Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Уақыты: Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тәрбиеші: Тақырыбы:«Еңбек пенен ел көгерер»Мақсаты:Ертегі арқылы оның мазмұнын түсіне отырып, ертегі желісін бұзбай әңгімелей білуге, ондағы кейіпкердің іс-әрекеттерін бағалай отырып, жаман,іс-қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, оның нәтижесіне сүйсіне білуге үйрету.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:Ертегі желісі бойынша суреттер.Қостілдік компонент: /билингвалный/ Еңбек- труд.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті. |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңдері. | Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.Күлімде, күн, күлімде! Жер жасарып көгерсін Кешегідей бүгінде, Қанат қақсын көгершін Күлімде, күн, күлімде! Бүлдіршіндер қуансын! Көк аспанның түсіндей Қолдарына ту алсын! | Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып бір-біріне жылы тілектер айтып өлеңді қимылмен айтып жасайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | «Еңбек» өлеңін мәнерлеп оқу. Гүл өсірсең терлеп Мұның аты-еңбек. Кесте тіксен зерлеп Мұның аты – еңбек. Қиындықтың бәрін Еңбек қана жеңбек. «Еңбек пенен ел көгерер» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру. Еңбек туралы мақал-мәтел айтып, түсіндіру. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тілінбей. Бір тал кессең - он тал ек. Балаларға Н. Жанаевтың «Еңбек етсең» тақпағын жаттату. Жалқау болсаң жасыңнан, Ұйқы қалмас қасыңнан. Еңбек сүйсең, табылар, Бар жақсылық басыңнан. Мақсаты:Балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту, тақпақты айтқанда мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерліктерін қалыптастыру. | Балалар еңбек өлеңінің мазмұнымен танысып, жаттқа айтуға үйренді. Ертегіні балалар мұқият тыңдайды. Ертегі желісі бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттату. Балалар «Еңбек етсең» тақпағын қайталап, жатқа айта біледі. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. | Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорыта отырып мадақтап балаларға жұлдызшалар беріледі. | Сұрақтарға толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Ертегінің мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді:Еңбек туралы түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қырағылық тыңдағыштық дағдыларды меңгерді.
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.» Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?» Мақсаты:Өлеңдегі жыл мезгілі туралы суреттеулерді, түсіне, ұғына мәнерлеп, байланыстыра айта білуге үйрету. Жыл мезгілдерін салыстыра біліп, олардың айырмашылықтарын аңғара білуге үйрету.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Суретпен жұмыс, әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойындар,бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:жыл мезгілдерінің суреттері.Қостілдік компонент: /билингвальный/жыл мезгілдері-времена года.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбишінің іс-әрекеті. | Балалардың с-әрекеті. |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. | Шаттық шеңбері. Амансың ба, алтын Күн! Амансың ба, Жер-Ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам. | Қимылдар жасайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | Кіріспе әңгіме. –Жылдың неше мезгілі бар? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз айларын атаңдар? -Ал, балалар, мен сендерге «Бұл қай кезде болады?» өлең-жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар. «Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқу (тірек-сызба бойынша) 1. Қар-мұз еріп, Су көбейіп, Бүршік шашып, Жапырақ ашып Бәйшешектер басады, Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады? 2.Күннің көзі шуақты, Балалар жүр шомылып. Көбелек қуып ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? 3. Жапырақ сарғаяды, Күн бұлттанады, Жаңбыр жиі жауады, Құстар жылы жаққа ұшады. Айтыңдаршы, балалар, Бұл қай кезде болады? 4. Шана зырғып желетін, Шаңғы, коньки тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? Сұрақ-жауап -Өлең жолдарында не туралы айтылған? -Сендерге қай мезгіл ұнайды? -Несімен ұнайды. Сергіту сәті. Жаңбыр,жаңбыр, жауасың, Жанымызға дауасың. Біз ойнайтын ауланың Тазартасың ауасын. Жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстарына байланысты. Жұмбақтар жасыру. | Төрт мезгілі Күз Қыркүйек, қазан, қараша Көктемде Жаз Күзде Қыс Балалардың жауабы. Қимыл-қозғалыстар жасалады. |
Іс әрекеттің бағалау кезеңі. | Тәрбиеші жүргізілген оқу іс-әрекеттеріне қорытынды жасайды. «Жер, су, ауа» ойынын ойнату арқылы аяқтау. | Ойын ойнауда қызығушылық танытады. |
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылвғын ажырата біледі. Қандай түсініктерді игерді:тірек-сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:табиғатты аялауды.
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы:«Төрт түлік»Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін молайта отырып, төрт түлік сөзінің мағынасын ұғына білуге үйрету. Шығарма жанырын айыра білуге үйретуді жалғастыру.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:Үй жануарларының суреттеріҚостілдік компонент: /билингвальнвй/Үй жануарлары- домашные животные.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті. |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. | Ұйымдастыру кезеңі. Балалар жүздеріңнен қуаныш көріп тұрмын, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Қуан, шаттан алақай, Қуанатын келді күн Күліп шықты бүгін күн! Қайырлы таң, қайырлы күн! | Балалар шаттық шеңберін қимылмен жасайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктемде табиғатта қандай өзгешеліктер болады? -Дұрыс, балалар. Көктемде жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі қысқы ұйқысынан оянады. Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді. Төрт түлік төлдей бастайды. –Балалар, енді шығып жатқан мына дыбыс қай үй жануарынның дыбысы екенін атайықшы.(Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкінің дыбыстарын үнтаспадан тыңдату). Тақтадағы суреттерден біз қандай үй жануарларын көріп тұрмыз? Үй жануарлары. Жұмбақ жасыру. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүт дәрі, еті тамақ. Иір – иір денесі, Сахараның кемесі. Екі найзасы бар, Екі айнасы бар, Төрт сылдырмағы бар. Дидактикалық ойын. «Төлін тап» | -Көктем мезгілі. -Қар еріп күн жылынады, жылғалардан су ағады. Құстар жылы жақтан біз ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарып, бәйшешек шығады. Малдар төлдейді. (Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкінің дыбыстарын үнтаспадан тыңдайды) Тақтадағы суреттерден үй жануарларын көріп тұрғанын айтады. -түйе -жылқы -сиыр Ойынға қызығушылықпен қатысты. |
Іс-әрекетін бағалау кезеңі. | Балалар бүгін біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде нелер туралы айттық? Үй жануарлары олардың төлдерін айттық. Балаларды мадақтау. | Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Төрт түлік үй жануарларды ажырата білуге және пайдасын біледі.Қандай түсініктерді игерді:Үй жануарларына деген сүйіспеншілік пен оның төлдеріне деген сүйіспеншілік көзқарастарын арттыра отарып, қамқорлық жасауға қалыптастырды.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын жетілдіру, үйренген жаңа сөздерін толық сөйлем құрауға жауап беруге дағдыландыра қалыптастыру.
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы:«Қайырымды бала»Мақсаты:Көркем шығарма кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалай отырып оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктерін қалыптастыру. Сыпайлықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Әңгімелесу.Әдіс –тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:Суреттер.Қостілдік компонент: /билингвальный/ Қайырымды-добрый,бала-мальчик.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің іс-әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті. |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. | Жылулық шеңбері. Үлкенге де - сіз, Кішіге де - сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. | Шеңбер бойына тұрып орындайды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. | Кіріспе әігіме.–Балалар, «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар? -Ендеше, бүгін біз қайырымдылық туралы әңгімелесеміз. Б. Данабековтың «Қайырымды бала» әңгімесін оқып беру. Сергіту сәті. Ал, балалар, келіңдер, Бой жазайық бәріміз- Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Топ-топ басып аяқпен, Орнымызға барамыз. Cұрақ –жауап арқылы әңгіменің мазмұнын ашу. Суретке қарап әңгімеле. | Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру Құстарға, достарымызға, табиғатқа, т.б. Аға-әпкелер Мұқият тыңдайды. Бой сергітіп, қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. | Қорытындылау. –Бүгін біз үлкенге, кішілерге қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, қайырымды ісінен таниды.Біз қайырымды баламыз, Тек жақсылық ойлаймыз. Кішілерге қамқор боп, Үлкеннің тілін аламыз. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Шығарманың мазмұнын.
Қандай түсініктерді игерді: үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:бір-біріне көмек беріп,ренжітпей, сыйлау керек екендігін.