Тақырыбы: Күрделі гүлділер тұқымдасы - Compositae.

Сабақтын максаты: Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің белгілерімен, бақбақ өсімдігінің сыртқы және гүл құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу.

Кажетті материал: Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, тірі өсімдіктер, анықтағыш кітап.

Жалпы түсінік

Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар коңыржай аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түріңде өсетін бір, екі немесе көп жылдық өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жапырақтары жай өркен бойына әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналаскан, пішіңдері де әртүрлі, бүтін немесе тілімді болып келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бақбақтан байқауға болады.

Гүл шоғыры - себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер болады, олар гүлшоғырының табанына орналаскан. Көпшілік гүлдері актиноморфты немесе зигоморфты, гүлі көпшілігінде қос жынысты, кейде сирек те болса да жынысты, тіпті жыныссыз түрлері де болады. Олардың гүлінің қосарланған гүлсерігі болады, бірак тостағаншасы жойылып кеткен немесе жетілмей қалған, айдаршалы немесе оның орнында қауырсын тәрізді түкшелі желайдары болады, кейде мүлде болмайды.

Күрделі гүлділердің гүлі бірнеше түрге бөлінеді:

1) Түтікшелі гүлдер (сурет 2) - қос жынысты, актинморфты,
күлтесінің жоғарғы жағы бес тілікті болады. Гүл формуласы:

*Са(5)-рар-0Со(5)А(5)G2

2) Жалған тілшелі гүлдер - 3 күлтесі болады, олар бір-бірімен бірігіп өскен болады да, жоғарғы жағы үш тілікті болып келеді. Гүлі зигоморфты, көбіне бір ғана аналығы болады. Жалған тілшелі гүлдер себетгүлдің шет жағына қарай өседі де, ортасында түтікшелі гүлдер болады. Түстері ашық түсті болып бунақ денелерді өзіне тартады. Мысалы: күнбағыс Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(3)А(0)G(2)

3) Тілшелі гүлдер (сурет 4) - гүлдің күлте жапырақшалары төменгі жағыңда тутікшеге бірігіп өскен болады да, жоғарғы бөлігі ұзын тілшеге ұқсайды. Тілшенің ұшынан бес тілше жақсы байқалады. Бұдан күрделі гүлделердің арғы тегінде бес күлтежа-пырақшаларының бірікпей, кейін біріккенін байқауға болады. Тілшелі гүлдер қос жынысты, зигоморфты. Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(5)А(5)G(2).

Тақырыбы: Күрделі гүлділер тұқымдасы - Compositae. - student2.ru

Күрделі гүлділердің гүл шоғырлары және гүл түрлері:

А – кәдімгі егінек; Б – дәрілік түймедағы; В – дәрілік бақ бақ; Г – үлкен түйе жапырақ; Д – кәдімгі мыңжапырақ; Е – көк гүлкекіре; 1- гүл орам; 2- түтікшілі гүл; 3- жалған тілшілі гүл; 4- тілшелі гүл; 5- воронка тәрізді гүл; 6- жеміс тұқымша.

4) Воронка тәрізді гүлдер (сурет – 5) – пішіні воронка тәрізді, күлтенін жоғарғы жағы әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта болмайды. Мұңдай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп тұрады, ортасында түтікшелі гүлдер өседі.

Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(5-7)А(0)G(0).

Күрделі гүлділер тұқымдасында мысал ретіде бақбақ–Taraxacum officinaleөсімдігін қарастырамыз. (сурет В). Биіктігі жарты метрге жуык, кіндік тамырлы біржылдық шөптесін, өсімдік, сирек екіжылдық түрлері де кездеседі. Қыскарған сабакты, жиегі терең тілімделген, жебе пішіндіжапырағы тамырға жақын орналасқан. Тілшелі гүлдері себетгүл шоғырына жиналған, тілшесінің түсі сары. Жемісі - айдаршалы тұқымша Сабақтан жуаңдау кіндік тамыры төмен қарай тік өседі. Ол топыраққа терең бойлап, өсімдікке кажетті суды топырақтың терең қабатынан алады. Гүл формуласы жоғарыда көрсетілген тілшелі гүлдін формуласы.

Тапсырма

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден күрделі гүлділер тұқымдастардың тамырын, сабағын және жапырақтарын анықтау.

2. Гүлшоғырық анықтап қарау. Гүлшоғырдың төмен жағыңда орналасқан жапырақтарға назар аудару.

3. Гүлшоғырларындағы гүлдердің түрлерін анықтап, аталық, аналықтарын қарау.

4. Жемістеріңдегі ерекшеліктерді бақылау.

5. Кітаптан немесе кестеден күрделі гүлділер тұқымдастардың гүл түрлерінің суреттерін салу.

6. Бақбақ өсімдігінің вегетативтік жәнегүлдеріндегі ерекшеліктерді зерттеу.

7. Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Наши рекомендации