Б) Файлдармен қандай жұмыстар жасауға болады?
Файл дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда, күнделікті біз қолданатын суреттер, құжаттар, видео және аудио деректер. Компьютер пайдаланушы файлмен көптеген анықталған әрекеттер тізбегін қолдана алады: файлды ашу/жабу; файлды сақтау; жаңадан құру; файлды қиып алу; орнын ауыстыру; файлдың атын өзгерту; файлды көшіру және т.б.
Әр әрекеттің өз қызметі бар. Мысалы, файлды қиып алу арқылы, сіз файлды бұрын тұрған орнынан қиып алып, жаңа орынға қайта қоя аласыз және т.с.с. Кез келген компьюетрмен жұмыс жасап жүрген пайдаланушы мұні білуі міндетті. Бұл әрекеттер компьютерді меңгерудің алғашқы сабағы десек те болады.
21. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
а) Еліміз соңғы жылдары қандай салада үлкен жетістіктерге жетті?
Аз уақыттың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Бұл барлық салада да байқалады. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды қарқынды дамушы ел ретінде таниды. Осының бәрі Елбасының ерен еңбегінің арқасында іске асты. Әлемге көз жүгіртіп қарасақ, қаншама елдің дағдарыстан күйреп жатқанын, жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткенін, ішкі тұрақсыздықтан қиын күн кешіп жатқандарын байқаймыз. Ал осынау әлемдік дағдарыс кезінде елімізде зейнетақы, шәкіртақы мен басқа да әлеуметтік қаржыландырудың жүріп жатқаны қатты қуантады.
ә) Елімізде жастардың білім алуына қандай жағдайлар жасалынып жатыр?
Тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Шет елге оқуға мүмкіншіліктер беру.
Жақсы оқитын студенттерге стипендия беру.
Тегін емдеуге арналған талондар беру.
б) Қоғамда жастардың алатын орны қандай?
Еліміздің болашағы білімді жастар «Білім - өмір шырағы» -деп дана халқымыз айтқандай, қазір білім мен ғылымзаманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктілік бәсекеге түсер ғасыры. Жастар мен жеткіншек ұрпақтың білім алып, болашаққа батыл қадам жасауы, әрбір жастың білікті де білімді тұлға болып қалыптасуы үшін жасаған білім саласындағы қадам еліміздің жарқын бетбұрысы. Елбасымыз Ә.Н. Назарбаевтың жолдауында бірінші жастардың болашағына деген ерекше көңіл бөлініп отыр. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ұмтылған жаңа Қазақстанның жас ұрпақтарымыз. Жастар өздерін елжандылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуі керек. Сонда ғана, біз өз отанымыздың, яғни, еліміздің патриоты болып, Мағжан атамыздың және бізге сенім артқан жандардың үмітін ақтай аламыз.
22. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
а) Әлемдегі елдер қандай білім беру жүйесін қолданады?
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар.
ә) Біздің университетімізде қандай білім беру жүйесі қолданылады?
Біздің университетіміз оқытудың кредиттік технологиясын қолданады. Оқытудың кредиттік технологиясы – өзіндік білімді меңгерудің мөлшерін арттыру және шығармашылықпен игерудің танымдық жүйесі.
б) Болон декларациясында білім берудің қандай мәселелері қабылданды? Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету;
бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон процесінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
23. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
а) Бәсекеге қабілеттілік дегенді қалай түсінесіз?
ә) Қазақстанның білім беру жүйесінде қандай жаңалықтар мен өзгерістер болып жатыр?
б) Қазақстандық университеттер «білім экономикасы мен әлеуетінің ұйытқысы» дегенді қалай түсінесіз?
А) Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — бүл фирмалардың ездеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстьфғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойьшша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар эзірлеу мен өткізудің нақгы және әлеуетті мүмкіндігі. Нысанның бәсекеге кдбілеттілігі нақгы нарыққа немесе нарықгың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынутиылардың иақты тобьгаа кдтысты анықгалады. Егер нысан бөсекеге кдбілеггі болатын нарықкәрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді. Нарықгықкдтынастар жағдайында бәсекеге кдбілетгілік қшам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бөсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетгілігі бұл салыстьфмалы сипатгама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардыңдамуынан өз тауарларымен адамдардың кажетгілігін канағатгандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашыльнын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықгык бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Ә) Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту.
Б) қазіргі кездегі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ал, міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа елдің адами капиталы тек білім арқылы ғана көрінетіні сөзсіз. Ал, білімде серпіліс болмаса – инновациялық дамуда серпіліс болмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан, қазақстандық университеттер “білім экономикасы мен әлеуетінің” ұйытқысы, елдің инновациялық дамуының тегершігі болуға тиіс. Мұндағы айтпағымыз, әлемдегі білім мен ғылымның, мәдениеттің ең соңғы тоғысатын жері – жоғары білім. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріс үстінде дамып отыратындығы баршаға мәлім. Ол қаншалықты күрделенген сайын, оны шешетін жаңа мүмкіндіктерге де кең өріс ашылып отырады.