Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 10 страница

Металдың жоғары температурадағы пластикалық қасиетін оның соғылғыштығы деп атайды. Кейбір металдардың пластикалық қасиеттері төменгі температурада қанағатанарлық болғандықтан, ондай металдарды суық күйінде өңдейді.

Металдарды қысым арқылы өңдеу, олардың пластикалық қасиеттерінің температураға байланысты өзгеруіне қарай, ыстықтай және суық күйде өңдеу болып екіге бөлінеді. Суық күйде өңделген металдың беткі қабаты нығайып, беріктік, қаттылық, аққыштық шектері артып, тұтқырлығы, салыстырмалы ұзаруы және көлденең қимасының жіңішкеруі кемиді.

Ыстық күйде өңделген металдың структурасы майдаланып, кристалдық тордағы атомдардың өзара тартылыс күштері артады да, қайта кристалданады. Егер металл қайта кристалданбай, нығайып, деформация күші жойылғаннан кейін оның структурасы нығайған металдың структурасындай болса, онда металл суық деформациямен өңделген болып есептеледі.

Егер металл қысым арқылы өңдеу процесінде толық қайта кристалданып, онда нығаю белгісі қалмаса, металл ыстық деформациямен өңделген болып есептеледі.

Металдың беріктік, қаттылық қасиеттерін нашарлатып, деформациялық қасиетін жақсарту үшін оларды қысым арқылы өңдеуден бұрын қыздырады.

Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 10 страница - student2.ru

1 - шеңбер; 2 - квадрат; 3 – алты қабырға; 4 - тілкем; 5 - табақ; 6 - рессора; 7 - сегмент; 8 - овал; 9 - үшбұрыш; 10 - уголки равнобокие и неравнобокие; 11 - таврлы балка; 12 - швеллер; 13 - қоставрлы балка; 14 - рельс; 15 – рельс қаптамалары; 16 – рельс төсеніші; 17 - автообод; 18 - борт сақинасы; 19 - терезе-рамалық профиль; 20 – зет тәрізді профиль; 21 - шпунт; 22 - лемех; 23 - трактор шпорасы.

Сурет 46 - Прокаттау профильдердің сортаменті

Прокаттау

Металды прокат әдісімен өңдегенде оны қарама-қарсы бағытта айналып тұрған екі біліктің арасына еңгізіп қысады. Нәтижеде металл жұқарып, оның ені мен ұзындығы артады.

Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 10 страница - student2.ru

1 – жұмыс бөлігі (бочка); 2 – мойынша; 3 – треф.

Сурет 47 - Прокаттау біліктер: (а) таза бетті, (б) калибрленген

Прокаттау процесінде металдың соңғы ұзындығы бастапқы ұзындығынан неше есе артық болса, бастапқы көлденең қимасының ауданы соңғы көлденең қимасының ауданынан сонша есе артық болады.

Прокат процесінде прокатталған металл мен біліктердің бетіне үйкеліс пайда болады.

Үйкеліс күшінің шамасы ілу бұрышына байланысты. Үйкеліс күші мен үйкеліс коэффициентін арттыру үшін кейде прокат стандарын біліктерінің бетіне әр түрлі өрнектер салады. Ілу бұрышының шамасы металдарды суық күйде прокаттағанда 3-80, ыстық күйде прокаттағанда 15-220, біліктің беті өрнектеліп, ыстық күйде прокаттағанда 27-340-қа жетеді.

Прокаттау процесі металл кесектерін прокаттауға дайындау, металл кесектерін қыздыру, прокатталған металды суыту, прокатталған бұйымдардың кем-кетігін түзету сияқты кезеңдерден тұрады.

Прокат стандардың классификациясы

Прокат стандары өнделген металл өнімдерінің қолданылуына және жұмыс клеттерінің орналасуына қарай былайна классификацияланады:

металл өнімдері қолданылуына қарай шала және дайын өнім шығаратын;

ал жұмыс клеттерінің орналасуына қарай:

линиялық (тізбектік), реттік, шахматтық, үздіксіз, жартылай үздіксіз стандар болып бірнеше топқа бөлінеді.

Құрылыс машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын металл бұйымдары негізінен тізбектік, үздіксіз стандарда өңделеді.

Тізбектік стандар

Тізбектік станның ең қарапайым түрі-бір тізбектің бойына орналасқан жұмыс клеті, редуктор, қозғалтқыш, муфта шпиндельдерден тұратын бір клетті стан.

Бір клетті тізбектік стандар келесі түрлерге бөлінеді:

1.Сортты прокат алу үшін көлденең қимасының ауданы 400х400 мм квадрат формалы биомдер жасайтын биомикгтер.

2.Көлденең қимасының ауданы 250х1900 мм, тік бұрышты төрт бұрыш қалыпты темір табақтарын жасайтын слябингтер.

3.Қалың темір табақтарын жасайтын стандар.

Көп клетті тізбектік стандардың жұмыс клеттері бір тізбе бойынша орналастырып, бір қозғалтқыш жұмыс істейді.

Үздіксіз стандары

Үздіксіз станда металл бір-бірінен шамалы қашықтықта және бір қатарда орналасқан бірнеше клеттерде өңделеді.

Бұл станның жұмыс өнімділігі жоғары, алатын орын аз және жұмыс істеуге қолайлы. Жұмыс клеттеріндегі біліктердің орналасуына қарай үздіксіз стандар дуо (екі білікті), трио, кварто, көп білікті және универсал стандар болып бес түрге бөлінеді.

Шала прокат өнімдерін алу

Прокат өндірісінің шикізаты түрлі қалыпты және салмағы да әр түрлі металл кесектері болып табылады. Металл кесектерін прокат стандарыда өңдеу арқылы олардан рельс, қаңылтыр, құбырлар т.б. бұйымдар жасайды. Блюмс, ... пен сом темірлер блюминг, слебинг, қаусырма (обжимные), үздіксіз шала өнім дайындайтын сызықтың стандарда прокатталады. Бұл стандардың ерекшелігі олардың шала өнімді бір рет қыздыру арқылы прокаттайтындығында. Блюмингтердің дуо, трио түрлерінің жоғары білігі металл кесегінің қалдығына байланысты тік жазықтықта жоғары немесе төмен түсіріледі. Қыздыру арқылы өнделетін металдың қалыңдығына байланысты жоғары білікті бір орынға бекіту метал кесегін блюмингке салудан бұрын орындалады.

Блюмингтерде металл бір бағытта өңделген, сол біліктердің айналу бағыты өзгертіліп, қарама-қарсы бағытта өңделеді. Блюминг біліктерінің диаметрі 85-140 мм, ал блюмстің диаметрі 54 мм болады.

Слебинг көлденең және тік бағытта бір-біріне жақын орналасқан екі жұмыс клеттерінен тұрады. Тік орналасқан клеть болғандықтан, слебингте сом темірдің екі бүйір беті де өңделеді. Слебинтте сом темірдің прокаттау арқылы өлшемдері 65х250 мм, 600-1900 мм слябтер алынады.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (165-189), 2 нег. (148-167)

Бақылау сұрақтары:

1. Прокаттаудың қандай түрлерін білесіз?

2. Ыстықтай прокаттауды не үшін жүргізеді?

3. Прокаттау станның тізбегіне не кіреді?

4. Созу дегеніміз не?

22 Дәріс тақырыбы Сортты прокат алу

Сортты болат пен сым темірді прокаттау

Сортты болатты прокаттау үшін соңғы кезде орташа, майда сортты үздіксіз стандар қолданылып жүр. Сорты болатқа диаметрі немесе қалыңдығы 10-30 мм дөңгелек, ... (квадрат) қалыпты металдар, өлшемдері 25х100, 3х8 мм болат табақтар, №3, №5 бұрыштық, 50х200, 1,5х3 мм тілкем болаттар (полосовая) жатады.

Сортты болат өндіретін 300 маркалы үздіксіз станның құрылысын қарастырайық. Стан көлденең қимасы 75х75 мм, 100х100 ұзындығы 10 м-ге дейінгі сом темір қыздыратын автоматтандырылған пешпен жабдықталған. Станның металды алдын ала өңдейтін бөлігі ... жұмыс клеттерімен (клеттің бесеуінің біліктері көлденең, екеуі тік орналасқан) тұрады. Пешпен станның металды алдын ала өңдеуші бөлігінің арасында 900 0С температурада белгілі ұзындыққа кесетін қайшы орналасқан.

