Металкескіш станокта металл өңдеу
Бұрғы - металл, ағаш т.б. материалдарды тесуге және дайын тесіктерді кеңейтіп өңдеуге арналған кескіш аспап; жұмысшы белігінде кесуші элементтері бар, ал құйрықшасы станоктың шпинделіне бектіліп, жұмыс атқару үшін одан қозғалыс алатын тесіктерді тесу және кеңейту үшін арналған шыбық түрінде болып келген кесуші құрал.Бұрғы білік тәріздес болып келеді, оның жұмыстық бөлігінің ұшында кескіш не калибрлеуіш тетігі болады, ал сабы бұрғылау станогының шпинделіне немесе патронына, қол аспапқа (электр бұрғы, бәрбі, қол бұрғы, т.б.) бекітіледі. Бұрғының негізгі қозғалысы — айналыс және осьтік беріліс. Бұрғы құралымына байланысты винттік (бұрамалы) немесе спиральді бұрғы, түзу жырашықты бұрғы, центрлік бұрғы, т.б. болып ажыратылады. Бұрғы көміртекті, легирленген, жылдам кесетін болаттан жасалады, беті қатты қорытпалардан не композициялы материалдардан жасалған қабаттармен жабылады.
Бұрамалы бұрғы (Винтовое сверло) — қ. Спираль бұрғы.
Бір жақты бұрғы (Сверло одностороннего резания) — бір негізгі кесу жиегі бар бұрғы.
Көп сатылы бұрғы (Комбинированное ступенчатое сверло) — екі және одан да көп тесіктерді бір уақытта бұрғылауға арналған бұрғы.
Зеңбіректі бұрғы (Пушечное сверло) — осьпен бірге тікбұрыш құрайтын бір негізгі кесу жиегі бар жартылай цилиндр түріндегі бұрғы.
Қаурсынды бұрғы (Перовое сверло) — екі кескіш жиегі бар тілімшемен аяқталатын өзек түріндегі бұрғы.
Айнамалы бұрғы (Вращающееся сверло) — айналмайтын тетікті айналу қозғалысымен өңдейтін бұрғы.
Айналмайтын бұрғы (Невращающееся сверло) — айналмалы тетікті тек осьтік орын ауыстыру арқылы өндейтін бұрғы.
Балдақты бұрғы (Кольцевое сверло) — өнделетін материалдың орталық бөлігін өзек түрінде қалдыра отырып, балдақты беттері бойынша жоңқа алатын бұрғы.
Құрама бұрғы (Сборное сверло) — жекелей жасалған жұмыс бөлігі мен сағадан біріктірілген бүрғы.
Мылтықты бұрғы (Ружейное сверло) — терең бұрғылауға арналған ұзындығы әр түрлі екі негізгі кесу жиегі, жақсартылған бағыты мен АСС (арнайы салқындату сүйығы) жеткізу тесігі бар бұрғы.
Спираль бұрғы (Спиральное сверло) — екі кесу жиегі мен жоңқа шығаруға арналған бұрама бунақтары бар бұрғы.
Тұтас құйылған бұрғы (Монолитное сверло) — тезкескіш болаттан (0,1 — 1,0 мм диаметрлі) немесе қатты қорытпадан (0,6—1,0 мм) тұтас жасалған кіші диаметрлі бұрғы.
Центрлегіш бұрғы (Центровочное сверло) — стандарт центрлітесіктер оюға арналған жұмыс бөлігі бұрғылағыш жөне үңгігіш бөліктерден тұратын бұрғы.
Кескіш
1. кесілетін жерге ыстық газбен оттек жіберетін металдарды кесуге арналған қүрал;
2. кесу бөлігінің белгілі
Aвтомат кескіш (Автоматный резец) — білдек автоматгар мен жартылай автоматтардағы жүмыстарға арналған кескіш.
Алмасты кескіш (Алмазный резец) — алмас үгіндісімен немесе алмас кристалдарымен жабдықталған кескіш.
Аршағыш кескіш(Обдирочный резец) — қаралтым өңдеуге арналған кескіш.
Бунақты кескіш (Канавочный резец) — эр түрлі қималы бунақтар тесуге арналған кескіш.
Бұранда кескіш(Резьбовой резец) — бүранда кесуге арналған кескіш.
Дөңгелек кескіш (Круглый резец) — үшында кесу бөлігі бар сүлбалы пішінді дискі түріндегі кескіш.
Кеңейжонып кескіш (Расточный резец) — тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
Көп зерлі бүранда кескіш (Многониточный резьбовой резец) — кесу бөлігінің үзындығы кесілетін бүранданың екі немесе одан да көп зеріне тең кескіш.
Қайырылған кескіш (Отогнутый резец) — өзек осіне қатысты горизонталь жазықтықта қайырылған бастиегі бар кескіш.
Жонып кескіш (Токарный резец) — жону білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш.
Иілген кескіш (Изогнутый резец) — өзек осіне қатысты вертикаль жазықтықта иілген бастиегі бар кескіш.
Қаралтым кескіш (Черновой резец) — қаралтым өңцеуге арналған кескіш.
Қатты қорытпалы кескіш(Твердосплавный резец) — қатты қорытпамен жабдықталған кескіш.
Қиғыш кескіш (Отрезной резец) — материал қиюға арналған кескіш.
Қашаулы кескіш (Долбежный резец) — қашау білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш. ден (механикалық бекітуге арналған қүрьшғы жөне жоңқа опыру қү- рылғысы жене т.б.) түратын кескіш.
Mеталқышты кескіш (Минералокерамический резец) — металқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Mеханикалық бекітпелі кескіш (Резец с механическим креплением) — кесу тілімшесін механикалық бекітуге арналған қүрылғысы бар кескіш.
