Диірменнің тазалау бөлімінде дублер міндетін атқару

Тәжірибеден өту барысында 5-разрядты аппаратшы жұмысы зерттелді, ол келесідей жұмыстарды атқарады:

· Астықты үгітуге дайындау технологиялық үрдісін іске асырады ( астық массасын қоспалардан тазарту, астық бетін «ылғалды» және «құрғақ» әдістермен тазарту);

· Диірменнің үгіту бөлімінің дұрыс және тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді;

· Диірменнің астық тазалау және үгіту бөлімдерінің машиналарының жұмыстарын бақылайды, басқарады және оларға қызмет көрсетеді;

· Машиналарға түсетін жүктелімді реттейді;

· Технологиялық тиімділігі төмен машиналардың жұмысындағы ақау себептерін анықтайды және жояды;

Астықты тазарту және үгітуге дайындау үрдістері бойында даярлау бөлімінің технологиялық үрдісті жүргізуі және ұйымдастыруы, сонымен қатар дайындау бөлімінің элеватор және ұн тарту зауытының үгіту бөлімімен өзара байланысы зерттелді.

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» - тұйық өндірістік сату айналымына ие сатылай біріктірілген холдинг болып табылады. Оның құрамына 17 еншілес және серіктес компаниялар енеді. Компания жұмысының негізгі принциптерінің бірі жаңа технологияларды, оның ішінде менеджмент саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

«Цесна-Астық» концерні - тауар айналымының көлемі бойынша республиканың жүз аса үлкен кәсіпорындарының құрамына енетін, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Негізгі қызмет жасау бағыты тағам өнімдерін шығару, сонымен қатар дистрибуциялық және девелоперлік қызметті іске асыру. Кәсіпорын, «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының, Қазақстанның астық өңдеушілер және нан пісірушілер Одағының, Қазақстан Астық Одағының мүшесі бола отырып, республикадағы осы саланың дамуына айтарлықтар әсер етіп отыр.

«Цесна-Астық» концерні - астықты өндіруден бастап дайын өнімді сатуға дейінгі тұйықталған өндірістік сату айналымын қалыптастыратын, сатылай біріктірілген холдинг болып табылады.

Негізгі қызмет принципі - барлық технологиялық тізбек кезеңдерінде «Цесна» сауда белгісінің жоғарғы деңгейлі сапаға ие өнімдерінің жасалуын қамтамасыз ету.

Өндірілетін өнім түрлері:

· Сұрыпты бидай ұны

· Қарабидай ұны

· Макарон жармасы

· Макарон өнімдері

· Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер

· «Денсаулық өнімдері» сериясы

· Қоспа жем

Жалпы сұрыптама 150ден астам аталымға ие.

Халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі ИСО 9001-2001 сапа бақылау жүйесі сертификатымен расталады.

Компанияның жетістіктері:

- Өз сатып алушыларының сенімі және құрметі;

- «Цесна» брендінің жыл сайынғы құнының 15%дан астам артуы;

- Халықаралық байқаулар және көрмелер нәтижелері бойынша, өндірілетін өнімнің жоғарғы сапасы үшін 100 ден аса жеңіп алынған алтын медальдар.

Өзі жұмыс жасап келе жатқан кезден бері компания өз қызметін Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде де сәтті дамытып келе жатыр.

Өндірілетін өнімнің 40%дан астамы экспортқа шығарылады.

Ұнның жоғарғы сапасына астықты үгітуге мұқият дайындау ақылы қол жеткізіледі. Технологиялық сызбада: астықты жеңіл қосымша заттардан бөлгіште тазарту, ұсақ және үлкен қосымша заттардан ауа бөлгішінде тазарту, минералды қоспалардан тас тазалағышта тазарту, бөлінуі қиын қосымша заттардан триерде тазарту, астықты екі қайтара өңдеу, астықты қарқынды ылғалдандыру қарастырылған.

Астық элеватордағы сыйымдылығы 1200 тонна бункерлерден, НЦ-100 нориясы және ЛТ-650 маркалы таспалы тасымалдаушы (ол жерде магнитті бөлгіш орналасқан) көмегімен Түркияда жасалған ART маркалы бөлгішінің екі ауамен бөлігіне беріледі, бұл жерде астық жеңіл қосымша заттардан, шаңнан, қабыршықтардан, ұсақ басқа да дақылдардан тазартылады. Әрі қарай астық А1-БЛС-12 маркалы бөлгішіне келіп түседі, бұл жерде үлкен және кіші қоқымдар алынып тасталады. Осыдан кейін астық Р3-БКТ-150 маркалы тастан тазарту машинасына беріледі, бұл жерде кіші минералды қоспалардан тазартылады. Содан соң астық ультратриерге барады, ол жерде ұзын және қысқа қоспалардан бөлініп алынады (қарамықша, қарасұлы). Әрі қарай астық массасы ауа қайта айналымы бар аспираторға келіп түседі, бұл жерде астықты ұсақ қоспалардан, шаңнан, құмнан тазарту іске асады. Әрі қарай НЦ-20 нориясы көмегімен астық ANA NKS 45 маркалы машинаға беріледі, ол жерде астық құрғақ әдіспен өңделеді.

