Жергілікті вагондармен жұмыс технологиясы
Дәріс 15
1. Жергілікті вагондарды өңдеу технологиясының негізі.
2. Вагондарды беру және алып кету санының пайдалысын есептеп шығару
3. вагондарды жүк ауласына бер мен алып кету кезінде, вагондардың бос тұрып қалмауы
4. жалпылай жүк артатын ауданда (мысалға көмір) кейбір жүк артатын орындарда, бір келкі жүкті арту
5. станса жұмысының бірыңғай технологиялық үрдісінің жақындастығы және өндіріс орындарындағы кірме жолдары
1. Жергілікті вагондарды өңдеу технологиясының негізі.
Жергілікті вагондар деп – осы стансада жүк операциялары жүргізілетін вагондарды айтамаз.
Жүк операциялары жергілікті вагондармен істелінетін жұмыс түріне қарай 4-ке бөлінеді:
- жүк артып келіп, жүк түсірілгеннен кейін бос кетуі
- жүк артатын орынға бос келуі
- жүк артылып келіп, оны түсіріп, қайта жүк тиеліп жөнелту;
- құрастырылған вагондар және контейнер артылған вагондар, жүк сорттаудан өтетін вагондар;
жүк операциясының санына қарай жергілікті вагондарды екіге бөлуге болады: - бір жүк операциясымен (арту немесе түсіру); - қосарланған жүк операциясы (түсіру және арту).
Қайта өңдеуге түсетін транзитті вагондармен істелетін операциядан басқа, жергілікті вагондармен келесі операциялар жүргізіледі: вагондарды жүк ауласына беру, жүк артатын немесе түсіретін орындарға тарату, жүк операцияларын орындау кезінде жүк артатын орыннан жүк түсіретін орынға орын ауыстыру немесе керісінше, жүк артылған немесе бос вагондарды жинастырып оларды станса жолына алып шығу, сұрыптау вагондардың баратын стансасына қарай және стансаның ПҚЖ-на сай жүргізіледі.
Жергілікті вагондарды жүк ауласында өңдеудің технологиялық үрдісі қарастырылған, мұнда вагондармен барынша жүк операцияларының қатарласқан түрін пайдалану керек, әрбір операцияға аз уақыт жұмсау керек және операциялар қайталанбау керек, операциялар арасындағы вагондардың бос тұратын уақтысы болмау керек, болсада аз болу керек.
Станцияда жүк операцияларын атқаратын вагондарды жергілікті вагондар деп атайды. Жергілікті вагондарды мынадай топтарға бөледі:
· бос вагондар – жүк тиеуге келген және жүк тиеліп жөнелтілетін вагондар;
· тиеулі вагондар – жүк түсіруге келген және бос күйінде жөнелтілетін вагондар;
· тиеулі вагондар – жүгін түсірген соң сол станцияда жүк тиеліп жөнелтілген вагондар.
Алғашқы екі жағдайда бір операциялы – жүкті тиеу немесе түсіру операциясын, соңғы жағдайда – қос операциялы – жүкті түсіру және тиеу операциялары атқарылады. Соңғы жағдайда вагондар бос жүрмейтіндіктен, қос операциялы тиімді болып есептеледі.
Телімдік және сұрыптау станцияларында құрамдарды сұрыптау барысында жергілікті вагондарды мамандандырылған сұрыптау жолына жібереді. Жинақталған вагондар тобын жүк жұмыстарын орындайтын қосындарға топтап жинап, жүк түсіру алаңдарына қояды. Жүк түсіру операцияларын атқарған соң вагондарды жүк тиеу орнына қояды (қос операциялыларды), жинайды және баратын станцияларына сәйкес сұрыптау паркінің жолдарына таратады.
Бұдан соң жергілікті вагондарды транзиттік вагондармен бірге жинақтайды. Жергілікті вагондармен атқарылатын операциялардың бірізділігі мен бір шамалық ұзақтығы суреттерде көрсетілген.
сурет. Бір жүк операциясынан өтетін жергілікті вагондарды өңдеу графигі
сурет. Екі жүк операциясынан өтетін жергілікті вагондарды
өңдеу графигі
2. вагондарды беру және алып кету санының пайдалысын есептеп шығару
(жүк ауласына беру және алып кету саны неге байланысты екенін келтіру: осы пунктке келген тәуліктік вагон ағыны, сиымдылығы, вагонды берудің тәсілі, техникалық жабдықтары, бөлек топты жеделдетіп беру, локомотивтердің жұмысын келісу).
Жергілікті вагондардың керекті санын әрбір жүк ауласына беру, ең аз шығын мөлшеріне қарай анықтайды, бұл вагондар санына байланысты.
Тәуліктік шығын жүк ауласына вагондарды беріп алып кетуге байланысты, олар келесі элементтергеден тұрады:
- вагондардың жүк ауласына беруді күтіп тұрған уақыт шығыны;
- вагондармен жүк операциялары орындалғаннан кейін, жүк ауласынан алып кетуді күтіп тұрған уақыт шығыны, ,
- беру мен алып кетуге кеткен маневр шығыны;
- вагондардың беру мен алып кету аралығындағы уақыт шығыны.
3. вагондарды жүк ауласына бер мен алып кету кезінде, вагондардың бос тұрып қалмауы үшін маневр құрылғыларын мейлінше аз пайдалану керек. Сонымен есептеуіміздің көрсекіші 5-20 вагонға дейінгі айырмашылық жүк ауласының жұмысына онша әсерін тйгізе қоймайды. Стансадағы жергілікті вагондардың толық бос тұруын анықтайтын формула;
мұндағы tтн жергілікті вагондармен атқарылған технологиялық операция, қабылданғаннан жөнелтілгенге дейінгі уақыт жинағы;
tx – вагондардың түсіріп-тиеу циклы;
- сұрыптау паркінен жүк ауласына беруді күту және жүк ауласынынан алып кетуді күту.
4. жалпылай жүк артатын ауданда (мысалға көмір) кейбір жүк артатын орындарда, бір келкі жүкті арту үшін, артатын орынды анықтап, вагондарды беру мен әкету біркелкі кезекпен орындалу үшін, әр-түрлу арту маршрутын қарастыру керек.
Артатын орындарды таңдағанда келесі факторлар кедергі жасауы мүмкін: әрбір жүк арту орындарында жалпы арту жоспарының орындалуы, жүк артуды бастауға дейін қоймадағы жүктерді анықтап алу керек, қоймалардың сиымдылығы мен оларды толтыру дәрежесі, жүкті табу қарқындылығы және оның қоймаға келіп түсуі, жүк ауласындағы вагондардың қалдығын білу, жүк арту құрылғысының қуаты, вагондарды беру мен алып кету уақтысы.
Таңдау келесі тізбектеле орындалуға тоқтайды:
а). жүк ауласында орындалатын келесі вариантар;
б). бұл вариантар үшін, беру мен алып кету жұмыстарының қолайлы кезегі және уақыттың аз шығынмен ұйымдастырылатын маршруты
5. станса жұмысының бірыңғай технологиялық үрдісінің жақындастығы және өндіріс орындарындағы кірме жолдар (единный технологический процесс ЕТП) работы станции примыканию и ПП промышленных предприятий.
Бірыңғай технологиялық үрдіні (ЕТП) темір жол стансасының ұйымдастыру жұмысының пайдалы жүйесіне және бұларға кірме жолдардың жақындығына орналастырады, стансадағы вагондар мен құрамды өңдеу технологиясының бірінғайлығы және кірме жолдар, темір жолдағы тасымалдау үрдісінің бірінғайлығын және өнеркәсіп орындарының өндірістік үрдісін қамтамассыз ету керек.
Стансаның бірыңғай технологиялық үрдісі қамтаммассыз етеді:
- стансаның орнықты және құбылмалы жұмысының кірме жолдармен жақындығын,
- пойыз жүріс графигі және өнекәсіп жұмыс технологиясының бір-бірімен келісілгенін;
- құрамды өңдеуде тоқтаусыз және қатарласқан жұмыс жүргізуін;
- жөнелту маршруттарын ұйымдастырғанда ең қолайлы тәсілін.