Дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер.

Жалпы мағұлматтар. Конвейерлердің құрылысы.

Таспалы конвейерлер жазық, көлбеу және вертикаль бағыттарда үйінді және майда жекеленген жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін арналған. Олар халық шаруашылығының барлық салаларында, атап айтқанда өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тау-кен өндіру саласында, металлургия өнеркәсіптерінде кең қолданысқа ие болды. Олардың мынадай артықшылықтары бар:

-тасымалдаудың үздіксіздігі таспалы конвейерлермен бір комплексте жүмыс жасайтын машиналардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді;

-конструкциясының қарапайымдылығы, жұмыстағы сенімділігі және қызмет көрсетудің қолайлығы;

-реттеу және бақылау құралдарын қолданып толық автоматтандырудың мүмкіндігі;

-көлбеулігі 240 дейін болатын өрлерде жүктерді тасымалдау мүмкіндігі, ал арнайы конвейерлермен 240 дейін болатын өрлерде жүмыс істей алады, бұл басқа көліктермен салыстырғанда көлік коммуникацияларын анағұрлым қысқартады;

-тасымалданатын жүкті конвейер трассасының кез келген жерінде түсіру мүмкіндігі.

Таспалы конвейерлердің кемшіліктері: құнының үлкендігі, таспалардың қызмет ету мерзімінің аздығы, жоғары температуралы, жабысқақ, үшкір жиекті және басқа жүктерді тасымалдай алмауы.

Таспалы конвейер (12.1, а,б-сурет) алдын - ала тартылған тұйық иілгіш таспадан 1, ол бір уақытта жүк алып жүруші және тартқыш орган қызметін атқарады. Жетекші 2 және керуші 7 барабандардан, роликті тіректерден 5, редуктордан 3, қозғалтқыштан 4, муфталардан, керме құрылғысынан 8, тіректі металлдық құрылымнан 6, тиеуші 9 және түсіруші құрылғылардан, тазалаушы құрылғыдан 10 тұрады.

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

12.1 – сурет. Таспалы конвейердің құрылысы

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

12.2.- сурет. Таспалы конвейерлердің трассалары

Таспалы конвейерлердің стационарлы және көшпелі түрлері болады.

Конвейерлік қондырғыларының өнімділік диапазоны өте кең, бірнеше тоннадан 20 мың т/сағ дейін барады. Таспаларының ені 300 мм-ден ЗОООмм дейін, ал жылдамдығы 8м/с дейін жетеді.

Қазіргі заманғы беріктігі жоғары таспаларды және көп барабанды жетектерді қолдану кезінде бір рамадағы конвейер үзындығын 8-10 км дейін ұзартуға мүмкіндік туды. Ал конвейерлік магистралдарда ұзындығы бірнеше ондаған километрге жететін конвейерлер қолданылады (ашық кен қазу жұмыстарында тіпті 200 км асады)

Горизонталь, 5-80 дейін көлбеу жоғары қарай және көлбеу төмен қарай орнатылған конвейерлер қозғалтқыштық режимде жұмыс істейді, ал төмен қарай көлбеулік бұ-рышы 5-8° артық болатын трассаларда конвейерлер генераторлық режимде жүмыс істейді.

Конвейер трассалары 12.2 - сурет, а- горизонтальды; б,в - вертикаль жазықтықта иілген түрінде; г-косарланған жетегі бар горизонтальды - көлбеу; д- ұзындығы үлкен көптеген конвейерлерден тұратын құранды; е - арнаулы болуы мүмкін.

Тартқыштық және жүк алып жүруші функциялары әртүрлі органдармен орындалатын таспалы конвейерлердің мынадай топтары болады: таспалы - сым арқанды және таспалы - шынжырлы, оларда таспа жүк алып жүруші орган қызметін, ал сым арқан мен шынжыр - тартқыш орган қызметін атқарады.

Таспалы конвейерлердің есебі.

Берілген өнімділікте таспалы конвейерлерді жобалау негізгі параметр -таспа енін есептеуден басталады:

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru (12.1)

Таспа үстіндегі үйінді жүктің көлденең қимасының ауданы А таспаның еніне Вжәне табиғи қиябет бүрышына φбайланысты болады.

1.Конвейердің негізгі параметрлерін - таспа енін және оның қозғалыс жылдамдығын

анықтау .

Алдын - ала таспа енін жүктердің гранулометриялық құрамы бойынша таңдайды:

қатардағы жүктер үшін

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru (12.2)

мұндағы амах - кесектің ең үлкен өлшемі;

сұрыпталған жүктер үшін

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

(12.3)

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru Жекеленген жүктер үшін

(12.4)

Берілген өнімділікті қамтамасыз ету шартынан таспа енін анықтау үшін, алдымен үйінді жүктің қимасының көлденең қимасының ауданын табады:

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru массалық өнімділік үшін

(12.5)

көлемдік өнімділік үшін

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru (12.6)

Таспа қозғалысы кезінде таспадан жүктің төгілуін болдырмау шарты бойынша таспа енінің бәрі пайдаланылмайды (м):

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru (12.7)

Сонда жазық таспа үшін жүктің көлденең қимасының ауданы А үшбүрыш ауданы түрінде өрнектелуі мүмкін, ал науашалы таспа үшін - үшбұрыш пен трапеция аудандарының қосындысы түрінде өрнектеледі. (12.3, б- сурет).

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

12.3 –сурет. Конвейердің есептік сұлбалары

Материалдың көлденең қимасының ауданын жалпы түрде былай жазамыз

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

(12.8)

мұндағы kп - пропорционалдық коэффициент.

