Тақырыбы: бастауыш сынып оқушыларының жазу каллиграфиясын дамыту
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жа-уапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауаташудыңміндеті -әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементіндұрыссақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелк ікөлбеу,таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғашкелгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету - оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесіне де байланысты болады. Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке ба-сына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы,тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, пар-таның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының әрі баланың көзіне, жазуына, жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қол-дың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы ке-рек. Көз бен дәптердің арасы 30-35 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпты 5 минут, 2 сыныпта 8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн.
Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:
1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалылық принципі: мұғалім басында не үшін қиғашынан жазады, әріптерді жазуды қалай бас-тайды, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жа-зу тез әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде ана-лиз беріледі. Баланың жазған жазуын, дұрыстығын тексеріп отыру керек.
4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл әріптер, содан соң салынуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. с
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі. Сондықтанда жазу каллиграфиялары әрт үрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.
Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізг әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.
2. Ауада жазу. Ұстаз әріпт іауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді .Ал оқушылар оның үстінен басып жазады.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу.Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
6. Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал . Тактылау (санау) – қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқу-шылардың жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимыл-дарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн:
1. Ғажайыпалаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтер бойынша сипаттапайтады, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркеш ін қарайық, ұқсайды оған қай әріп?
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элемент іжазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді.Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығудық азақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
М ұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретін, ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі сұлу жазудың фундаменті бірінші, екінші сыныпта құйылады. Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.
Оқушының жазу каллиграфиясы неге нашар болады?
Мұғалімнің жазу үлгісінің нашарлығы. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді, сондықтан ұстаз өз жазуына зор мән беру керек. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыруы қажет.
Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді.
1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады:невроз, көз ауруы, ревматизм т.б.Бұлоқу-шыларға мұғалім жеңілдік жасайды.
Көркем жазудан оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда ол әрбір жеке оқушының қа-лай жазғанын елемеу деген сөз емес.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауы,оның каллиграфиялық сапасы мұқият ескеріліп, қазақ тілі бойынша қойылатын жалпы бағаның ішіне көркем жазу бағасы да ескеріледі.
Қорыта келе, “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының ба-сымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек. Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.
Құрметті ұстаздар, оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік. Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауаптымыз.