Оқу жылының күзгі семестрі
Силлабус
Ақпараттық технологиялар
оқу жылының күзгі семестрі
Курс бойынша академиялық ақпарат
Пәннің коды KMA 2301 | Пәннің атауы Ақпараттық технологиялар | Тип | Апта бойынша сағат саны | Кредит саны | ECTS | |||||
Дәріс | Практ | Зертханалық | ||||||||
Дәріскер | Аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы П.ғ.к.,доцент Хакимова Т.Х. | Офис-сағаты | Кесте бойынша | |||||||
E-mail: [email protected] | ||||||||||
Телефоны | Телефон: 2211577 8-707-779-00-90 | Аудитория | ||||||||
Ассистент | Аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Максутова Б.,Спабекова Ж.,Телғожаева Ф. | Офис-сағаты | Кесте бойынша | |||||||
E-mail: | ||||||||||
Телефоны | Телефон: | Аудитория | ||||||||
Академиялық курс презентациясы | Мақсаты: «Ақпараттық технологиялар » курсы. Ақпараттық технологияларды оқытудың негізгі мақсаты студенттердің ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру туралы алған білімдерін өз мамандықтары бойынша сапалы түрде меңгеруін қаматмасыз ету. Курстың мақсаты: мамандықтың мәтіндік біліктілігінің талабы бойынша құзыреттілік жүйесін қалыптастыру: А) когнитивтік: қабілетті болу Білу. [А) материалды есте сақтау және ойнату —біртұтас теорияға дейін нақты фактілер; Б)білу, ұйымдастыру, анықтау, қайталау, кестелерді толтыру, есте сақтау, атау, реттеуге, танылсын деп, қарауға, еске түсіру, қайталау, жаңғырту; тізімін құру, бөлу, әңгімелеу, көрсету.] Түсіну. [А) материалдың бір түрден — басқа түрге қабілетін түрлендіру, ақпаратты түсінуге, білдіруге құбылыстардың, оқиғалардың одан әрі барысында болжамы туралы; Б) жіктеу, сипаттау, анықтау белгілері, талқылау, түсіндіру, көрінуі, куәландыруға, табуға, тануға, хабарлауға, қайта құруға, талдауға, таңдауға, ауыстыруға.] Б) функционалды: қабілетті болу Қолдану. [А) жаңа жағдайларда және нақты шарттарды игерілген материалдарды қолдана білу; Б) қолдану, таңдау, көрсету, драмалау, суреттеу, түсіндіру, жұмыс істеу, тәжірибеге енгізу, кестені әзірлеу / эскиз, шешу, қолдану, жазу.] Талдау. [А) бүтін бөлігін бөліп алу қабілеті; олардың өзара байланысын анықтау; тұтас ұйымдастыру принциптерін анықтау; тергеу және фактілері арасында айырмашылықтар жүргізу; деректердің маңыздылығын бағалау; Б) талдау, бағалау, есептеу, жіктеу, салыстыру, сынау, ажырату, саралау, ажырата білу, зерттеу, эксперименттеу, эксперимент жүргізу, айырмашылықтар мен ұқсастықты байқау, параметрлерін нақтылау, тесттерді орындау.] Жүйелеу. [А) тұлға жаңалығын бүтін алу үшін үйлестіру элементтерін білу, (шығарма, сөз сөйлеу, баяндама, реферат, жоба, кейс және т. б.); Б) ұйымдастыру, жинау, жинақтау, құрастыру, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, өз көзқарасын дәлелдеу, басқару, ұйымдастыру, жоспарлау, болжау, жоспарлау, дайындау, ұсыну, құру, жазу.] Бағалау. [А) сол немесе өзгеде материалдардың маңызын бағалай білу, логикалық ақпаратты баяндау, мәтін құру, қорытындыларды сәйкестендіру, сол немесе өзге де өнімді қызметтердің маңыздылығы; Б) бағалау, талқылау, өзімшіл болу, таңдау, салыстыру, қорғау, бағалау, жорамалдау, болжау, таңдау, қолдау, өз көзқарасын қорғау, дәлелдеу, болжам жасау, дәлелдеме ұсыну.] Әлеуметтік құзыреттілік: Ынтымақтастыққа дайындалу: А)идеяларды, проблемалар мен шешімдерді және командада жұмыс істей алу ақпараттын хабарлауға міндетті; Б) Тұжырымдау (мәселе, мақсат, міндет, қорытындылар, ереже т. б.); анықтау ( талаптар, өлшемдер, принциптар); олар туралы хабарлау және шешім қабылдау, қорытынды жасау, дәлелдеу, негіздеу, көндіру, сендіру және т.б. Метакомпетенция: Іскерліктің оқыту саласы.[А) жоғары дәрежеде оқуын жалғастыру үшін дербестік қажетті, осындай іскерлік саласын оқытуды дамыту; Б) рефлексиялық қабілетті болу, өзінің жетістіктерін объективті бағалау; жаңа құзыреттіліктің қажеттілігін қалыптастыру; одан әрі тұлғалық және кәсіби даму бағыттары және т.б.] |
