Здіксіз әрекетті шприцтердің конструктивті ерекшеліктері
Үздіксіз әрекетті шприцтердің құрылымы төмендегідей:
- ығыстырғышқа берер алдында ет турамасын қабылдауға арналған төңкерілген конус немесе пирамида түріндегі шанақ;
- осы немесе басқа конструкциядағы ығыстырғыш;
- ет турамасын шығаруға арналған құрылғы;
- шприцтің жетегі;
- ығыстырғышқа қызмет көрсететін механизмдер (фильтр, вакуум-сорап және т.б.).
-
Шприцтің жұмысы ең алдымен ығыстырғыштың конструкциясымен анықталады. Ығыстырғыштардың әрбір типінің өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оларға байланысты шприцтердің қолдану аймағы анықталады.
Шестерналы ығыстырғышты шприцтердің артықшылықтары:
- олар шпиксіз тұтқырлығы аз ет турамаларын беруге арналған. Осыған байланысты сосиска және сарделка өндірісінде қолданылады.
Негізгі кемшіліктері:
- ет турамасын үйкелеп, 1-2 градусқа қыздырады.
Мұндай шприцтерге «Донбасс» шприц-мөлшерлегішін жатқызуға болады.
Дегенмен, бұл машинада аралас жұмысшы орган қолданылатынын атап өткен жөн. Ол:
- тік қоректендіргіш шнек орналасқан конусты шанақтан;
- көлденең орнатылған шестерналы ығыстырғыштан;
- екі еселенген айналмалы поршенді мөлшерлегіштен;
.