Тахеометриялық түсірудің атқаратын міндеті және қолданылатын аспаптар
Тахеометриялық түсіруде түсірілетін нүктеде тұрған рейканы аспаптың дүрбісімен бір рет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, арақашықтығын және биікайырымын анықтайды. Жергілікті жердегі нүктенің пландық және биіктік орнын бір мезгілде анықтау –суретте көрсетілген. Теодолитті жергілікті жерде В нүктесіне орнатады да белгілі тірек пунктіне А бағдарлайды. Сонан соң пландық-биіктік орны анықталатын түсірілетін С нүктесін көздейді де ылдилық бұрышты n, ылдилық арақашықтықты S және бастапқы бағыт пен С нүктесі арасындағы горизонталь бұрышты өлшейді. Осы өлшеулер нәтижесінде түсірілетін С нүктесінің кеңістіктік полярлық координаталары, яғни пландық-биіктік орнын анықтауға мүмкіндік береді. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні аспаптың нысаналау өсінің бір жағдайында вертикаль бұрышты n, горизонталь бұрышты b және рейкадан қашықтық өлшеуіш жіптерінің аралығындағы бөліктер санын есептеуден тұрады; осы мәліметтер арқылы нүктенің кеңістіктегi координаталарын есептеп шығарады.
Тахеометриялық түсіруде жергілікті жердің топографиялық планы түсірілетін нүктелердің барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады.
Тахеометриялық түсіруді тахеометрлермен немесе теодолиттермен атқарады. Тахеометрлердің негізгі сипаттамалары -кестеде келтірілген.
Электрондық тахеометр(ЭТ) — арақашықтықтарды, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған, әрі өлшеу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электрооптикалық аспап.
ТД тахеометр — 2-разрядты полигонометриялық жүрісті салуға және жоғары дәлдікті тахеометриялық түсіруді жүргізуге арналған. Ол Т5к теодолиті негізінде жасалынған және екі кескінді авторедукциялық қашықтық өлшеуішпен жабдықталған, ол екі метрлік горизонталь рейка бойынша жазықтыққа келтірілген редукцияланған ара қашықтықты -ге жуық салыстырмалы қателікпен анықтауға мүмкіндік береді. Осы рейкадан биікайырымды да анықтайды. Рейкадан есептеуді есептеу микроскопы мен нониустың көмегімен жасайды.
ТН тахеометр — номограммды аспап болып табылады, оның көмегімен горизонталь және вертикаль бұрыштарды, арақашықтықтың горизонталь ұзындығын және биікайырымды өлшеуге болады. Онсың сипаттамасы 3.2-кестеден көруге болады. Вертикаль дөңгелектің көрініп тұратын бөлігіне, дөңгелек сол жақ бөлігінде СД болған кезде, номограмма салынған; ол негізгі дөңгелектен, қашықтық өлшеуіш коэффициентінен kd = 100, горизонталь ұзындықтың қисық сызығы мен коэффициентіне (kһ =±10, ±20, ±30) тең биікайырымның қисық сызықтарынан тұрады.
3.2-кесте.
Тахометрдің метрологиялық сипаттамасы | Түрлерінің өлшемі | |||
ТЭ | ТД | ТН | ТВ | |
Бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қателігі, с, көп емес: Горизонталь Вертикаль 10 м ара қашықтықты өлшеудегі орташа квадраттық қателік, см, көп емес. Аспаптан 100 м қашықтықта тұрған рейка бойынша салыстымалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық қателігі, см, көп емес, көлбеулік бұрыш, град. 0 ... 10 10 ... 20 20 ... 30 Өлшенетін ара қашықтық, м, ең қысқа Барынша көп | – – – | – – – |
Тахеометрдің дүрбісін негізгі дөңгелек пен вертикаль штрихты» қиылысқан жері рейканың керек нүктесіне бағытталатындай етіп рейкаға нысаналау қажет.
Сызықтың. вертикаль ұзындығы 400 м-ден артық арақашықтыққа биіктік белгілерді жеткізгенде биікайырымның өлшенген мәніне, жердің қисықтығына және нысаналау сәулесінің атмосфераның жерге жақын қабаты арқылы өткендегі вертикаль рефракциясына түзетулер енгізіледі.
3-1 сурет. А және В нүктелерінің биікайырымын есептеу
Онда (17)
Егер рейкаға аспаптың биіктігін і белгілеп, осы нүктені дүрбімен нысаналаса, онда биікайырымды бұлай анықтауға болады
(18)
(2.38) немесе (2.39) формулаларымен есептеп шығарылатын биікайырымды 0,01 м-ге дейінгі дәлдікпен дөңгелектейді. Егер АВ=D ара қашықтығын рулеткамен немесе горизонталь рейка арқылы қашықтық өлшеуішпен өлшейтін болсақ, онда d=Dсоsv тең болады да, мына формуламен шығады:
(19)
Егер нүктелердің арақашықтығын вертикаль рейкадан қылжіпті қашықтық өлшеуішпен өлшейтін болсақ, онда биікайырымды мына формуламен анықтауға болады
(20)
немесе kL=D' тең деп алатын болсақ, онда
(21)
мұндағы һ — қашықтық өлшеуіш коэффициенті; L — қашықтық өлшеуіш жіптерінің сантиметрлік аралық бөліктерінің саны; D'—қашықтық өлшеуішпен өлшенген арақашықтық.
Егер А нүктесінің биіктік белгісі мәлім болса, онда В нүктесінің биіктік белгісін мына формуламен анықтауға болады
(22)
Сызықтың. вертикаль ұзындығы 400 м-ден артық арақашықтыққа биіктік белгілерді жеткізгенде биікайырымның өлшенген мәніне, жердің қисықтығына және нысаналау сәулесінің атмосфераның жерге жақын қабаты арқылы өткендегі вертикаль рефракциясына түзетулер енгізіледі.