Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Түсіндірмелі жазба

Ақтау қаласында салынатын локоматив депосын шығаратын зауытты жобалау

Орындаған: Дәқір Б.М

Тексерген: Исакулов Б.Р

Ақтөбе 2016 ж.

Мазмұны

Кіріспе.

I. Ортақ тарау

Жобалық тапсырма

Имараттың мінездемесі

II. Сәулеттік құрылыс бөлімі.

Іргетас. Қабырғалар.

Терезелер мен есіктер.

Төбе жабындар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көбінесе өндірістік ғимараттар деп аталатын өндіріс ұйымының өнеркәсіптік ғимараттар жаңа технологиямен арнайы құрылғылар көмегімен өндірістің жүруін, белгілі бір зат шығаруға арналады.

Өндірістік ғимараттардың сырт бейнесін осы заманғы сұлу әрі көрікті және архитектуралық суреттік түрін құрастыру жауапкершілікті процесс б.т.

Өндірістік ғимаратты тұрғызғанда келесідей талаптарға жүгіну керек: технологиялыө, техникалыө, экономикалық және архитектуралық-сәулеттік талаптар;

Өндірістік ғимараттар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан сыртқы бейнесімен, конструктивтік есебімен әлде қайда ажыратылады,өйткені оларға қойылатын өнеркәсіпті техникалық талаптарға байланысты.

Бұл ғимараттардың ерекшелігі боп ірі бөлмелер, үлкен аудандар, құрылғылар мен жабдықтардың болуы, ілінбелі және жылжымалы крандар, жарық түсіретін шамдарға арналған құрылымдар және т.б, күрделі өзгешеліктер табылады. Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр ­ станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді.

Бірқабатты өнеркәсіп ғимараттарына келесі мінездемелер тән: ірігабаритті қондырғылар мен бұйымдарды орналастыру үшін қажетті үлкен және биік бөлмелер; ғимарат ішіндегі арнайы көтеру-көлік жабдықтар; керек болған жағдайда кең бөлмелерді жоғарғы жарықпен (күн тартарлар арқылы) жарықтандыруды қамтамасыз ететін шатырсыз жабулар.

Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттары, аралықтар ені 36 м дейін және одан жоғары, және бағалардың бой қадамы 6, 12 м дейін және одан жоғары болса, бір аралықты және көп аралықты болады. Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарының биіктігі сондай-ақ кең шектерде (3,6-дан 30 м дейін) қолданылады.

Жобалық тапсырма

Тақырыбы: Ақтау қаласында салынатын локоматив депосын шығаратын зауытты жобалау

Құрылыс ауданы: Ақтау қаласы

Іргетас- бетоннан жасалған стакан типті іргетас

Төбе жабын- темір-бетон фермалары

Қабырға-панельдер

Жұмыстың мазмұны:

Берілген тапсырмаға сәйкес ғимараттың келесі құрылымдық сызбаларын орындау керек:80℅ құрайды.

Қасбет М 1:100

Бас жоспар М 1:500

Іргетас жоспары М 1:100

Ендік және бойлық тіліктер М 1:100

Түйіндер М 1:25

Ғимараттың сәулеттік жобалауы, шешімдерін көрсететін есептік түсіндірме хаты 20℅ құрайды.

Имараттың мінездемесі

Жобаланған ғимараттың жалпы сипаттамасы.

Құрылыс материалдарының өндірісіне арналған зауыт ғимараты. Жалпы ғимарат белгілі бір өнімді немесе жанама байланысқан, өндірістік-технологиялық процестерді жүзеге асыруға арналған ғимарат.

Ғимарат екі қанаттан тұрады.Ғимараттың ұстын аралықтары 6м . Ауданы 4608м2.

Қазіргі кезде біздің елімізде локомотив депосын шығаратын зауыттар аз. Олар кеңінен салу қарастырылуда. Құрылыстың өркендеуі, сана ретінде күрделі құрылыстық мәселелер шешімдерін табуға мүмкіндік береді.Ауқымды құрылыстың қарқынды дамуы құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндірісінің тез өсуін қажет етеді.

