Стансалық технологиялық орталықтың (СТО) жұмыс технологиясы.
Дәріс 13
1.Станциялық технологиялық орталықтың (СТО) жұмыс технологиясы.
2. Құжаттарды өңдеу бойынша опрерациялардың механизациясы және автоматизациясы
Сұрыптау, ірі телімдік, жүк, техникалық жолаушылар станцияларында станциялық технологиялық орталық (СТО) жұмыс істейді. Пойыздарды құрастыру-сұрыптау жұмыстарының көлемі шағын станцияларда пойыздар мен вагондардың құжаттарын өңдеу және станция қызметкерлерін ақпараттармен жедел қамтамасыз ету жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің шағын технологиялық топтары болады. Ірі станциялардың СТО-сында келген пойыздар мен құжаттарды өңдейтін жеке технологиялық операторлар тобы, пойыздарды құрастыру-сұрыптау және оларды жөнелтуге дайындау үрдісімен шұғылданатын жеке технологиялық тобы жұмыс істейді. СТО-ның пойыздарды қарсы алуменжәне жөнелтумен шұғылданатын технологиялық топтары, әдетте, сұрыптау дөңесіндегі ғимаратта орналасады (1-сурет). Көптеген станциялардағы осындай ғимараттарға ақпараттық орталық, сондай-ақ СТО-ны есепке алумен және есеп берумен айналысатын жеке топтары орналасады. СТО-ның үй-жайларының маңына ДСЦ (станция диспетчері), ДСПГ (дөңес кезекшісі) және дөңестің операторлары орналасады.
1.сурет. Объектілердің СТО-да орналасу сызбасы:
1– телеграмма-анықтама қағазы; 2 – белгіленген телграмма-анықтама қағазы; 4 – келген пойыздардың тасымалдау құжаттары; 5 – құрамды дөңестен тарату бағдарламасы; 6 – вагондардың жинақталуын есепке алу қағазы; 7 – жөнелтілген пойыздардың анықтама қағазының көшірмесі; 8 – есепке алу және есеп беру құжаттары
СТО-да мынандай негізгі жұмыстар атқарылады:
· пойыздардың, вагондар мен жүктердің жақындауы жөніндегі ақпараттарды алып, өңдейді;
· тарды алып, өңдейді;
· келген, жөнелтетін пойыздарды өңдейді және құжаттарын дайындайды;
· сұрыптау жолдары мен тиеп-түсіру қосындарындағы вагондардың бар-жоқтығы мен орналасуының үздіксіз нөмірлі есебі жүргізіледі;
· келген жергілікті вагондардың тасымалдау құжаттарын тауар кеңсесіне өткізіп, одан тиелген вагондардың тасымалдау құжаттарын қабылдайды;
· сұрыпталатын құрамдарға сұрыптау қағаздарын толтырады;
· құрастыру жоспары мен ТПЕ талаптарына сәйкес құрамдарды құрастырудың, пойыздардың массалары мен ұзындықтарының белгіленген нормаларының сақталуын бақылайды;
· станцияларда вагондардың дер кезiнде жөнелтілуін бақылайды және тасымалдау құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
· жөнелтілетін пойыздарға қатысты ақпараттарды басқа станцияларға береді және жүктің келуі жөніндегі, вагондардың жүк түсіруге берілуі туралы ақпаратты жүк иелеріне жеткізеді;
· белгіленген түрде есепке алу мен есеп беруді жүргізеді.
Құрастырылған пойыздардың анықтама қағаздарын дер кезiнде дайындау үшін және тасымалдау құжаттарын іріктеу үшін СТО операторлары сұрыптау жолдарында вагондардың бар-жоқтығы және орналасуы туралы үздіксіз нөмірлі есеп жүргізеді.