Қоспалардан тазартылу деңгейіне қарай бөлгіш жұмысының тиімділігін бағалайды. Егер қоспалардың 65%дан кем емес бөлігі тазартылған болса, жұмыс тиімді болып саналады. Триер жұмысының тиімділігі бөлгіштікі тәрізді формуламен есептеледі. Егер триер астықтан 70%дан кем емес қоспаларды тазартса, ал 5%дан аспайтын астық қалдықтармен бірге шықса жұмыс тиімді болып саналады. Егер күлділіктің төмендеу 0,03-0,05% құраса, машина жұмысы тиімді болып табылады. Тастан ажыратқыш жұмысы 95%дан кем емес қоспаларды тазартқан жағдайда тиімді болып саналады.

Тазартылған астық қарқынды ылғалдандыру машинасына келіп түседі, содан кейін бұрандалы тасымалдағышқа орналасады және ылғал сіңдіру үшін бункерге жіберіледі.

Бірінші ылғалдандыру кезінде ылғал сіңдіру уақыты 16-18 сағат, екінші ылғал сіңдіруде астық ылғалдылығы қалыпқа түседі және ұзақтық 4-5 сағатты құрайды.

Бірінші және екінші ылғал сіңдіруден кейін астық соңғы машинаға және содан кейін аспираторға жіберіледі, ол жерде астық жеңіл қоспалардан ақырғы рет тазартылады, содан кейін ылғалдандыру А1-БАЗ ылғалдандыру аппаратында іске асады және астық, бірінші ұсату жүйесі алдындағы, сыйымдылығы 3 тонна бункерге жіберіледі.

Астық тазарту бөлімінің машиналары машиналардың өнімділігіне қарай арнайы жасалған, жинақылығымен және жоғарғы технологиялық тиімділігімен ерекшеленеді.

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» диірменінің дайындау бөлігінде қолданылатын жабдықтар

А1-БЗО скальператор

Үлкен қоспаларды бөліп алуға арналған. Астық қабылдау құралы арқылы 25х25 мм көлемді тесіктері бар ситтік барабанға келіп түседі, ол жерде астық машинадан шығады, ал үлкен қоспалар және қалған астық сит тесіктері 10х10 мм сырғу аймағына жіберіледі, ол жерде қалған астық електен өтеді, ал үлкен қалдық сырғу арқылы сит цилиндірінен шығарылады.

Тиімділікке ситтік цилиндрдің айналым тиімділігі, тесіктер көлемі және оларды тазарту әсер етеді. Шығарылатын жарма қоспасының тиімділігі 100%ға дейін барады.

А1-БЛС-12 ауа бөлгіші

Негізгі жұмыс жасау бөлігі - ситтің тегіс еңіс бөлігі. Көлденең бетте шеңбер түріндегі ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Ситті 2 қабат етіп орналастырады.

Сұрыптау елегі 4,25-20 мм келу - астық дәні сырғып шығу - үл. қосп.

Себу елегі д 20мм келу - ұсақ астық дәні сырғып шығу - астық дәні

Үлкен қоспа астық дәнінің 2%нан аспауы керек

Астықты тазалау тиімділігі 80%

Бөлгіш РЗ-БАБ ауа бөлгішімен бірге жұмыс жасайды.

Жеңіл қоспаларды бөлуге арналған ауа ағынының көлемі 5,5-6,5 м/с

Тастан тазартқыш РЗ-БКТ-100

Минералды қоспаны бөлуге арналған. 380 айн/мин. Амплитуд 2-2,5 мм Металл сито д 1,5-1,5 мм. Көлбеу бұрышы 7 градус.

Тиімділігі 98-99%. Минералды қоспа құрамындағы астық үлесі 0,05%

2 жүк теңгергіш стол дірілі амплитудасын арттырады және азайтады.

Ауа аз болса астық дәні мин.қоспаларға қосылады, ауа көп болса мин.қоспалар астыққа қосылады.

Дірілдік пневматикалық әсер қолданылған.

Астық дәні ағыны бөлек ситоға келіп түседі, ол дірілдейді және ол арқылы ситтегі қабатты босатуды қамтамасыз ететіндей жылдамдықта ауа үрленеді. Осының арқасында малта тастардың тығыз бөлшектері сит бетімен байланысқа түседі және ол арқылы бір бағытта (жоғарыға) қозғалады, ал тығыздығы аздары қарсы бағытта (төмен) қозғалады.

