Аялаған, өсірген ата- анаң, Енең көрген

ЗАТУ ТОЙ

Жүргізуші: Қыз

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңізде, есен-сау бармысыздар.

Бір шаңырақ қосылды ортамызға,

Үзілмеген өмірдің жалғасы бар.

Жүргізуші: Қыз

Армысыңдар ағайын тойға келген,

Айтайын өлеңімді бойдан өрген.

Екі жас шаңырақ көтергенде,

Орындалсын ақ тілек ойдан келген.

Жүргізуші: Қыз

Сыйға – сый татиды екен сыра балға,

Тәңірім бақыт берсін сұрағанға.

Тойыңыз тойға ұлассын берекелі,

Демекпін шын көңілмен құдаларға.

Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық демекші, - ортаға құдаларымызды қошеметпен қарсы алайық ағайын.

Даларды шашу шашып, «Құдалар» әнімен қарсы алу.

Музыка

Жүргізуші: Жігіт

Ассалаумағалейкум, жиылған топ,

Бұл тойға тағдыр айдап келдік бізде.

Болыпты жұрт көрмеген ұзату той,

Таңғалып қарағандай халық бізге.

Жүргізуші: Жігіт

Берік болсын бұл тойдың іргетасы,

Ата-ананың ақталсын ақ батасы.

Қыз ұзату той жасапсыз, аға – жеңге,

Құтты болсын айтамыз біздер сізге.

Жігіттер бірге:

Өнеге үлкендерден алсын жастар,

Қастерлемей кім, ата-салтын тастар.

Аптаның сәтті күні той жасапсыз,

Тойыңыз құтты болсын құда-құдағилар.

Жүргізуші: Қыз

Әй, жігіттер

Кез келді күйеуді де қарсы алатын,

Барлық қыз, көргеннен-ақ тамсанатын.

Күй шалқып, би төгіліп, жиылған топ,

Қосылып бір кісідей ән салатын.

Жігіттердің әні, күйеу жігітті алып шығу рәсімі.

Жігіт:

О-о-о-о-о-ай! Айналдым туған халқымнан,

Айналдым дәстүр – салтыңнан.

Асыл сөзді жастарға,

Бағыштаудан тартынба.

Биіктеді шаңырақ,

Ел қуаныш үстінде.

Ағайын-туыс жамырап,

Келісті күйеу бәріне.

Аз уақытта танылмақ,

Үлкенге де кішіге.

Жолы менен бағында,

Ізеті мен қызметі.

Күйеу баладан табылад,

Көңілімнен шығалсаң,

Көрмесең апта сағынад.

Күйеуге айтқан арнауға.

Дууудар таң сый болсын, уа ағайын не қылады-ай.....

Жүргізуші: Қыз

Уа, жігіттер қош келіпсіздер. Тойымыздың құлпырған гүл де өздеріңізсіздер. Алдарыңызда тұрғын күйеу баламыз Еркежанымыздың жүрегінің жартысы болған, ендігі өмірін осы жанмен өткіземін деп таңдаған жарының есімі ...................... болады. Танысып, сәлемін қабыл алыңыздар.

Күйеу жігіт иіліп сәлем береді.

Жүргізуші: Қыз

Ой, бәркелді! ....................... дейсіңбе?

Атыңнан айналайын күйеу бала.

Боларсың үш жұртыңа сүйеу ғана,

.....................-ның жұлдызы бол, құндызы бол,

Бірге: Ондай жан бұл өмірде біреу ғана.

2-жүргізуші: Ал енді жігіттеріміз келіп қалған екен, көп күттірмей Еркежанды шақырмаймыз ба.

1-жүргізуші: Шақырсақ, шақырайық.

Бірге:Ау Еркежан, ау Еркежан, қайдасың қалқам?

Музыканың әуенімен биші қыздар ортаға алып шығады.

Тұла бойым тұңғышым......әні

1-жүргізуші:

Ой, бәркелді. Күйеу жігіт, мінеки біздің қызымыз. Үлпілдетіп өсірген үкімізді алдыңа әкелдік. Қолыңдағы гүл шоғыңды беріп, маңдайынан иіскей ғой.

Мен сендерге бүкіл адам аңсаған

Бүкіл адам тек сан мың жылдар тек елесін аңсаған

Кез-келгеннің уысына түспейтін

Кез-келгеннің бақшасында піспейтін

Зор махаббат тілейінші мен саған.

Мен саған дей отырып,

Бірің алақандарыңның үстіне екіншіңнің алақандарыңды қойып, осы ұстасқан қолдарың мәңгілік болсын деп тілек айтамыз.

2-жүргізуші:

Ал енді алға бір адым аттаңыздар. Бұл сіздердің жұбайлық өмірге аттаған алғашқы қадамдарың.

1-жүргізуші:

Қазақта қалыңсыз қыз болсада, кәдесіз күйеу болмайды деген жақсы бір сөз бар. Ал енді күйеу жігіт кәдеңізді жасаңыз. Өнеріңіз болса оны да тамашалаймыз.

2-жүргізуші:

Тамашалаймыз, тамашалаймыз. Ал жеңгелеріңе деген өрік миіз, айна тарағың болса шығара ғой, қалтаңнан.

Күйеу жігіт қалтасынан шығарады.

2-жүргізуші:

Күйеу жігіт мәрт екен.

1-жүргізуші:

Уа, ағайын таудан құлаған екі өзен бір арнаға қосылды, аяғы теңіз болғай деп тілейік. Бауда ойнаған екі құлыныңыз, бір ноқтаға бас сұқты, аяғы сегіз болғай деп ниет етейік. Құрметті. ........................ мен ......................... ұстасқан қолдарың мәңгілік болсын деп, еліміздің ең үлгілі отбасыларының бірі болсын деп, өздеріңді төрде тұрған ақ отауларыңа шақырамыз.

Музыка – музарт тобының.

Музыка – қыздың шығуы

Қыздар бірге:

Аялаған, өсірген ата- анаң, Енең көрген

Жігіттер бірге:Ақ отау

Қыздар бірге:

Бабалардың аруағы, жебеп жүрген

Жігіттер бірге:Ақ отау

Қыздар бірге:

Аталардың батасы, демеп жүрген

Жігіттер бірге:Ақ отау

Қыздар бірге:

Халық қалап, ел жұртың елеп жүрген

Жігіттер бірге:Ақ отау

Қыздар бірге:

Отауға жүр екі жас, әлдилері бесікке, бөлеп жүрген

Жігіттер бірге:Ақ отау.

Қыздар бірге:

Биік болсын шаңырақ,

Берік болсын босағаң.

Жаның жаз боп жадырап,

Қолдап, қорғап жасаған

Қосағыңмен қоса ағар

Күйеу бала ерке қыз,

Ақ отауға еніңіз.

Ән: Ғашық оты жанады жана берсін...........

ЫЗДЫ шығарып салу.

Жүргізуші: Қыз

Құрметті ағайын! Еркелетіп өсірген, ерке қызымызды алақаннан ұшырып, өзге елге, өрісімізді кеңейтсін деп, шығарып салар сәтте жетті.

2-жүргізуші:

Ал құдалар, еркелеп өскен қызымыз еді,

Ұлағатпен қабыл алсын, еліңіз енді.

Қызымызды ұшырдық ұясынан,

Өмірдің құламасын қиясынан.

Қызыңыздай қараңыз құдағиым,

Бала деп біле тұғын бала сыйын.

Сіздің елде той болсын, осындай үлкен жиын,

Қыз баланы шығарып салу жат-жұртқа, қандай қиын.

Ардақты ағайын ұлағатпен қыз ұзатқалы жатырмыз. Жолы ақ болсын, барған жерінде басына бақ қонсын деп үйдің үлкен қарияларынан бата алсақ.

Үлкендердің батасы.............осы сәтте биші қыздар жерге отырып, қолын жаяды.

1-жүргізуші:

Салт-дәстүрден бабаңның сырын ұғын,

Бізге өнеге үлгісі бұрынғының.

Сәукелеміз алтындай қазынамыз,

Салауатын асырған, бұрымдының.

2-жүргізуші:

Қараңыз ата-ілімі, құдіретін,

Қызы киіп, ибамен бүгілетін.

Сәукеле ізбасарлық ниетпенен,

Тек анасының қолынан киілетін.

1-жүргізуші:

Бұраңдаса қос бұрым, қына белде,

О, шіркін, қыз келбетін сұрай көрме.

Елдің көркі қыз дейді, біздің қазақ,

Қазынасын қызбенен сыйлайды елде.

Наши рекомендации