Бас жоспар

Ғимарат Ақтау қаласында салынатын локоматив шығаратын зауыт болып табылады. Қажетті жүріп өту жолдары, шаруащылық алаңдар,жаяу жүргінші жолдары және тратуарлар көгалдандыру қарастырылған. Көгалдандыруға жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға үйреншікті элементтер қарастырылған. Бас жоспарға сәйкес салынып жатқан зауыт жанында әкімшілік тұрмыстық ғимарат, асхана, жатақхана, қоймалар, құрылыс машиналарының тұрағы, күзет орналасқан.

Іргетас. Қабырғалар.

Ғимарат құрастырмалы темірбетон аражабыны және кірпіштен жобаланған. Құрастырмалы темірбетон аражабыны және көтергіш кірпіш қабырғалар бірігіп жұмыс істеу арқылы кеңістіктік қатылықты қамтамасыз етеді.

Іргетас.

Іргетастар- ғимараттан топыраққа жүктемелерді беруге және үлестіруге арналған ғимараттың төменгі бөлігі түрінде болады.Іргетас құрылыстың негізгі жүк көтергіш арқауы б.т. және де берік, тұрақты, ұзақ мерзімді, аязға төзімді,топырақты жер асты суларының әрекетіне төзімді, үнемді, индустриалды болуы керек.

Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.Табандардың деңгей тереңдігі топырақтың түріне, жер асты суының деңгейіне, жердің тоңазу деңгейіне байланысты.Норма бойынша іргетас табаныныі деңгейі жердің тоңазу деңгейінен 20 см төмен алынады.

Ғимарат іргетасы темір бетон плитасынан құралған стакан типті іргетас. Іргетастар ғимараттардың ұстындарының астына қойылған және ұстын асты бөлігінен, екі сатылы плита бөлігінен тұрады. Іргетас -1.2 м тереңдікте орналасқан.

Ғимаратқа пайдаланған ұстын өлшемі-0,4х0,4м

Іргетастың ұстын асты бөлігінің өлшемдері-0,9х0,9м;

Абырғалар.

Өндірістік ғимарат қабырғалары азаматтық ғимараттардың қабырғаларына қарағанда сыртқыжәне ішкі күшсіз әсерлердің қиын кешеніне көбірек ұшырайды. Сондықтан да өнеркәсіптік ғимараттардың конструктивтік шешімдеріне тек қана жалпы талаптар ғана қоймай, технологиялық процестің жеке жағдайларының қасиеттеріне де қарайды. Сыртқы қабырғаға қойылатын талаптар әр түрлі. Ең бастысы: қалыпты температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтау,беріктік,өртке төзімділік, ұзақмерзімділік, үнемділік және аз салмақты конструкциялар қолдану сияқты талаптар жатады. Зауыт Ақтау қаласында орналасқандықтан климаттық жағдайына байланысты қабырғасы таутезекті панельдерден құралады. Панелдердің жалпы ені 0,9 ;1,2 ;1,5;1,8 мболып келеді.Ғимараттың қабырғасының ішкі жағы цементті-құмды ерітіндімен, ал сыртқы жағы сылақпен сыланған.

Терезелер мен есіктер.

Ғимараттардағы терезелердің, әшекей әйнектердің, кіреберстердің, есіктердің және қаңқалардың сәулеттік маңыздылығы зор. Ғимараттардан алатын әсер, көбінесе, олардың интерьерде және қасбеттерде дұрыс орнатылуына, пропорциясына және ұлшемдеріне, сондай – ақ орналасуына байланысты болады, оның жалпы айқындылығы, өзінің қызметіне сәйкестігі оның сәулеттік бейнесі болып табылады.

Терезелер – табиғи жарықпен, ультракүлгін қызметімен және күн шұғыласымен , сондай – ақ таза ауамен толтыруды және сыртқы кеңістікпен көз байланысын қамтамасыз ете отырып, жағымсыз факторлардан, төмен және жоғары температурадан, жауын шашыннан, желден, шудан, шаңнан қорғауға арналған, жарықмөлдір құрылымдармен толтырылған

қабырғалардағы ойықтар. Терезелеге және әшекей әйнектерге, ғимараттың

қоршаушы құрамы ретінде жалпы жылу техникалық және акустикалық талаптар қойылады.

