Сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты

Машиналар мен аппараттар

1. Жұмыстың мақсаты

1.1 Ірі қараны талдыру тәсілдерін оқып-білу.

1.2 Ірі қараны талдыруға арналған технологиялық жабдықтар.

1.3. Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен

пайдалану ережелері .

Сойыс малдарын қабылдау нақты тірідей салмағы бойынша немесе малдәрігерлік тексеру мен малдәрігерлік санитарлық сарап жасаудың тәртібіне сәйкес, малды сойғаннан кейін ұшаларын басқа қосымша өнімдерінен ажыратып алғаннан кейінгі алынған еттің жалпы салмағы мен сапасы бойынша қабылдайды. Сойыс малдарын өңдеу ісі өндірістік қуаты мен техникалық деңгейі әртүрлі кәсіпорындарда әрқалай жүзеге асырылады. Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының төмендегідей түрлері бар: ет комбинаты, тоңазытқыш комбинаттар, қасапханалар, мал соятын пункттер, құс шаруашылығындағы құс сою цехы, шұжық, консерві зауыттары, шағын ет өңдеу орындары. Ет өңдеу орындарының техникалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, мал еті соғұрлым толығымен өңделініп, шығарылатын өнім түрі, сапасы жоғары болады.

Тоңазытқышы бар кәсіпорындарда малды алғашқы өңдеуге, оның еті әртүрлі көлемдегі тоңазытқышқа сақталынып, сол жерден ел қажетіне қарай тұтынушыларға жөнелтіліп отырады.

Қасапханалар - малды етке арнап өңдеуге арналған ішінара механикаландырылған кәсіпорындар. Мұнда да малды алғашқы өңдеу жұмысы жүргізіліп, қосымша өнімдерін шұжық өңдеу немесе ірілендірілген ет комбинатына жібереді.

Мал сою пункті - малды етке арнап өңдеуге лайықталған көлемі мен өндірістік қуаты шағын стационарлық кәсіпорын. Даладағы мал сою пункті - төбесін жаппа етіп жауып, ашық аспан астында өңдеуге арналған уакытша сою алаңы.

Малды союға әзірлеу - алғашында мал сұрыпталынады, яғни әртүрлі тексеруден өткізіледі. Еттің сапасының жақсы болуы, союға әкелінген малды тынығуына байланысты. Онда ірі қара, қой-ешкі - 24 сағат, шошқа - 12 сағат, бұзаулар - 6 сағатқа дейін тынығуы қажет. Бұл уақытта малға шөп пен жем беруге болмайды. Су алғашында беріледі де, союға екі сағат қалғанда су беру де тоқтатылады. Сояр алдында малдың денесін, тұяқтарын жуып тазарту қажет. Малды сояр алдында ұрып-соғатын болса, сойылғаннан кейін денесіндегі қан ұйып, түгелдей сыртқа шықпай, еттің сапасын төмендетеді.

Елімізде өндірілетін еттің 46 пайызын ірі қара мал, ал 50 пайызын қой, ал қалғанын құс, қоян т.б. береді. Малды алғашқы өңдеуге мына атқарылатын жұмыстар жатады: талдыру (есеңгірету), бауыздау, асып іліп қою, қанын ағызу, терісін сыдыру (шошқаның қылын түсіру үшін жидіту, ұйыту), ұшаны ішкі құрылысынан ажырату, екіге бөлу, еттің сапасын бағалау, өлшеу. Малдан алынатын барлық өнімдерді тиімді пайдалану үшін, ұқсатуға қажет орынды дұрыс ұйымдастыру, технологиялық және малдәрігерлік санитарлық ережені дұрыс пайдалану қажет.

Ірі қара, жылқы және шошқаны сояр алдында талдырады (есеңгіретеді). Ал қой мен ешкіні талдырмай-ақ соя береді. Талған мал күшінен айырылып, қимылдай алмай қалады, сол кезде алғашқы өңдеу жұмысы оңайға түседі. Талдырғанда малдың бірден өліп кетуінен сақтанған дұрыс, өйткені оның қаны етке қосылып, еттің сапасы өте төмендейді.

Тоқпақпен есеңгірету - есеңгіретудің ең оңай жолы. Салмағы 2-2,5 кг ұзындығы 1 метр, басы жұмырланып, сыртқы темірмен қапталған тоқпақпен екі көздің жоғарғы жағына, маңдайдың ортасынан ұрады. Мұнда бас сүйекке зиян келтірмей, әрі миға қан құйылмайтындай тәсілмен ұру керек. Сол кезде мал 3-5 минутқа дейін талып жатады, бірақ жүрек пен өкпе жұмысын тоқтатпайды, яғни денедегі қан түгелге жуық ағып кетеді.