Станның металды ақтық (таза) өңдеуші бөлігі сегіз жұмыс клетпен тұрады, оның бесеуінің біліктері көлденең, үшеуінің тік орналасқан. Станның металды алдын ала және ақтық өңдеуші бөліктерінің ортасында металдың ұштарын кесетін қайшы орналасқан. Прокатталған металды суытқышқа жіберуден бұрын станның металды ақтың өңдеуші бөлігінің алдына орналасқан қайшының жәрдемімен оны белгілі үзындыққа кеседі.

Қазіргі кездегі көміртекті болаттарды прокаттайтын, өнімділігі жоғары үздіксіз стан 34 клеттен тұрады. Бір тілкем темір 18 клетте өңделеді: 1-10 клеттері бір мезгілде төрт тілкем металды, 11-14 клеттері екі, 15-18 клеттері бір тілкем темірді өңдейді. Прокаттан шыққан өнімдер қоймаға жіберіледі. Оларды суық күйде созу арқылы сым темірге айналдырады. Прокаттау жылдамдығы 20 м/сек-ке дейін жетеді.

Қалың темір жабдықтарды прокаттау

Қалың темір жабдықтар бір-екі клетті үздіксіз, жартылай үздіксіз стандарда прокатталады. Жұмыс клеттері дуо, трио, кварто, реверсивті болып келуі мүмкін. Темір жабдықтарын өңдейтін прокат стандары біліктер бөшкесінің ұзындығы және диаметрімен сипатталады. Ені 2 м деп артық темір табақтары, өнімділігі жоғары, клеттері тізбектеліп орналасқан, екі клетті стандарда прокатталады. Прокат станының металды алдын ала өңдеу клеттерінің біліктері (қауыру біліктері) болаттан, ал артық өңдеу клеттерінің біліктері шойыннан жасалады.

Құбыр прокаттау

Прокаттау арқылы алынатын құбыр жапсарлы және жапсарсыз құбыр болып екіге бөлінеді.

Жапсарлы құбырдың шикізаты ретінде ұзындығы, диаметрі және қалындығы жасалатын құбырдың ұзындығына, диаметрі және қалындығына сәйкес келетін штрипс деп аталатын темір тілкемі пайдаланылады. Жапсарлы құбырдың жапсары пеште электрмен немесе газбен пісіріледі. Пеште пісіру әдісімен диаметрі 75 мм-ге дедейінгі құбырлар жасау үшін штрипс 1300-1350 0С температураға дейін қыздырылып, воронкадан өткізіледі. Воронкадан өту кезінде штринс құбыр жасай иіліп, жоғары температурадағы қысымның әсерімен екі жақтауы пісіріледі. Осылайша прокатталған құбыр калибрлеуші станда өңделгеннен кейін суытылады. Қалыңдығы 14 мм, диаметрі 75 мм-ге дейінгі құбырларды пеште пісіргенде олар екі рет қыздырылады. Бірінші рет 1000-1100 0С температурада штрипсті воронкадан тартып құбыр етіп ию үшін, екінші рет 1200-1350 0С температурада сақиналы (оправалы) екі біліктің арасынан өткізіп құбырдың жапсарын пісіру үшін қыздырылады. Рулонға оралған темір тілкемін үздіксіз стандарда құбыр жасай ... жапсарын пеште пісіреді. Электрмен және газбен пісіру арқылы диаметрі 1400 мм-ге дейін жететін мұнай, газ өндірісінде қолданатын құбырлар жасалады.

Жапсарлы құбырды электрмен пісіруде рулонға оралған болат тілкемі арнаулы станда түзу немесе спираль бойына құбыр болып оралады. Құбыр болып иілген болат тілкемнің жапсары станға орнатылған автоматты электр пісіргіштің жәрдемімен пісіріледі. Пісіру процесі ... қабатының астында немесе қорғаушы газ ортасында жүреді.

Жапсарсыз құбыр прокаттау негізгі екі операциядан тұрады:

1.Біліктері белгілі бұрыш жасай орналасқан прокат сталында көлденең қимасы дөңгелек қалыпты болып келген темір кеспелекті тесіп, қабырғасы қалың гильза (қысқа құбыр) алу;

2.Гильзаны пилигримдеу стандарда құбырға айналдыру.

Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 10 страница - student2.ru

1 – Қалын қабатты гильза; 2 – дорн; 3 – ауыспалы профильды калибр; 4 – арнай механизм.

Сурет 48 - Құбырды пиллигрим стандарда прокаттау нобайы

Иілген қалыпты бұйымдар өндіру

Қалыңдығы мен қалыны әр түрлі күрделі бұйымдар ию стандарында жасалады. Иілген қалыпты бұйымдар өндірістік құрылыстар мен машина жасау өндірісінде кеңінен тараған. Олардан автомобильдің радиатор құбырларын, рамасын, құрылыста швеллер, қостабан қималы (таврлы) бөлшектер, карниздер, фермалар т.б. бұйымдар жасайды. Иілген қалыпты бұйымдар тізбектеліп орналасқан бірнеше клеттері бар бұйымды июші стандарда өңделеді. Бұл стандар клеттерінің саны иілетін бұйымының түрі күрделенген сайын арта түседі.

Созу (сым тарту)

Созу деп темірді, көлденең қимасының ауданы өңделінетін темірдің көлденең қимасы ауданынан кіші, арнаулы тесіктен өткізу арқылы өңдеуді айтады. Қара, түсті металдар мен қорытпаларды суық күйде созу арқылы көлденең қимасының ауданы мен қалыны әр түрлі бұйымдар жасалады.

Металды созу-оны созуға дайындау, созу тәртібін анықтау, өңделетін бұйымды жөнелтуге дайындау кезеңдерінен тұрады.

Жабдықтары. Созу процесінің негізгі жабдықтары шынжырлы және даңғаралы созу стандары болып табылады. Шынжырлы созу стандарында ұзындығы 6-10 м және одан да артық темір шыбықтары, құбыр сияқты бұйымдар өңделеді. Шынжырлы созу станында электр қозғалтқыш және созу шынжырының жәрдемімен темір жабдықтар түзу бағытта қозғалтылып, созу арбасына беріледі. Қозғалмайтын станинаға орнатылған созғыш арқылы өнделетін металдың ұшы сүйірленіп, түзу бағытта қозғалатын арбанын қысқышына (клеть) бекітіледі.

Данғаралы созу стандарында ұзын сым сияқты бұйымдар өңделеді. Өңделіп шыққан сым станның даңғарасында оралады. Жасалатын бұйымының бүйір бетінің тазалығына байланысты даңғаралы станда металл бір немесе бірнеше рет тартылуы мүмкін.

Еркін соғу

Кейбір детальдар (бөлшектер) тек еркін соғу әдісімен жасалады. Мысалы, 223 тонналық турбинаның білігі (осі).

Еркін соғу процесінде өңделетін металдың беті тегіс, жылжымайтын төске қойылып, жоғарғы жағынан жылжымалы үлкен болғанмен соғылады немесе преспен қысылады. Нәтижеде металлдеформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз қалыбын өзгертеді.

Еркін соғу арқылы салмағы 300-350 тонналық прокат өнімдері мен темір кесектерін және салмағы бірнеше грамнан 150-200 тоннаға дейін жететін шыңдалған темір кесектерін өңдеуге болады. Еркін соғу процесінде өңделген темірдің структурадағы кристалл түйіршіктері араласып, сызаттары мен бос кеңістіктері жойылады, механикалық қасиеттері өзгеріп, нығайады.

Еркін соғу үрдісінің негізгі түрлері

Отырғызу (осадка); шеңбер бойлау созу (раскатка); тесу (прошивка); созу (протекска); кесу (рубка); ию.

Отырғызу деп металдың көлденең қимасының ауданын артыруды атайды. Отырғызу арқылы өңделінетін металдың биіктігі оның диаметрінен немесе енінен 1,5-2,8 еседен артық болмауы шарт. Бұл шарт орындалмай биіктігі енінен тым артық болса, өңделу процесінде метал майысып кетеді.

Шеңбер бойлай созу дегеніміз темір тесігінің диаметрін ұлғайту. Темірдің тесігін ұлғайту үшін оны цилиндр тәрізді валға кигізіп, шеңбер бойлай үстіңгі жағынан балғамен соғады. Нәтижеде металл созылып, тесіктің диаметрі кениді.

Тесу дегеніміз пуансон деп аталатын тескіш құралдың жәрдемімен металды тесу. Тесу үшін металдың астына, тесігінің диаметрі тесілетін металдың диаметрімен шамалас, астарлық сақина қойылады.