Әрбір сұрыптау жолындағы вагондардың жинақталуына қарай СТО операторы (жинақтаушы) олардың саны мен массасын өсуіне қарай санап, диспетчерге хабарлап отырады.Сұрыптауға түсетiн пойыздардың барлығы қабылдау паркiне қабылданады. Пойыз келместен бұрын СТО телетайп немесе телеграф арқылы пойызды құрастырған стансадан, немесе көршi стансадан пойыздың құрамы жөнiнде нақты хабар алады, олар анықтама қағазының (копии натурного листа) 3 көшiрмесiн тұрады. Анықтама қағазда пойыздың номiрi, құрастырған және баратын стансаның аттары, вагондардың пойызда орналасқан тәртiбiне сай нөмiрлерi, пойыздың ұзындығымен салмағы т.б. белгiлер көрсетiлген және пойыз сұрыптауға түскенше құжаттармен бiрге болады. СТО операторы телеграмма арқылы алынған анықтама қағазы арқылы, пойыздарды құрастыру жоспары ПФП бойынша орналастырады және ПҚЖ-на сай вагондардың салмағымен санын есептейдi.
Алынған телеграммаларды белгiлеп алғаннан кейiн – 2 көшiрмесiн маневр диспетчерiне бередi ол пойыздарды сұрыптау жоспарын анықтайды. Оның 1 көшiрмесiн СТО-ның жинақтау операторына бередi, ол сұрыптау жолдарындағы вагондардың орналасуына байланысты тiркеу қағаздарын реттейдi. 2-шi көшiрмесiн сұрыптау қағаздарын реттейтiн операторға бередi және ол телеграмма арқылы алынған анықтама қағазы (телеграмма натурного листа ТГНЛ) арқылы пойыздың толық келгенiн тексередi. 3-шi көшiрме ПТО операторына жiберiледi олар вагондардың шлангаларын (рукавов) ажыратады, Жергiлiктi вагонның құжаттары тiркеуден өткiзiп жүк конторасына, ал транзиттi вагондардың құжаттарын жөнелту операторына жiбередi.
Вагондарды тастауды ДСПГ басқарады, телеграмма арқылы алынған анықтама қағазы (телеграмма натурного листа ТГНЛ)бойынша, немесе белгiленiп тiркелген тастауға қойылған байлам бойынша сұрыптау қағазы арқылы. (ДВ, ВВ и др.). Дөңестiң автоматтанған орталығының (ГАЦ) операторы ажыратылған вагондардың бағытына сай маршрут дайындайды.
Құлдилау жылдамдығын автоматты түрде белгiлеу (АЗСР) орналасқан дөңесте ДСПГ құрамдағы вагондарды тастау алдын санайтын құрылғылар арқылы программаға кiргiзедi.
ДСПГ тастаудың басталатынын хабарлайды.
Құрамды дөңестен тастау әр түрлi жылдамдықпен iске асырылады, АЗСР орналасқан жерде жылдамдық автоматты түрде берiледi және дөңестiң бағдаршамындағы белгiлер арқылы да атқарылады.
Дөңестiң операция элементтерiнiң өлшемi
tз=0,06 (l3’+ l3”)/VЗ+tnд
tnд – қозғалыс бағытын өзгертуге кететiн уақыт.
Немесе tз өлшемiмен анықталады.
tнад=0,06lнад/Vнад
немесе tнад=1,417+0,068× (lнад-60)/10
tр=0,06lс/Vр
tос=0,06×m
жиынтығы: Трф=tз+tн+tр+tос
Әрбiр дөңесте орындалатын операциялар өлшемi негiзделген байламдарға байланысты. (схемы путевого развития, плана и профиля)
Дөңес жұмысының негiзгi көрсеткiшi болып дөңес интервалы саналады – ол бiр составты тастауды бастағаннан бастап келесi составты тастауды бастағанға дейiнгi уақытты айтады және дөңестiң технологиялық жұмыс графигiнiң сызбасын түсiрумен шектеледi.
Дөңестiң технологиялық циклы деп – дөңесте iстелiнген барлық операциялар мен дөңестен тасталынған составты кейiн шегiндiдуiнде және осы операцияны қайталауға дейiнгi уақыт (Тцг).
Дөңестiң орташа интервалы tгц=Тцг/Nц
Nц – бiр цикл iшiндегi сұрыпталған пойыздар саны.