Пререквизиты | Ақпараттық технологияларды жоғарғы оқу орындарында оқытылтын міндетті пән. Студентердің ақпараттық технологияларды меңгеру үшін оқытылатын пән болғандықтан, мектептегі информатика пәнінің материалдарына сүйене отырып оқылады. |
Әдебиеттер және ресурстар | Негізгі әдебиеттер. 1. Балакаева, Г.Т. Операционныесистемы = Operating Systems: Учеб. пособиепо Computer Science / ГульнарТулгаевнаБалакаева; КазНУим. аль-Фараби, НИИматематикиимеханики, Мех.-мат. фак., Каф. информатики.- Алматы: Print S, 2004.- 59, [1] с. 2. Дюсембаев, А.Е. Архитектура компьютеров = Computer Architecture: Учеб. пособие по Computer Science / Анвар Ермуканович Дюсембаев; КазНУ им. аль-Фараби, НИИ математики и механики, Мех.-мат. фак., Каф. информатики.- Алматы: Print S, 2004.- 110 с. 3. Экономическая информатика, Под ред. Косарева В.П. – М. «Финансы и статистика». 2004 г. 4. Бөрібаев Б, К.Дүйсебекова. Си тілінде программалау Оқу әдістемелік құрал Қазақ университеті, 2007ж. 5. Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері.:Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,2002.-160бет. 6. Хакимова Т.Х. Графикалық компьютерлік моделдеу(Оқу құралы). Издательство"Қазақ университеті",Алматы, 2008.,130 бет. 7. Хакимова Т.Х. Инновациялық технологияларды пайдаланып компьютерлік өңдеуді кредиттік оқыту.(Оқу құралы) Издательство" Заң әдебиеті ",Алматы, 2009.,204 бет. 8. Хакимова Т.Х.Ақпараттық технологияларды оқытудың логикалық бағдарламалау негіздері.Оқу құралы.Алматы; Қазақ университеті,2013,-102бет. 9. Хакимова Т.Х.Жасанды интелект негіздері Издательство"NURPRESS".Алматы,2014г.106 бет. 10. Хакимова Т.Х. Инновационные методы обучения информатике. Издательство"NURPRESS".Алматы,2013г.270стр. 11. Хакимова Т.Х. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.Оқу-әдістемелікқұралы.Алматы:Қазақуниверситеті,2015.–200 б.ISBN978-601-04-1031-2 12. Б.А.Урмашев, Т.Х.Хакимова, К.Т.Назарбекова,Ф.С . Телгожаева,С.А.Адилжанова. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ПРАКТИКУМЫ(оқу әдістемедік құрал)"Қазақ университеті",Алматы, 2016.,130 бет Қосымша: 1. «Мультимедиа-Сервис» Лекционный курс. Государственный Университет Молдовы (http://www.iatp.md/virtualka). 2. «Мультимедийные технологии» лекционный курс. Якушин А.В http://www.tula.net/tgpu/resouces/yakushin/html_doc/doc08/doc08index.htm
|
Университеттің моральдық-этикалық құндылықтары мәтінде курстың академиялық саясаты | Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсрманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады. Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді.Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады. |
Бағалау саясаты және аттестаттау | Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, Бағалау:Келесі формула бойынша Минималды бағалау процент бойынша: 95% - 100%: А 90% - 94%: А- 85% - 89%: В+ 80% - 84%: В 75% - 79%: В- 70% - 74%: С+ 65% - 69%: С 60% - 64%: С- 55% - 59%: D+ 50% - 54%: D- 0% - 49%: F |
