Сифондық клизма жасаудың медбикелік технологиясы
Клизмалар.
Тазарту клизмасын жасаудың медбикелік технологиясы
Мақсаты: ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.
Көрсеткіштері:
ü іш қату;
ü пациенттерді рентген зерттеуі алдында;
ü пациенттерді эндоскопиялық тексеріс алдында;
ü дәреті тұрып қалғанда, дәрі және қорректік клизмалардын алдында;
ü операцияға дайындауда және босанудын алдында.
Қарсы көрсеткіштері:
ü ас қорыту, ішек органдарынан қан кеткенде;
ü тоқ ішектің, тік ішектің өткір қабыну және жаралық процесстерінде;
ü тік ішектің қатерлі ісігінде;
ü тік ішектің геморройында.
Жабдықтау: залалсыздандырылған лоток, түтікше, дәкелер, пинцеттер, Эсмарх кружкасы, үштаған, клеенка, жөргек, бөлме температурадағы 1,5л су, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, судно, су термометрі, вазелин, шпатель, қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).
Арнайы киім: латекстық қолғап, медициналық халат, клеенкалы фартук, ауыстыратын аяқ киім.
Ескерту: жіберетін су температурасы, су термометрі көрсеткішіне сәйкестену керек.
Ø атониялық дәрет тұрып қалғанда 120-200С
Ø спастикалық дәрет тұрып қалғанда 370-400-420С
Ø дәрет тұрып қалғанда 200-250 С.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, жекелеп жағдай жасаңыз.
2. Процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.
3. Халат, клеенкалы алжапқышты киіп, қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.
4. Эсмарх кружкасына 1,5-2 л суды құйыңыз.
5. Эсмарх кружкасын үштағанға іліңіз.
6. Түтікшеге вазелин майын жағңыз.
7. Бұранданы ашып, желді шығарыңыз.
8. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне қарай тартқызыңыз.
9. Пациенттің жамбасының астына клеенка, үстіне дәкі салыңыз.
10. Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап сағат тілімен айналдыра отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, қалған 8 -10см. омыртқаның жотасына жайлап бағыттап жіберіңіз.
11. Бұранданы ашып , тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Пациент ішімен демалуы қажет.
12. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.
13. Бұранданы жауып, жайлап түтікшені алып, лотоққа салыңыз.
14. Пациент 5-10 мин. арқасымен жатып, сосын дәретханаға жіберіңіз.
15. Түтікшені, қолғап, алжапқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
16. Халат, қолғап, алжапқышты айырбастаңыз.
17. Пациенттің жыныс мүшелерін жууға көмектесіңіз.
Сифондық клизма жасаудың медбикелік технологиясы
Егер тазарту клизмасы көмектеспесе, ішекті жуу үшін сифон клизмасы қолданылады. Сифондық клизманы жасағанда сұйықтықпен қоса газдар,сұйық нәжістер, нәжістік тастар шығады. Пациенттерге бұл процедура ауыр тиеді, сондықтан клизма жасағанда жалпы жағдайын қадағалап отырып, дәрігердің қатысымен жасайды.
Керекті жағдай: ішекке сифон клизмасын жасағанда сұйықтық қанша енгізілсе, сонша сыртқа шығуы керек.
Мақсаты: ішектің жоғарғы бөліктеріндегі нәжісті, газдарды шығару.
Көрсеткіштері: тазалау клизманы жасағанда нәтижесінің болмауы, ішектің бітеліп қалуын анықтауда, улы заттарды шығару.
Қарсы көрсеткіштері:
ü анальды тесік айналасында және тоқ ішек аймағында жедел қабыну процестері немесе ойық жара болғанда;
ü асқазаннан немесе ішектерден қан кету;
ü тік ішектің қатерлі ісік ауруы;
ü ас қорыту мүшелеріне операциядан соңғы алғашқы күндерде;
ü тік ішектің жарықшағы немесе түсіп кетуі;
ü іш пердесі тамырларының эмболиясы немесе тромбозында.
Жабдықтау: шыны трубкамен жалғасқан залалсыздандырылған жуан асқазан зонды және жуан резеңке зонды, лоток, вазелин майы, шұнғыма (1 литрлік), латекстік қолғап, 10-12 л су, ожау (1 литрлік), сұйықтықты құятын ыдыс, клеенка, үлкен жөргек, дәкелер, қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, пациентті жекелеңіз.
2. Пациентке мақсатын, барысын түсіндіріңіз.
3. Халат, клеенкалы алжапқышты киіп, қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.
4. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тартуын сұраңыз.
5. Жамбасына клеенка және жөргек салыңыз.
6. Системаны дайындап, зондтың тұйық жағына вазелин майын 20-30см бойы жағыңыз.
7. Екі жамбасының аралығын ашып, зондты 20-30см тереңдікке, алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен тік ішекке енгізіңіз.
8. Шұнғыманы зондқа жалғап, пациенттің дене деңгейіне кішкене қисайтып ұстап 1литр су құйыңыз.
9. Шұнғыманы жоғары көтеріп, су оның кішкентай, тар аузына келген кезде ақырындап төмендетеміз, шұнғыма ішектен шыққан суға толған кезде оны шелекке немесе легенге төгеміз.
10. Осы процедураны ішектен шыққан су әбден таза болғанша жүргіземіз (кемінде 10-12 л су құю керек).
11. Зондты жайлап алып, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12. Тік ішектің кірер ауызын жуыңыз.
13. Қолғапты, фартукты, халатты шешіп, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.