Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Қазақстанда өндірілетін металдар
2. Қазақстан бойынша металлургиялық кәсіпорындардың орналасуы
3. Қара металлургиядағы металлургиялық комбинаттың негізгі нобайы
4. Металлургиялық кешендері
5. Пайдалы қазбаларды байытудың негізгі түсініктері
6. Пайдалы қазбаларды байыту әдістері
7. Ұсақтау
8. Жақты ұсақтағыштар
9. Байытудың мақсаты
10. Конусты ұсақтағыштар
11. Ұнтақтау
12. Кик-кирпичевтың заңы
13. Бонд заңы
14. Диірмендер
15. Екшеу үрдісі
16. Екшеуіштердің негізгі құрылысы
17. Классификация (сұрыптау) үрдісі
18. Классификацияның әдістері мен мақсаты
19. Гидравликалық классификаторлардың құрылысы
20. Механикалық классификаторлардың құрылысы
21. Отсадка үрдісі
22. Отсадкалау машиналардың жұмыс істеу принциптері
23. Концентрациялау (жинағыш) столдары. Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері
24. Флотация үрдісі
25. Флотациялық реагенттер
26. Флотациялау машиналардың жұмыс істеу принциптері
27. Флотациялық машиналардың құрылысы
28. Шаң ұстау
29. Шаң ұстағыштар
30. Кенді жуу қондырғылары
31. Қойылтқыштар. Жұмыс істеу принциптері
32. Материалдарды кептіру
33. Домна пешінің құрылысы
34. Рекуператордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі
35. Шойынды домна пешінде қорыту
36. Домна үрдісінің өнімдері
37. Болатты конверторде қорыту
38. Оттегілі конвертодың құрыцлысы
39. Болатты мартен пешінде құрыту
40. Матрен пешінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі
41. Электр доғалы пешінің құрылысы
42. Электр доғалы пешінің жұмыс істеу принципі
43. Индукциялық пешінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі
44. Мыс алудың технологиялық нобайы
45. Агломерация үрдісі
46. Іріктеу үрдісі
47. Брикеттеу үрдісі
48. Нәрлендіргіштердің түрлері мен құрылысы
49. Қорғасын алудың технологиялық нобайы
50. Қорғасынды тазалау әдістері
51. Мырыш алу жолдары
52. Глинозем алудың технологиялық нобайы
53. Электролиз арқылы алюминийды алу
54. Магний алу жолдары
55. Титан өндіру технологиясы
56. Кадмий алу жолдары
57. Прокаттау негізгі технологиялық нобайлары
58. Прокаттау стандардың классификациясы
59. Үздіксіз прокаттау стандары
60. Прокаттау тізбегінің құрылысы
61. Болат прокатын алу технологиясы
62. Сортты прокат алу технологиясы
63. Құбыр прокаттау технологиясы
64. Сым созу
65. Иілген прокат алу
66. Еркін соғу
67. Штамптау
68. Металлургиялық отын
69. Кокс батареясы
70. Отынның қатты түрлері
71. Отынның газ тәрізді түрлері
72. Сұйық отын
73. Отқа төзімді материалдар
74. Отқа төзімді материалдарға қойылатын талаптар
75. Қышқылды отқа төзімід материалдар
76. Негізді отқа төзіміді материалдар
77. Бейтарап отқа төзіміді материалдар
78. Алюмосиликатты отқа төзімід материалдар
ГЛОССАРИЙ
АЙНАЛМАЛЫ ПЕШ – бойлай осі бойынша айналмалы қозғалыста болатын цилиндр тәрізді пеш.
АРМКО-ТЕМІР - өте таза металл, қоспалардың мөлшері 0,16-%-тен аспайды.
БАББИТ- қалайы, қорғасын немесе кадмий негізіндегі қорытпа. Үйкелісті азайту мақсатпен мойнтірек ретінде қолданылады.
БИМЕТАЛЛ – екі қабатты металл.
БЛЮМ – шаршы (квадрат) немесе оған жақын қалыпты дайындама.
ВЕРКБЛЕЙ – қара (шала) қорғасын.
ДЕФОРМАЦИЯ – белгілі күштердің әсерінен дененің қалыпы мен өлшемдерінің өзгеруі.
ДОЛОМИТ - CaMg(CO3)2. Кальций мен магнийдың карбонаты.
ДОМНА ПЕШІ – темір кендерінен шойынды қорытып алуға арналған шахталы пеш.
ЕКШЕУ (ЕЛЕУ) – маткриалдарды ірілігі бойынша фракцияларға механикалық тәсілмен бөлу.
