакциналарды, сары суларды және т.б. биопрепараттарды әртүрлі антисептиктермен консервлегенде қолданады. Химиялық заттарды сыртқы ортаны: жұмыс орнын, бөлмелерді, жұмыс киімдерін, қолдағы тіршілік ететін ауру қоздырғыш микробтарды құрту мақсатында қолданады. Бұндайды дезинфекциялау деп атайды.
Дезинфекциялау үшін фенолдың 3-5 % ерітіндісі формалиннің 0,5-2 % ерітіндісі , хлорлы әктің 10 % ерітіндісі, хлораминнің, иодтың, сулема және т.б. 0,5-3 % ерітіндісін қолданады.
Залалсыздандырудың физикалық әдісіне жоғары температурамен, ультра күлгін сәулемен, радиоактивті сәулелермен, ультра дыбыспен залалсыздандыру, арнайы бактериялық сүзгілерден өткізіп, салқын тәсілмен залалсыздандыру жатады.
Жоғары температурамен залалсыздандыру.Ең көп тараған физикалық әдіс. Бұл микробиологиялық аспаптарды спиртовканың жалынында қару, заттарды қайнату, құрған ыстық ауамен, шамадан тыс температурасы бар бу қысымымен ұштастыру және бу ағынында ұстау арқылы жүзеге асырады.
Жалында қару. Залалсыздандырудың ең шапшаң және сенімді әдісі. Бұл әдіспен бактериологиялық ілмешектерді, инелерді, пинцептерді, заттық әйнектерді, Пастер пипеткаларын және т.б. ұсақ аспатрады залалсыздандырады. Бұл үшін залалсыздандырылатын заттарды спиртовка жалылына бірнеше рет қарап алады. Қыздырған кезде микробтармен олардың споралары өртеніп өледі. Бірақ ескеретін жай: аспаптарды өне-бойы жалынға қарығанда ол бөлінеді, ал шыны заттар жарылып сынады немесе балқып өз пішінін жоғалтады. Бұның өзі осы әдісті үнемі қолдана беруді шектейді. Қайнату – инелерді, шприцтерді, хирургиялық аспаптарды залалсыздандырудың жай тәсілі: оны арнаулы залалсыздандырғыш аспаптар 10-15 мин. мезгіл шамасында жүзеге асырады. Суға 1-2 % сода қосып қайнатудың залалсыздандыру әсерін арттырып, судың кермектілігін жояды. Бұның өзі металдан жасаған аспатарды даттанудан сақтайды. Бұл тәсіл заттарды толық залалсыздандыра алмайды. Өйткені кейбір бацилдардың споралары және клостридийлары қайнатуға төзімді келеді.
Құрғақ ыстықпен залалсыздандыру. Бұл тәсілмен әдеттен шыны ыдыстарды залалсыздандырады. Бұнда Түтіктерды, колбаларды, алдын ала мақтамен тығындайды. Залалсыздандырылған заттарға қайтадан ауа микробтарға жұқпауы үшін оларды қағазға орап залалсыздандырады, ол қағазды жұмыс жасау алдында ғана ашады.
Сурет 2.Кептіргіш шкафы
Пипеткаларды ені 2,5-3 см жалпақ қағазға орайды. Пипеткалардың ауызға соратын жағына алдын-ала кішкене мақта тығыпқояды. Петри табақшасын квадрат пішінді қағазға орайды. Осылай даярланған ыдыстарды алдын ала 160-170 оС дейін құрғатқыш шкафтарда екі сағаттай Сурет 2.Кептіру шкафы ұстайды.
Осындай жағдайда бактериялар клеткалары ғана емес,олардың споралары да қырылып кетеді. Құрғатқыш шкафтар температурасын 175 оС шамасынан асрыаму ұсынылады, өйткені температура жоғарылағанда мақта тығын күйіп, қоңырқай тартады, орам қағаздар опырылғыш, сынғыш келеді.
Бу ағынында залалсыздандыру. Бөлшектеп залалсыздандыру немесе тиндализациялау. Бу ағынында залалсыздандыруды Кох аспабында жүргізеді. Бұнда залалсыздандырылатын материалға белгілі бір мезгіл ішінде ыстық бумен бірнеше рет әсер етеді. Әрине бұны автоклавтарда жүзеге асыруға болады. Бұл әдіс көбінесе залалсыздандырылған материал. 100 оС және одан да жоғары температурада өз қасиетін жоятын болса ғана қолданылады. Бұған құрамында кейбір көмірсулары бар қоректік орталар жатады. Сондықтан да бұларды Кох аспабында 30 минуттай 3 күнде заласыздандырады. әрбір рет 30 минут заласыздандырылғаннай кейін қоректік ортаны аспаптан шығарып алып термостадқа немесе жылы бөлмеге қояды. Сонда жылы жерге микроб спроралары өсіп өнеді. Екінші рет заласыздандыруды қайталағанда вегетативтік клеткалар тағы да қырылып кетеді. Бұл әдісті бөлшектеп заласыздандыру немесе тиндализациялау деп атайды. Тиндализацияны Тиндали ұсынған болатын. Бұнда заласыздандырылатын материалды термореттеушісі бар су моншасында 1 сағаттан 5 күн бойына немесе 3 күн бойына жүргізеді. Әрбір қыздыру аралығында залалсыздандырып отырған материалды споралардан вегетативті формалар өсіп шығу үшін 25 оС термостатқа қойып отырады. Негізінен тиндализация әдісін құрамында белогы көп қоректік ортаны ұрықсыздандыру мақсатында қолданады.
Бу қысымымен заласыздандыру. Бұны автоклавта жүргізеді. Бұның өзі сопақша 2 қазаннан тұрады. Сырт қысын су бу камерасы деп, ал ішкісін заласыздандырушы камера деп атайды. Ішкі камераға заласыздандырылатын материал орнатылады. Осы камералар жоғарғы жағында сыртқы камерадан су келетін кішкене тесік бар. Автоклав қақпағы ешбір саңылаусыз берік етіп жабылады. Автоклавта қысымды және температураны оның жұмыс істеу кезінде көрсетіп тұратын мамометрмен, термометрмен жабықталған. Автоклавта жұмыс істеу үшін алдымен оның тәртібі мен студенттерді міндетті түрде таныстырып өту керек. Автоклавта су қайнаған кезде қысым артатынын ескертсек, онымен жұмыс істегенде өте сақтық керек. Автоклавтың қандайда болмасын бір жерінде ақау бар екені байқалса, онымен жұмыс істеуге мүлде болмайды. Автоклавты жұмысқа қосу алдында оны бу түзілетін камерасын су өлшеуіш түтікте жасалған жоғарғы белгіге дейін жеткізе су құяды. Залалсыздандырушы камерадағы тұғырықтың үстіне материалдарды арасынан бу жүретін дей етіп саңылау қалдыра орналастыру керек. Одан соң автоклав қақпағы жақсылап қымтап жабады да, залалсыздандырушы камераға бу баратын шүмекті ашады. Осыдан соң автоклавты токқа қосып қыздырады. Бу түтіктен шыға бастаған залалсыздандырушы камерадағы ауаны айдап шығады, өйткені камерада ауа қалса материалды залалсыздандыру үшін қажетті бу темперутарсымен көтерілуіне кедергі келтіреді. Бұл үшін кранға резина түтік кигізіп, оның екінші ұшын 10 минуттай суға малып қояды. Автоклавтан таза бу бірқалыпты ысылдаған дыбыспен шыға бастағанда бу шығатын шүмекті жабады. Сонда автоклавта орнатылған қысым өлшегіш бу қысымы көрсете бастайды.
Сүзу арқылы залалсыздандыру.Кейбір қоректік орталарды жоғары температурамен заласыздандыруға болмайды. өйткені олардың құрамы мүлде өзгеріп кетуі мүмкін. Сол үшін сұйық орталарды микробтар өте алмайтын саңылауы бар арнаулы бактериялық сүзгіштерден өткізеді. Вирустар бактериялық сүзгілерден өтіп кетеді. Бұндай сүзгіштерді ультрасүзгіштер деп атап жүр. Оларды саңылауы тым кішкене бактерияларды ұстап қалатын материалдардан жасайды.
Асбесті сүзгіш.(Зейц сүзгіші). Бұл қалыңдығы 3-5 мм және диаметрі 35 және 140 мм көлемі кішкене немесе үлкен сұйықтарды сүзуге арналған асбест пластинкалар. Бұл сүзгіштерді қолданар алдында аспаптарға бекітіп, сонымен бірге залалсыздандырады. Асбест сүзгіштері бір рет қолдануға жарайды.
Шыны ыдыстарды залалсыздандыру.Шыны ыдыстарды температурасы 160-170оС 2 сағат бойына ыстық құрғақ ауамен заласыздандырады. Мұнда микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткалары ғана емес, споралары да мүлде қырылып кетеді. Залалсыздандыру үшін құрғатқыш шкафтарды қолданады. Оны жоғары температураға төзімді материалдардан жасайды. Шкаф ішінде ыдыстарды орналастыратын сөрелері болады, ал жоғары жағында термометр орналасқан. Ол шкафтың ішкі төбесінен 6-8 см қашықтықта орнатылады. Электор тогымен қызатын құрғатқыш шкафтарда қажетті температураны көрсетіп тұратын автоматты реттеуші қондырғы орнатылған.