Есіктер. Қызметтері бойынша ішкі, баспалдақ торынан бөлмелерге есіктер қызметтеріне байланысты талап етілетін беріктігі, ауа және су өткізбеушілікті, отқа төзімділікті, дыбыс оқшаулағыш қасиеттерді иеленуі тиіс.

Есіктердің өлшемдері, сандары және ашылу пропорциялар, құрылымдар, материал және әрлеу – ғимараттарды жобалау кезінде шешілетін міндеттерге сәйкес болуы тиіс. Есіктер, есік қорабымен

ашылытын есік қаптағыштардан тұрады.

Міндеті бойынша есіктер эвокуациялық, көліктік және запастық , ал орналасуы бойынша сыртқы мен ішкі түрлерге бөлінеді.

Өндірістік ғимараттарда негізінен қақпалар қолданылады.

Қақпалардың өлшемдері:

2,2х2,4м ; 3,6х3,6м;

3,0х3,0м; 3,6х4,2м;

3,6х3,0м; 4,8х5,4м;

Қақпалар бойлық және қапталдардағы қабырғаларда орналасады. Қақпалар ашылуы бойынша:қайсара ашылатын, ысырмалы, орамалы-көтермелі,бұрамалы-көтермелі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - student2.ru

Ғимарат шатыры жауын-шашыннан түскен суды, аз еңісті ішкі су жинау түтікшесі арқылы қабылдауды көздеп жобаланған. Шатыр қабаты биіктігі таза еденнен жабынға дейін - 2000мм. Шатыр қабаты тор кеңістіктері арқылы жарықтандырылады.

Төбе жабындар.

Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкция-ларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғары-дан және төменнен шектейді (қоршаушы функциялары), сонымен бірге өзіне мен-шікті салмақтан басқа, ғимаратта табылатын пайдалы жүктеуді, яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялары болып табылады. Одан басқа, жабындар ғимараттың кеңістік қаттылығын қамтамасыз етуде өте зор роль атқарады, яғни барлық мүмкін күштер ықпалынан болатын конструктивтік желінің тұрақсыздығын болдырмайды.

Бір қабатты өнеркәсіп ғимараттарда жабулардың көтеруші элементтерінен, сондай-ақ кран жабдықтарынан түсетін динамикалық (тік және көлденең) шоғыр-ланған салмақ күштері едәуір мөлшерге жетеді. Сондықтан бұндай ғимараттарда көтеруші қаңқа үлкен кеңістік қаттылыққа ие болуы тиісті, және іс жүзінде қаңқа жүйесінде қолданылады.

Технологиялық ыңғайлылық пен әмбебаптық талаптарын қанағаттандыратын үлкен аралықты ғимараттар құрылысы кейбір өнеркәсіп салаларына қажеттілік болып саналады.

Ғимараттың үнемділігі негізінен жабын конструкцияларына байланысты. Үлкен арлықты ғимараттардағы жабындар жазықтықты жабындар деп бөлінеді. Олардың қарапайым аралықты жабындардан айырмашылығы жоқ, бірақ олар үлкен аралықтардың салдарынан конструкциясы күрделілеу болады.Үлкен аралықты жүк көтергіш ферма, арқаулық, арка және рама боймен жоғары белдеуге қоршағыш элементтерді жеңіл құрастырады және бекітеді. Ферма ұзындығы 24000м, ал биіктігі 3000м.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - student2.ru Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - student2.ru

7сурет. Бірқабатты біраралықты өнеркәсіп ғимараттарының көлденең қималары: а –аспалы краны бар қаңқалы; 6 –көпірлі кранмен жабдықталған қаңқалы; в –көтеруші қабырғалы, қаңқасыз; 1 – бағаналар іргетастары; 2 – қаңқа бағаналары; 3 – жабудың көтеруші конструкциясы (бөрене); 4 - жабудың көтеруші конструкциясы, (ферма); 5 – шатырсыз жабу; 6 - қабырғалар; 7- іргетас бөренелері; 8 – кранасты бөренелері; 9 – байлау бөренелері; 10 – көтеруші қабырға; 11 - аспалы кран-бөрене; 12 – көпірлі кран

