Ызмет көрсету әдістер мен түрлері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызымет көрсетудің келесі түрле рі қолднылады:
· өзіне-өзі қызмет көрсету
· персоналмен қызмет көрсету
· құрама әдіс
Жаппай қызмет көрсетудің тиімді әдісі өзіне-өзі қызмет көрсету болып табылады, онда тұтынушылар өздері тарату сөрлерінен салқын тағамдар мен тісбасарлар, тәтті тағамдар мен сусындар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, нан және ас аспаптар алады. Ыстық тағамдарды аспаздар тікілей жіберу алдында порциямен құйып береді.
Тарату желісі бойымен қозғалып, тұтынушылар таңдаған тағамдарын подносқа салып, кассирмен есеп-айырсқан сон ас үстелдеріне апарады. Бұл қызмет түрі залдың өткізу қабілетін 20-30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді, екі есе тағам алу уақытын қысқартады және жұмысшылардын еңбек өнімділігін 20% арттырады.
Персоналдық қызмет көрсетуге қатысына байланысты толық және ішінара өзіне-өзі қызмет көрсетуді ажыратады.
Толық өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде тұтынушылар тағамдар мен сусындарды алу, оны үстелге жеткізу және ыдыстарды жинаумен байланысты барлық операцияларды өзі орындайды.
Ішінара қызмет көрсетуде операциялардың көп бөлігін қызмет көрсететін персонал орындайды. Мысалы, түскі ас үзілісі бар өндірістік асханаларда дастарқанды алдын-ала жаю. Тұтынушылар тек тәрелкеге көжелер құйып алады да, қолданған ыдысты жинап алады.
Есеп айырысу әдіс боынша алдын-ала есеп айырсады, кейін есеп айырсатын, тікілей есеп айырсатын, тамақтанып болған сон есеп айырсатын және өзіне-өзі есеп айырысумен өзіне-өзі қызмет көрсету болып ажыратылады.
Алдын-ала есеп айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде тұтынушылар ас мәзіріндегі тағамдар ассортиментімен танысқан соң, кассадан чек немесе талон алады, содан соң сол чек немесе талон бойынша тарату бөлімінен тағамдарды алады. Бұл қызмет көрсету түрінің кемшілігі таратуда өткізу қабілетінің төмен болуы, себебі тағамдары порцялап алатын аспаздар талондар мен чектарды іріктеп қарау керек. Бұл қызмет көрсету түрін қолдануда алдын -ала алған абонемент немесе чектер боынша кешенді түскі астарды алу арқылы тездетуге болады.
Кейін есеп-айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету де тарату желесінің соңында есеп-айырсады. Бұл кезде тұтынушылар тағамдарды тарату желісінде таңдап, соңында олардың құнын төлейді. Бұл қызмет көрсету түрінің артықшылығы тұтынушының тағам тандау мүмкіндігі, аспаздардың тағам салу кезінде чектер іріктеуден босатылады.
Тікелей есеп-айырысумен өзіне-өзі қызмет көрсету бір мезгілде тағам тандау , оны алу және есеп айырысумен қаматамасыз етіледі. Бұл жағыдайда өнімді тұтынушыға жібер мен есеп-айырсу бір жұмышысы жүзеге асады. Көбінесе бұл әдіс түрі дәмханаларда қолданылады.
Тамақтанып болған соң есеп-айырсумен өзіне-өзі қызмет көрсету тұтынушы тағамдар мен сусындарды тандаған соң, тарату желісі соңында кассирден чек алады, оны тағам қабылдап болған соң залдан шығарда төлейді. Бұл қызмет көрсету түрін қолданы есеп-айырсу операциаларын жүргізуді бақылауды күшейтеге ықпал етеді, себебі бірінші кассир өнім құнын есептеп чек берсе, екеншісі тұтынушымен есеп айырсады.
Персоналмен қызмет көрсету уақыты факторынан гөрі ыңғайлақ басты орын алатын кәсіпорындарда қолданылады.
Құрама әдісте екі аталған қызмет көрсету әдісінің үлесімі қоланылады. Мысалы, конфереңцияларға қатысушыларға қызмет көрсету кезінде қонақтар тісбасарлар, десерт, сусындарды және басқа өнімдерді тарату сөрелерінен немесе фуршет үстелдерден өздігінен тандайды, ол бірінші және екінші тағамдарды ұсынғанда даяшылар қызмет көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
Қоғамдық тамақтандыруда қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері:
Қызмет көрсету мақсаттары мен міндеттері
Тамақтану қызметі
Аспаздық өнімдер мен кондитерлік өнімдерді даярлау қызметі
Өнімді тұтынуды ұйымдастыру және қызмет көрсету қызметтері
Аспаздық өнімдерді өткізу қызметі
Бос уақытты ұйымдастыру қызметі
Ақпараттық-кеңес беру қызметі
Қызмет көрсету әдістер мен түрлері
ДӘРІС