Курстың оқу мазмұнын жүзеге асыру (график ) күнтізбесі (қосымша 1) | «Ақпараттық технологиялар» пәнін оқу барысында алынатын білім мен машықтар пәндерді оқытуда әр мамандық бойынша қолданылады. Мысалы: «Ғылыми бағытта компьютерлік өңдеуді пайдалану», «Объектіге бағытталған бағдарламалау», «Электрондық қолтаңба», «Электрондық үкімет», «Қашықтықтан оқыту», «Жасанды интелект» «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Машинаға бағытталған программалау», «Сұлбатехника», «Есептеу жүйелерінің архитектурасы», «Деректер қорын басқару жүйелері», «Жүйелік программалау», «Операциялық жүйелер», «Мультимедия технологиясы», «Интернет технологиялар».Дәрістердің/ тәжірибелердің/семинарлардың/ зертханалардың/ жоба жұмыстарының/ СӨЖ жұмыстарының апталық тематикалық сипаттамасы; тақырып көлемін көрсетіп және бағалау үшін бақылау тапсырмасы ,баллаға бөліп бағалау, бақылау тапсырмасы үшін бағалауды қоса алу. Оқу бағдарламасының бірінші жартысы семестр мазмұнын жинақтау және талдау (аралық бақылау 1) ғылыми эссе түрінде / оқылған тақырыптардың ғылыми мәселелерін жүйелі талдау/жеке тематикалық зерттеулерді презентациялау / жобалық тапсырмаларды топтық әзірлеуде жеке салымды бағалау және т.б. Модуль бойынша оқытудың нәтижелері- Жалпы құзырет:курсты оқу барысында студенттер жүйедегі ақпараттық үрдістерді жүзеге асыру шарттарын, ЭЕМ-де ақпаратты кодтаудың тәсілдерін үйренулері қажет. Деректер қорымен жұмысты меңгеру. Қазіргі кездегі операциялық жүйелердің жіктелуін және атқаратын қызметтерін зерттеу. ЭЕМ қазіргі кездегі программалық сұлбаларын және редакторлармен жұмысты меңгерулері керек.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер операциялық жүйелер жабдықтарын қолданып, операциялық жүйелер хабарларын түсініп, оған дұрыс жауап бере алулары керек. Сонымен қатар мәтіндік және графиктік редакторлармен жұмысқа машықтанулары тиіс.
|
Пәннің құрылымы | |||||
Апта | I пән «Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар»(3 кредит) | ||||
Тақырыптың аты | Сағ. | Максималды балл | |||
1 – МОДУЛЬ. Ақпараттық технологияларға кіріспе | |||||
Дәріс_1(Д). Пәнге кіріспе. Ақпараттық технологиялар пәні, объектілері және құрама бөліктері. Ақпараттық технологияның түрлері. Ақпараттық технологияның дамуының тенденциясы. Ғылым жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың орны. | |||||
Тәжірибелік сабақ (Т.С.)_1. Ақпарат және ақпараттық үрдістер. Ақпарат. Ақпараттың түрлері және қасиеттері. | |||||
Зертханалық сабақ(З.С.)_1.Ақпаратты өлшеу бірліктері. Ақпаратты берудің формалары. Ақпарат көлемі. Ақпаратты өлшеу. | |||||
Д._2. Ақпараттық технологиялардың математикалық негіздері. Бульдік алгебраЛогика негізі, логикалық байланыстар Логикалық амалдар. Ақиқаттық кестесі. | |||||
Т.С. _2. Логика., логикалық ойларды айту. Логикалық тұжырымдау принциптері. Логикалықесептерді шығару тәсілдерімен танысу. | |||||
З.С._2. Санау жүйелері. Позициялық санау жүйесі. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Санау жүйелерінде амалдар қолдану. | |||||
2 – МОДУЛЬ. Компьютердің архитектурасына кіріспе | |||||
Д._3. ЭЕМ архитектурасының негізгі түсініктері. Компьютердің құрамы және жұмыс істеу принциптері.ДК- дің негізгі және қосымша құрылғылары және олардың функциялары. | |||||
