Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстар- қанатты достар.

ІІІ. Жұмбақ.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)

ІҮ.Сұрақтар.

А) Көктем айларын ата!

Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

В) Ең алғаш шығатын гүл?

Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

Д) Киелі құс?

Е) Қандай құстың құйрығы айыр?

Ү. Ән «Ақ көгершін» 4а – сынып

Сұрақтар.

А) Адамдар көктемде қалай киінеді?

Б) Түнде ұшатын құсты ата!

В) Орман дәрігері?

Г) Өз атын өзі шақыратын құс?

Д) Сөйлейтін құс?

Е) Көгершін қандай құс?

ҮІ. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

Оқушылар өлең оқиды.

ҮІІ. Ән «Торғай» 3а- сынып.

Кім көп құс біледі?

Құс аттарын параққа жазу.

ҮІІІ. «Мақал- мәтел, жұмбақ» сайысына кезек берейік.

Бұлбұл үнді, жылап тілді.

Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

Ер жаңылып қолға түсер,

Құс жаңылып торға түсер.

Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

Қаз келсе, жаз келер.

Жұмбақтар:

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады. (қарлығаш)

ІХ. «Аққу биі» 3-4 сыныптар.

Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады

Х. Қорытынды.

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстар- қанатты достар.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Өлең, жырларды мәнерлеп, нақышына келтіріп айтуға үйрету. Құстар туралы әңгімелер, ертегілер айту. Құстар- бау- бақшаның сәні, әні, емшілері екенін ұғындыру. Оқушыларды табиғатты сүйіп, құстарға қамқорлық жасай білуге баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, құстар суреті, слайд, жұмбақтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Кіріспе сөз
- Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз. Құстар бау- бақшаның сәні, бау- бақшаның емшілері. Құстар- біздің досымыз. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді. Біздің халық ежелден- ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеген.
- Балалар, табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес.
- Елімізде 500- ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді. Жыл құстары дегеніміз- салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.
- Енді балалар, өзіміздің құстар туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.

Тақырыбы: «Құстарға қамқор болайық!»
Сыныптан тыс жұмыстың мәнi жоғары. Кеңейтiлiп жүргiзiлген сы-ныптан тыс жұмыстың тәрбиелiк, дамытушылық, бiлiмдiлiк маңызы зор.
Сабақтың мақсаты: а) Таныс емес құстармен танысу, олар жайлы мағлұ-мат алу. Азайып кеткен құстар жайлы, "Қызыл кiтапқа" енген құстармен танысу. Оларды қамқорлыққа алу. Құстарды топқа бөлу:
ә) Құстар туралы мақал-мәтелдердi, нақыл сөздердi жатқа айту. Ол сөздердi өмiрде өз орнымен қолдана бiлу;
б) "Құстар" деген сөзтiзбектi шешу арқылы алған бiлiмдерiн бекiту. Шы-ғармашылық жұмыстар жүргiзу;
в) Ойын: "Құстарды дыбысы арқылы табу".
Биiктiкке секiру арқылы биiк ұшатын құстарды білу. Оқушыларды ептiлiкке, шапшаң қимылға үйрету. Денешынықтыру сабағымен бай-ланыстыру.
Көрнекiлiктер: "Бүркiт - құс тәңiрi", "Қарға жемтiгiн басып жейдi, ақ сұңқар шашып жейдi", "құста сүт жоқ жылқыда өт жоқ", "Аққуды атуға болмайды, достықты сатуға болмайды" деген сөздер жазылған плакаттар, орман құстары, тау құстары, су құстары, үй құстары деп топтап, әр құстардың салынған суреттерiн iлу. (Ол суреттердi алдын ала оқушылардың өздерi салған).
Сыныпаралық жарыс мынадай жоспар арқылы жүргiзiлдi.
Жоспар:
1) Екi топ сұрақ қою арқылы бiр-бiрiнiң атын табу,
а) бiр-бiрiне достық сәлемi.
2) Туған жер, құстар жайлы поэзия минутын жасау.
3) Құстар туралы ән айту, би билеу.
4) Құстар әлемiнде. Әр топтың қатысушылары құстар жайлы шағын, шебер тiлмен әңгiме айту:
а) мақал-мәтелдер айту.
5) "Құстар" деген сөзтiзбек шешу.
6) Ойындар ойнау.
а) құстар жарысы. Биiк ұшатын құстар болып секiру;
ә) құстардың дыбысын салу арқылы қандай құс екенiн табу.
7) Екi топтың оқушылары құстарға байланысты бiр-бiрiне әзiрлеген сыйы (өздерi жасаған).
.8) Екi топ бiрге "Құстар қайтьш барады" әнiн орындау.
I топ жетекшiсi:
— Yй маңына үйiр, адамға жакын, ел тыныштығының белгiсi (символы) кандай құс?
- Ақ көгершiн. (Шешiлген соң кеуделерiне ақ көгершiн суретiн тағу).
II топ:

Ең биiк ұшатын құс әлемде,
Киелi құс, ғажайып құс бар елге.
Шың басына ұя салар өздерi
Бұл қандай құс, айтыңдаршы
өздерiң ?
Кеуделерiне ұлардың суретi бар белгiлерiн тағады.
I топ:
ақ, кептерлер ~ бейбiтшiлiк белгiсi
деп бiлвмiз,
Сондықтан да тобымызды
"Ақ көгершiн " атадық .
Құстар жайлы сынасалық бiлiмiңдi
бiлетiн
Болашақтың ата берсiн арайланып
ақ, таңы.
I топ жетекшiсi: — "Ақ көгершiн" тобынан " Ұлар" тобына достық сәлем! (иiлiп бәрi сәлемдеседi).
II топ:
Ұлар құс қанат қаққан биiктерде,
Тастақтан еңбектенiп жемiн терген.
Сондықтан "Ұлар " дедiк
тобымызды
Бiрге ұшайық жаңа өмiрге
■ , бiлiмменен.
II топ жетекшiсi: — "Ұлар" тобы нан "Ақ көгершiн" тобына жалынды сәлем! (барлығы иiлiп сәлем бередi).
I топ: "Отаным" М.Мақатаев өлеңiн мәнерлеп оқиды.
II топ: "Ұлар — құс" өлеңiн орындап бередi.
Екi топ кезектесе отырып, суретiн көрсете отырып, әр топтағы құстар жайлы шағын, көркем тiлмен әңгiмелеп бередi.
Дуадақ — басы, мойны сұр, арқасы жирен, бауыры, қанаты ақ, сал-мағы 6 кг, денесi мықты құс. Ол 1800-2000 метрге дейiн ұшады.
Дуадақ зиянкес насекомдармен, арам шөптермен қоректенедi. Ол су құсы. Дуадақтың етi дәмдi болғандықтан, оны көптеп аулаған. Сондықтан олардың саны азайьш кеткен. Кең, жазық даланың тамаша сәндi құсы—дуадақты қорғау, оның санын көбейту үшiн қолдан келген барлық күшті салуымыз керек.
Тоты - түсi құлпырған имек тұмсық құс. Олар Африка, Америка ормандарын мекендейдi. Тоты сомданып бiткен имек тұмсығымен өсiмдiк жемiсi мен қатты жаңғағын да шағады. Тұмсығы ағаш бұтағына өрмеле-генде аяқтың кызметiн атқарады.
Табиғат аясында тотылар бiр-бiрiмен баж-баж еткен жағымсыз үнмен немесе незiк үнмен тiлдесе бередi. Қолға үйретiлген тотылар же-келеген сөздердi де қайталайды. Сөз жаттауға Африканың Жако, Амери-каның Амазон тотылары өте бейiм.
Бiздiң елде Автрияның қолға үйретiлген тотылары көп тараған. Олар үй жағдайында өсе бередi.
Тарғак,. Сырт пiшiнi қызғышқа ұқсайды, бiрақ одан гөрi аяғы ұзындау, денесi сидам, кимылы ширак. Салмағы 170-250 г.
Тарғақ жыл құсы. Ол жердi шұңқырлайды да жусан мен басқа шөптердi төсеп ұя жасайды. Оған сарғылт сепкiлi бар 2-5 жұмыртқа салады. Оны әтешi мен мекиенi кезек басып, 21-25 күнде шығарады. Оның жұмыртқасын жарсаң, бетiңе тарғыл пайда болады. Тарғақ пайдалы құс. Олар көбелек жұмыртқасын, шеriртке сияқты зиянкестердi жеп пайда келтiредi. Ол "Қызыл кiтапқа" енiп, қорғауға алынған.
Тырна. Тырна өте сақ құс. Ол су құсы. Ол су қатқанда күздiң соңына қарай қайтады. Аспанда бұрыш жасап, тiзбектелiп ұшады.
Қар ерiп, сай-сала бұлак суына толғанда көктем жаршысындай болып, тыраулап тырналар келедi.
Тауыс. Тауыстың ғажап көркi ертеден адамды қызықтырған. Олар Yңдiстан, Онтүстiк теңiз аралынан әкелiнген, оны әсем құс есебiнде өсiрген. Олар 5-6 жұмыртқа салады, ұя басып жаткан кезде орнынан тапжылмайды. Тауыс өсiмдiктермен қоректенедi.
Ақ суңқар. Салмағы 2 кг, дене тұрқы 55-60 см. Түсi әр жерде әр түрлi болады. Ақ шұбар, сұр теңбiлi болады. Оның тұмсығы темiрдей қатты, қанаты ұзын, жiлiншiгi қысқа, бiтiмi жұмыр, денесi мығым. Оның қанат қағу, самғау, шүйiлу, құсқа түсу әдiстерi бар.
Құсбегiлер оны қазақ жерiнiң құсы емес, Сiбiрдiң құсы дейдi. Құсбегiлер ақ сұңқарды қолға үйретiп, баптап, дуадақ, қаз, үйрек, қырғауыл, құр, шiл сияқты құстарға салады.
Ұлар. "Ұлытауға шықтың ба, ұлар құсты көрдiң бе" деген қазақтың қанатты сөзi тегiн айтылмаған. Ұлар 2100-4500 м биiк шыңдар мен құздарды мекендейтiн, көзге көп көрiне бермейтiн құс. Денесi ыкшам, мойны қысқа, басы кiшiлеу. Арқа жағында аздап ақ жолақтары сұрғылт, желкесi мен мойыны көк. Мойнының екi жағында қызыл, қоңыр қауырсынмен көмкерiлген ақ жолақтары болады. Бауыры қызыл қоңыр, тұмсығы қызыл. Ұлардың салмағы 2-4 кг. Етi тығыз әрi тәттi, өте дәмдi. Ұлар әртүрлi дәндi дакылдар мен өсiмдiктермен коректенедi. Қыста олар 10-15 болып бiрiгiп өмiр сүредi.j
Ұлардың жауы бүркiт, ителri, лашын сияқты қ ыран құстар. Олардың саны азайғандықтан, "Қызыл кiтапқа" енген.
Осы сиякты шағын әнгiмелер, лашын, түйеқұс, шағала, үкi, құр, бүркiт, ұзақ туралы қызықты әнгiмелендi.
2 топ құстар туралы ән айтып, би биледi. Содан кейiн 2 топ кезектесiп құстар туралы нақыл сөздер айтты.
1. Бүркiт — құс тәңiрiсi. 2. Лашын — құстың жендетi. 3. Қаршыға — құстың ұрысы. 4. Қаршыға — құстың патшасы кiрпияз келедi, сұңқар — құстың төресi қомағай келедi. 5.Қыран жетпеген жерге киял жетедi. 6. Құстың алғанынан салғаны қызық. 7. Құс канатымен ұшып, құйрығымен қонады. 8. Көк құрақ - көлдiң сәулетi, аң мен құс - елдiң сәулетi.
"Құстар" сөзтiзбегiн шешу (2 топ балалары бiрiгiп).
а қ қ У
ұ л а Р
т а у ы с
т о т ы
ш а ғ а л а
т а р ғ а қ
1. Суда жұбын жазбай жүретiн, ең әдемi, достыққа берiк құс.
2. 4500 м шың, құзды, тауды мекендейтiн, етi дәмдi, "Қызыл кiтапқа" енген құс.
3. Әдемi, көрiктi, дауысы мысықтың даусыңдай құс.
4. Сөйлей алатын, колға үйретiлген құс.
5. Су тазалығын сақтайтын санитар құс.
6. Жұмыртқасында секпiлi бар, "Қызыл кiтапқаа" енген құс.
Ойындар.
а) 2 топ биiк ұшатын құстарды атайды.
Ұлар - 4500 м
Бүркiт — 2100 м
Шағала-2000 м
Тырна— 1100м
Дуадақ - 1800-2000 м
ә) Бiр топ құстардың дыбысын дыбыстайды, қарсы топ оны шешедi. Қай-тып жатқан құстармен қоштасу.
Жылы жаққа барады құстар ұшып,
Құт мекенiн қарсы алып жиын-құшып.
Аман-есен оралыңдар күн жылына,
Бiз дайынбыз қарсы алуға
жыл құсын да.
"Құстар қайтып барады" әнiн бiрге орындайды.
"Ақ көгершiн" тобы "Ұлар" тобына құс ұяның макетiн тапсырды.
Топ жетекшiсi: 2010 жылдың көктемiнде жыл құстары да есен-сау оралып, ұя жасап балапаңдарын өргiзсiн.
Бiзге де, ұстаздарымызға да осы жылдың көктемiн аман-сау көруге жазсын деп осы құстың ұясының макетiн " Ұлар" тобына тапсырамыз.
" Ұлар" тобы өздерi салған құстардың суретiн сыйлады. Сөйтiп, 2 топ жарыста тең түстi. Сабақ, қызықты өттi.
Қараганды қаласы

Наши рекомендации