Йелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нәрселері.

Етеккір біткенннен кейін әйелге ғусл алуы керек. Ол суды бүкіл денесіне тазалану ниетімен құюы арқылы болады. Өйткені пайғамбарымыз r етеккір болған әйелге : "Егер етеккірің келсе намазды қой, ал егер кетсе жуын да намаз оқы"[16] – деді.

Етеккірден ғусл алудың сипаты:

Намаз сияқты нәрселерге дәрет алуды не дәретсіздікті кетіруді ниет қылуы, кейін: "Бисмиллә" деуі, кейін барлық денесіне су құю, шаштарыңның түбіне су жеткізіп тигізуі. Егер шашы өрілген болса оны шешудің қажеті жоқ, тек оны сулайды болды. Егер сидр[17], не басқа нәрселермен жуса жақсы. Жуынып біткеннен соң мақтаға миск немесе басқа жақсы иісті нәрсе жағып етеккір келген жерге салып қоюы мустахаб болады. Өйткені пайғамбар r Асмаға (оған Аллаһ разы болсын) соны бұйырған.

Маңызды ескерту:

Егер етеккір не нифас көрген әйел күн батудан бұрын тазарса, оған сол күннің зухрмен аср намазын оқуы керек. Егер олардың біреуі таң атудан бұрын тазарса, оған сол түннің мағриб пен иша намаздарын оқуы керек. Өйткені үзірлі жағдайда екінші намаздың уақыты — бірінші намаздың уақыты болады.

Шейхуль ислам ибн Таймия өзінің фатауасында (22/434) былай деді: "Осы үшін (Мәлик, Шафиғи және Ахмад сияқты) жалпы ғұламалар – егер етеккір көрген әйел күннің ақырында тазарса, зухр мен асрды қосып оқиды. Егер түннің ақырында тазарса мағриб пен ишаның барлығын оқиды. Бұл Абдурахман ибн Ауф t, Абу Һурайра t және Ибн Аббастан t жетті. Өйткені үзірлі жағдайда уақыт екі намаз арасында серіктес болады. Сондықтан әйел егер күннің ақырында тазарса, зухрдың уақыты әлі қалған болады да, оны асрдан бұрын оқиды. Ал егер түннің ақырында тазарса мағрибтің үзірлі жағдайдағы уақыты қалған болады да, оны ишадан бұрын оқиды". Сөз соңы.

Ал егер намаз уақыты кіргеннен кейін намаз оқудан бұрын етеккір көрсе немесе нифас болып қалса, басымды сөз бойынша: оған намаздың әуелгі уақытына жетіп, оны оқудан бұрын етеккір не нифас болып қалған намаздың қазасын өтемейді.

Шейхуль ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (335/23) бұл мәселе жайында былай дейді: "Абу Ханифа мен Мәлік мазхабының анық дәлелдерінде: "Ол әйелге ешнәрсе міндеттелмейді, өйткені қазаны өтеу жаңа бұйрық себепті уәжіп болады. Ал бұл жерде оған қазаны өтеуге міндеттейтін ешқандай бұйрық жоқ. Және бұл әйел намазды рұқсат бойынша кешіктірді, сондықтан ол немқұрайлыларға жатпайды. Ал намаздан ұйықтап қалған немесе ұмытқан адам болса, ол да егер немқұрайлы болмаса да оның істейтіні (яғни ұйқыдан тұрып оқыған намазы) қаза өтеу емес. Кірісінше бұл ұйқыдан оянған және ұмытып есіне түсірген адам үшін намаз уақыты болып есептеледі". Сөз соңы.

Екінші: Истихада(ауыру қаны)

1 – Истихада үкімдері:

Истихада – ол қан құйылу жолдарымен "Азил" деген тамырдан шығатын белгілі уақытыты жоқ кездердегі қанның ағуы. Истихада көрген әйелдің жағдайы ол қанның етеккір қанына ұқсас болған себепті күрделілеу.

Егер бұл қан жалғасты түрде немесе уақыттың көбінде келсе, оның етеккір деп есептегендігінен де, истихада деп есептегендігінен де ораза мен намазды тастамайды. Өйткені истихада көрген әйелдің үкімі таза әйелдер үкімі саналады. Осыған сәйкес истихада көрген әйел үшін үш жағдай бар:

Біріншісі: Ол әйелдің истихада келуінен бұрын белгілі етеккір келу әдеті болуы. Истихада келуінен бұрын бес не сегіз күн айдың ортасында немесе басында етеккір көруіндей өзінің әдеттегі уақытын білуі. Бұл әйел өзінің әдеттегі қанның келуіне сәйкес намаз бен оразаны қояды, және бұл әдетін етеккір деп есептейді. Кейін әдеттегі уақыты бітсе, жуынады да намазын оқиды және қалған қанды истихада деп есептейді. Өйткені пайғамбарымыз r Умму Хабибаға: "Етеккірің тосатын мөлшердей кідір де, кейін жуынып намаз оқы" - деді.[18] Және Фатима бинт Хубейшқа: "Бұл тек қана тамырдан келген қан, ол етеккір емес, егер етеккірің келсе намазды қой"-деді.[19]

Екіншісі: Ол әйелдің белгілі уақытта етеккір келетін әдетінің болмауы. Бірақ, келген қаны ерекше белгілі, кейбірі қара түсті, қою, жағымсыз иісті болып, етеккір қанының сипатындай болады. Ал басқасы оған ұқсамайды, ол түсі қызыл, қою емес және иісі жоқ болады. Бұл жағдайда етеккірге ұқсаған қанды етеккір деп есптейді де, намаз бен оразаны қояды. Одан басқасын истихада деп есептейді де, етеккірге ұқсаған қанның тоқтауымен жуынып, намаз бен оразаны жалғастырады да, өзін таза деп есептейді. Өйткені пайғамбарымыз r Абу Хубейштің қызы Фатимаға: "Егер етеккір болса, ол қара түсті, белгілі болады, онда намаздан тыйыл, егер қан одан басқа болса, дәрет ал да[20],намазыңды оқи бер"[21]- деді.

Бұл жерде истихада көрген әйел қанның түріне қарап, оны етеккір мен басқа қандардан ажыратады.

Үшіншісі:

Егер ол әйелдің белгілі уақытта етеккірі келетін әдеті болмаса, әрі етеккір қанын басқа қандардан ажырататын сипаты да болмаса, ол әйел қан келген кезде әр ай сайын әйелдерге ең көп келетін 6-7 күн бойы өзін етеккір деп есептейді. Өйткені әдеттегі әйелдердің етеккір болулары 6-7 күн. Пайғамбарымыз r Жахштың қызы Химнаға:" Бұл тек шайтанның жүгіруі, сондықтан алты не жеті күнді етеккір деп есептейсің, кейін жуынасың. Егер тазарсаң жиырма үш не жиырма төрт күн намаз оқы, ораза тұт. Расында бұлай істеу дұрыс болады, сол сияқты әйелдер қашан етеккір болса сен де солар сияқты өзіңді етеккір деп есепте"-деді.[22]

Жоғарыдағы айтылғаннан шыққан қорытынды:

- Өз әдетін білетін әйел истихада келген кезде әдетіне қарайды.

- Ажырата алатын әйел ажыратуымен анықтайды.

- Бұл екеуі де болмаған әйел қан келген кезде 6-7 күн бойы етеккір болады.

Міне өстіп истихада жайындағы пайғамбарымыздан r келген үш сүннет арасы біріктіріледі.

