Дәріс. Қысыммен материалдарды өңдеудің әртүрлі тәсілдері үшін алғашқы материалдар

Металдарды қысыммен өңдеген кезде бастапқы материал ретінде құймакесек, шыбық, әр түрлі сортты пішіндер және т.б. түріндегі болаттардың барлық маркасы, алюминилік, магнилік, титандық қорытпалар, ал тағы да мыс, никель негізіндегі қорытпалар қолданылады. Соғу үшін мысалы құюға дейін толық ашытылатын тыныш болатты қолданады. Қайнаған болаттан жасалған құймакесек соғу үшін азырақ жарамды. Өйткені осы құймакесектегі бос орындарды, көпіршіктерді деформациялау процесінде толық пісіру қиын. Илемдегеннен кейін алынған болаттан немесе түсті металдан жасалған дайындамаларды қалыптау үшін қолданады.

Керекті пластикалық қасиетті қамтамасыз ету үшін металл мен қорытпаларды суық және ыстық (басымырақ) күйде деформациялайды.

Болаттар, көміртегісі бар темір қорытпалары (2,14%) өндірістің кез келген саласында, машинажасуда, металлургияда, құрлыста, автомобилжасауда және т.б. қолданылады. Химиялық құрамына байланысты болаттар көміртекті (Ст3, 08кп және т.б.) және қоспаланған (3Х2В8Ф, 5ХНМ және т.б.) болып екіге бөлінеді. Белгілеуіне байланысты болаттарды құрылымдық және құрал-саймандық деп екіге бөледі. Алыну тәсіліне байланысты болаттар мартендік, бессемерлік, тамастық болып үшке бөлінеді. Ашытылуына байланысты айтылған болаттарды тыныш, жартылай тыныш және қайнаған деп үшке бөледі. Көміртекті болаттар төменгікөміртекті (0,25 % дейін көміртек), орташакөміртекті (0,25-0,6 %) және жоғарыкөміртекті (0,6 жоғары) болып үшке бөлінеді. Төменгі және орташакөміртекті болаттар құрылымдық, ал жоғарыкөміртекті болаттар құрал-саймандық болып саналады. Осы болаттарда пластикалық деформацияның үлкен қоры бар. Сондықтан олар 80 % дейінгі деформация дәрежесімен деформациялануы мүмкін. Жоғарыкөміртекті және жоғарықоспаланған болаттар өңдеудің бір циклінде 60 % дейін деформация дәрежесімен деформацияланады. Сондықтан оларды орташа пластикалық материалдарға жатқызады.

Алюминилік қорытпалар кішкентай меншікті салмаққа және жоғары беріктіктік қасиетке иемденген. Оларды жұмсақ қорытпалар (АМц, АД31, АМГ), орташа қаттылықты қорытпалар (Д1, Д16, АК1) және жоғары беріктікті қорытпалар (АК8, В95) деп үшке бөледі. Осымен бірге алюминилік қорытпаларды термиялық беріктенетін және термиялық беріктенбейтін деп айырады. Алюминилік қорытпалар жоғары пластикалық қасиетке иемденген. Осы себептен оларды көлденең гидравликалық баспақта баспақтап, олардан өте күрделі құрылымы және әр түрлі қимасы бар көптеген пішіндерді жасайды. Алюминилік қорытпалардың кішкентай тығыздық, жегідеге жоғары тұрақтылық, салыстырмалы жоғары механикалық қасиет сияқты қасиеттері, олардан жасалған бұйымдарды машинаның, автомобилжасаудың, құрылыс құрылымының және архитекторлық ғимараттың әр түрлі тетіктерінде қолдануға мүмкіндік береді. Алюминилік қорытпалардан жасалған тұтас және қуыс пішіндердің негізгі тұтынушысы болып авиациалық, кеме жасау, тоңазытқыш техникасы, электртехникалық өндірістер және т.б. саналады. Соңғы жылдары алюминилік қорытпалардан жасалған қуыс пішіндердің түржиыны көбейді. Өйткені оларды құрылымдық және құрлыстық тетіктерді жасау үшін құрлыста кеңінен қолдана бастады.

Мысты және оның негізіндегі қорытпаларды өндірістің көптеген салаларында кеңінен қолданады, мысалы: электртехника, құрылыс, жылуэнергетика және т.б. Мыста жоғары пластикалық қасиет бар. Сондықтан одан МҚӨ барлық тәсілдерімен тетіктер жасайды. Қорытпаларды мынандай екі топқа бөледі: қолалар, жездер. Қысыммен өңделетін жездерді (мыстың мырышпен қорытпалары) 8 таңбаға бөледі. Ыстықтай металдарды қысыммен өңдеу үшін кеңінен Л62 және Л68 таңбалы жездер қолданылады. Қолалар (мыстың қалайымен, алюминимен, марганецпен, кремнимен, бериллимен және басқа элементтермен, мырышты қоспағанда) 10 таңбаға бөлінеді. Қалайысыз қолалар жақсы антифрикциялық және антижегіделік қасиеттермен сипатталады. Олар тұзды суда, майда, буда жақсы жұмыс істей алады.

Магнилік қорытпалар (МА2, МА5, ВМ 65-1) жеңіл қорытпаларға жатады. Олар жоғары жегіделік қасиетке бейім екендігін көрсетеді. Осы себептен оларды белгілі бір шекпен машинажасауда қолданады. Негізінен оларды авмациялық өндірісте кұрылымдық материал ретінде қолданады. Қолдану аймағы мынандай: раакетажасау; ұшақжасау; автомобилжасау; элкетртехникалық өндіріс.

Титандық қорытпалар (ВТ-1) ең үлкен меншікті беріктікке, жоғары антижегіделік тұрақтылықа және отқа төзімділікке иемденген. Осы қорытпаларды авиажасауда, химиялық және көліктік машинажасауда, яғни оларды ракета, ұшақ, сүнгір қайық және т.б. машиналардың тетіктерін жасау үшін қолданады.

Жоғарыда айтылған металдармен бірге халық шаруашылығының әр түрлі саласында басқа металдар мен қорытпалар қолданылады. Мысалы, зергерлік бұйымдарды өндіру үшін алтын, платина, палладий, күміс және олардың негізіндегі қорытпаларды қолданады. Электртехникалық өндіріс үшін вольфрам, молибден және т.б. баяу балқитын қорытпаларды қолданады. Осымен бірге сәндік қорытпа ретінде мысникелді қорытпаларды қолданады, мысалы, мельхиор (МН19), нейзильбер (НМЖМц26-2,5-1,5) және басқа.

Ұсынылған әдебиет: [1] (бет 9); [2] (бет 13).

Наши рекомендации