Ндірістік кондиция дегеніміз не?

Кондиция – минералдық шикізатқа қойылатын өнеркәсіптік талаптар. Олардың негізінде кен орынды немесе оның бөліктерін игерудің экономикалық ұтымдылығы анықталады. Яғни, Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың мөлшері мен сапасына және кенорынның кен-геологияық жағдайларына қойылатын талаптардың жиынтығы өнеркәсіптік кондициялар деп аталады. Кондиция әр кен орын үшін техниканың, технология мен экономиканың қазіргі күйіне, сонымен қатар кен орынның географиялық-экономикалық және кен-геологиялық жағдайларына қатысты есептеледі.Металл пайдалы қазбалар мен кен –техникалық және кен*-химиялық шикізат кен орындары кондицияларының құрамына кіретіндер : пайдалы компоненттің минимал өнеркәсіптік мөлшері, пайдалы қазбаның алынатын минимал қалыңдығы, бос тау жыныс қабатшаларының максимал қалыңдығы немесе кенділіктің шектік коэффициенті, шектік кен-техникалық және гидрогеологиялық жағдайлар.

Минимал өнеркәсіптік мөлшер – блоктағы немесе пайдалы қазбаның жекелеген денесіндегі пайдалы компоненттің, егер мәні одан төмен болса, өндіру тиімсіз саналатын орташа мөлшері.

Жарамды (борттық) мөлшер кондициялық көрсеткіш ретінде кен денесінің геологиялық шекаралары айқын болмағанда немесе пайдалы компоненттер әркелкі және аса әркелкі таралған жағдайларда енгізілуі мүмкін. Жарамды мөлшердің мәні минимал өнеркәсіп мәнінен төмен болады, және көбінесе пайдалы компоненттің тастанды мәніне тең деп алынады, яғни, жарамды мөлшер бойынша пайдалы компонентті кен массасынан айырып алуға әлі болады.

Кен орынды зерттеу мен барлаудың барлық кезеңінде дұрыс және мерзімді кондицияны анықтау үлкен мәнге ие. Сондықтан кондициялардың 2 түрін емес, 3 түрін ажыратқан абзал.

1. Алдын-ала (уақытша) кондициялар – алдын алда барлау кезеңінде * - геологиялық басқармаларымен жетілдіріледі және сәйкес министрліктермен бекітіледі. Алдын ала кондицияларды алдын ала барлауда, іздеуде– қорларды жылдам есептеуде қолданады және кен орынды алдын ала бағалау үшін негіз қызметін атқарады.

2. Негізгі өнеркәсіптік кондициялар - нақтылау барлаудың аяқталуы кезеңінде жүргізіледі, негізнен жобалық кәсіпорындарымен жетілдіріледі және ГКЗмен бекітіледі. Бұл кондициялар кен орынды өнеркәсіптік бағалауда, қорларды есептеуде негіз қызметін атқарады.

3. Эксплуатациялық, немесежедел, кондициялар —эксплуатациялықбарлау кезеңінде —ГКЗда бекітілген өнеркәсіптік кондициялар негізінде жасалады.

5.Барлау қазбаларын құжаттау. Барлау үдерісінде барлау мен зерттеу жұмыстарын мұқият құжаттау ұдайы жүргізіледі. Барлау қазбаларын геологиялық құжаттау барысында 1:20 немесе 1:50, сирек 1:100 масштабтарында олардың қабырғалары, жабыны немесе кенжары салынады, жеке бөліктері аса ірі масштабтарда (1:10, 1:5), тіпті шынайы өлшемге дейін салу. Геологиялық құжаттау сапасын жақсарту үшін фототүсірім кең қолданылады. Барлау канаваларында, ереже бойынша канава түбі және бір қабырға салынады. Шурфтарда – қабырғалар және кенжар. Дөңгелек пішіндегі шурфтарды (дудка) осьбойынша қима формасында құжаттау қолайлы.

Жер асты кен қазбалары қазбалауға параллель құжатталады. Кен денелерінің созылуы бойынша өтетін кен қазбаларында олардың күшті құлауы жағдайында салу мен сипаттау нысаналары –жабын және кенжар болады, ал көлбеу құлауында –қабырға және кенжар.

Қиып өтетін жер асты қазбалар (квершлаг, орттар. Штольня) әдетте қабырғаларының бірі құжатталады, кейбір жағдайларда, кен денелерінің күрделі морфологиясы жағдайында – екі қабырға құжатталады, немесе жайма беріледі (екі қабырға, жабын, почва).