Ал электрмен талдыру өнеркәсіпте жиілігі 50 Гц, кернеуі 70-200 вольтқа дейінгі тоқ күші пайдаланылады. Ірі қара мал үшін-кернеу 70-120 вольттық тоқ, тоқ жіберу мал жасына, жынысына қарай 7-15 секундқа созылады. Кейбір атан өгіздерге 30 секундқа дейін ұстап тұруға тура келеді. Жылқы үшін тоқ кернеуі 120 вольт, тоқ күші 0,75 ампер және 10-20 секунд ұсталынады.

Жануарларды сояр алдында артқы аяғын шынжырлармен тұсау кезінде және қанын ағызатын конвейерлік жолға көтеру кезінде жұмыстың қауіпсіз болуы үшін талдырады. Талған жануардың жоғарғы жүйке орталықтарының іс-қимылы тоқтайды, арқа-жұлын рефлекстері мен тыныс алуы бұзылады, бірақ жүрегі жұмысын тоқтатпайды. Мұндай шара малды бауыздаған соң аяғын шынжырмен тұсауға, конвейерлік жолда қанын толық ағызуға мүмкіндік береді.

Жануарларды талдыру әдістері әртүрлі. Бұл әдістерде электр тоғын және механикалық құрал-аспаптар: қырлы ұңғы (стилет) мен пневматикалық балғалар қолданылады.

Талдырудың белгілі әдісін қолдану өндірістің шамасы мен сойылатын мал санына байланысты. Қырлы ұңғыны жеке шаруашылықтардың мал сою пункттерінде, ал электрлік талдыру мен пневматикалық балғаны орта және жоғары қуатты ет комбинаттарында қолданады.

Ұңғымен талдыру кезінде соққы жануардың басы төмен тұқыртыла байланған кезде желке тұстан беріледі. Соққы қарақұс пен бірінші мойын омыртқа аралығындағы шұңқырға бағытталады.

Малды электр тоғымен талдырудың үш әдісі қолданылады (1-сурет).

Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері

Қырлы ұңғы - жіңішке екі қыры ұшталған пышақ. Оның сабында қол сырғымауы үшін тіреу орнатылады

 
  сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты - student2.ru

Мүйізді ірі қараны талдыруға арналған пневматикалық балға цилиндр ішінде сығылған ауа әсерімен қозғалатын соққыш-поршеннен тұрады. Соққышты соққы алдында жібермей ұстап тұру қызметін затвор атқарады. Қосқыш механизм цилиндр балғасы түбіне серіппемен сығылған қалпақтан тұрады. Цилиндрдің жұмыс камерасына сығылған ауа золотникті құрылғы арқылы ауалық ресиверден немесе балоннан беріледі.

 
  сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты - student2.ru

Шет елдерде мүйізді ірі қараны талдыру үшін оқ немесе металл стерженьдермен ататын арнайы пистолеттер қолданылады. Пистолетті маңдай немесе желке тұсқа тіреп атады.

Жануарларды электр тоғымен дұрыстап талдыру үшін олардың белгілі орында, тиісті жағдайда тұруы қажет. Сол мақсатта оларды арнайы камера-боксқа кіргізеді немесе еденге бекітілген шығырға байлайды. Бокстарды пайдалану жануарларды талдырушы жұмыскерлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Мүйізді ірі қараны көп жағдайларда жартылай автоматты немесе автоматты бокстарда талдырады. Бокстар бір басқа немесе екі басқа арналған болады. Бір басқа арналған бокстың ұзындығы 2,5 м, екі бастікі 5 м, бокстың ені 0,7 – 0,9 м. Жартылай автоматты бокс металл камера мен жетек механизмінен (лебедка) тұрады.

Камера жануар организміне сәйкес тік бұрышты қылып жасалынған. Бір есігі бар және төбесі ашық. Жетек механизмін іске қосқан кезде камера едені аударылып талған жануар сырғып еденге түседі.

Кейінгі кездері ет комбинаттарында автоматты бокстар кеңінен қолданылуда. Олар конструкциялары жағынан қарапайым.

 
  сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты - student2.ru

1-электрқозғалтқыш, 2-цилиндрлік редуктор, 3- червякты редуктор,

4,5- шестерня, 6- жетек білігі, 7- құбыр 120 мм, 8- қаптама, 9-айнамалы платформа, 10- бастырма, 11- рельс, 12- швеллер, 13- подшибник қаңқасы, 14- тірек подшибниктер, 15- білік, 16- фланец, 17- қалқа, 18 - шибер, 19- дәліс, 20- күресу ауданы.

