Лабораториялық сабақтардың жоспары

ТДМ 300 М пісіру трансформаторының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамасын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау.

Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар

1) ТДМ -300М пісіру трансформаторы;

2) қаптамалы электродтар;

3) штангенциркуль;

4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр);

5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар.

Жұмыстың орындалу реті

1. Пісіру трансформаторларының техникалық сипаттамаларымен танысып, оны кестеге жазып алу.

2. Трансформаторды ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу.

3. Теориялық формула арқылы трансформатор орамасының әр сатысына сәйкес бос жүріс кернеуін анықтау.

4. Трансформаторды іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.

  № Электрод диаметрі d, мм Трансформатордың жұмыс режімі
Бос жүріс режімі Жүктемелік режім Қысқа тұйықталу режімі
    I, А U, В I, А U, В I, А U, В
             
             
             

4.1 Тәжірибені трансформатор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгерту ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет.

4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек.

5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет.

6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау.

Есептеме мазмұны

1. Жұмыстың мақсаты.

2. Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы жайлы қықаша түсінік.

3. Трансформаторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру және техникалық сиапттамаларын келтіру.

4. Пісіру трансформаторларының принциптік электрлік сұлбаларын сызу.

5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы трансформатордың сыртқы сипаттамасын салу.

6. Қорытынды.

Негізгі әдебиет: 1 [43-45], 2 [131-134], 3 [296-304]

Қосымша әдебиет:3 [4-8]

Бақылау сұрақтары

1. Пісіру трансформаторларының қандай түрлері болады?

2. ТДМ -300М трансформаторы қандай типті трансформаторға жатады?

1. ТДМ-300М трансформаторы қандай бөліктерден тұрады?

2. Индуктивтілікті өзгертудің қандай тәсілдері бар?

Nordika – 160 және Artika - 250 пісіру трансформаторларының жұмысын оқып үйрену және сыртқы сипаттамаларын анықтау

Жұмыстың мақсаты: Пісіру трансформаторларының құрылысымен танысу, жұмыс режімдерін реттеуді үйрену және трансформатордың сыртқы сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтау.

Жұмысты орындауға арналған құрал-жабдықтар, материалдар және аспаптар

1) Nordika 160, Artika - 250 (Италия) пісіру трансформаторлары;

2) қаптамалы электродтар;

3) штангенциркуль;

4) өлшеуіш аспаптар (вольтметр, амперметр);

5) жабдықты бөлшектеп ашып көретін слесарлық құрал саймандар.

Жұмыстың орындалу реті

1. Пісіру трансформаторларының техникалық сипаттамаларымен танысып, оны кестеге жазып алу.

2. Трансформаторды ашып, оның ішкі бөлшектерімен танысу және оның принциптік электрлі сұлбасын салу.

3. Теориялық формула арқылы трансформатор орамасының әр сатысына сәйкес бос жүріс кернеуін анықтау.

4. Трансформаторды іске қосып, бос жүріс, жүктемелік жағдай және қысқа тұйықталу режіміндегі кернеу мен ток мәнін аспаптар көрсеткішінен бақылап, кестеге жазып алу. Мұнда пісіру тогының шамасын доға кернеуінің мәні UД жабдық түріне сәйкес 25-35 В аралығында болғанда алу керектігін ескеру қажет.

  № Электрод диаметрі d, мм Трансформатордың жұмыс режімі
Бос жүріс режімі Жүктемелік режім Қысқа тұйықталу режімі
    I, А U, В I, А U, В I, А U, В
             
             
             

4.1 Тәжірибені трансформатор орамасының басқа сатысында (ток мәнін сатылы өзгерту ауыстырып қосқышы болған жағдайда) қайталап жасау қажет.

4.2. Тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау керек.

5. Алынған кернеу мен ток мәні арқылы қоректендіру көздерінің сыртқы сипаттамасын графигін масштабпен салу қажет.

6. Алынған сипаттамаларға қорытынды жасау.

Есептеме мазмұны

1. Жұмыстың мақсаты.

2. Нәрлендіру көздерінің сыртқы сипаттамасы жайлы қықаша түсінік.

3. Трансформаторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру және техникалық сиапттамаларын келтіру.

4. Пісіру трансформаторларының принциптік электрлік сұлбаларын сызу.

5. Тәжірибелік мәліметтерді кесте түрінде көрсетіп, сол арқылы трансформатордың сыртқы сипаттамасын салу.

6. Қорытынды.

Негізгі әдебиет: 1 [43-45], 2 [131-134], 3 [296-304]

Қосымша әдебиет:3 [4-8]

Наши рекомендации