Созу дегеніміз металдың көлденең қимасының ауданын азайтып, ұзындығын арттыру. Созу процесі жалпақ немесе фигуралы соққыштардың жәрдемімен орындалады.

Кесу дегеніміз металды арнаулы кескіш құралдың жәрдемімен бірден көп біліктерге бөлу. Кесу процесінде кескіш құрал ретінде тура, радиалды балғалар қолданылады.

Штамптау

Ағуы штамптың қабырғаларымен шектелген металға динамикалық күшпен әсер ету арқылы бөлшектер жасау процесін штамптау деп атайды. Артықшылықтары: жұмыс өнімділігі өте жоғары, өндірілген бұйымның дәлділігі жоғары металл шығыны аз болады. Кемшілігі: штамптың өзіндік құнының қымбаттылығы.

Өнделінетін металдың күйіне байланысты: ыстық күйде көлемділік штамптау, суық күйде көлемділік штамптау; темір табақтарын штамптау болып үш түрге бөлінеді.

Ұсынылған әдебиет:

Бақылау сүрақтары:

5. Прокаттау арқылы алынған құбырлардың қандай түрлері болады?

6. Кесу дегеніміз не?

7. Штамптау дегеніміз не?

8. Еркін соғу қандай түрлерге бөлінеді?

2.3 Лабораториялық сабақтардың жоспары

№1 лабораториялық сабақ. Ұсақтау агрегаттарының жұмысымен танысу

Жұмыс мақсаты

Кендерді ұсақтау технологиясымен танысу, ұсақтағыштардың (оның ішінде жақты ұсақтағыш) құрылысын және жұмыс істеу принциптерін білу

Жұмыс мазмұны

1. Ұсақтағыштардың эскиздерін сызу;

2. Лабораториялық жақты ұсақтағыштың негізгі бөлшектерін көрсету;

3. Ұсақтағыштың техникалық сипаттамасын жасау;

4. Ұсақтағыштың шығару саңлауды реттеу тәсілдерімен танысу;

5. Ұсақтағыштың қозғалмалы жақтың тербеліс санын, жақтың жүрісін, ұстау бұрышын анықтау;

6. Кенді белгілі мөлшерде ұсақтап, ұсақтағыштың өнімділігін және материалдардың ұсақтау дәрежесін анықтау.

Жұмысқа түсіндіру

Ұстау бұрышы келесі вормула бойынша анықталады

α = arc tg (b-l1)/H.

мұнда b – тиеу саңлаудың ені, мм;

l1 – жақтың шеткі орналасуы;

Н – жұмыс кеңістіктің биіктігі, мм;

α – ұстау бұрышы.

Біліктің айналу саны ұсақтағыштың трансмиссионды біліктегі шкивтердің параметрлерімен қозғалтқыш білігінің белгілі айналу саны арасындағы қатынасымен анықталады. Осы мақсатпен қозғалткыштан ұсақтағышқа берілу нобайы құрастырылады.

Ұсақтағыштардың айналу санын анықтау үшін бірнеше эмпирикалық формулалар бар. Соның ішінде келесі:

N = Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 10 страница - student2.ru , айн/ мин,

мұнда N – ұсақтағыш білігінің айналу саны,

В – ұсақтағыштың тиеу саңлауының ені, м.

Есептеу бойынша ұсақтағыш білігінің анықталған айналу саны тахометр көмегімен тесеріледі.

Ұсақтау алдында жақты ұсақтағышқа түсетін бастапқы матералға електі талдау жүргізіледі. Талдау мақсаты бастапқы материалдың гранулометриялық құрамын анықтау.

Таңдап алынған ұсақтау дәрежесіне сәйкес ұсақтағыштың шығару саңлауы белгілі бір шамаға орнатылады. Жақты ұсақтағыштар үшің i = 4÷5. Ұсақтағыш саңлауының ені келесі бойынша анықталады:

С = d/iz,

мұнда d –ұсақтауға жататын кеннің ең ірі кесегінің өлшемі;

i – ұсақтау дәрежесі;

z – ұсақталған өнімнің салыстырмалы ірілігі, қаттылығы орташа кен үшін z = 1,5.

