Дәріс. Кәсіпорындардағы негізгі жұмысшылардың саның есептеу
Кәсіпорындардағы негізгі жұмысшылардың санын технологиялық есептеулер арқылы анықтайды. Есептеу алдында жұмысшылардың жылдық жұмыс істейтін уақытын анықтап алу керек. Жұмысшының пайдалы уақыты деп Fn – жұмысшының өндірісте толығымен істейтін уақытын айтады. Бұл Fр -режимді уақыт фондымен еңбек демалысына және белгілі бір себептермен жұмысқа шықпай қалғанда кететін уақыттың айырмасынан есептеп шығарылады.
Fn = Fр(1-kн), (12.1)
Мұндағы kн– жұмысқа шықпай қалу коэффициенті, режимді фондтың шығыны болып есептеледі (егер негізгі еңбек демалысы 15 күн болса kн= 0,11; 18 күн болса - kн=0,12; 24 күн болса – kн=0,14).
Штаты белгіленген жабдықтың жылдық уақыт қоры:
Fош= Fр – tрем. (12.2)
Жабдықта жұмыс істеп, күтіп қызмет көрсететін жұмысшылардың тізімдік саны мына формула бойынша есептеледі:
, (12.3)
мұндағы Nр – есептелген жабдық саны;
r – жабдықта жұмыс істеп, қызмет көрсететін бригададағы жұмысшылар саны.
Қолмен істейтін операциялардағы жұмысшылардың тізімдік саны, әр операциядағы жүктемелерді есептеу негізінде анықталады:
, (12.4)
мұндағы М – әр операциядағы өнімдердің нақты бірлікте көрсетілген жылдық жүктемесі;
n – сол бірлікте көрсетілген сағаттық өнімділік нормасы;
kn – норманы орындау коэффициенті.
Нақты өндірісте жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың саны, кейбір жұмысшылардың әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалатындығынан, тізімдік жұмысшылардың санына қарағанда аз болады. Бұл айырмашылықты мына формула бойынша табады:
. (12.5)
Бұл есептеулер нәтижесінде, әр мамандық бойынша әр разрядтағы жұмысшылардың саны көрсетілген жоспарлық тізім құрастырады. Сонан соң өндірістік цехтар мен бөлімшелердің ерекшеліктері мен режимдерін ескере отырып қабылданған жұмысшылар санын әр ауысымға бөледі.
Жобалау барысындағы есептеулерде күнтізбелік және режимді уақыт фонды, сондай-ақ жабдықтың жұмыс істеу уақытының жылдық фонды көрсеткіштері қолданылады.
Бір ауысымдық жұмыс істейтін кәсіпорында күнтізбелік уақыт фонды былайша есептеледі:
Fк = 365 × 8,2 = 2993 (12.6)
Режимдік уақыт фонды – қабылданған режимге сәйкес жыл бойғы (жоғалтқан уақыттарды есептемегенде) жұмыс істеу сағаттары саны. Бұл жерде демалыс, мейрам күндері және мейрам алдындағы 1 сағатқа қысқартылған жұмыс күндері ескеріледі.
Fр = 2993 – [(104+11)8,2 + 11] (12.7)
Жабдықтың негізгі жылдық уақыт фонды (басу машиналарға, автоматтандырылған ағымды желілерге),
Fнег = Fжаб – Тпр, (12.8)
Тпр – жыл бойынғы жабдықтың басу үрдісі алдындағы барлық реттеулердің уақыты.
Егер әртүрлі басылымдарды жасау барысында өнімдердің белгілі бір технологиялық операцияны атқару күрделілігі бірдей сипатта болса, олардың сол операциядағы уақыт нормасы мен өнімдік нормасы бір қалыпты болады. Мұндай жағдайда жабдықтың жылдық жүктемесін барлық өнімдірдің көлемің (санын) қосып натуралдық бірлікте беруге болады.
Жабдықтың жұмыс істеу уақытының фонды оның тек өнім өндіру үшін пайдаланатын уақытын құрайды.
Fжаб = Fр – (tрем + tосм + tтехн), (12.9)
tрем – жабдықтың жыл бойына жоспарланған жөндеу процесінде тұру уақыты;
tосм – жыл бойына жабдықты техникалық көріп күту-қадағалауға кететін уақыттар жиықтығы;
tтехн – жабдықтың технологиялық қажеттікте тоқтап тұруын полиграфия саласы бойынша қолданылатын нормативтерге сәйкес режимдік уақыттың % ретінде берілетін уақыт.
Негізгі: 3[64-72];
Қосымша: 12[40-52]