Сипаты бойынша құжаттар мына түрлерге бөлінеді: бастапқы- жұмыстар мен зерттеулер орындалған жерде тікелей жүргізілуі; жиынтық – бастапқы материалдарды өңдеу нәтижелерінен тұрады; Қорытынды (есептік) - барлық материалдар мен барлаудың белгілі бір кезеңінің немесе барлығының нәтижелері қорытындылады. Бастапқы геологиялық материалдарға жекелеген ашылымдардың ұңғыма кернінің, барлау ұңғымасының суреті, фотографиясы мен сипаттамасы; пайдалы қазба мен тау жыныстардың жекелеген үлгілері; сынамалау журналдары; геофизикалық, гидрогеологиялық т.б. байқауларды тіркеу журналдары кіреді.

Жиынтық геологиялық материалдарға мыналар жатады: пайдалы қазбалар мен тау жыныстардың эталондық коллекциялары; кен орынның геологиялық қимасының сипаттамасы; әр түрлі типті және масштабты карталар, пландар, проекциялар жәнеқималар; диаграммалар, кестелер, графиктер және пайдалы қазба мен сыйыстырушы тау жыныс көрсеткіштері мен қасиеттерінің сандық өлшемдерін өңдеу нәтижелері т.б.

Қорытынды материалдар жыл сайынғы геологиялық есеп-қисаптардан, пайдалы қазбалар мен пайдалы компоненттерінің қорын жедел және қорытынды есептеу нәтижелерінен тұрады.

6.Нүктелік сынамалаудың әдістемесі мен сипаттамасы. Сынаманы нүктелеп алу тәсілінің мәнісі мынада: Пайдалы қазбаның ашылымы немесе қазып алынған кен массасының үйіндісі ойша немесе шын мәнінде шаршы немесе тік бұрышты пішінді тормен жабылады. Оның түйінділеріндегі ұяшықтардан пайдалы қазбаның шағын кесектері (бөлшек сынамалар) алынып, олардың барлығы біріктірілген соң бастапқы сынаманы құрайды.Нүктелік тәсілмен ұңғымадағы, үйіндідегі немесе көлік ыдыстарындағы қопсық кен массасын сынамалау жүргізсе, бұл кесіп алу немесе шымшылап алу тәсілі деп аталады.

Нүктелік әдістер пайдалы компоненттің кен денесінде бірқалыпты және бірқалыпсыз таралуымен сипатталатын пайдалы қазбаларды сынамалау кезінде қолданылады.

2-ая версия :

Нүктелік сынамалау пайдалы қазба ұсақ жарықшақтарының ашылған жер бетінен немесе қазба кенжарынан (үлгілер) іріктеп алуынан тұрады. Сынама алу келесі жолмен жүзеге асырылады: кен дененің ашық бетіне торды (квадратты) қояды және түйіндерде (немесе ұяшық ішінде) бір ретті сынаманы құрайтын, салмағы 20-50 г болатын кеннің кесектерін алады. Егер компоненттердің құрамдарының өзгерісі екі бағытта бірдей болса, онда бөлшекті сынамалар квадраттық тор бойынша іріктеліп алынады. Егер өзгеріс бір бағытта екіншісіне қарағанда артығырақ болса, онда тік бұрышты, сирек ромбылық торды қабылдайды.Ретті сынаманы құрайтын бөлшекті сынамалардың саны 10-нан 20 дейін ауытқиды. Бөлшекті сынамалар арасындағы қашықтық квадраттық тор кезінде 10х10 см немесе 20х20 см, сирек одан көбірек болады, ал тік бұрышты тор кезінде 10х20 см немесе 20х40 см. Өзгергіштік күшті болған сайын бөлшекті сынамаларды жиірек алу керек. Ретті сынаманың жалпы массасы 2-3 ондық кг дейін құрайды.Нүктелік сынамалаудың анықтығы бөлшекті сынамалар санына тура пропорционал. Сыналаудың нақтылығын арттыру үшін жарықшақтардың орналасу бірқалыптылығын, олардың өлшемдерінің өлшемдестігін және ашылудың бірлік ауданына келетін іріктеп алудың қажет тығыздығын қадағалап ұстау. Сынамалаудың нүктелік әдісі күшті және орташа қалыңдықты пайдалы қазба денелері үшін қолданылады, мысалы, мыс-колчеданды кендер үшін.

7.Сынамалау түрлері. Сынама деп пайдалы қазбаның немесе тау жыныстың сапалық көрсеткіштерін зерттеуді қамтамасыз ететін белгілі бір порциясын айтады.Сынамалау- п.қ-ның сапалық көрсеткіштерін зерттеудің іс жүзіндегі жалғыз тәсілі.