Жақты ұсақтағыштың өнімділігі келесі бойынша анықталады. Ұсақтағыштың алдына науа орнатылады. Науаның ұзындығы шамамен 1 м, ал ені ұсақтағыштың тиеу саңлауының еніне тең болуы қажет. Науаны белгілі мөлшерде ұсақтауға арналған материалмен толтырады. Сосын науны енкейтіп материалды ұсақтағышты тиейді. Ұсақтаудың басталу және аяқталу уақыты секундомер арқылы алынады. Сосын ұсақтағыштың сағаттық өнімділігі есептелінеді.

Ұсақтағыштың теориялық өнімділігі:

Qт = 0,15μ·γ·n·d·b·s,

мұнда d – ұсақталатын кесектердің өлшемі;

μ – кеннің қопсыту коэффициенті (ұсақтаудан кейін);

b – тиеу саңлаудың ұзындығы;

γ – кеннің меншікті салмағы;

n – ұсақтағыш білігінің айналу саны;

s - жақтың жүрісі.

Қопсыту коэффициенттін μ анықтау үшін кеннің көлемдік және меншікті салмағы анықталады. Көлемдік салмақты анықтау үшін көлемі бір литр ыдыс алынады. Оны ұсақталған материалмен толтырып салмағын өлшейміз. Көлемдік салмақтың кеннің меншікті салмағына қатынасы қопсыту коэффициенті болып аталады. өткізілген есептеулер негізінде, теориялық өнімділіктен нақты (фактілі) өнімділікке ауысуына түзету коэффициенті анықталады:

k = Qф/ Qт,

мұнда k – түзету коэффициенті;

Qф – нақты (фактілі) өнімділік;

Qт - теориялық өнімділік.

Жұмысты рәсімдеу

1. Жақты ұсақтағыштың құрылысы мен қолданылуы туралы тусініктеме беру;

2. Ұсақтағыштын эскизы мен негізгі бөолшектердің спецификациясын құру;

3. Жұмыс барысы бойынша тусініктеме жазу;

4. Жақты ұсақтағыш бойынша барлық есептік және экспериментальдық мәліметтерді келтіру.

Ұсынылған әдебиет:

1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].

Бақылау сұрақтары

1. Жақты ұсақтағыштын құрылысын түсіндіріңіз;

2. Ұстау бұрышы дегеніміз не және ол қалай аныұталады?

3. Жақты ұсақтағыштардың өнімділігіне не әсер етеді?

4. Тиеу саңлаудың шамасы қалай реттеледі?

5. Жақты ұсақтағыштардың ұсақтау дәрежелері қандай болады?

№2Лабораториялық жұмыс. Екшеуіштердің жұмысымен танысу

Жұмыс мақсаты

Екшеу үрдісімен және екшеуіштердің (електердің) жұмысымен танысу

Жұмыс мазмұны

1. Екшеуіштердің түрлерімен танысу;

2. Вибрациялық екшеуіштің эскизын жасау;

3. Екшеуіштің ПӘК анықтау;

4. Екшеуіш торының жұмыс кесіндісін анықтау;

5. Екшеуіш бойынша материалдың қозғалу жылдамдығын анықтау;

6. Екшеуіштің өнімділігін анықтау.

Жұмысқа түсіндіру

Екшеуітің құрылысымен танысқаннан кейін аппараттың эскизы салынады және оның техникалық сипаттамасы құрастырылады. Техникалық сипаттамада екшеуіштің негізгі өлшемдері мен параметрлері көрсетіледі.

B – екшеуіштің ені;

L – екшеуіштің ұзындығы;

d – тор тесіктерінің диаметрі;

p – жұмыс кесіндісі;

s – эксцентриситет;

n – екшеуіштің тербеліс саны;

α – екшеуіш елегінің енкіш бұрышы;

φ – бегілі кен үшін үйкеліс бұрышы.

Үйкеліс бұрышы былай анықталады. Екшеуіш торын горизонтальды жазықтыққа орнатады. Тордың үстіне кеннің ірі кесектерін тиейді де тордың бір жағын көтере бастайды. Материал тор бетімен жылжи бастағанда көтеруді тоқтатады. Тордың енкіш бұрышын α өлшеп, торды орнына түсіре бастайды. Материалдың тор бетімен жылжыу тоқтаған кезде түсіруді аяқтайды. Тордың енкіш бұрышын тағыда өлшейді. Сонда, тербеліс бұрышы

Наши рекомендации