Арматураны топтау,арматуралық бұйымдар,қолданылуы.

Алдын ала керу шамасын тағайындау.Алдын ала кернеулену шығындары.

Зерттеулерге қарағанда, жоғары берiктiктi болатты алдын-ала кернеуленген конструкцияларда ойдағыдай қолдануға болады. Алдын-ала кернеуленудi жасау пiкiрi жүзден аса жыл бұрын туды. Алдын ала арматураланған темiрбетон алу үшiн арматураны керiп бекiту керек, содан кейiн бетонды құйып, ол қатайғаннан кейiн арматураны босатып жiберу керек. Бұдан кейiн арматура қысқаруға тырысып, бетонды қысады. Мұндай конструкциялар алдын-ала кернеуленген деп аталады.

Алдын-ала кернеулену конструкцияларда жарық пайда болмауына әсер етедi және темiрбетон элементтердiң қаттылығын арттырады.

Темiрбетон элементтердiң алдын-ала кернеуленуi екi тәсiлмен iске асырады:

1. Тiрекке тарту - жоғары берiктiктi арматура бетонды құйғанға дейiн тiрекке тартылады, содан соң бетон құйылып, бетонға белгiлi форма берiлiп және керектi берiктiкке жеткеннен кейiн арматура тiректен босатылады.

2. Бетонға тарту - бұл тәсiл бойынша арматура алдын-ала әзiрленген бетон немесе арматураланған темiрбетон элементтердiң каналдарына немесе тесiк, шұңқырларына орналастырылады.

Бетон керектi берiктiкке жеткеннен кейiн, арматура тартылады да анкерге iлiнедi, содан соң арматура бетонды қысады. Содан кейін бетон мен арматура арасындағы қалған тесiк бетонмен бiтеледi. Зауытта дайындау барысында көбiнесе бiрiншi әдiс қолданылады.

Алдын-ала кернеулену механикалық, электротермиялық, электротермомеханикалық және физико-химиялық әдiстермен iске асырылады.

Арматураны тарту процесiнде күштiң арматурадан бетонға берiлу барысында бетонның сығылуынан кейiн бiртiндеп уақыт өтуiне байланысты арматурада әртүрлi себептердең алдын-ала кернеулену күшi азая бастайды, жойылады. Кернеулену күшiнiң жойылуы екi түрлi себептен - арматураны тiрекке тартудан және бетонның шөгуiнен, жылжуынан болуы мүмкiн.

Ймереттерді тұрғызу қарқындылығы және бетондау өнімділігі.

Арматураны топтау,арматуралық бұйымдар,қолданылуы.

Темiрбетон конструкцияларда арматураны көбiнесе созылу күштерiн қабылдауға және бетонның сығылу бөлiгiн күшейтуге қолданады. Конструкция элементтерiн күштер әсерiне есептеу арқылы арматура мөлшерiн қабылдайды.

Арматура төрт белгiсi бойынша топтастырылады:

Жасау технологиясына байланысты сырықты және сымды арматура болып бөлiнедi (олардың d=6….40мм), шыбық (d≥12мм ,ұзындығы 13м-ге дейiн), оралған сым /байлам/ (d≤10мм, массасы 1300кг-ға дейiн).

Нығайту тәсiлiнебайланысты ыстыққа қақталған, термиялық өңделген (нығайтылған) немесе созу арқылы суық түрде нығайтылған арматура болып бөлiнедi.

Бетiнiң пiшiнiбойынша периодты кескiндi және тегiс болады.

Сырықты арматураның қабырға сияқты қырлары, сымды арматураның кедiр-бұдырлары арматураның бетонмен жалғасуын жақсартады

Қолданылу тәсiлiбойынша кернеуленген арматура, яғни, алдын ала созудан өткiзiлген және кернеуленбеген болып бөлiнедi.

