Ақшасыз есеп айырысу формасы бойынша операцияларды құжаттау
Тақырып. Ақша операцияларын құжаттау.
1. Кассадағы ақшаларды есепке алу бойынша операцияларды құжаттау.
2. Ақшасыз есеп айырысу операцияларын құжаттау..
Кассадағы ақшаларды есепке алу бойынша операцияларды құжаттау.
Кәсіпорында қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және шығындау үшін касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс жасау тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк нұсқауымен орнатылады.
Нұсқау белгілейді:
- барлық ақшалай қаражатты ҚР банк мекемелерінде сақтау;
- банктерден мақсатқа алынған қолма-қол ақшаны шығындау;
- банк мекемелерімен орнатылған лимит шегінде кәсіпорын кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
- қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды толтыру реті;
- ақшалай қаражатты сақтау және тасымалдау кезіндегі олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар;
- кәсіпорын ғимаратын кассалармен жабдықтау реттілігі.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысуы тиіс және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісім-шартқа тұрады. Ол қабылдаған құндылықтар үшін материалдық жауапкершілік тартады.
Кассалық операцияларды рәсімдеу кезінде келесідей құжаттар қолданылады:
- кассалық кіріс ордерлері;
- кассалық шығыс ордерлері;
- кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналы.
Кассаға қолма-қол ақшаны қабылдау кіріс ордерлері бойынша, ал беру-шығыс ордерлері бойынша жүргізіледі. Оларға алынған және берілген ақшалардың негізіндегі құжаттар тіркеледі.
Ақшаны тапсырушы тұлғаға кіріс ордерінің бөлігі болып саналатын қиылатын түбіртек беріледі.
Қолма-қол ақшаны беру кезінде кассалық шығыс ордерінде немесе оған қоса берілетін құжатта кредитті иеленушінің қолы болуы тиіс. Құжаттар оларды қайта қолдану мүмкіндігін шектеу үшін күні, айы, жылы көрсетілген алынды немесе төленді мөртаңбасы басылады. Кіріс және шығыс ордерлерінде ешқандай түзету, өшіру болмауы тиіс.
Егер ақшалар кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін болса, онда ол төлқұжат немесе оны алмастыратын құжатты, шығыс ордерінде жазылатын реквизиттер беруге тиіс.
Кіріс және шығыс ордерлері кассалық ордерлерді тіркеу журналында тіркеледі, онда оларға реттік нөмір беріледі.
Кассалық кітапты жүргізу
Кассалық операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу үшін қарастырылған барлық талаптарына сәйкес болатын кассалық кітапта жазылады. Кітап беттері нөмірленген және кітап тігілген болуы керек, ал беттер саны кәсіпорын бастығы мен бас бухгалтерінің қолымен және мөртаңбасымен расталады.
Кассалық кітаптағы жазбалар 2 дана көшірме қағаз арқылы жүргізіледі. Екінші дана – қиылмалы, ол өзіне тіркелген құжаттармен кассир есебі болып табылады. Есеп қолма-қол ақшаның күнделікті кірісі және шығысы бойынша жүргізіледі.
Қолма-қол ақшалар сейфте сақталады. Онда сондай-ақ қатаң есеп-қисап бланкілері болуы мүмкін (еңбек кітаптары, есептеме беттері, автокөліктің жол жүру түбіртектері және т.б.) және басқа да құнды құжаттар (демалыс үйлеріне, санаторияларға жолдамалар, пошта маркалары, жол жүру талондары, кәсіпорынмен сатып алынатын акциялар).
Ақшасыз есеп айырысу формасы бойынша операцияларды құжаттау
Кәсіпорын меншік нысаны мен қызмет аясына тәуелсіз ақша қаражаттарын кредиттік мекемелерде, яғни банктерде сақтайды.
Кәсіпорын өздігінен төлемші мен қаражаттарды алушы арасындағы есеп айырысуда делдал рөлін орындайтын банкті таңдайды. Есеп айырысу шотын бір немесе әртүрлі банктерде ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізу және ақшаларды сақтау үшін дербес теңгерімі бар заңды тұлғаларға ашады.
Ақшасыз есеп айырысудың келесідей формаларын бөледі:
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмасы - қызмет көрсетуші - алушы банкке ақшаны жіберушінің тапсырмасында көрсетілген суммада оның ақшаларын бенефициар пайдасына аударымының тапсырмасы болып табылады.
Чектермен есеп айырысу
Чек - өзінің шотынан қаражатты алушының (чек алушы) шотына арнайы бланкте толтырылған ақшалай қаражатты аудару туралы клиенттің (чек берушінің) жазбаша тапсырмасы.
Инкассалық бұйрықтар.
Төлемшілердің шотынан қаражаттарды олардың келісімінсіз есептен шығару тек соттың шешімі бойынша, банктің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады немесе қолданыстағы заңнамамен қарастырылған келесідей атқарушы құжаттардың: банктің кредиттерін қолданғаны үшін есептелген % жəне қателікпен лақтырылған соманы төлету туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.
Инкассалық бұйрықта есептелген төлем көрсетіледі жəне төлемшінің келісімінсіз шотынан ақшалай қаражаттарды алу (төлету) құқығын қарастыратын заңнамалық актіге (күні, № ,сəйкес тармақ) сілтеме жасалынады.
Аккредитивтермен есеп айырысу
Аккредитив - клиенттің тапсырмасымен берілетін шарт бойынша оның контрагенті пайдасына банктің ақшалай міндеттемесі, осы бойынша аккретидивті ашқан банк қойылған төлемді жүргізе алады немесе басқа банкке өкілеттігін бере алады.
Аккредитивте қарастырылатын құжаттарды ұсынған кезде осындай төлемдер жүргізіледі.
Аккредитив түрлері: өтелген (депозиттелген);
өтелмеген (кепілдендірілген);
кері қайтарып алынатын;
қайтарылмайтын.
.