Мақсатына сәйкес сынамалаудың мынадай түрлері бөлінеді: 1) химиялық (п.қ-ның химиялық-элементтік ж»не фазалық құрамын анықтау) 2) минералогиялық (п.қ мен сыйыстырушы тау жыныстардың минералдық құрамын анықтау) 3) технологиялық (п.қ-ның байытылғыштығын және пайдалы компонентті айырып алу технологияларын зерттеу)\. 4) техникалық (п.қ мен ыйыстырушы тау жыныстардың физикалық, механикалық және кен-техникалық қасиеттерін – тығыздығын, ылғалдылығын, кеуектілігін, сығуға, жаруға және ығысуға беріктігін , түрпілігін, бұрмаланғыштығын т.б зерттеу) 5) геофизикалық (пайдалы қазба мен тау жыныстарды физикалық зерттеу арқылы пайдалы және зиянды компоненттер мөлшерін т.б сапалық көрсеткіштерін анықтау)

Сынама материалы 2 әдіспен алынуы мүмкін: бір жерден тұтастай іріктеп алу жолымен (тұтас сынамалар) немесе жеке порциялардан сынаманы құрастыру жолымен (біріктірілген - топтық, комбинированный). Пайдалы қазбаларды сынамалау- олардың сапасын, минералдық және химиялық құрамын, ішкі құрылысын, физикалық-техникалық және технологиялық қасиеттерін және олардың өнеркәсіптің ьалаптарымен сәйкестігін анықтаудың бірден-бір ғылыми негізделген тәсіл.

Пайдалы қазбалардың денелері келесә міндетті шарттарды қадағалауымен сынамаланады:

- Сынамалау торының қоюлығы (жиілігі) зерттелетін параметрдің анық бағасын қамтамасыз ету керек.

- Сынамалауды үздіксіз, пайдалы қазба денесінің толық қалыңдығына жүргізу керек.

- Сынамалану секциялармен әрбір табиғи түрі бойынша жүргізіледі, кондициялық емес кендердің және бос жыныстардың қабатшалары жеке сынамаланады.

Геофизикалық (ретті) сынамалау пайдалы компоненттерді тікелей материалдарды іріктеп алусыз кен қазбалары мен ұңғымаларында анықтау мақсатында жүргізіледі және сынамалаудың басқа түрлерінен минералдық масса өзгеріске ұшырамайтындығымен ерекшеленеді, бұл қайталама геофизикалық тәжірибелерді жүргізуге мүмкіндік береді. Геофизикалық сынамалау шапшаңдық пен жұмсаулардың қысқаруын қамтамасыз етеді, әсіресе бірнеше геофизикалық әдістерді кешендеу барысында. Сынамалаудың геофизикалық әдісі алуан түрлі боп келеді. Аса таралған түрлері магнитометриялық және ядролық-физикалық, сондай-ақ, кен сапасын анықтаудың радиометриялық әдісі.

Минералогиялық сынамалау негізінен құнды минералдар құрамын анықтау үшін шашыранды (россыпные) кен орындарды барлауда жүргізіледі. Минералогиялық сынамалау сондай-ақ кендердің түзілімдік-құрылымдық ерекшеліктерін анықтау үшін, кендердің табиғи түрлерін ажырату және кен денелерінің құрылысын анықтау үшін қолданылады.

Техникалық сынамалау пайдалы қазбалардың барлық кен орындарында жүргізіледі және пайдалы қазбалар мен сыйыстырушы жыныстардың физикалық-техникалық қасиеттерін зерттеу үшін қызмет етеді. Барлау жұмыстары процессінде орындалатын техникалық тәжірибелер 3 топқа, тәжірибелерге бөлінеді, олар осыған қажет: 1) қорды есептеуге, 2) барланатын кен орындағы эксплуатацияның горнотехникалық жағдайларын нақтылау 3) минералды шикізаттың физикалық қасиеттері мен сапасын анықтау.

Технологиялық сынамалау минералды шикізаттың технологиялық қасиеттерін зерттеу үшін жүргізіледі. Кенді кен орындар үшін технологиялық сынамалар көмегімен кеннің байытуға және металлургиялық қайта өңдеуге қабілеттілігі анықталады. Технологиялық сынамалар түрлі әдіспен іріктеліп алынады. Барлаудың бұрғылау жүйесі кезінде сынама үшін материалды геологиялық сынамалаудан қалған, керннің екінші жартысынан алады. Соққылау-канатты бұрғылау кезінде технологиялық сынаманы шламнан іріктеп алады. Егер барлаудың тау-кен жүйесі қолданса, онда технологиялық сынамаларды кен қазбаларынан бороздалық немесе валды әдіспен алады.

8.Бірінші шашыранды ореолдарды сипаттаңыз.