Т.С._3.Амалдық жүйелердің классификациясы және функциялары. АЖ даму тарихы. АЖ объектілері. Windows амалдық жүйесін басқа амалдық жүйелермен салыстыру.. | |||||
З.С._3.Амалдық жүйеде жұмыс істеу. Windows амалдық жүйесінің стандартты қосымшаларымен жұмыс істеу технологиялары. Windows амалдық жүйесін баптау. Файлдар және файлдық жүйе. | |||||
1-СӨЖ тапсырмалары. 1- СОӨЖ (СОӨЖ).Сандарды бір позициялық санау жүйесінен өзге санау жүйесіне ауыстыру. Арифметикалық амалдар. СОӨЖ – 1 тапсырма. Есеп түрінде тапсыру. | |||||
3 - МОДУЛЬ. ЭЕМ-ның бағдарламалық жасақтамасы | |||||
Д._4.ЭЕМ-ның бағдарламалық жасақтамасы. Бағдарламалық жасақтаманың классификациясы және функциялары. Бағдарламалық жасақтаманың негізгі концепциялары. | |||||
Т.С. _4. Қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасау. Бағдарламаларды жүктеу, ақпаратты өңдеу технологиялары. | |||||
З.С._4.Күрделі құжатты құру, өңдеу, сақтау, жариялау. Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді(шаблоны) құру және мәтіндік ақпаратты өңдеуді автоматтандыру технологилары.Гипермәтіндік технология.. | |||||
2-СӨЖ (СОӨЖ). | |||||
Д._5..Электрондық кестелерді өңдеу құралдары. Электрондық кестемен танысу, негізгі ұғымдары. | |||||
Т.С._ 5. Электрондық кестеде қарапайым есептеулер. Функция шеберімен жұмыс. Функция категориялары. Диаграммалар құру. Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану. | |||||
З.С._5.Кітапті құру. Кестені мәліметтер қоры ретінде пайдалану. Беттермен жұмыс. Функцияларды және формулаларды қолдану. Кестелерді біріктіру. Кестелерді ынтымақтастыру. Microsoft Office қосымшаларының өзара байланысы. | |||||
3-СӨЖ. (СОӨЖ). | |||||
4 - МОДУЛЬ. Мәліметтер қорын басқару жүйелері(МҚБЖ) | |||||
Д._6. Мәліметтер қорын басқару жүйелері(МҚБЖ). МҚБЖ негізгі ұғымдары, түрлері және объектілері. Microsoft Access бағдарламасы. | |||||
Т.С._6.Қолданбалы қосымшалар арасындағы байланыс Мәліметтер қорын импорттау, экспорттау. Microsoft Access бағдарламасында кестелерді жобалау. Кестелер арасында байланыстар орнату. Мәліметтер түрлері мен қасиеттері. | |||||
З.С._6.Microsoft Access бағдарламасында жұмыс жасау технологиясы. Базалық кестелерді құру. Мәліметтер түрлері. Өрістер типтері, қасиеттері. Кілтті өріс. Кестеаралық байланыстар орнату. | |||||
Д._7.Мәліметтер қорын басқару жүйелері(МҚБЖ). Сұраныстар, қалыптар және басылымдар түрлері. | |||||
Т.С._7. Сұраныстар, қалыптар және басылымдарды жобалау технологиялары. | |||||
З.С._7.Microsoft Access бағдарламасында жұмыс жасау технологиясы. Қалып, сұраныс және басылым құру. Сұраныстар мен басылымдарда есептеулер жасау. | |||||
СОӨЖ – 4 тапсырма. | |||||
1-ші Аралық бақылау | |||||
MIDTERM EXAM | |||||
5 -МОДУЛЬ. Алгоритмдеу және мәліметтер құрылымы. | |||||
Д._8.Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің құрылымы және қасиеттері. Алгоритм берілу түрлері. | |||||
Т.С._8.Негізгі есептегіш алгоритмдер: ақырғы автоматтар; Тьюринг және Пост машиналары; оңай және қиын шешілетін есептер. | |||||
З.С._8. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдері. Блок-схема алгоритмінің графикалық бейнеленуі. Блок-схемалардың түрлері. | |||||
Д._9.Бағдарламалауға кіріспе. Бағдарламалау тілдері, классификациясы және функциясы. Бағдарламалау тілдерінің құрылымы. Бағдарламалау тілінің синтаксисі мен семантикасы. | |||||
Т.С_9. Бағдарламалау тілдеріне шолу. Процедуралық бағдарламалау, модульдік және құрылымдық бағдарламалау. Объектіге бағытталған бағдарламалау. | |||||