Қарасұлыдан тазартқыш (А9-УТО-6 триері)

Триер ұзындығы бойынша астық дәнінен өзгешеленетін қоспаларды бөліп алуға арналған. Негізгі бөлігі дисктері. 14 жұмыс және 3 басқару дисктері бар. Ұяшық өлшемдері 8-10 мм, орталық 9-11 мм. Астық дәні 7 жұмыс дискіне келіп түседі. Қарасұлы ұяшықтарға келіп түседі және негізгі бөлік бойынша қозғалады, ал астық дәні машинадан шығып кетеді. Негізгі бөлік қарасұлыны бақылайды және оны машина шетінен шығарады.

Қарамықшадан тазартқыш (А9-УТК-6) триері)

Триер астық дәнінен ұсақ қоспаларды (қарамықшаны) бөліп алуға арналған. 16 жұмыс және 7 басқару дисктері бар. Ұяшық өлшемдері 4-5 мм, орталық 3-4 мм. .

Шаңды, қабықшаларды және ұрықшалардың біраз бөлігінен тазартып алуға арналған.

Негізгі жұмыс органы - тіс тәріздес тікендері және тасымалдау рифльдері бар пластиналар орнатылған сыртқы бетте айналатын ротор. Қабылдау бөлігі иірмек-қоректендіргіш қызметін атқарады. Сыртқы жабынның ішкі бетінде металл маталы тор кезектесе орналасқан. Қабықша бөліктері сито арқылы өтеді.

Жұмыс принципі. Астық дәні келіп түседі және ротор және тор цилиндр арасында теңдей бөлінеді. Майдалау әсерінің нәтижесінде тісті тікендер және тасымалдау рифльдері арасында қабықшалар және ұрықшалар бөлініп алынады. Шығару құрылғысы арқылы шығады. Машинаның біркелкі жүктелімі, сит цилиндрінің қысуы, су, ауа өтпейтіндігі, шуылсыздығы

А1-БВЗ-6 аспиратор

Ұсақ қалдықтарды және қабыршықтану өнімдерін бөліп алуға арналған.

Тиімділігі 75%

Астық дәні қақ жарғыш көмегімен қабылдау құрылғысына келіп түседі және астық каналы бойына бөлінеді, төменгі бөлігінде жүк клапаны орналасқан, ол жерден жұмыс камерасының сырғу бөлігіне келіп түседі және біріншісінен екіншісінен себіліп түседі және 4 рет ауамен тазартылады. Жеңіл қалдықтар пневмо бөлу каналы арқылы қалдықтар камерасына кетеді және иірмек арқылы сыртқа шығарылады.

ANA СТ 20\300 соқпа ылғалдандырғыш

Астық дәнін ылғалдандыруға арналған

Негізгі жұмыс органы қаптамасы бар 3 секциялы корпуста айналатын соққы ротор. Ротор бос денелі біліктен тұрады, оған жартылай осьтер бұралып орнатылған. Білікте 8 тездетілімі бар соқпа орналасқан.

Басқару жүйесі:

- Электромагнитті вентиль.

- Реттеуші вентиль

- Суды тазалауға арналған фильтр

- Ротаметр

- Астық бар екендігін білдіретін фотоэлектроиндикатор (контактісіз тетік)

Жұмыс принципі. Астық іске қосу құрылғысына келіп түседі, ол жерде астық әсерінен фотоэлемент іске қосылады және электромагнитті вентильді ашады, реттелетін вентиль арқылы суды тазарту фильтріне су келіп түседі. Әрі қарай ротаметр арқылы өтеді және жұмыс бөлігіне беріледі және астық түсетін жерде ол қалақтармен араластырылады және ылғалдандыру корпусына ауыстырылады (ол жерде соқпалы 3- ротор орналасқан), бұл жерде келесі факторлар әсер етеді:

- Астық дәндері арасындағы үйкеліс

- Роторлар арасындағы үдеу күші

- Ортадан тепкіш күш

- Ауа соқпа ағындары

Осы факторлар әсерінен астық дәні ылғалданады және шығарылады.

А1-БШУ-1 ылғалдандырғышы

1-2% ылғалдандырады. Өнімділігі 12 т/сағ. Соқпа ротордың айналым жиілігі 1140 айн/мин.

Негізгі жұмыс органы: соқпа ротор қозғалмайтын корпусте айналады. Ротор бос денелі д 140мм біліктен тұрады. Ол жерде 8 соқпа және ганка бар. Ол астықты шығу бөлігіне ауыстырады. Ұзындығы 1 метр. Сына-белдікті беріліс арқылы жұмыс жасайды.

Тиімділігі айналым жиілігіне, астық дәні температурасына, табиғатына және шыны тәрізділігіне байланысты болады.

Ротаметр 0,10-0,15 мп (ылғалдандырғышқа берілетін су қысымы, мега паскаль)

Ауамен бөлгіш А1-БДЗ-12

Жеңіл қалдықтарды бөлуге арналған.

Наши рекомендации