Бақылау сұрақтары. 3. Судың айдауға жарамдылығының және тазарту дәрежесі үшін басты критерий не? Коагулянттардың

  1. ҚҚҰ жүйесінде қандай суларды қолданады?
  2. Өнімді қабаттарға айдалатын суға қандай талаптар қойылады?

3. Судың айдауға жарамдылығының және тазарту дәрежесі үшін басты критерий не?

  1. Коагулянттардың көмегімен суды қалай тазартады?
  2. Мұнай кәсіпшілік ағын суларды дайындау және айдау жүйесін коррозиядан қорғау әдістері.

Дәріс. Мұнай газын тасымалдауға дайындау. Тамшылы сұйықтан газды бөлу (айыру). Күкіртсутегінен газды тазалау. Газды кептіру. Гликолды абсорбенттер және оларды қолдану.

Әртүрлі мұнай-газ өндіру аудандарында өндірілетін мұнай газы әртүрлі құрамға ие, және де көмірсутектерден басқа, құрамында ылғал тамшысы, күкіртсутек, көмір қышқыл газы, азот және басқа да газдар болуы мүмкін.

Газда ылғалдың, күкіртсутектің және көмірқышқыл газының болуы жабдықтар мен коммуникациялар жағдайына кері әсерін тигізеді және газды тасымалдау кезінде де айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Ылғал тамшылары белгілі бір жағдайда көмірсутектермен бірігіп гидраттар түзеді, олар газ құбырларының өткізу қабілетін төмендетіп немесе толық тығындап тастайды. Конденсацияланатын көмірсутектер сұйық тығындарын түзуі мүмкін, олар да құбырлардың өткізу қаблетін азайтады. Күкіртсутек пен көміртегінің қос тотығы жабдықтың, құбыр мен арматураның тез тоттануына жағдай жасайды. Егерде газда күкіртсутек көп болса, онда одан арнайы қондырғылар арқылы кристалды күкіртті алуға болады, ал ол қажетті өнім болып табылады.

Осыған байланысты магистралды газ құбырларына және тұтынушыға берілетін газ сапасына белгілі-бір талаптар қойылады, оларды орындау барысында газдың қалыпты тасымалдануы және санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шаралары сақтала отырып тұтынушылармен қолданылуы қамтамасыз етіледі.

Магистралды газ құбырына берілетін газ сапасы ЕСТ-51.40-93 пен регламенттеледі (кесте 11.1)

Бірақ, егер газ тұтынушысы газ өңдеу зауыты болса, онда газ сапасына қойылатын талаптар зауыттың технологиялық сұлбасымен анықталады. Осыған байланысты мұнай-газ өндіруші мекемелер (кәсіпорындар) газды дайындауды тек қана оны зауытқа тасымалдауды қамтамасыз ету жағдайынан шыға отырып жүзеге асырады, ал зауытта газ сапасын газ тасымалдау мекемелерінің талаптарына сай кондицияға дейін жеткізеді. Жоғарыда айтылған ЕСТ-пен құрамында күкіртсутек пен меркаптандардың мөлшері едәуір жоғары газды белгіленген тәртіптегі техникалық шарттары бойынша жекелеген газ құбырларымен тасымалдау мүмкін болады.

Қазіргі уақытта газды кептіру тереңдігі, одан конденсацияланған көмірсутектерді алу және күкіртсутектердің мөлшері газды жеткізуші және тұтынушы кәсіпорындардың арасындағы келісіммен анықталады.

11.1- кесте. Магистралды газ құбырына берілетін табиғи газдың сапасына қойылатын талаптар (ЕСТ-51.40-93)

Көрсеткіштер атауы Микроклиматты аудандарға арналған мәндер
қалыпты салқын
1.05-30.09 1.10-30.04 1.05-30.09 1.10-30.04
Ылғал бойынша шық нүктесі, °С -3 -5 -10 -20
Конденсат бойынша шық нүктесі, °С -5 -10
Күкіртсутегінің массасы, г/м3, осы шамадан аспау керек   0,02   0,02   0,02   0,02
Меркаптанды күкірттің массасы, г/м3, осы шамадан аспау керек   0,036   0,036   0,036   0,036
Оттегі үлесінің көлемі, %, осы шамадан аспау керек   0,5   0,5   1,0   1,0
Жоғары жану жылуы, МДж/м3, яғни 20°С және 101,325кПа кезінде, осы шамадан аспау керек   32,5   32,5   32,5   32,5
Механикалық қоспалардың массасы, г/м3, осы шамадан аспау керек   0,003   0,003   0,003   0,003

Коммуналды - тұрмыстық тұтынушыларға арналған газ сапасы МЕСТ-5542-78 сәйкес болады.

Бұл жағдайда газды күкіртсутектен және механикалық қоспалардан тазалауға ерекше талаптар қойылады, олар нөлге келтірілуі керек.

Сонымен қатар, ауадағы газдың, оның ауадағы құрамы 1% мөлшерінде болған кездің өзінде де иісі білінуі керек. Таза газдың иісі болмайтындығына байланысты, газ ағынына арнайы заттар - одоранттар бүркіліп беріледі және газ күшті спецификалық иіске ие болып, осы арқылы газдың шығып тұрған жерін анықтайды.

Одорант ретінде көбіне-көп этилмеркаптандарды - күкірттің органикалық қосылысынан тұратын түссіз органикалық сұйықтықты қолданады. Этилмеркаптандардың ұсынылатын шығын нормасы 1000 м3-ке 16г-нан келеді. Газқұбырына одорантты енгізу үшін арнай автоматтандырылған құрылғы-одоризаторларды қолданады, олар газ шығынына байланысты жұмыс істейді. Одоризацияланған газ құбырлар бойымен жүріп өтіп тұтынушыға жеткенге дейінгі едәуір қашықтықта өзінің бастапқы одоризация дәрежесін сақтау қасиетіне ие.

Наши рекомендации