Мамандық саласы бойынша мағлұмат

5В072400 – Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары мамандығы көп бағдарлы маман болып табылады. Әр түрлі жабдықтардың құрылымын игере алады, соның ішінде бұрғылау және кәсіптік жабдықтарды, оларды зерттеу, сынау сонымен бірге саладағы қолданылатын түрлі жабдықтарды пайдалану жұмыстарын жүргізе алады. Оқу үрдісі барысында мұнайгаз саласының кез кезкелген технологиялық процестеріндегі кешенін пайдалану үшін теориялық білім мен тәжірибелік біліктілікті меңгереді. Заманауи маман-бакалавр қолданбалы технологиялық есептерді шешу кезінде оқу үрдісінде меңгеретін арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана алады. Білім алушылар «білім алушылардың ғылыми ұйымы» шеңберінде мамандық саласы бойынша ғылыми жұмысты жүргізуге мүмкіндігі бар. Осы арқылы білім алушы білімі мен тәжірибиесін арттырады да, болашақта еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алады. Бұл мамандар мұнайгаз саласындағы кәсіпорындарда және түрлі саладағы машина жасау зауыттарында жоғары сұранысқа ие. Мамандық бойынша білім алған түлектердің кәсіптік қызмет ету нысандары мұнай және газ кәсіпорындары, осы салада қолданылатын машиналар мен технологиялық жабдықтары, материалдар мен дайындау технологиялары, құрастыру ережелері, машиналар мен жабдықтарды пайдалану және жөндеу, ғылыми зертеу және жобалау мекемелері, кәсіптік білім беру мекемелері болып табылады.

Түлектердің мамандық әрекеттің объектілері: ұйымдар, әскери-өнеркәсіп кешеннің кәсіпорындары, басқару мемлекеттік органдары, жоба-құрылымдық және ғылыми-зерттеу ұйымдар, жеке меншік нысаны әр түрлі болатын фирмалар.

Бітіруші түлектердің атқаратын қызметтері:

- технологиялық машиналар және жабдықтар; энергетикалық жабдықтар; машиналардың жетек жүйелері; қозғалысты басқару жүйелері; оператордың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері; машинаның барлық бөліктерін орналастыруға арналған корпусы;

- құрылымдық және пайдаланушы материалдар;

- технологиялық машиналарды жасауға, сынауға және кәдеге жаратуға арналған жабдықтар;

- технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған жабдықтар;

- машиналарды жасауға және пайдалануға арналған бақылау-өлшегіш аспаптар;

- машиналардың жұмыс үрдістерін автоматтандыруға арналған жабдықтар;

- машиналарды жобалауға арналған жабдықтар.

- мұнайгаз саласындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу, құрылыс-монтажды жұмыстарды жүргізетін ұжымды басқару;

- ұйымдар мен кәсіпорындарда құрылыс жұмыстарының технологиясын ұйымдастыру;

- жалпы білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогтық қызметпен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

- конструкторлық, технолог, мұнай-газ саласының технологиялық машиналар мен жабдықтардың механиктері.

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздер мен «Псевдоинтернационалдық» сөздерді көшіріп жазыңыздар.

Кәсіби сөйлеу лексикасының негізгі бөліктері: жалпы қолданылатын сөздер, жалпы кәсіби және терминологиялық лексика.

Терминдер – ғылыми-техникалық мәтіннің негізі.

Термин – сөз тіркестері және оларды аудару тәсілдері.

Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, жазба тіл лексикасы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу лексикасы жатады. Жазба тіл лексикасына көне дәуір кітаби лексикасы мен қазіргі кітаби лексика жатады.

Интернационалдық термин сөздер–қазақша баламасы жоқ сөздер. Мысалы:коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизмт.б.

Псевдоинтернационалдық сөздер –сыртқы формалары бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер. Оларды сонымен қатар «аудармашының жалған достары» деп те атайды. Мысалы: compositor - "композитор" емес, "жинақтаушы"; balloon - "баллон" емес, "әуе шары".

3-тапсырма:Мәтіннің негізінде сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп сөлемдер жазыңыздар

білім алушы, мұнайгаз, техникалық, жабдықтар, ғылыми зерттеу, пайдалану, заманауи, көп бағдарлы, еңбек нарығы, жеке меншік.

Ү л г і : Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы көп бағдарлы маман.

4-тапсырма:Мәтiннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мамандықтың тақырыбы және мазмұны қандай?

2. Мамандықтың қазіргі әлемдегі ролі (мамандықтың өзгешелігіне байланысты) қандай?

3. Маманның кәсіби іс-әрекетінің құрылымы және сипаты.

Наши рекомендации