ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» өндірістік-техникалық зертханасында дублер міндетін атқару

Тәжірибеден өту барысында өндірістік-техникалық зертхана басшысының жұмысы зерттелді, ол келесідей жұмысты атқарады:

· Технологиялық үрдістерді толықтай бақылау, оның ішіне технологиялық үрдістер кезінде зертханалық сараптамалар жүргізу;

· Шикізат үлгілеріне сараптама жасау және шығарылатын өнім сапасын бақылау, бақылау журналын толтыру;

· Технологиялық журналды жүргізу, шығын нормаларын нақтылау;

· Өндіріс барысында материалдарды және шикізаттарды ескеру, тиеп жіберу және шикізат келуін ескеру.

Зертхана - бұл стандарттарға қатаң сай күйде астық дәні және оның қайта өңдеу өнімдерін бөлу бойынша жұмысты қамтамасыз ететін, дербес бөлім.

Ол келесі бақылау түрлерін іске асырады:

Ылғалды бақылау астық дәнін кептіру кезінде және кептіргішке түскеннен кейін сарапталады, №34 форма бойынша тазарту және кептіру акті жасалады;

Астықты элеватордан диірменге жіберу кезіндегі астық сапасын да анықтайды. Сонымен бірге сараптама карточкасы және астықты басқа материалдық жауапты тұлғаға өткізу өкім актісі рәсімделеді. Астықты орналастыру жоспары астықты элеваторға қабылдар алдында жасалады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштер, күтілетін түсім, тиеу, дақыл, сорт, өткен жылғы астық қалдығы, жабдықтарды тиімді пайдалану, астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы ескеріледі.

№2 диірменнің өткен айлардағы жұмысы нәтижелерін анықтау үшін «ай сайынғы тазарту» іске асады. Ол үшін соңғы айда өңдеуге келіп түскен астықты толықтай үктіруді іске асырады. Өнім бар барлық қоймаларды толықтай босатады және өнімнің есептік шығыс нәтижелерімен және нақты көрсеткіштермен қалдықты салыстырады. Бұл жұмысты зертхана диірмен зауытымен бірлесе жүргізеді. Зертханалық журналдағы есептік кезек қорытындыларының нәтижесінде өнім шығысы нормаларының есебін жүргізеді және өндірістік корпусты тазарту және астықты қайта өңдеу нәтижелері жайлы (№177 форма бойынша) акт толтырады.

№1 диірмен зауытында ылғалдылықты және басқа да көрсеткіштерді анықтау бойынша белгілі бір журнал жүргізіледі, себебі сапа өзгерісі ұн шығысы мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Ұн және жарма сорттары бойынша есеп кітабы жүргізіледі. Зертханада органолептикалық көрсеткіштер (түс, дәм, иіс) бойынша ұн сапасын бағалау жүргізіледі; муфельді пештердегі күл қалдығы анықталады, СКИБ-М құрылғысында ұнның ақтығы анықталады, ИДК, МОК құрылғыларында ұлпа саны және сапасы анықталады; амилолитиялық белсенділік, зақымдануы және басқа да көрсеткіштер анықталады.

Кәсіпорынды әкімшілік басқаруды және жұмысты ұйымдастыру, кәсіпорын офисіндегі негізгі бөлімдер және олардың негізгі қызметтері.

ЖШС «Цесна-Астық» Концерн» негізгі бөлімдері - 15 негізгі бөлімдерден тұрады:

Бухгалтерия, барлық қаржылық қызметтерді атқарады;

Ұжымдық қаржы және аудит департаменті - Концерн және еншілес кәсіпорындар аудиті және тексеруін іске асырады;

Жабдықтау бөлімі - сатып алу жұмыстарын жүргізеді, оның қол астында кәсіпорынның материалды-техникалық базасы бар;

Өндірістік-техникалық қызметтер (ӨТҚ) - техниканы және жабдықтарды есепке алуды іске асыратын, техникалық бөлім;

Ақпараттық технология бөлімі - кешені қамтамасыз ету;

Медпункт - денсаулық сақтауды қамтамасыз ету секторы;

Жалпы бөлім - тазалаушылар, кеңсе қызметі жұмысын бақылайды;

Ауыл шаруашылығы департаменті - астықты қабылдау, өңдеу және жіберуді есепке алады;

Нан-тоқаш өнімдерін сату бойынша басқарма (қала бойынша жеткізу);

Маркетинг бөлімі нарықты зерттеу және сараптаулар жүргізуді іске асырады;

Қызметкерлер басқармасы кадрлер іріктеу, жұмысшыларды қайта дайындау, оқыту және аттестациядан өткізуге жауапты;

Экономика департаменті барлық концерн бойынша есеп жасайды, сараптамалар жүргізеді.

Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» - тұйық өндірістік сату айналымына ие сатылай біріктірілген холдинг болып табылады. Оның құрамына 17 еншілес және серіктес компаниялар енеді. Компания жұмысының негізгі принциптерінің бірі жаңа технологияларды, оның ішінде менеджмент саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

Өзі жұмыс жасап келе жатқан кезден бері компания өз қызметін Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде де сәтті дамытып келе жатыр. Өндірілетін өнімнің 40%дан астамы экспортқа шығарылады.

Бүгінгі таңда «Цесна-Астық» - бұл қуатты жоғары технологиялық инновациялық өндіріс, алдыңғы қатарлы менеджмент және білікті қызметкерлер; бұл адал, ашық және тұрақты компания.

Наши рекомендации