Жүйе деп - қоршаған ортадан ойша бөлініп алынған денені немесе денелер тобын айтады

- ашық жүйедеп қоршаған ортамен энергия және зат алмаса алатын жүйені айтады;

- жабық жүцедеп қоршаған ортамен зат алмаса алмайтын, бiрақ энергия алмаса алатын жүйені айтады;

– оқшауланған (изоляцияланған) жүйедеп - көлемi өзгермейтiн, қоршаған ортамен энергия да, зат та алмаса алмайтын жүйені айтады.

- гетерогендi жүйе -бiр-бiрiнен бөлу беттерi арқылы бөлiнген екi немесе одан да көп фазалардан тұратын жүйені айтады.

- гомогендi жүйе -тек қана бiр фазадан тұратын бiртектi жүйені айтады.

Жүйенің ішкі энергиясы- барлық бөлшектер қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциялық энергиясына тең термодинамикалық функция.

Жүйенің варианттылығы (еркiндiк дәрежесi) (С)деп - системаның тепе-теңдiк жағдайдағы күйiн толық сипаттайтын параметрлер санын (Т, Р, концентрация) айтады. Екiншi сөзбен айтқанда, еркiндiк дәрежесi деп системаның фазалар санына және фазалар табиғатына нұқсан келтiрмей өзгертуге болатын параметрлер санын айтады.

Жылу:

- еру жылуыдеп - заттың бiр молiн ерiткiштiң шексiз көп мөлшерiнде ерiткендегi бөлiнетiн немесе сiңiрiлетiн жылудың мөлшерiн айтады.

Еру жылуының шамасы ерiген заттың ерiтiндiдегi концентрациясына байланысты. Ерiтiндi шексiз сұйытылған сайын еру жылуы белгiлi бiр тұрақты шамаға ұмтылады. Еру жылуына мысал ретiнде HCI-ң еруiн қарастыруға болады:

HCI(г) + aq = HCI(aq); DH = - 75,6 кДж

– түзiлу жылуыдеп - күрделi заттың 1 моль мөлшерi қарапайым заттардан түзiлгендегi реакцияның жылу эффектiсiн айтады. Сонда қарапайым заттардың түзiлу жылулары нольге тең деп қарасты-рылады.

- жану жылуыдеп - заттың 1 моль мөлшерi оттегiмен әрекеттесiп, нәтижесiнде эллементтердiң сәйкес ең жоғары оксидтерi түзiлетiн реакцияның жылу эффектiсiн айтады.

Жұмыс – энергия тасымалының бір формасы болып саналады. Жұмыс атқарылғанда энергия жұмыс атқарушы системадан екінші системаға беріледі. Жұмыстың шамасы процестің жүрген жолына байланысты. Сондықтан жұмыс күй функциясы бола алмайды.

Изобаралық процессдеп - тұрақты қысым (Р=const) жағдайында жүретiн процестi айтады.

Изотермиялық процессдеп - тұрақты температура жағдайында (T=const) жүретін процесті айтады.

Изохоралық процессдеп - тұрақты көлем (V=const) жағдайында жүретiн процестi айтады.

Ингибиторлардеп - химиялық процестердiң жүруiн тежейтiн заттарды айтады.

Катализатор –реакция компоненттермен аралық химиялық әрекеттесуге қатысып, реакция жылдамдығын өзгертетін, бірақ әрекеттесуден кейін химиялық құрамын сақтап қалатын заттар.

Катализдеп - белгiлi бiр заттың (катализатордың) ықпалымен химиялық реакция жылдамдығының өзгеруiн айтады.

- гомогендi катализдекатализатор мен әрекеттесушi заттар бiр фазада болады.

- гетерогендi катализдекатализатор мен әрекеттесушi заттар әртүрi фазаларда болады. Сондықтан каталитикалық реакция фазааралық бөлу бетiнде жүредi.

-ферментативтiк катализдекатализатордың ролiн белоктар атқарады.

Күй диаграммасыдеп - жүйенің әртүрлi қасиеттерiнiң оның құрамына және сыртқы жағдайға (Р,Т) тәуелдiгiн көрсететiн графиктi айтады.

Компонент деп - жүйеден жеке бөлiп алуға болатын, оқшауланған түрде ұзақ уақыт бойы өмiр сүре алатын жүйенің бiртектi құраушы бөлiгiн айтады.

Коагуляция деп -тартылыс күштерiнiң әсерiнен ұсақ бөлшектердiң өзара бiрiгiп, iрiлену құбылысын айтады.

Қалдықтар:

- инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;

- коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

- қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;

- қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

- қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;

- қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою;

- қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

- қауiптi емес қалдықтар - қауiптi және инерттi қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;

Потенциал:

- изохоралық-изотермиялық потенциалдеп - Гельмгольц энергиясын (ұ) айтады. V=const және T=const жағдайында Ғ-ң өзгерісі реакцияның бағытын анықтайды. Реакцияның өз еркімен жүруінің шарты болып DF<0 саналады.

– изобарлық-изотермиялық потенциал деп - Гиббс энергиясын (G)айтады. Р=const және T=const жағдайында G-ң өзгерісі реакцияның бағытын анықтайды. Реакцияның өз еркімен жүруінің шарты болып DG<0 саналады.

Процесс:

- қайтымды процесс деп - біраз өзгерістерден кейін система бастапқы күйіне қоршаған ортада ешқандай өзгеріс тудырмай орала алатын процесті айтады.

- қайтымсыз процесс деп -біраз өзгерістерден кейін система бастапқы күйіне қоршаған ортада ешқандай өзгеріс туғызып қана орала алатын процесті айтады.

- өздігінен жүретін процесс деп - сырттан жұмыс істелінбесе де өздігінен іске асатын процесті айтады.

Сважина (ұңғыма) - диаметрі ұзындығынан көп есе кем, цилиндрлі тау-кен өндірісі, ол өнімді горизонттың жер бетімен байланыстырады.

Сорбция (латын сөзi sorbeo-сiңу) деп - заттың гетерогендi жүйенің әртүрлi бөлiктерiндегi таралуын (концентрациясының өзгеруiн) айтады.

Химиялық кинетика –химиялық реакцияның жылдамдығы туралы ілім.

Наши рекомендации