Дөңестiң негiзгi жұмысы сұрыптау-құрастырудан басқа, дөңесте жүк тиелген жергiлiктi вагондарды баратын стансасына карай сұрыптау жұмысы жүргiзiледi, тағыда сұрыптауды қайталауымыз мүмкiн. Дөңес жұмысының технологиялық үзiлiсiне байланысты, дөңес интервалының tг орташа мәнi және құрастыруды аяқтауға кететiн уақыт.
tч=tчц(1+(Ттп+Тоф’)/(1440-(Ттп+Тофг)))
Ттп – тәулiктегi техникалық үзiлiске кететiн уақыт қосындысы (вагондарды тастауды басқаға өткiзуге байланысты, вагондарды қайтадан сұрыптау, дөңес құрылғыларын жөндеу, локомотив бригадасын алмастыру және экипировка жасау)
Тоф’ – тәулiктегi пойыздарды құрастыруды аяқтаудағы дөңес операцияларының қосындысы.
Құрамды сұрыптаудағы дөңестiң өңдеу қабiлетi, вагонов в сутки
nч=(1440-( Ттп+Тофг)m)/ tчц
немесе nч=1440/ tч
дөңестiң өңдеу қабiлетiн арттыру тәсiлi.
өңдеу тәсiлiнiң мынаған байланысты:
- жол тарамдарына
Итеру жолдарының көптiгi дөңестен қатарынан басқа құрамды тастауға, немесе дөңес интервалын азайтуға септiгiн тигiзедi. Екiншi жолдың құрылысын енгiзу, бiр жолдағы құрамды сұрыптауды ақырына дейiн бiтiруге, екiншi жолды пайдалана отырып немесе дөңестен қатарынан екi құрамды сұрыптауға болатынын көрсетедi. Айналым жолын пайдалана отырып дөңес локомотивiнiң жұмысын ұйымдастыру, аталмыш толассыз-айналу тәсiлiмен атқарылады – құрамды тастап боғаннан кейiн бiрiншi дөңес локомотивi сұрыптау паркiне кетедi, солжақтан айналым жолы арқылы қабылдау паркiне кiредi, келесi составты iтеру үшiн. Сонымен бiрiншi локомотив жұмысын бiтiргеннен кейiн, екiншi дөңес локомотивi (екi жолдың бiрiмен) составты итерудi бастай беруiне болады.
СП-гi тұрған құрамның толығуын тездету үшiн вагондардың саны жайында, пойызды құрастыру жоспарына сай есеп жүргiзу керек. Сонымен СТЦ операторы (накопитель) сұрыптау жолдарында тұрған вагондардың тұрысына қарай қағазды нөмiрлеп отырады, вагондарды нөмiрлеу қалай болса солай емес дөңестен қалай тасталады солай тiзбектеп тiзiп отыру қажет.
Мұндай есеп маневр диспетчерiне телеграммамен келген анықтама қағазына сай келесi составты дөңестен тастауға мүмкiндiк бередi.
Вагондардың әр түрлi келуi; вагондардың келуi басында аздау болып кейiнiрек вагондардың үлкен тобы келедi
Сұрыптау паркiндегi вагондардың көп тұрып қалуын нақты анықтау үшiн, сол жолға түседi деген вагондардың стансаға келуiн бiлу керек.
Тәулiктегi бiр бағытқа жүретiн вагодардың СП-гi бос тұру уақтысын анықтау. В=сm
мұндағы с – вагондарды жинақтау көрсеткiшi, белгiлi бiр уақыт аралығында әрбiр техникалых стансаларда бос тұратын вагондар санын олардың толықтыру графигiне қарап анықтауға болады, немесе мына формула арқылы анықтаймыз:
С=12(1-2/(к+10))
к – пойыздарды құрастыру жоспар бағытының саны;
m – пойыздағы құрамның орташа саны;
СП-гi толықтыруды күтiп тұрған вагонның орташа уақтысы, сағ.
tн=k×c×m/nпер
nпер – бiр стансадағы, тәулiктегi өңдеуге түсетiн вагондар саны
Толықтыру барысында анықтама қағазын толықтырады.
.
2. СТО-ның операторы құрастырылған составты жөнелту паркiне алып шығу жолында тексередi, ЖП-кi болмаған жағдайда, оператор составтың жанында жүрiп радиосвязбен СТО-на вагон нөмiрiн хабарлайды.
Анықтама қағазының (натурного листа) 3 көшiрмесiн дайындайды: 1-i – тасымалдау құжаттарының пакетiне салынады; 2-i – машинистке берiледi; 3-i – стансада қалады, есепте тұру және келесi стансаға қабарлау үшiн.
Егер составты құрастырған станса көршi стансаға қабарламайтын болса, онда анықтама қағазының 4 көшiрмесiн жасайды: 1-i- пакетке, 2 и 3 машинистке: 2-i қабарлау керек стансаға дейiн, 3-i – баратын стансаға дейiн, 4-i – құрастырған стансаға.
Құрастырылған, (сборные), өткiзетiн (передаточные) және әкетiлiм (вывозные) поездарға анықтама қағазының (натурный лист) 2 көшiрмесi дайындалады: - 1-i поездбен жiберiлсе, ал екiншiсi құрастырған стансада қалады.
СТО-ғы пакеттегi құжаттарды ДСПО жiбередi, ол болса қол қойдырып – машинистке немесе бас кондуктiрге тапсырады.
Егер дөңеске итеру кезiнде бiр дөңес локомотивiнiң қуаты жетпесе, оған екiншi локомотивтi жалғайды, кейiн екiшiнi босатады. Екi жолға қатар тастап құрастырады, бөлек байқаудан өткiзедi, содан соң бiр-бiрiмен жалғап, автотежегiшiн байқаудан өткiзедi.
Составтағы салмақтың ауырлығы мен ұзындығының артуының себебi, транзиттi пойыздарға бас немесе арт жағына, жалғанған бiрнеше топтасқан вагондардың санына байланысты
СТО-ның технологиялық жұмысы
СТО-ық операторының қызметi:
- қабылданған және жөнелтiлген пойыздарды тексеру;
- ТГНЛ-тiң тасымалдау құжаттарымен дәл келетiнiн тексередi,
- қабылдап, тексеру, өңдеу және тасымалдау құжаттарын сақтау, оларды ЖП-не немесе жүк кеңсесiне берiп жiбергенше;
- құрастырылған пойызға анықтама қағазын толтыру, рiктеу және құжаттарға пломба салу;
- сұрыптау қағаздарын құрастыру;
- СЖ-ы мен түсiрiп тиеу жолдарында тұрған вагондардың санын тоқтаусыз есепке алып отыру қажет;
- пойыздарды құрастыру жоспарының орындалуына және пойыздың салмағы мен ұзындығының мөлшерiне бақылау жасау керек.
СТО-ны басқаруға – начальниктiң және ман. диспетчердiң үкiмi жүре алады.
Техникалық жабдықтары: телетайп, пневмопочта үлкен (больших) және кiшi (малых) диаметрлi, компьютеризация, радиостанции, радиосвязь, телеграфная и телефонная связь.
Ең бiрiншi көңiл бөлетiн жай телеграммамен келген анықтама қағазының белгiлерi, темiр жол басқармасындағы сызбамен, бiрiнғай жол желiсiнiң белгiлерi және пойызды құрастыру жоспарымен бiрдей болу керек.
Бiрiнғай жол желiсiнiң белгiлерi деп – жалпы жол басқармасына белгiлi вагондардың бағытының шифры болу керек. Ол стансада пойыздарды құрастырған кезде қай пойызға қай вагонды жалғауға болатынын анықтайды. Барлық темiржол стансаларында алфавиттi тiзiм болады, ол топтасқан операция жасауға мүмкiндiк бередi. Әрбiр стансаның атының жанына бiрiнғай жол желiсiнiң белгiлерi келтiрiлген, тағыда қай жол басқармасына қарайтыны.
Бiрiнғай жол желiсiнiң белгiлерiнiң (ЕСР) пайдасы сошалықты барлық кодтар берiлген: онымен қай ауданда орналасқаны, вагонның қайда баратыны, жүрер жолындағы негiзгi сұрыптау стансасы және баратын стансасы көрсетiлген.
Барлық жол желiсi 99 ауданға бөлiнген, әрбiрiне 1 негiзгi және 99 жүк жұмыстары атқарылатын станса берiлген.
Әрбiр станса 0100-ден 9999-ға кодқа кiредi;
мұнда 01 - № торлы аудан (сетевого), 99 – ст. орналасуы №; 00- негiзгi станса.