Түтікті электрлік қыздырғыштар

ТАҚЫРЫП 5

Электр қыздырғыш – электр энергиясын жылу энергиясына айналдыратын электр-термиялық қондырғының негізгі элементі.

Электр қыздырғыштың құрастырымдылық дайындалуы қыздыру ортасымен, қыздырудың ерекшелігімен, қуатымен, технологиялық арналымымен және басқа шарттармен анықталады.

Қыздырғыштар ашық, қоршаулы және саңылаусыз болып дайындалады.

Ең жетілдірілген және әмбебап қыздырғыштар қатарына саңылаусыз түтікті электр қыздырғыштары (ТЭҚ) жатқызылады. Оларды электр калориферлерінде, элементті су қыздырғыштарында, электр пештерінде, жылу энергиясын аккумуляциялайтын қондырғыларда, электр су қайнатқыштарында, тұрмыстық электр плиталар мен плиткаларда және т.б. құрылғыларда тиімді пайдаланады.

Түтікті электр қыздырғыш (1-сурет) – ішіне меншікті электрлік кедергісі жоғары болатын материалдан спираль (шиыршық) түрінде қыздыратын элементі сығымдалып орнатылған металл түтік.

Түтікті электрлік қыздырғыштар - student2.ru

1-сурет. Түтікті электр қыздырғыш:

1,2 – сыртқы шықпалар; 3-түйіспелік стержень;

4-спираль; 5-толтырғыш; 6-түтік

Спиральдің ұштары сыртқы жағында электр торабына қосуға арналған түйіспелік құрылғысы бар түйіспелік стержендерге балқытып бекітілген. Металл түтік қабырғаларынан спираль электр-оқшауламалық қасиеті және жылу өткізгіштігі жоғары болатын материалдармен (толықтырғышпен) оқшауланады. Соңғы кезде бұл мақсатқа периклаз (магнийдің кристалл тотығы) пайдаланылып жүр. Толтырғыш құйылғаннан кейін түтікті сығымдайды. Үлкен қысым әсерінен приклаз біртұтас қатты материалға айналады. Ол спиральді орнықты ұстап тұрады және оны металл түтік қабырғасынан оқшаулайды. Түтік ұштары жылылық пен ылғалға берік құраммен және оқшаулайтын төлкелермен саңылаусыз бекітіледі. Осы себептен қыздырғыш ішіне ауа және ылғал енбейді.

Түтік көміртекті болаттан, тот баспайтын болаттан, мыстан және жезден дайындалады. Тот баспайтын болат түтіктен сыртқы қабықшасы бар ТЭҚ жоғары температуралы үрдістерде (450 0С-тан жоғары) және агрессивті орталарда пайдаланылады. Түтікті электр қыздырғыштарын иіп, оларға әр түрлі пішін беріледі.

Кернеуі 12 вольттен 380 вольтке дейін, қуаты 100 Ваттан 25000 Ватқа дейін, жазылған кездегі ұзындығы 0,25 метрден 6,3 метрге дейін, сыртқы диаметрі 6 миллиметрден 16 миллиметрге дейін болатын ТЭҚ-тар шығарылады.

Түтікті электр қыздырғыштардың артықшылықтарына мына көрсеткіштерді жатқызуға болады:

- олардың әмбебаптығын (ток өткізетін және ток өткізбейтін орталарды қыз-дыруға болатындығын);

- қыздырылатын ортаның ішіне орналастыруға болатындығын (қыздырғыш тұрқының электр кернеу әсерінде болмағандығынан);

- сенімділігін (спиральдің қыздырылатын ортадан саңылаусыз қоршалғанды-ғынан);

- соққы және тербелу әсеріне төзімділігін (спиральдің толтырғышпен түтік ішін-де тығыз сығымдалып бекітілгендігінен);

- күтіп қарауда қауіпсіздігін.

Түтікті электр қыздырғыштарын таңдап алғанда арнайы каталогтарды немесе арнайы анықтамалық мәліметтерді пайдалану керек.

Түтікті электр қыздырғыштың шартты белгісінің ТЭН – 123/456 оқылуы [1, 2, 3, 4]:

ТЭН – түтікті электр қыздырғыш:

1 - қыздырғыштың түтік (қабықша) бойынша жазылған ұзындығы, см;

2 - түйіспелік стержень ұзындығының шартты белгісі:

Түйіспелік стержень белгісі А Б В Г Д Е Ж З

Түйіспелік стерженьнің номиналь ұзындығы, мм 40 65 100 125 160 250 400 630

3 - қыздырғыштың номиналь диаметрі (түтіктің сыртқы диаметрі), мм;

4 - номиналь қуаты, кВт;

5 - қыздырылатын ортаның және түтік материалының шартты белгісі (П, Р, Х, Т, С, О, К, Э, Н, И, Ф);

6 - номиналь кернеуі, В.

7 - ГОСТ – 15150 бойынша климаттың дайындалуының түрі.

Мысалы: ТЭН – 32А10/0,4Р220 – түтікті электр қыздырғыш; жазылған ұзындығы – 32 см, түйіспелік стерженінің ұзындығы – 40 мм; түтіктің сыртқы диаметрі – 10 мм; номиналь қуаты – 0,4 кВт; суды, қышқылдар мен сілтілердің әлсіз ертіндісін қыздыруға , түтігі көміртекті болаттан (егер П әрпі болса, түтік тот баспайтын болаттан, егер Х әрпі болса, түтік мыстан немесе жезден, қолдану орны сондай); номиналь кернеуі – 220 В.

Түтікті электр қыздырғышты таңдап алғанда негізінде мына факторларды ескеру керек [1, 2, 3, 4]:

- қыздырылатын орта;

- мүмкіндік меншікті беттік қуат;

- температура;

- түтік материалының қыздырылатын орта әсеріне төзімділігі (каталог 12.30.09.-86)

Наши рекомендации