Шеихуль Ислам Ибн Таимия былай деді:"Қанның истихада екенін анықтайтын белгілер алтау делінген: ол не әдет болуы мүмкін, өйткені ол белгілердің ең қуаттысы өйткені негіз — етеккір орны, одан басқасы емес. Не ажырату болуы мүмкін, өйткені қара қан және жаман иісті ірің қызыл қаннан гөрі етеккір болуға жақынырақ. Не әйелдердің етеккір әдетінің көбіне қарап есептеу. Өйткені ереже бойынша жеке нәрсе көптік пен жалпы нәрсеге ергеседі. Міне осы үш нәрсеге сүннет пен зерттеу дәлел етеді" – деді. Кейін қалған осы жайындағы айтылған белгілерді айтты да, соңында:"Ең дұрыс сөз: сүннетте келген белгілерді есепке алып, басқасын тастау"-деді. Сөз соңы.

2 - Дәретті адам үкімімнде болған жағдайдағы истиғада көрген әйелдің істейтін нәрселері:

А - Жоғарыда баяндағанға қарап есептелінген етеккірдің біткен кезінде әйелге ғұсл алуы уәжіп болады.

Б - Әр намаз кезінде шыққан нәрсені кетіру үшін мүшесін жуады және оған іштен шыққан нәрсені қайтару үшін мақта сияқты бір нәрсені қояды да, оны түсіп қалмау үшін бір нәрсемен бекітіп қояды. Кейін әр намаз уақыты кірген кезде дәрет алады. Өйткені пайғамбарымыз r истихада болған әйелге: "Хайз күндері намазды қояды, кейін жуынады да әр намаз кезінде дәрет алады"[23]-деді. Тағы бір хадисте паиғамбарымыз r: "Орынды мақтамен біте"-деді. Сол сияқты кәзіргі кездегі маталарды[24] да қолдануға болады.

Үшіншісі: Нифас.

А – Нифастың анықтамасы және созылатын уақыты:

Нифас: әйел бала босанғанда және одан кейін келетін қан. Ол — әйел жүкті кезінде жатырда тұрып қалатын қанның қалдықтары. Әйел босанған кезде ол қан аз-аздап шығып отырады және әйелдің босануынан бұрынғы толғақпен бірге келетін қан да нифасқа жатады. Бұл қанды фиқһ ғұламалары босанудан екі-үш күн бұрын келеді деп шектеген. Бірақ көбінше оның басы босанумен бірге болады. Босану кезеңі нәрестенің жаратылысы анықтал-ғаннан саналады. Нәрестенің жаратылысы анықталатын мерзімнің ең азы 81 күн, ең көбі 3 ай. Сондықтан егер әйелден осы кезеңнен бұрын бір нәрсе түсіп, қан пайда болса, оған ешқандай көңіл бөлмейді, әрі сол үшін намаз бен оразасын тастамайды. Өйткені бұл құйылған жаман қан, оның үкімі истихада үкімі болады.

Нифастың ең көп келетін уақыты көбінше 40 күнге созылады. Ол жоғарыда айтылғандай босанудан 2-3 күн бұрын басталуы мүмкін. Өйткені Умму Сәләмә хадисте: "Пайғамбарымыздың кезінде нифас болған әйелдер 40 күнге дейін келген қанды нифас деп есептейтін еді"[25]-деді. Міне осыған Тирмизи және тағы басқалары айтқанындай білім иелері келіскен.

Әйелдің 40 күннен бұрын қаны тоқтап тазарса, ғұсыл алып намаз оқи береді. Өйткені нифастың аз мерзімі шектелмеген.

Егер 40 күн болып, оның қаны тоқтамаса және 40 күннен кейінгі уақытқа (мысалы:41-42-43 күндеріне) етеккір келетін әдеті тура келіп қалса, ол етеккір болады. Егер сол уақытта етеккір келетін әдеті болмаса, бірақ қан келуі тоқтамаса, ол истихада болып есептелінеді де, ол үшін 40 күннен кейін ғибадатты тастамайды.

Егер 40 күннен асса, және әрі қарай жалғаспаса, әрі әдетіне тура келмесе, бұл мәселеде ғұламалар әр-түрлі сөздер айтқан.

Б – Нифасқа байланысты үкімдер:

Нифас үкімдері төмендегі етеккір үкімдері сияқты:

1. Етеккір сияқты нифас болған әйелмен де жыныстық мүшесі арқылы жақындасуға харам етіледі. Бірақ одан басқа жерлерімен құшырлануына болады.