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - student2.ru

1.9 сурет. Темірбетон қаңқалы көп аралық ғимараттың көлденең кесіндісі: а –көп құламалы төбемен; б - жалпақ төбемен; 1- іргетастар; 2- қаңқа бағаналары; 3- жабудың көтеруші элементтері; 4- кран асты бөренелер; 5- қабырғалар; 6 – іргетас бағаналары; 7- шатырсыз жабу; 8- ішкі су ағарлар; 9- көпірлі крандар; 10- коммуникацияларды өткізуге арналған тесік; Н- бөлменің толық биіктігі; Нs- еден деңгейінен кран асты рельстің үстіңгі деңгейіне дейінгі биіктік

Өндірістік гимараттары үшін темірбетон конструкциялары. Өнеркәсіптік ғимараттарына азаматтық үйлер құрылысындағы темірбетон номенклатурасына ұқсас бұйымдары мен конструкцияларын қолданады, бұлар тек өлшемдерімен, арматурасымен және пішіндерімен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік ғимараттары бірқабатты, бір – және көпаралықтықтары, биіктігі 3,6 -18 м көпқабаттылар болулары мүмкін.

Биіктігі 10,8 м жэне жүккөтерімдігі 20 т дейінгі крандары бар үйлер үшін қимасы тікбұрышты 40x60, 40x80 және 50x80 см жэне биіктігі 4,5 - 11,8 м темірбетон бағаналарын жасайды; биіктігі (құрылыс конструкциясы астына дейінгі 10,8-И8 м жүккөтерімдігі 50 т дейінгі көпірлік крандары бар үйлер үшін - екітармақты (двухветвовые), ұзындығы 11,85 - 19,35 м, кранастындағы бөлігінің қимасы 40x100 жэне 60 - 190 см бағаналар жасалынады. Қолданылатын бетон маркалары М300 - М500. Массасын төмендету мақсатында алдын - ала кернеуленген, қимасы екітавролық жэне сақиналық бағаналар жасалынып практикада қолдаңуда. Бірқабатты үйлер үщін, сурет 16.4. көрсетілгеңдей, темірбетон іргетастық блоктары жэне арқалары, итарқа жэне итарқа асты арқалықтары, фермалары, жамылтқы плиталары жэне кабырға панельдері шығарылады. Іргетастық арқалықтарын бағаналары 6 жэне 12 м қадамдарындағы ішкі жэне сыртқы қабырғалары астына қолданады. Тиісінше ұзындығы 5,95 және 11,96 м қимасы трапеция тәрізді немесе тавролық түріндегі арқаларды кернеуленбеген немесе алдын - ала кернеуленген арматурасымен жасайды. Крансаты арқаларын алдын - ала кернеулеп, тавролық қимасымен ұзындығы 5,95 м жэне екітавролық қимасымен ұзындығы 11,95 м маркалары М 400- М600 бетоңнан жасайды. 6 м аралық үшін - арқа биіктігі 80 см текше ені 60 см және қалыңдығы - 12 см. Қабырға қалыңдығы 20 см, үстіне қарай қалыңдалуы 25 см жэне таянышында 30 см дейінгі қалыңдалуы болатын - конструкциялары да пайдаланады.

12 м аралық үшін - арқа биіктігі 120 см үстіңгі текше ені 65 және төменгі текше ені 34 см. Кранасты рельстерді бекіту үшін арқалар текшелерінде крандық жүкті беру үщін құбырлар кесінділері бекітілген ұзьшдығы 75 см тесіктері орналастырылған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. СНиП 31-03-2001 Промышленные здания

2. СНиП 23-01-99*. Строительная климатология. – М.: Госстрой России, 2000

3. СНиП 23-02-2003.Тепловая защита. – М.: Госстрой России, 2003

4. СНиП 23-05-95*. Естественное и искусственное освещение. – М.: Минстрой России, 1999

5. СП 23-101-2004 «Проектирование тепловой защиты зданий»

6. А.Н. Шихов. Светотехнический расчет производственных зданий. Методическое указание. ПГТУ. 2006Г.- 46с.

Наши рекомендации