Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру
Газды кептіру негізінен газ құбырларында ылғалды сұйықтың конденсациясы жүрмейтіндей дәрежеге дейін газдың құрамындағы су буын азайту мақсатында жүргізіледі.
Газды кептіру үшін сұйық сорбенттер-гликолдер қолданылады олар: ылғалды жұтуға (сіңіруге) қабілетті диэтиленгликоль (ДЭГ) және триэтиленгликоль (ТЭГ).
Гликолдар тұтқыр, мөлдір сироп тәріздес сұйықтық түрінде болады, ДЭГ тығыздығы - 1118,4 кг/м3, ал ТЭГ тығыздығы - 1125,4 кг/м3. Гликолдар сумен кез-келген қатынаста араласады және газ ағыстарынан су буларын жұтып алады.
Сұйық сорбенттердің артықшылықтары:
· суда жақсы ериді;
· жеңіл регенерацияланады (қалпына келеді);
· аз, елеусіз шығындар;
· көмірсутекті конденсатпен көбіктер мен эмульсиялар мүлдем түзілмейді;
· тығыздықтарының айтарлықтай айырмашылығының нәтижесінде тұндырғыштарда жеңіл бөлінеді;
· процесстің үздіксіздігі, басқарудың қарапайымдылығы;
· қондырғыдағы қысым түсуінің, яғни қысым өзгерісінің елеусіздігі.
Сорбенттердің негізгі кемшіліктері олардың салыстырмалы бағасының жоғары болуы болып табылады.
11.2.Сурет. Табиғи және мұнайгазын сұйық сорбенттермен кептірудің қарапайым сұлбасы 1-айырғыш; 2- абсорбер; 3-жиналған гликолды құю желісі; 4-жалюзді тамшы ұстағыш; 5-деңгей реттегіші; 6-жылуалмастырғыш; 7- желдеткіш; 8-сүзгі; 9-десорбер; 10-сақина; 11- қайнатқыш (буландырғыш); 12, 16-мұздатқыш; 13- жиналған гликолге арналған айырғыш; 14-сорап; 15-эжектор. I-шикі газ желісі; II-құрғақ газ желісі; III-отындық газ желісі; IV-салқын су желісі; V-түтінді шығару бағыты. |
Газды кептірудің қарапайым сұлбасы 11.2.Суретте келтірілген және келесі түрде жұмыс істейді: кептіруге келіп түсетін газ (I) - бастапқыда айырғыштан-1 өтеді, одан кейін абсорбердің төменгі тарелкасының астына бағытталады.
Концентрацияланған гликолдің ерітіндісі сораппен-14 жоғарыдан беріледі және тарелкалар бойымен төмен түседі, газбен кездескен кезде қаныға отырып абсорбердің төменгі бөлігінде жиналады. Кептірілген газ жалюзді кассета 4 арқылы магистралды газқұбырына -(II) барып түседі. Сумен қаныққан гликоль жылуалмастырғыш-6 арқылы желдеткішке-7, сүзгіге-8, содан кейін десорберге (буландыру тізбегіне-выпарную колонну)-9 барып түседі. Буландыру тізбегіндегі қайнатқышта-11 гликоль 160-1650С дейінгі температурада қыздырылады, нәтижесінде су буланады және гликоль буының аздаған мөлшерімен мұздатқыш-12 арқылы өтеді және айырғышқа-13 барып түседі. Буландырғыш тізбектің жоғарғы бөлігіндегі температура 1050С аралығында ұсталып тұрады. Регенерацияланған гликоль ерітіндісі сораппен-14 алынып және жылуалмастырғыш-6 пен мұздатқыш-16 арқылы (300С шамасындағы температурамен) абсорбердің жоғарғы тарелкасына қайтадан барып түседі. Цикл қайталанады.
Ісжүзінде белгілі болғандай, газды жақсы кептіру үшін 1 кг абсорберленетін суға 25 л-ден кем болмайтын гликоль циркуляциялануы тиіс, сонымен қатар, абсорбердегі тарелкалардың саны да көп болуы керек (10 дана).
Абсорберге берілетін жаңа ерітіндінің мөлшері мына формула бойынша анықталады:
G = (11.1)
мұндағы G - гликолдің мөлшері, т/тәу;
q1 және q2 - сәйкесінше регенарацияланған және қаныққан ерітіндідегі гликолдің массалық концентрациясы.
Жұтылатын ылғал мөлшері-W (т/тәу) мына формула бойынша анықталады:
W = 10-6V(W1 - W2) (11.2)
мұнда, V - қалыпты жағдай кезінде кептіруге түсетін газдың
мөлшері, м3/тәу;
W1 және W2 - газдың тығыздығын және қабат суының минерализациясын ескере отырып, қысымға және температураға байланысты ылғалдылық құрамының қисығы (2.2 сурет) бойынша анықталатын, газдағы бастапқы және соңғы ылғалдылық құрамы.