2. Нифас әйелге етеккірге сияқты намаз оқуға, ораза ұстауға және Қағбаны тауаф етуге харам етіледі.

3. Етеккірге харам етілгендей нифасқа да Құранды ұстау және оны оқу харам етіледі. Тек егер ұмытып қалуынан қауіптенсе, құранды ұстамастан оқуына болады.

4. Нифасқа етеккірге сияқты нифас кезінде тастаған оразасының қазасын өтеу уәжіп болады.

5. Нифас көрген әйелге етеккірге уәжіп болғанындай нифасының біткен кезінде ғұсыл алуы уәжіп болады.

Жоғарыда айтылған үкімдердің дәлелдері:

1)Умму Сәләмә (оған Аллаһ разы болсын): «Пайғам-барымыздың r заманында нифас болған әйелдер 40 күн отыратын еді»[26]-деді. Әл-Мажд ибн Таймия «Әл-Мунтақо» атты кітапта (184/1): «Хадистің мағынасы: «Нифас әйелдер 40 күнге дейін отыруға бұйырылатын еді, өйткені хабар өтірік болмауы үшін барлық уақыттағы әйелдердің хайз немесе нифас келетін әдеттерін бірдей қылу мумкін емес» - деді». Сөз соңы.

2) Умму Сәләмә (оған Аллаһ разы болсын) былай деді: «Пайғамбарымыздың әйелдерінің біреуі нифас кезінде 40 күн отыратын еді, пайғамбарымыз r оған нифас кезінде тастаған намаздың қазасын өтеуге бұйырмай-тын еді».[27]

Пайдалы мәселе:

Егер нифас көрген әйелдің қаны 40-күннен бұрын тоқтаса, ол ғұсыл алып намазын оқиды және оразасын ұстай береді. Кейін оған қайта қан келсе, дұрысырағы — оны нифас деп есептейді де, намаз бен оразасын тоқтатады. Сол қаны тоқтап, тазара қалған кездегі тұтқан оразасы дұрыс болады, оны өтеудің қажеті жоқ. Бұл жайында кеңірек білгісі кеген адам шейх Мухаммад ибн Ибрахимнің фатауалар жинағын оқысын (2/102), және шейх ибн Баздың фатауаларын (1/44), ибн Қаймнің «Задуль Мустақниғ» атты кітапқа жазған түсініктемесін (1/405) оқысын. Сондай-ақ Мухаммад ибн Салих Усайминнің «Әйелдердің табиғи қандары» атты кітапшасын (55-56 бет) және Әс-Сағдия фатуаларын (137 бет) оқысын.

Маңызды мәселе:

Шейх Абдурахман ибн Сағди (Аллаһ оны рақым етсін) былай дейді: «Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны: Нифас — босану себепті келген қан,истихада қаны — ауру және тағы басқа нәрселер себепті келген қан. Ал етеккір — ол негізгі қан. Аллаһ білушірек!»[28]

Дәрілер ішу

Егер әйелдің денсаулығына зиян болмаса, оған етеккірді тоқтататын дәрілер ішуіне болады. Дәрі ішіп, етеккірді тоқтатса, басқа таза әйелдер сияқты намаз оқып, ораза тұтуына және Қағбаны тауаф етуіне болады.

Аборт үкімі

Әй мұсылман қарындасым! Шындығында сен Аллаһ жатырыңда жаратқан нәрестеге жауаптысың. Сондықтан оны жасырма. Аллаһ Құранда:

﴿ وَلاَ يَحِلُّ لَهُنَّ أَن يَكْتُمْنَ مَا خَلَقَ اللّهُ فِي أَرْحَامِهِنَّ إِن كُنَّ يُؤْمِنَّ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ ﴾

«Егер, Аллаһқа және ақірет күніне сенсе, оларға Аллаһ жатырларында жаратқан (нәрестені) жасыру адал болмайды»[29] - деді.