(12.8) формуласының мәнін (12.5), (12.6) формулаларына қойып таспа енін табамыз

массалық өнімділік үшін

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

(12.9)

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru көлемдік өнімділік үшін

(12.10)

kп коэффициентінің мәні таспаның пішіні мен қиябет бұрышына байланысты және 240-710 құрайды.

Көлбеу конвейерлер үшін материалдың жарым-жартылай төгілуі салдарынан өнімділіктің азаюын ескеру қажет, сонда

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

(12.11)

мұндағы kβ = 0,8-1,0 - конвейердің көлбеулік бұрышына байланысты коэффициент.

(12.2) және (12.9) формулалары бойынша алынған таспа енінің екі мәнінің үлкенін қабылдайды. Оны үлкен жағына қарай МЕСТ 20-76, СЭВ және халықаралық ИСО стандарттарына сай келетін енге дейін, (300-3000 мм дейін болатын) дөңгелектейді.

Науашалы пішінді таспаның енін жалпы қорытынды формула бойынша анықтайды

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

мұндағы kв - таспа енін пайдалану коэффициенті; kр1, kр2 - роликті тіреуіш пішініне байланысты коэффициенттер; сβ - таспа еңкіштігін ескеретін коэффициент; φн - таспа үстіндегі жүкті салу бұрышы, φн = (0,78…0,8)φ; φ - жүктің табиғи қиябет бұрышы.

Үш роликті тіреуіштер үшін коэффициенттердің мәні

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

мұндағы α - шеткі роликті тіреуіштердің көлбеулік бүрышы.

Тасымалданатын жүктің сипатына байланысты тегіс бетті таспасы бар конвейерлердің ең үлкен рұқсат етілген көлбеулік бүрышы β=15-24° аралығында болады (кіші бұрыш қүрғақ құм үшін, үлкен бұрыш ылғал топырақ үшін).

Шынжырлы конвейерлер.

Бұл топтағы конвейерлердің тартқыш органы жүлдызшалармен немесе шынжыр табанды жетекпен қозғалысқа келтіретін шынжырлар болып табылады.

Шынжырларға бекітІлген жұмыстық органдардың конструкциясына байланысты конвейерлер тақташалы, ысырмалы, шөмішті, арбалы және аспалы болып бөлінеді. Шынжырлы конвейерлердің трассалары таспалы конвейерлерге қарағанда әр түрлі және де жүктерді қайта тиеусіз үлкен қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді.

Тақташалы конвейерлер (12.4-сурет).

Тартқыш шынжырларға (12.5-сурет) үстінде жүк тасымалданатын төсем жасайтын тақташалар бекітілген. Тақташалы конвейерлер үйілген, жекеленген және талшықты жүктерді тасымалдау үшін арналған.

Олардың көмегімен сонымен қатар таспалы конвейерлерді пайдалануға болмайтын ауыр жеке жүктерді, ірі кесекті рудаларды, ыстық агломераттарды, әкті, ыстық құймаларды, үшкір жиекті қалдықтарды және т.б. тасымалдайды. Бұл конвейерлерді сол сияқты ауыл шаруашылығында көп қолданады.

Шынжырлы конвейерлер технологиялық ағымдық машина жинау желілерінде, суыту, сұрыптау, термиялық өңдеу операцияларында, сонымен қатар өндірістің технологиялық процестерімен байланысты автоматты цехтар мен заводтарда кең қолданысқа ие болды.

Тақташалы конвейерлердің ең үлкен артықшылығы күрделі кеңістіктік трасса бойынша қозғалу мүмкіндігі. Конвейеолердің ұзындығы 2км дейін, өнімділігі 2000т/сағ дейін жетеді. Шынжырлардың үлкен беріктігі және аз созылуы тақташалы конвейерді кез келген ұзындықта дайындауға мүмкіндік береді. Бір-бірінен белгілі бір арақашықтықта орнатылған жетектерді қолдануга болады.

Конвейерлерді көбінесе екі шынжырлы етіп дайындайды: иілетіндері -бір шынжырлы, ал төсем ені үлкен конвейерлер — үш, төрт шынжырлы болып келеді. Жетектер саны бойынша - бір жетекті және көп жетекті болады.

Жүктерді тасымалдау бағыты бойынша тақташалы конвейерлер горизонтальды, көлбеу және құранды болып бөлінеді. Тақташалы конвейерлер үйілген жүкті 35-45° бұрышпен, ал шөміш тәріздес төсеммен көлбеулігі 65-70° дейін болатын трассамен тасымалдай алады.

Берік алып жүруші тақташалардан дайындалған қысқа тақташалы конвейерлерді уатқыштардың (дробилок) түсіргіші ретінде қолданады.

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

12.4 -сурет. Тақташалы конвейер.

дәріс. Тартқыш элементі бар тасымалдаушы машиналар. Таспалы конвейерлер. Шынжырлы конвейерлер. Есептеулер. - student2.ru

12.5 - сурет. Тартқыш шынжырлар.

Ұсынылатын әдебиеттер: /4/ бет. 98-178, /13/ бет. 241-284, /2/ бет. 130-145, 156-164.

Бақылау сұрақтары:

1.Конвейерлік таспаның енін қалай анықтайды?

2.Контур бойымен жүру әдісін қалай түсінесіз?

3.Конвейерлік таспаның түрлері?

4.Тартқыш элемент дегеніміз не?

5.Қандай конвейерлер шынжырлыға жатқызылады?

Наши рекомендации