Бақылау сұрақтары. Дәріс. Қазақстан Республикасында, ТМД мемлекеттерінде және шет елдерде мұнай өндіру саласының даму болашағы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Оқу жылы

Апта.

Дәріс. Қазақстан Республикасында, ТМД мемлекеттерінде және шет елдерде мұнай өндіру саласының даму болашағы және негізгі бағыттары.

Қазақстан Респуабликасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан – 13, газ және конденсаттан – 15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады.

Еліміздің территориясында 200-ден астам мұнай және газ кен орындары бар.

Өнеркәсіптік категориядағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облысында шоғырланған. Еліміздің батыс аймағының төрт облысында алынатын мұнай қорының 90%-ы шоғырланған. Атап айтсақ осы аймақта: Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты және мұнай-газ қоры 100 млн. тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған.

Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол). Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дәлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.

Республикамыздағы мұнайдың құрлықтағы болжамды алынатын қоры 7,8 млрд. тонна және оның 2/3 бөлігі Батыс Қазақстанда шоғырланған, ал табиғи газдың болжамды қоры 7,1 трил.м3 болып табылады.

Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай газ қоры да мол. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларның нәтижесінде мұнай мен газдың өнеркәсіптік мол қоры дәлелденген.

Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан 60-қа жуық кен орны игерілуде. Қазақстан Республикасында мұнай және конденсатты өндіру көлемі 2004 жылы 60 млн. тоннадан асты, ал газ өндіру көлемі 14.5 млрд. м3 құрады.

Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет.

Мұнайгаз өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді; мұнайды жинау, дайындау және тасымалдауды; мұнай газын жинау және дайындауды; қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын тұщы және қабат суларын қабатқа айдау үшін дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.

Мұнай кен орындарының тұрғызу жобасын жасауда және мұнай мен газ кен орындарын игеру кезінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға, топырақтың, судың және атмосфералық ауаның ластануынан сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.

Мұнай ұңғыларының өнімдерін кәсіпшілікте жинау және дайындау жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің және туындайтын мәселелердің сан алуандығы сонша оны бір кітап көлемінде ашып көрсетіп, тереңірек үңілуге толық мүмкінді бермейді. Мұнай кен орындарын игерудің қазіргі таңдағы дүниежүзілік тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, ілеспе газды және суды тиімді жинау және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін әртүрлі техникалық және технологиялық шешімдерді, тәсілдер мен жабдықтарды қолданумен сипатталады. Технологиялық үрдістерде өнімділігі жоғары, толығымен немесе бір бөлігі ғана автоматтандырылған, саңылаусызданған блокты аппараттар мен жабдықтар қолданылады. Химиялық реагенттердің кең спектрі қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанды мұнай өндіруші ел ретінде сипатта.

2.Қазақстандағы ірі мұнай мен газ кен орындарын атап беріңіз.

3.Сіз, қандай теңіздегі мұнай-газ кен орындарын білесіз?

№ 2 Дәріс. Кен орнын игерудің және тұрғызудың жобалары, олардың өзара байланысы. Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары)

Игеру және тұрғызу жобалары туралы түсінік. Кен орнын игеру сатылары. Жобада қарастырылатын сұрақтар.

Кез-келген кен орынды жобалау игеру жобасынқұрастырудан басталады. Ол келесі бөлімдерден тұрады:

- мұнай мен газ қорларын есептеу;

- кен орнын игеру сұлбасын (схемасын) жасау;

- барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық,

гидродинамикалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау;

- қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;

- мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;

- айырудың әртүрлі сатысындағы мұнайдың

дифференциалды газсыздануы;

- мұнайды өңдеудің неғұрлым тиімді сұлбасын ұсыну;

- кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;

- игерудің барлық мерзіміндегі әр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;

- жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;

- ұңғыны пайдалануға енгізу тәртібі мен уақыты және оларды пайдаланудан шығару;

- игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) және құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;

- ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі және параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тәсілден механикалық пайдалану тәсіліне ауыстыру қажеттілігі;

- газ факторын анықтау;

- қабат қысымын ұстау тәсілін таңдау және айдалатын жұмысшы агентінің (су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;

- айдау ұңғыларының жұмыс режимі, жұмысшы агентінің (су, газ) негізгі көздері;

- кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.

Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу және бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.

Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.

Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін және мұнайдан, қабат суларынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].

Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

- өндіру ұңғылары;

- автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);

- сығымдайтын сорап станциялары (ССС);

- мұнайды, газды және суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.

Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық және климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл және орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы және т.б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып және жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің әр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.

Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады [3, 13] және 1.1-суретінде көрініс тапқан.

Бақылау сұрақтары. Дәріс. Қазақстан Республикасында, ТМД мемлекеттерінде және шет елдерде мұнай өндіру саласының даму болашағы - student2.ru
1.1.Сурет. Мұнай кен орындарын игеру сатылары  

І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады және пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПа×с дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.

ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) және сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) және ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тәсіліне ауысады.

ІІІ саты - мұнай өндірудің едәуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тәсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, әсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты және орта есеппен 5-10 жылды құрайды.

Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.

ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды және экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл әсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.

Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын және суды өндірудің бірдей еместігі және уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау және дайындауға арналған кәсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.

Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.

Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

1) өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;

2) әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;

3) ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;

4) өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;

5) технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;

6) негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;

7) күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;

8) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.

Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.

Бақылау сұрақтары

1. Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?

2. Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?

3. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.

4. Жинау, кәсіпшілік ішінде тасымалдау және ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады?

5. Мұнай кен орнын орналастыру жобасына қандай негізгі талаптар қойылады?

6. Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мәліметтер қажет?

7. Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз ?

8. Мұнай кен орнын игерудің әр сатысының ұзақтығы қандай?

Апта.

Наши рекомендации