Жатырыңдағы перзентті түсіруге және одан құтылуға қандай жолмен болса да тырыспа. Өйткені Аллаһ Тағала саған егер екі қабат кезіңде қиналатын болсаң көптеген жеңілдіктер берді. Егер екі қадат кезіңде ораза ұстау қиын болса, не жүктігіңе зиян тигізсе, аузыңды ашуды рұқсат етті. Қазіргі кездегі кең таралған аборт операциялары харам нәрсе. Егер жатырыңдағы сәбиге жан үрленіп қойса, кейін ол аборт себепті өлетін болса — бұл Аллаһ харам еткен кінәсәз жанды өлтіру болып табылады. Бұл қылық қылмыстық жаупкершілікке әкеліп соғады, ал ол жауапкершілік — дия төлеу[30].

Және кейбір имамдардың айтуынша кәфәрәт төлеу, ол — бір мүмін құлды азат ету, егер оған шамасы келмесе екі ай қатарынан ораза тұту. Кейбір ғұламалар бұл қылықты — жаңа туылған сәбиді тірідей топырақ астына көму деп атаған. Шейх Мухаммад ибн Ибрахим фатауалар жинағында (151/11):«Жатырдағы сәбидің өлгені анықталмайынша, оны түсіруге әрекеттенуге болмай-ды, егер анықталса, болады» - деді. Сөз соңы.

Жоғары ғұламалар бірлестігі (140-сан, 1408/6/20х) төмендегі нәрселерге мынандай қаулы шығарды:

1)Қандай кезеңде болса да жүктікті түсіруге болмайды, тек шарғи дәлел болса және өте қиын, тар жағдайларда ғана болады.

2)Егер жатырдағы нәресте жетілудің бастапқы кезеңінде болса (яғни 40күн) оны бала тәрбиесінің қиыншылығынан қорыққандық-тан, не оның өмір сүруін, оқуын қамтамасыз ете алмаудан немесе олардың болашағынан қорыққандығынан түсіру немесе ата-ананың бар балаларымен шектелгендігінен нәрестені түсіру — тыйым салынады.

3)Жүктік түйір қан немесе ет болса, оны сенімді дәрігерлік комитеті әйелдің жүкті болуы қатерлі, оны өлімге алып барады деген қаулы қабылдағанға дейін және сол қатерлерді кетіру үшін барлық жолдарды толық қабылдағанға дейін оны түсіруге болмайды.

4)Сәбидің жетілуінің үшінші кезеңінен кейін және оған 4 ай толғаннан кейін арнайы сенімді дәрігерлер жиыны оның шешесінің қарнында қалуы — шешесінің өліміне себеп болады деген қаулы шығарғанға дейін оны түсіруге болмайды. Бұл нәрсе оның өмірін сақтап қалуға барлық жолдарды пайдаланғаннан кейін болады. Сәбидің түсіруіне қадам бастырған тек бұл шарттар: екі түрлі зиянның үлкенін кетіру және екі пайдалы нәрсенің үлкенірегін істеу.

Ғұламалар мәжілісі жоғарыдағы нәрселерге қаулы шығарғанда Аллаһқа тақуалық және осы істе берік болуды өсиет етеді. Аллаһ тауфиқ иесі, пайғамбарымыз Мұхаммадке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын! Сөз соңы.

Шейх Мухаммад ибн Усаймин «Әйелдердің табиғи қандары» атты кітапшасында былай дейді: «Егер сәбиді түсіруден болған мақсат — оны құрту болса, және осы нәрсе оған жан үрленгеннен кейін болса, оның харам екендігінде еш күмән жоқ. Өйткені бұл жазықсыз жанды өлтіруге жатады, ал оны өлтіру Құран, сүннет және ғұламалар келісімі бойынша харам етілген".