4 сурет - Пинск ет комбинатындағы бокстың құрылысы

Бокс Г6 -ФБА

Бокс ірі қара малдарды сою алдында талдыруға арналған. Рамаға шарнирлы еденге жабысқан, алдыңғы есік болтты арқанмен байланған, болаттан және швелермен жасалынған, арасы дәнекермен жабысқан. Есіктің үстіңгі жағында екі кронштейн дәнекерленген, олар арқанды тіркеуге арналған. Бокстың жанындағы есік тік рама арқылы қозғалады, ол лебедка арқылы көтеріледі және түсіріледі.

Малды талдыруға арнайы көлденең аудан орнатылған. Күресші орнында басқыш (кнопка) орналасқан, сол арқылы дыбысты және жарықты сигнализацияны қосады. 2-3 сек кейін малды бокстан түсіруді ескертеді.

Бокс жұмысы келесідей орындалады. Күресші қамту орында тұрады, малды электр тоғымен талдырады, басқыш арқылы басқару пультын қосады. Еден малдың салмағы арқылы түседі, ал алдыңғы есік арқан мен жоғары көтеріліп, содан мал бокстан сыртқа шығарылады. Есік өз салмағымен өзінің орнына түседі, автоматты түрде есік жабылады. Бокс өз жағдайына келіп, жұмыс циклі қайталанады.

Г6 -ФБА бокстың техникалық сипаттамасы

Өнімділігі, бас сағ 95

Минималды салмақ, кг 120

Электро магнитті катушканың кернеуі, В 220

Камераның ішкі өлшемдері, мм

ұзындығы 3000

ені 350

Бокстың габариттік өлшемдері, мм

ұзындығы 4590

ені 2520

биіктігі 3765

Салмағы 2645

сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты - student2.ru

1-алдыңғы есік; 2-рама; 3-қамту ауданы; 4-контр салмақ; 5-жанындағы есік; 6- еден; 7- қабылдағыш; 8- басқару сигнализациясы.

5 сурет – Г6 - ФБА боксы

ФЭОР-1 электрлік талдыру қондырғысы

Ірі қара малды бокста талдыруда ФЭОР-1 аппараты қолданылады. Ол 50 Гц тоқ жиілігінде жұмыс істейді. ФЭОР-1 аппараты (6-сурет) басқару станциясынан, екі сөндіргіштен және электр талдырғыштан тұрады. Басқару станциясы шкаф тәріздес, оның ішінде транcформатор мен уақыт релесі, аралық релесі және сақтандырғышы орналасқан. Шкафтың оң жағында амперметр қойылған, талдыру кезінде тоқтың күші және вольтметр, талдырудың кернеуін көрсетеді, дыбыс лампасы орнатылған. Аппаратты сөндіріп және қосатын сөндіргіштерден және кернеуді қосып, керекті кернеуін қойып талдырады.

Сөндіргіш талдыру рукаяткасында орналасқан. Сөндіргішті басқанда талдырғышқа кернеу беріледі, дыбыс лампасы жағылады. Малды талдырғанда талдырғышпен басына қойып, сөндіргішті басып отырып, малды талдырады. Малдың жастарына байланысты кернеулер 70-80 В арасында алынады. Бұзауды талдыру уақыты 6-7 с, орташа жас малды (тайша) 8-10 с, үлкен малды 10-15 с, бұғыларды -25 с дейін кернеулер болады.

Техникалық сипаттамасы

Талдыруға жіберу, сағ/бас 50

Талдыру уақыты, с 25

Талдыру кернеуі, В 70-80

Кернеу тізбегі, В 220/380

Басқару станциясының габариттік өлшемдері, мм

ені 510

биіктігі 480

тереңдігі 295

Станцияның салмағы, кг 47

Талдырғыштың өлшемдері, мм

ұзындығы 1738

 
  сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты - student2.ru

диаметрі 40

Салмағы, кг 2

1- соңғы сөндіргіш, 2- басқару станциясы, 3-талдырғыш.

сурет - ФЭОР-1 малды электрмен талдыру аппараты

3. Есеп беру мазмұны

3.1 Ірі қараны талдыру тәсілдерінің жіктелуін жазу.

3.2 Ірі қараны талдыруға арналған технологиялық жабдықтар кешенінің (Г6-ФБА боксы, Пинскілік бокс, Я 8-ФОО конвейерлік қондырғысы) орналасуы, құрылысы және жұмыс процесі.

3.3 Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелерін жазу.

4. Бақылау сұрақтары

4.1 Ірі қараны талдыру тәсілдерінің жіктелуі қалай?

4.2 Ірі қараны талдыруға арналған технологиялық жабдықтар кешенінің (Г6-ФБА боксы, Пинскілік бокс, Я 8-ФОО конвейерлік қондырғысы) орналасуы, құрылысы және жұмыс процесі?

4.3 Малды талдыру жабдықтары және олардың құрылысы мен пайдалану ережелері қандай?

Наши рекомендации