ЖАЛЫН ШАҒЫЛЫСТЫРУ ПЕШІ – жалынды балқыту пеші. Осы пеште жылу балқылатын материалға жаңған отынның қыздырылған өнімдерінен және қыздырылған отқа төзімді материалдардан беріледі.
КЕСЕКТЕНДІРУ, ІРІЛЕНДІРУ – ұнтақталған концентраттарды немесе кеннің шаң-тозаң майдасын ірілендіру әдісі. Алдынала ылғандырылған материал айналмалы данғараларда немесе табақшалы грануляторларда кесектендіріледі.
КЛАССИФИКАЦИЯ (СҰРЫПТАУ) – ұнтақталған пайдалы қазбаларды ірілігібойынша бірнеше біртекті өнімге айыру.
КОНВЕРТЕР – балқыманы ауа не оттегімен үрлеу арқылы болатты не мысты қорытуға арналған металлургиялық агрегат.
ҚАНЫЛТЫР – жұқа табақты болат. Қалыңдығы 0,18-0,55 мм.
ҚОЖ (ШЛАК) – балқыту үрдістерде балқыған металдың үстінгі қабатында орналасатын балқыма.
ҚЫШҚЫЛДАНДЫРУ – қатты минеалдың жеке құраушыларын еріткіш көмегімен ажыратып алу.
МАГНЕЗИТ – Mg (СО3) магний карбонаты.
МАРТЕН ҮРДІСІ – мартен пешінде өтетін болат балқыту үрдісі.
МЕТАЛЛОТЕРМИЯ – металдарды белсенділігі жоғары металдармен әрекеттесу арқылы әртүрлі химиялық қосылыстардан (тотықтар, сульфидтер және т.б.) қайта қалпына келтіру үрдісі. Әдетте, бөлініп шыққан жылудың мөлшері өте жоғары болады.
МЕТАЛЛУРГИЯ – металдар мен қорытпаларды алу жолдарын қарастыратың ғылым, техника және өндірістің саласы.
ОТҚА ТӨЗІМДІ МАТЕРИАЛДАР – жоғары температураның (15800 С төмен емес) әсерінен өзінінң қасиеттерін жоғалтпай сақтай алатын, минералды шикізаттан дайындалатын, материалдар мен бұйымдар.
ОТСАДКА – түйіршіктердің су ағынындағы шөгу жылдамдықтарының айырмашылықтарына негізделген пайдалы қазбаларды байыту әдісі. Отсадка үрдісінде пайдалы қазбалар ауыр және женіл түйіршіктерге бөлінеді.
ПРОКАТТАУ – прокаттау станның айналатын біліктердің арасында қысу арқылы металдарды қысыммен өндеу әдісі.
ПРОКАТТАУ СТАНЫ – айналатын біліктердің арасында металдарды өндеуге арналған машиналар (агрегаттар) жүйесі.
ПРОКАТТАУ ПРОФИЛЬДЕРІ – прокаттау арқылы алынған металл профильдері.
РЕГЕНЕРАТОР – жылу алмасы агрегат. Мұнда жылуды тасымалдау ыстық және суық жылутасымалдағыштардың белгілі бір беттермен әрекеттесу арқылы беріледі. әдетте, регенератор отқа төзімді материалдармен астарланады.
РЕКУПЕРАТОР – бетті типті жылу алмасы агрегаты. Шыққан түтінгаздардың жылуы пайдаланады.
СКИПАЛЫҚ КӨТЕРГІШ – сусымалы жүктерді жабық қорбта (скипте) көтеруге арналған қондырғы.
СЛЯБ – төртбұрышты жплпақ кесінді ірі дайындама. Тілкемдерді, табақтарды және т.б. прокаттауға арналған.
ТҰТҚЫРЛЫҚ «қатты денелер үшін) – металдың соққыға күйреусіз қарсыласу қабілеті.
ШЛАМ – сұйықтықты тұндыру немесе сүзу кезінде майда түйіршіктер күйіндегі қалып қоятын тұнба.
ШТЕЙН – кейбір түсті металдарды алу кезіндегі аралық өнім. Әдетте, FeS темір сульфитермен балқытылатын металдың сульфидтерінің қорытпасы.
ЭЛЕКТРОЛИЗ – тұрақты электр тоқты откізгенде, электролитте өтетін химиялық ұрдіс.
Шығу туралы мәліметтер
СП ОӘК ___ММжЖ______ кафедрасының
мәжілісінде талқылынған
200__ж. «____»__________№__ хаттамасы
СП ОӘК __МжП____ институтының
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,
мақұлданған
200__ж. «____»__________№__ хаттамасы
050709 Металлургия мамандығына арналған
Шикізатты дайындаудың гидро- және пирометаллургиялық әдістер
пәні бойынша