Имам ибн Жаузий «Әйелдер үкімі» атты кітаптың 108-109 беттерінде былай деді: «Некенің мақсаты перзент талап ету болса, алайда әр судан бала бола бермейді, егер ол пайда болса, мақсатқа жетіледі. Кейін оны әдейілеп түсіру некенің даналығына қайшы келеді. Егер оны түсіру жүктіктің алғашқы, оған жан үрленбеген кезеңінде болса, ол үлкен күнә болады. Өйткені жатырдағы нересте кәміл, әрі толық болайын деп тұр. Егер жан үрленгеннен кейін оны әдейілеп түсірсе, бұның күнәсі алғашқыдан да үлкенірек болады. Сондықтан егер жан үрленгеннен кейін оны әдейілеп түсірсе, ол бір мүмін адамды өлтіргендей болады. Аллаһ Тағала Құранда:

﴿وَإِذَا الْمَوْؤُودَةُ سُئِلَت، بِأَيِّ ذَنبٍ قُتِلَتْ﴾

«Тірідей көмілген (әрбір) қыздың қандай күнасы үшін өлтірілгендігі сұралғанда»[31] - деді".Сөз соңы.

Сондықтан, әй мұсылманның қыздары, Аллаһтан қорқыңдар! Бұл қылмысты қылыққа қандай да бір мақсат үшін болса да қадам баспаңдар! Содай-ақ ақыл-ойға не дінге сүйенбейтін өтірік еліктеулер мен адастырушылардың шақыруларына алданбаңдар!

Аударған: Сабиев Талғат



жалғасы бар...


[1] Идда сөзі арап тілінде санау деген мағынаны білідреді. Ал шариғаттағы мағынасы: әйел үшін ажырасқаннан кейін белгіленген мерзімді айтады. Әйел сол уақыт аралығында күйеуге шықпай, уақытының біткенін күтеді және уақыты біткеннен кейін оған басқа күйеуге шығуына рұқсат етіледі.

[2] Талақ. 4

[3] Бақара. 222

[4] Муслим р-ты.

[5] Бухарйи, Муслим р-ты.

[6] Бухарйи, Муслим р-ты.

[7] Уақиға. 79

[8] Ән-Насаи және т.б.

[9]Мутауатир: бір жамағаттан көптеген жамағаттар риуаят еткен және олардың көптігінен сол хадистің өтірік екендігіне келісулері мүмкін болмаған хадис.

[10] Бухарйи, Муслим р-ты.

[11] Абу Дауд р-ты.

[12] Ибн Мәжжә р-ты.

[13] Муслим, Абу Дауд, Тирмизйи, Ән-Насайи, Ибн Мәжжә.

[14]Абу Дауд р-ты.

[15] Рофғ: "Пайғамбарымыздың айтқан хадисі" деген үкімді білдіреді.

[16] Бухарйи р-ты.

[17]Сабын не шампунь сияқты нәрселер.

[18] Муслим.

[19] Бухарйи, Муслим р-ты.

[20] Дәрет ал дегені: истихада қанның келгені үшін ғұсыл құйыну керек емес, тек әдеттегі дәрет алса жетеді. Хұсылды тек етеккір біткенде құйынады.

[21] Абу Дауд пен Ән Насаи риуаяты және бұны Ибн Хиббан мен Әл-Хаким сахих деді.

[22] Муслим, Абу Дауд, Тирмизйи, Ән-Насаи, Ибн Мәжжә р-ты. Имам Тирмизи бұл хадисті сахих деді.

[23]Абу Дауд, Ибн Мәжжә, Тирмизи р-ты. Тирмизи бұл хадисті сахих деді.

[24]Прокладкалар

[25] Тирмизи.

[26] Яғни: қырық күнге дейін келген қанды нифас деп есептеп, намаз, оразаны тоқтататын еді деген мағынада.

[27] Абу Дауд.

[28]«Білім және ақыл иелерінің нұсқаулары» атты кітапты қара.

[29]Бақара. 228

[30]Дия: біреуге зиян тигізгндігі үшін сол зиян шеккен адамға төленетін мал (ақша) мөлшері.

[31]Текуир. 8-9

Наши рекомендации