Шыны ыдыстар микробиологиялық зертханаларда микробтарды қоректік орталарды өсіру және басқа да мақсатта қолданылады. Ыдыстарды қолдана алдында тиісті жолмен жақсылап тазартып алу керек. Жаңа ыдыстарды жуу үшін алдымен қара сабынды жылы суды аздап көбіктенгенше езіп алу керек. Содан соң оған ыдыстарды салып плиткада ектеп қыздырған жөн. 15 минуттай қайнатқаннан соң ыдыстарды шығарып алу, таза сумен жақсылап жуады да алдын ала дайындап қойған хлорлы сутегі қышқылының 1-2 % ерітіндісіне салып, 10-15 мин қайнатады. Бұнда сілтінің артық мөлшері бейтараптанады. Осыдан соң ыдысты түтік суымен жуып, дистилденген суда 2 рет жақсылап шайқап алады. Ыдысты бөлме температурасында кептіріп, кейін автоклавта немесе құрғатқыш шкафтарда залалсыздандырады.
Практикада шыны ыдыстарды жуудың кең тарағаны, оларды хром қоспасымен жуу. Хром қоспасын калий дихроматы және концентірлі күкірт қышқылынан жасайды. Дұрыс даярланған хром қоспасы қара қоңыр болады. Хром қоспасымен ыдыстарды жууды өте сақтық керек. Дұрыс қолданбағанда ол денені күйдіріп жіберуі мүмкін. Алдымен сумен жақсылап жуады. Одан соң ыдысты, мәселен, ол Түтік, пипетка немесе басқа кішігірім шыны ыдыстарды алдын-ала құйылып қоюға хром қоспасын батырып қою керек. Ыдысты шығарып алғаннан соң хром қоспасын төкпейді, онымен келесі ыдыстарды тазартуға болады. Хром қоспасымен ыдыстарды 30-60 минуттай ұстайды. Хром қоспасымен өңделген ыдыстарды алдымен түтік суында кем дегенде 10 рет шайқап жуады. Бұдан кейін ыдыстарды кептіріп қағазға орайды. Қағазды ыдыспен тәжірибе жасау алдында ғана ашады. Ал залалсыздандыру алдынан пипеткалардың жоғары жағына анжысын тығып қояды. Пипеткалары ені 4-5 см етіп ұзын қағазбен шиыршықтай орайды да, шешіліп кетпес үшін орта белінен байлайды. Петри табақшасын қағаз пакетке 2-4 данадан шпательдерді міндетті түрде әрқайсысын бөлек-бөлек орайды. Колбаларды, Түтіктерды және Бурри түтігін мақта тығынмен тығындайды.
Залалсыздандыруға арналған ыдысты залалсыздандырғыш шкафқа арасынан ауа өтіп кіру үшін бір біріне тым жақындатпай орналастырады. Құрғақ шкафтың есігі қамтылып жабылуы тиіс. Залалсыздандыру аяқталғаннан соң шкаф температурасы 80 оС дейін төмендегенге дейін есігін ашпайды. Кейде температура бөлме температурасына теңелгенде ғана ашады. Ыдыстарды автоклавта да залалсыздандыруға болады. Екі литрлік жұқа колбаларды 121 градуста 15-20 минуттай, ал қалың колбаларды – 25-30 минуттай залалсыздандырады.Автоклавта залалсыздандырылған ыдыстардың сыртындағы қағаз немесе мақта тығындар ылғалданады. Сондықтан оларды бөлме температурасында құрғатып алу керек.
Аспаптар мен құрал – саймандарды залалсыздандыру. Металдардан жасалған ұсақ аспаптарды: ілмешектер, инелер, пинцеттер, қайшылар, шпательдер қолданар алдында спиртовка жалынында қарып алады. Заттық және жабын әйнектерді де осылайша залалсыздандырып алу керек.
Спиртовка жалынында микроорганизмдердің вегетативтік клеткалары мен споралары қырылып кетеді. Шприцтер бүтін немесе бөлшектелген күйінде 160 оС құрғақ ыстықпен 1сағаттай залалсыздандырады. Оларды автоклавта да 1атм. қысыммен 15-20 минуттай залалсыздандыруға болады. Шприцтерді спиртовка жалынында қыздыруға болмайды, онда олар бүлінеді. Температураға төзімді аспаптарды және олардың бөлшектерін, резина тығындар мен түтіктерді автоклавта залалсыздандырады, бұнда ыдыстарды мақтамен жабады, ал майдалаларын қағазға орайды.
Кейбір заттарды ұзақ уақыт дистилденген сумен қайнатады. Оларды арнаулы ыдыс залалсыздандырғышта өңдеуге болады. Бірақ бұл әдісті микробиологияда өте сирек қолданады, өйткені ол көп уақытты алады. Центрифугалар Түтіктерын, температураға төзімсіз пластмассалардан жасалған ыдыстарды ультракүлгін сәулемен залалсыздандырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық залалсыздандыру.?
2. Бу қысымымен заласыздандыру ?
3. Құрғақ ыстықпен залалсыздандыру?
4. Бу ағынында залалсыздандыру?