Шашыранды ореолдар – пайдалы қазба кен орындарымен генетикалық байланысты болатын, табиғи түзілімдердегі химиялық элементтердің арттылған (сирек төмендетілген) құрамдарының аймағы. Кен орындардың бірінші шашыранды ореолдары бір уақытта пайдалы қазба жатыстардың түзілуімен бірге қоршаған тау жыныстарында пайда болады. Бірінші шашыранды ореолдар экзогенді кен орындарға қарағанда эндогенді кен орындар үшін аса тән болып келеді. Құнды компоненттердің бірінші ореолдары кең көлемде жатыс контурын қайталайды, кен орындардың түзілу жағдайларын анықтаған магмалық, тектоникалық, литологиялық-фациалды, стратиграфиялық және құрылымдық белгілерге бағына отырып ,кейде оның шегінен жүздеген метрлерге созылады. Бірінші шашыранды ореолдардың ерекшелігі олардың аймақтық құрылысы болып табылады, яғни жасырын кенденілудің литохимиялық іздеуі барысында кең қолданылатын, элементтер құрамдары арасындағы қатынастардың бағытталған және заңды өзгерісі.

9.Екінші шашыранды ореолдарды сипаттаңыз.

Өзінің генетикалық типіне жəне пайдалы қазбалардың түріне тəуелсіз əрбір кенорны өзінің қалыптасуынан кейін оны құрайтын компоненттердің қайта бөлінуіне (миграциясына) алып келетін сыртқы агенттердің əсеріне ұшырайды. Морылу жəне денудация процестерінің өзара əрекеттесуі нəтижесінде бұрын қалыптасқан кенорындарының шашырауы жəне біртіндеп жойылуы жалпылама болып келеді. Тік құлаған шоғырлардың жоғарғы горизонттары гипергенез белдемінде бұзылып, əртүрлі физика-химиялық

өзгерістерге ұшырайды, жəне пайдалы қазбалар сыйыстырушы таужыныстардың морылу өнімдерімен араласады.

Кенорындарға іргелес орналасқан кен шоғырының пайдалы жəне қосымша компоненттерінің жоғары мөлшерімен, яғни сыйыстырушы таужыныстарында, пайдалы қазбаның жоғары мөлшері жəне оның төменгі фондық мөлшерінің арасындағы аралық мəндермен сипатталатын белдемді қайта түзілгеншашырау ореолдары деп атайды.

Б. Б. Полынов морылудыңтөртсатысынбөлген:

1) Сынықты саты. Бұл сатыда шомбал таужыныстардыңмеханикалық ыдырауының нəтижесінде ірі сынықты жəне ұсақтүйірлі өнімдер жаралып, морылудың физикалық факторларыбасым болып келеді. Қаһарлы климат жəне белсенді денудацияжағдайында морылу осы сатымен шектеледі.

2) Қаныққан сиаллитті мору қыртысы. Қоңыржай климатқа тəнболып келеді. Минералдардың гидролизі есебінен сілтілі ортаныңқалыптасуы жүзеге асады. Бұл сатыда алғашқы таужыныстардыңтотығуы (қышқылдануы), гидратациясы, гидролизі жəнекарбонаттануы нəтижесінде қайта түзілген ореолдар қалыптасады.

3) Қанықпаған сиаллитті мору қыртысы. Мол ылғалданужəне баяу (бəсең) денудация жағдайында қалыптасады. Морылуөнімдерінен сілтілі жəне сілтіліжерлі элементтердің шығарылуыменсипатталады, соның салдарынан орта қышқылды болып келеді. Қайта түзілген минералдардан каолинит жəне галлуазит басым болады.

4) Аллитті мору қыртысы. Ыстық ылғалды климат жағдайында, баяу денудация жəне белсенді химиялық морылу жағдайында қалыптасады. Темір, кремний жəне алюминий тотықтарының жиналуы жүзеге асады.

Қайта түзілген шашырау ореолдары қалыптасуының бастапқы материалдарына рудалы ашылымдардың жəне бүйірлік таужыныстардың морылу өнімдері жатады.

Морылу жəне денудация процесі құрлық үстінде типі жəне қалыңдығы бойынша əр түрлі борпылдақ шөгінділердің жаралуына əкеп соғады, олар астына төселген таужыныстар есебінен жəне де өз кезегінде бедердің төмендеген бөлікшелерінде түбірлік таужыныстарды жабындайтын морылудың араласқан өнімдері есебінен дамиды.

Қайта түзілген шашырау ореолдарының жіктемесі

Қайта түзілген шашырау ореолдарын жіктеудің бірнеше принципі бар. Шашырау процестерінің күрделілігі жəне əртүрлілігі нəтижесінде шашырау ореолдарын жіктеу қажеттігі туды, оны 1936 жылы Н. И. Сафронов ұсынған болатын жəне ол кейбір өзгерістермен осы күнге дейін сақталған. Қайта түзілген ореолдарды үш белгісі бойынша бөлу принципіне негізделген:

1) фазалық жағдайы бойынша (қатты, сұйық, газ тəрізді);

2) генезисінемесежаралужағдайыбойынша;

3) анықтауды. қолжетімділікжағдайыбойынша;

Фазалықжағдайыбойыншақайтатүзілгенореолдармеханикалық, тұздыжəнегаздыболыпбөлінеді.

Наши рекомендации