Минералқышты кескіш (Минералокерамический резец) — минералқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Қиықжиек кескіш (Фасонный резец) — сыртқы жоне ішкі бетгердің түпбүйірінен қиықжиектер алуға арналған кескіш.
Қоспаланаен кескіш (Легированный резец) — қоспаланған болаттан жасалған немесе қоспаланған болатты тілімшемен жабдықталған кескіш.
Kұрама кескіш (Сборный резец) — өзегі мен бастиегінен басқа бірқатар қүрылымдық элементтер.
Отпелі кескіш (Проходной резец) — айналу денесі түріндегі тетіктердің сыртқы беттерін ендеуге арналған кескіш.
Призмалы кескіш (Призматический резец) — үшында кесу бөлігі бар призма түріндегі кескіш.
Пісірлген кескіш (Сварной резец) — бастиегі өзекке пісірумен бекітілген кескіш.
Радиальды кескіш (Радиальный резец) — осі тетіктің айналу осіне перпендикуляр орналасқан кескіш (мысалы, сүлбалы кескіш).
Радиусты кескіш (Радиусный резец) — радиусты сыртқы немесе ішкі беттерді өндеуге арналған кескіш.
Сұлбалы радиус (Фасонный резец) — кесу бөлігі тетіктің қажет сүлбалы бетінің дөлме-дөл кескіні болып табылатын кескіш.
Сүргілей радиус (Строгальный резец) — сүргілеу білдектеріндегі жүмыстарға арналған кескіш.
Тазалай кескіш (Чистовой резец) — тазалай өндеуге арналған кескіш.
Тангенциальды кескіш (Тангенциальный резец) — өнделетін бетке осі жанама орналасқан кескіш.
Тарақты бүрандакескішті кескіш (Гребенчатый резьбовой резец) — білдек үстағышьшда бекітілген тарақ түріндегі кесу бөлігі бар кескіш.
Тезкесуші кескіш (Быстрорежущий резец) — тезкескіш болаттан жасалған немесе тезкескіш болатты тілімшелермен жабдықталған кескіш.
Терең тесіктерге арналған кенейжонғы кескіш (Расточный резец для глубоких отверстий) — үзындығы диаметрлердің 10 шамаcынан артық тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
Тостағанды кескіш (Чашечный резец)— осі жонылатын дайындаманың осіне перпендикулярлы жазықтықта орналасқан дөңгелек тостаған түріндегі кескіш.
Түтас кескіш (Цельный резец) — өзегі кесу бөлігімен бірге жасалған кескіш.
Радиондық бұрғы станогы:
Ескі токарлық станогы:
67К25ПФ2 фрезерлік станогі:
Көпшпиндельді бұрғылау станогі:
Айналып тұратын құндық станогі:
Металл емес материалдар
Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. Мысалы, фенол-фармальдегидті Пластмассалар, поливинилхлоридті Пластмассалар, т. б. аталуы да Пластмассаларға байланысты алынған. Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
1. полимерлену өнімдері Пластмассалар (полиэтилен, полистирол, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
2. поликонденсациялану (полиамидтер, полиэфирлер, т.б.) негізіндегі Пластмассалар;
3. хим. модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі Пластмассалар (протеин, целлюлоза, галалит);
4. табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі Пластмассалар Сонымен қатар термопластик. және термореактивті Пластмассалар болады.
Термопластикалық пластмассалар - қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді. Оларды бірнеше қайтара қыздырып, әр түрлі пішінге келтіруге болады. Термореактивті Пластмассалар жылу әсерінен алғашқы кезде пластикалық, одан әрі қыздырғанда химиялық өзгеріске ұшырайды. Оларды алу үшін құрылысы торланған қосылыстарға тез өтетін полимерлер (эпоксид, анилин, фенол-альдегид, т.б.) қолданылады. Пластмассалардың бұл түрінен жасалған бұйымдар шыны тәрізді, сол қалпын терм. деструкция басталғанға дейін сақтайды. Олар 100 — 500oС аралығындағы температурада өзгеріске ұшырамайды. Пластмассалар электртехника, машина жасау, құрылыс өнеркәсіптерінде, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады. Пластмассалар өндіру зауыттары Қазақстанда Маңғыстау,Атырау облыстарында бар.
Пластмасса негізгі қолданылу саласына қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
· Конструкциялық;
· Электр және радио техникалық;
· Антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақтылық;
· Дыбыс және жылу оқшаулағыштар;
Әр алуан материлдардың жақсы қасиеттері пластмассаладран табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып саналады. Мысалы, болатты алатын болсақ, ол өте берік, бірақ меншікті салмағы ауыр, мөлдір емес, электрден қорғай алмайды. Ағашты алсақ, ол жеңіл, бірақ берік емес, шіритін материал. Ал пластмассалар осы күрделі талаптардың барлығына жауап бере алады. Олардың арасынан берік те жеңіл. мөлдір және сынбайтын, электрден қорғағыш қасиеттері жоғары және басқа да сапалы қасиеттері бар түрлері кездеседі. Мысалы, химиялық төзімділігі алтын мен платинадан жоғары, үйкеліс коэффициенті өте төмен немесе өте жоғары, тағы басқа материалдар да бар.
Балқытып біріктіру, пісіру – металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық (молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс. Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы, Мысыр пирамидаларынан қалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте «шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды.
Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 жылы орыс ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 жылы орыс инженері Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 жылы орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды. 1949 жылы электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады.
Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т.б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады.
Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады. Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады.
Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып, жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады. Электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен пешінің қаңқасы, т.б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі. Қысым арқылы (қыздырылып немесе қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік, конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т.б. тәсілдері бар. Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына және қосылыстың құрылымына, т.б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру жұмыстары автоматтандырылған.
Полимерді өңдеу мен жабдықтау құрылғысы: