Ауіпті жүктердің топтастырылуы
1 класс – жарылғыш материалдар, олардың кесірінен жалындау мүмкін, бұл нәтижесінде жарылысқа әкеп соқтырады.
2 класс – арнайы қысым кезінде салқындатылған және еріген болып табылатын қысылған газдар болып табылады. Бұл ретте булардың шекаралық қысымы Цельсия бойынша температура 50 градус, немесе төмен болғанда жүзеге асырылған. Қазақстанның, Ресейдің осындай халықаралық тасымалдауын ерекше бақылаумен жүзеге асырады.
3 класс –тез жалындайтын сұйықтықтар кіреді, бұл сондай-ақ сұйықтықтардың қоспалары мен қатты заттың ерітіндісінде болатын сұйықтықтар.
4 класс – тезтұтанғыш қатты заттар.
5 класс – тотыға алатын заттар, оттекті бөлетін және жануды үдететін органикалық пероксидтер.
6 класс – инфекциялық, сондай-ақ улы заттар. Олар өлтіріп жіберуі, әртүрлі қауіпті ауруларды, улануды тудыруы мүмкін. Бұл токсиндер немесе ауру қылатын микроағзалардан тұратын материалдар болуы мүмкін. Осындай құрамды Қытайдан немесе Еуропадан заттарды жеткізу осындай материалды жеткізуге шарттар көп болған кезде жүргізілуі тиіс.
7- радиоактивті материалдар
8 класс –жебір және коррозиялық заттар.
Ал 9 класс басқада қауіпті жүктер, бірақ ерекше қарауды қажет етеді.
Жүктердің химиялық қасиеттері.Жүктердің химиялық қасиеттеріне өздігінен жылу, өздігінен жану, жүктердің қышқылдану қасиеттері, коррозия жатады. Өздігінен жылу және өздігінен жану химиялық және биологиялық процестерде кездесетін жүк массасында ағатн және оның температурасын көбететін ішкі жылу көздерінің әсерінен пайда олады. Өздігінен жанатындарға дән, талшықты материалдар, пішен, күнжара, қара және құба көмір, шымтезек, тақтатас, кейбір кендер мен концентраттар жатады.Өздігінен жылу процесінің кенде, кендік концентратта, қара және құба көмірде, шымтезекте, тақтатаста болу себебі, осы айтылған элементтер мен ауадағы оттегімен әрекеттесуінің химиялық реакциясы арқылы түсіндіріледі. Тотығу реациясының орын алу себебі, жүк массасында тотығу реакциясын жылдамдататын жылудың бөлінуі мен жинақталуымен түсіндіріледіЖүктердің тотықтандырғыш қасиеті – артық оттегінібасқа заттарға беру қасиеті. Егер де жүк массасындағы жылуды шығармаса, оның өздігінен жылу, өздігінен жылу, өздігінен жану процесіне ұласуы мүмкін. Өздігінен жануға әкеліп соғатын, қарқынды тотығу процесі басталатын жүк температурасын критикаық температура дейміз.Коррозия — металдар мен металл бұйымдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесу салдарынан бұзылуы. Коррозия немесе металдардың тотығуы, металлоидтарға оттегінің, хлордың,бромның және т.б. элементтердің қосылуынан болады.
Жүктің физикалық қасиеттері.Түйірөлшемдік құрам сусымалылық, ылғал тартқыштық, мұзға айналу, тығыздалу сияқты қасиеттеріне елеулі ықпал етеді.Сусымалылық ─ төгілген және үйілген жүктердің ауырлық күштер мен сыртқы динамикалық әсерден орын ауыстыру қасиеті. Жүктің сусымалылық қасиеті табиғи ауытқу бұрышы мен ығысу кедергілерімен сипатталады.Табиғи ауытқу бұрышы деп жүк жазықтығымен қатар тірегінің горизонтальді жазықтығы арасындағы екі қырлы бұрышын айтады. Табиғи ауытқу бұрышы шамасы жүктің түріне және оның түйірөлшемік құрамына байланысты болады.Саңылаулылық жүк бөлшектерінің арасындағы қуыстардың өлшемі мен олардың бар болуын анықтайды және саңылаулылық коэффициентімен бағаланады.Тығыздалу қабілеті тығыздалу коэффициенттерімен сипатталады.Сынғыштық – кейбір жүктердің механикалық әсер кезінде елеулі пластикалық деформацияға қарамай күйреуі.Шаңжұтқыштық – жүктердің қоршаған атмосферадан шаңдарды жеңіл жұту қабілеттігі.Шашыратқыштық – жүктердің ұсақ бөлшектерінің ауада қалықтап тұруы және елеулі бір қашықтыққа ауа ағындарымен тасымалдануы.Абразивтілік — жүктің жылжымалы құрамның, тиеу-түсіру машиналары мен құрылысдардың жанасатын бет жағын қажау қасиеті. Жабысқақтық —жүктің жеке бөлшектерінің бункер, силостың, жылжымалы құрамның қабырғаларына жабысып, жиынтақталған монолитті массаның жиналу процесі.Жиынтықталу — бункер, силостың, жылжымалы құрамның саңылауларына дөңестердің жиналу процесі. Жиынтық жүктің тыныштық күйінде болатын, жүк бөліктерінің ілінісіп қалуының нәтижесінде пайда болады.Тұтқырлық — сұйықтық бөлшектерінің сыртқы күштер әсерінен бір-біріне қатысты орын ауыстыруға қарсылық көрсетуі.Ылғал тартқыштық — жүктердің ауадағы ылғалдылығын оңай сіңіріп алу қасиеті, ол әр түрлі себептермен түсіндіріледі.