Арматура түрін оның дайындалу әдісіне және бетінің пішініне байланысты анықтайды.Сырықты ыстыққа қақталған арматура өзiнiң механикалық қасиетiне байланысты шартты 6 класқа бөлiнедi: А-I, А-II, А-III, A-IV, A-V, A-VI. Арматураның А-I класы тегіс арматураға, ал басқалары периодты кескіндіге жатады.

Термиялық нығаюдан арматураның 4 класы өткiзiледi, олар былай белгiленедi: Ат-III, Aт-IV, Aт-V, Aт-VI. Қосымша с-әрпiмен арматуралардың қосылған жерлерiн дәнекерлеу мүмкiндiгiн, к -әрпiмен коррозияға қарсы берiктiгiн көрсетедi. Суық жағдайда созылғанА-III класты арматураны в -әрпiмен белгiлейдi.

D= 3….8 мм болатын арматура аз көмiртектi және жоғарғы берiктiктi болып екi түрге бөлiнедi. Аз көмiртектi кәдiмгi арматура - Вр-1 , ол негiзiнен тор үшiн қолданылады. Оның диаметрiн 3,4, 5 ммм етiп шығарады. Жоғарғы берiктiктi арматура В-II, Вр-II белгiлеуiндегi “р” әрпi оның бетiнiң кедiр-бұдыр екендiгiн көрсетедi. Арматураның массасы 1300кг-ға дейiн жетедi. Кернеуленбеген арматура ретiнде A-III, Aт-IIIс , Вр-1 кей жағдайда A-II және А-I қолданылады. Олардың диаметрлерi 6....40 мм-ге, ұзындықтары 13м-ге жетедi. Арматураның А-I класының бетi тегiс болып дайындалады.

Кернеуленген арматура ретiнде A-IV, Aт-IVс ,Aт-V, A-VI, Aт-VIс қолданылады. Олардың диаметрлерi A-IV , A-VI кластары үшiн 10...32 мм-ге, A-V класы үшiн10...22 мм-ге жетедi.Кернеуленген жұмыстық арматура ретінде дәнекерленген қаңқалар мен торлар үшін A-III, Aт-IVс, Вр-1 , ал өрілген қаңқалар үшін A-IV, A-V, A-VI арматура кластары қолданылады. А-I , A-II арматура класстары түрлері көлденең (қамыттар) және монтаждық арматура үшін қолданылады. Арматураның Aт-III, Aт-IV, Aт-V, Aт-VI кластардағы “Т” әрпімен берілетін индекс, олардың термиялық өңдеу арқылы нығайтылғанын, ал A-IIIв класындағы “В” индексі – механикалық жолмен нығайтылғанын (вытяжка) көрсетеді.

Сонымен қатар құрылыс конструкцияларында бұрамды сым арматураның екi класы – К-7 және К-19 қолданылады. Оларды арматуралық сымның В-II класының сәйкесiнше 7 және 19 сымын бұрау арқылы жасайды.

Арматуралық бұйымдар. Өндiрiстi индустрияландыру мақсатымен темiрбетон конструкцияларды дәнекерленген жазық және орамды торлар, жазық немесе кеңiстiк қаңқалар түрiндегi iрiлендiрiлген арматуралық элементтермен арматуралайды. Арматуралық торлар мен қаңқаларды арматуралық цехтарда өнiмдiлiгi жоғары дәнекерлеу машиналарымен ағынды технологиялық жүйе бойынша дайындайды.

Дәнекерленген қаңқалар жазық және кеңістікті болуы мүмкін, олар бойлық және көлденең шыбықтардан тұрады.

Дәнекерленген торларды негiзiнен тақталы конструкцияларды арматуралау үшiн қолданады. Торлар стандартты немесе жекеше жобалануы мүмкiн. Стандартты торларды диаметрi 3...5 мм Вр-1 және диаметрі 6...8 мм-ге дейінгіА-III арматура класынан дайындайды. Торлар жазық және орамды болып келедi.

Наши рекомендации