З.С._9.Си++ бағдарламасымен жұмыс істеу технологиялары: енгізу, меншіктеу, шығару операторлары құрылымымен танысу, амалдар орындау. | |||||
5-СӨЖ (СОӨЖ). | |||||
6 - МОДУЛЬ. Ақпаратты қорғау негіздері | |||||
Д._10.Ақпаратты қорғаудың негіздері мен әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері. | |||||
ТС_10.Ақпаратты қорғау. Компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы бағдарламалардың классификациясы және функциялары. Ақпаратты архивтеу. Ақпаратты қорғаудың криптографикалық түрлері. Криптография есептері. Криптотүрлендіру: ауыстыру шифры. | |||||
З.С._10.Криптография есептері. Ақпаратты Цезарь, Плейфер, Вижнер және т.б. әдістермен шифрлеу және дешифлеу. | |||||
7-МОДУЛЬ Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар | |||||
Д._11.Ақпараттық - коммуникациялық технологиялартүсінігі. Компьютерлік желілер түсінігі және құрылымы. Компьютерлік желілердің сыныпталуы. Есептеу желілерінің аппаратық және бағдарламалық жасақтамасы. | |||||
Т.С._11. Интернет желісі. Интернет қызметтері және қосымшалары. Іздеу жүйелерін қолдану технологиясы. | |||||
З.С._11. Windows жергілікті желісінде жұмыс жасау. Компьютерлерді желіге қосу және әртүрлі әдістермен өзара байланыстыру, құру. Желіде мәлімет алмасуды жүзеге асыру. | |||||
6-СӨЖ тапсырмалары (СОӨЖ).СОӨЖ – 6. | |||||
Д._12. Web-қосымшаларды құру технологиялары. Web-браузерлер. Web-парақтарды құру құралдары. | |||||
Т.С._12. HTML тіліне кіріспе. Тілдің атқаратын қызметі, командалары. HTML-құжатының жалпы құрылымы, негізгі тегтері. HTML тілінің негізгі мүмкіндіктері. | |||||
З.С._12.. HTML гипермәтіндік тілі. WEB парақтар жасау және пішімдеу. технологиясы. | |||||
7-(СОӨЖ). | |||||
8 - МОДУЛЬ.Компьютерлікграфикаға кіріспе | |||||
Д._13.Компьютерлік графикаға кіріспе. Компьютерлік графика түсінігі. Қолданылу аймақтары. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары. Векторлық және растрлық графика. Бағдарламалық құралдарға шолу. Мультимедиялық қосымшалар. | |||||
Т.С._13. Графикалық ақпаратты өңдеу құралдары. Corel Draw и Adobe Photoshopграфикалық бағдарламалардың интерфейсімен танысу. | |||||
З.С._13.. Adobe Photoshop- та жұмыс жасау. Объектіні құру және өңдеу. Adobe Photoshop редакторының мүмкіндіктерін пайдалану. | 1. | ||||
9 - МОДУЛЬ. «Электрондықүкімет» | |||||
Д._14. Қазақстан Республикасының әлектрондық үкіметі.Электрондық үкіметтің Web-порталы. Электрондық үкiметтің инфрақұрылымы. Электрондықүкіметтіңдамуы. | |||||
Т.С._14. Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар(АКТ) және мемелекетті басқарудың тиімділігі. Электрондық үкіметтің мақсаты мен функциялары. | |||||
З.С._14. «Электрондық үкімет» www.egov.kz. порталымен жұмыс жасаудың негізгі әдістері мен дағдыларын қалыптастыру. | |||||
8- СОӨЖ (СОӨЖ).СОӨЖ – 8 тапсырма. | |||||
Д._15. «E-Learning» - электрондық оқыту жүйесінің негіздері.Электрондық оқыту әдістері, бағыттары. «E-Leaning» ортасында жұмыс жасау. | |||||
Т.С._15.«E-Leaning» ортасының негізгі компоненттері. | |||||
З.С._15. Қашықтықтан білім беруде «Универ» жүйесінің оқу әдістемелік кешенімен танысу және пайдалану. | |||||
2-ші Аралық бақылау | |||||
Барлыгы | |||||
Емтихан | |||||
Факультет деканы Бектемесов М.А.
Әдістемелік бөлім төрағасы Гусманова Ф.Р.
Кафедра меңгерушісі Урмашев Б.А.
Дәріс оқушы Хакимова Т.Х.