Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 03.12.2015ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Жұлдыз
Мақсаты: Аспан әлемі туралы түсініктерін жетілдіру: Шаршы қағазды бүктеу арқылы жұлдыз жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Қостілділік құрам :
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: Алақанды ашамыз, Күннің нұрын шашамыз. Таза ауаны жұтамыз Жиналған жылы шуақты, Достарымызға шашамыз. | Балалар шеңберге жиналып өлең жолдары бойынша жаттығу жасап көңіл- күйлерін көтереді. |
Ұйымдас тыру – іздену | Д/О: «Ойлан тап!» Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. Д/О: «Аспан әлемі» "Біз шеберміз" жұлдызды бүктеу әдістерін түсіндіру. Сергіту сәт: жұлдыздар Қорықпаймыз , батырмыз, Біз далада жатырмыз. Жұлдыздарға қараймыз, Қайта- қайта санаймыз. жұлдыз неткен көп еді, Жанып, Бірі сөнеді. Жарық етіп даланы, Жиі зулап ағады. көрсең таңда даланы, жер су болып қалады. жұлдыз жерге құлай ма, сондықтан да жылай ма?! «Шеберханада» Көрме: Жұлдыздар | Жұлдыз Аспан денелері және жқлдыздар туралы сурет бойынша тыңдап түсінеді. Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды. Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді. Өз беттерімен жұмыс жасайды. Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды. |
Рефлек сивті –түзету | Қ/О: "Күн мен түн" | Ойын ойнап көңіл- күйлерін көтереді. |
Күтілетін нәтиже : Айжасай білу
Білу керек: Аспан әлемі туралы түсініктерін жетілдіру: Шаршы қағазды бүктеу арқылы жұлдыз жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Қандай түсініктерді игереді : Шаршы қағазды бүктеу арқылы ай жасау әдістерін меңгерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту.Қол қимылдарын жетілдіру.
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 26.11.2014ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі : сиқырлы қағаздар
Тақырыбы : Хурма
Мақсаты: Жемістері туралы түсініктерін жетілдіру: Шаршы қағазды бүктеу арқылы қызғылт және сары түсті қағаздан хурма жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Қостілділік құрам :
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: Алақанды ашамыз, Күннің нұрын шашамыз. Таза ауаны жұтамыз Жиналған жылы шуақты, Достарымызға шашамыз. | Балалар шеңберге жиналып өлең жолдары бойынша жаттығу жасап көңіл- күйлерін көтереді. |
Ұйымдас тыру – іздену | Д/О: «Ойлан тап!» Әрі қызыл кейде сары татқан жанды таңырқатты. Д/О: «Жемістер» Д/О: «Дәміне қарай ажырат» "Біз шеберміз" Хурманы бүктеу әдістерін түсіндіру. Сергіту сәт: Озып кетсең егерде, Қуана бер, қуана. Бірімізді ,біріміз. Ұстап алмай қоймайық. Кел, қошақан екеуміз Қуаласпақ ойнайық. «Шеберханада» Көрме: Хурмалар Не деу керек? Ә. Дүйсенбиев Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін жақсысын, Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? Рахмет сізге- деу керек. | Хурма Суретке қарап жемістерді ажыратып айтады. Көздерін жұмып дәміне қарай ажыратады. Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды. Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді. Өз беттерімен жұмыс жасайды. Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды. Өлең жолдарын түсініп қайталап айтады. |
Рефлек сивті –түзету | Жаңылтпаштар Алма теріп балалқайлар, Алақайлар, талапайлар. Бақшада алма, Айшада - ақша | Жаңылтпашты қайталап айтады. |
Күтілетін нәтиже :Хурма жасай білу
Білу керек:. Жемістері туралы түсініктерін жетілдіру: көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Қандай түсініктерді игереді : Шаршы қағазды бүктеу арқылы қызғылт және сары түсті қағаздан хурма жасау әдістерін меңгерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту.Қол қимылдарын жетілдіру.
Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта