Днепропетровск ет комбинатындағы шприцтің сұлбасы

Эсцентрикті-қалақшалы шприцтердің артықшылықтары:

- Олар ет турамасын шпиксіз беруге жарамды.

- Осыған байланысты құрылымсыз пісірілген шұжық өндірісінде қолданылады.

Кемшілігі:

- ет турамасын үйкелеп, қыздырады.

Мұндай шприцтерге Днепропетровск ет комбинатының шприцтерін жатқызуға болады.

Бұл шприцте де аралас жұмысшы орган қолданылады.

Оңың кұрамына:

- көлденең қоректендіргіш шнек орналасқан конусты шанақ орнатылады;

- шанақтың астына ет турамасын шығаруға арналған құрылғы эксцентрикті-қалақшалы ығыстырғыш орналасқан.

Қазіргі таңда кеңінен тараған алмалы-салмалы бұрандалы және шнекті жұмысшы органды әмбебап шприцтер. Олардың артықшылықтары:

- бұрандалар шпиксіз сұйық ет турамаларына арналған;

- шнектер қою, шпикті тұтқыр ет турамаларына арналған;

- ығыстырғышпен ет турамасын жұқа қабатта бергенде шприцтердің осы типтері аэрацияның неғұрлым жоғары деңгейін береді.

Кемшілігі:

- ет турамасының үйкелуі жойылмаған.

Жартылай фабрикаттарды өндіруде қолданылатын араластырғыштар

Жартылай фабрикаттар өндірісінде қосып араластыру және араластыру сияқты технологиялық операциялар кеңінен қолданылады.

Осып араластыру дегеніміз өнімнің негізгі массасының көлемінде бір немесе бірнеше компоненттерден біртекті қоспа алу процесі. Араластыру - өнімге белгілі консистенция беру процесі.

Бұл процестер механикалық, пневматикалық және импульсті әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін.

Механикалық әдістер:

а) шнек немесе серіппелі бұрандалар сияқты айналмалы қалақшалар көмегімен;

б) араластырғыш (барабанды араластырғыштар) сыйымдылығының айналысы көмегімен;

в) сопла, саңылау және жылдам айналатын бөлшектер арқылы массаның өтуі арқылы жүзеге асырылады.

Пневматикалық әдістер қысылған ауа және бу арқылы, ал импульсті әдістер ультрадыбыспен дыбыстандыру немесе электрогидравликалық әсерлер көмегімен жүзеге асырылады.

Араластырғыштарда сұйық, сусымалы, сонымен қатар кесек, қамыр тәрізді өнімдер мен ет турамалары араластырылады.

Сұйық өнімдер үшін тік араластырғыштар қолданылады:

а) радиалды орналасқан түзу көлденең немесе пропеллерлі қалақшалы;

б) тік қалақшалы.

Сусымалы, қамыр тәрізді және кесек өнімдерді, сонымен қатар ет турамасын араластыру үшін мерзімді және үздіксіз әрекетті, конструкциясы бойынша алуан түрлі араластырғыштар қолданылады.

Оларда негізінен шнекті, бұрандалы, қалақшалы және барабанды жұмысшы органдар қолданылады.

Әрбір араластырғыш тұрықтан тұрады, онда төмендегілер орналасқан:

- жұмысшы камера - науалы немесе сопақ тәрізді араластырғыш сыйымдылық (дежа);

- араластырушы орган - шнек немесе серіппелі бұранда, қиғаш орнатылған көлбеу қалақшалы білік немесе Z тәрізді қалақшалар;

- мерзімді әрекетті араластырғыштар үшін дежаны лақтыру механизмі;

- үздіксіз әрекетті араластырғыштар үшін шығаруға арналған механизм;

- қосалқы тораптар, мысалы араластырғыштар атмосфералық қысыммен немесе вакуумде жұмыс істейтіндіктен вакууммен қамсыздандыру жүйесі.

Днепропетровск ет комбинатындағы шприцтің сұлбасы - student2.ru

Днепропетровск ет комбинатындағы шприцтің сұлбасы - student2.ru

Үздіксіз әрекетті бір науалы қалақшалы ет турамасын араластырғыш

Наши рекомендации